Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі:

A) Андронов кезеңі.

B) Рулық тайпалық кезең.

C) Тас дәуірі.

D) Темір дәуірі.

E) Қола дәуірі.

2. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс пен Батысты байланыстырған жол:

A) Варягтан Грецияға дейінгі жол

B) Нефриттік жол

C) Лазуриттік жол

D) Дала жолы

E) Ұлы Жібек жолы

3. Абылайдың бас мирасқоры

A) Есім

B) Сәмеке

C) Шерғазы

D) Уәли

E) Бөкей

4. «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл:

A) 1867 жылы 11 шілде

B) 1889 жылы 13 шілде

C) 1891 жылы 2 маусым

D) 1868 жылы 21 қазан

E) 1886 жылы 10 қазан

5. Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы

A) 1818 жылы

B) 1820 жылы

C) 1815 жылы

D) 1813 жылы

E) 1822 жылы

6. Ш.Уәлиханов қайтыс болған жер:

A) Алтын Емел жотасы

B) Ыстық көл

C) Сырымбет тауы

D) Құсмұрын бекінісі

E) Қарқаралы тауы

7. 1913-1917 жылдарда «Қазақ» газетінің редакторы болған қайраткер

A) Ә.Бөкейханов

B) А.Байтұрсынұлы

C) М.Дулатов

D) Ш.Құдайбердіұлы

E) С.Торайғыров

8. Верныйда «Қара жұмысшылар одағы» құрылған жыл:

A) 1921 ж.

B) 1922 ж.

C) 1917 ж.

D) 1918 ж.

E) 1920 ж.

9. 1989 жылдың шілдесінде Қарағандыдағы кеншілер ереуілін тыныштандыру үшін шұғыл ұшып келген Қазақстанның басшысы

A) М.Шадов

B) Д.Қонаев

C) Е.Асанбаев

D) Н.Назарбаев

E) Ұ.Қараманов

10. Сақтар туралы "дұшпанға-қатал, досқа-адал" деп баяндайтын

A) Парсы жазбалары

B) Рим авторлары

C) Иран деректері

D) Латын деректері

E) Грек авторлары

11. VI-IX ғасырларда түріктерде қалалық мәдениеті дамыған аймақ:

A) Батыс Қазақстан

B) Оңтүстік Қазақстан

C) Батыс, Шығыс Қазақстан

D) Шығыс Қазақстан

E) Орталық Қазақстан

12. ХVІ ғ. бас кезінде Шайбандықтар бастаған көшпелі өзбектердің бір бөлігі кеткен жақ:

A) Мәуереннахрға.

B) Жетісуға.

C) Қытайға.

D) Кіші Азияға.

E) Қашқарияға.

13. 1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды:

A) Кіші жүз жеріне

B) Хиуа жеріне

C) Қырғыз жеріне

D) Ұлы жүзге

E) Ресейдің орталық аудандарына

14. XIX ғасырдың екінші жартысында Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы:

A) Тибет

B) Жаркент

C) Құлжа

D) Шыңжаң

E) Қашқар

15. 1916 жылғы көтерілістің ең ұйымдасқан, табанды қарсылық көрсеткен, халық көп қатысқан орталығы:

A) Семей облысы.

B) Орал облысы.

C) Сырдария облысы.

D) Ақмола облысы.

E) Торғай облысы.

16. ХХ ғасырдың 30-жылдары сауатсыздықты жою, білім беру ісіне қамқорлық жасауды мойынына алды:

A) Қазақстан пионері

B) Кәсіподақ

C) Жұмысшылар

D) Қызыл армия белсенділері

E) Қазақстан комсомолы

17. М.Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы:

A) 100-ші

B) 76-шы

C) 73-ші

D) 316-шы

E) 72-ші

18. 25 жылға бас еркіндігінен айырылып, 1954 жылы ақталған тарихшы, ғалым:

A) Қ.Сәтбаев.

B) А.Жұбанов.

C) Ә.Марғұлан.

D) Е.Бекмаханов.

E) М.Әуезов.

19. 1970 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұйымдастыруда фермерлік шаруашылықты енгізуге тырысқан, Алматы облысындағы кеншар директоры:

A) Н.Головацкий

B) И.Худенко

C) Н.Алдабергенов

D) Н.Ким

E) Ы.Жақаев

20. “Монғол жеріндегі IX-XIII.ғ.өмір сүрген керейлер күшті дамыған ел”-деп жазған тарихшы:

A) В.В.Бартольд

B) Рашид ад-Дин

C) Әл-Морвази

D) Әл-Идриси

E) М.Қашғари

21. «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:

A) XVIII ғасыр

B) XIV ғасыр

C) XVI ғасыр

D) XV ғасыр

E) XVII ғасыр

22. «Шыңғыснаманың» авторы:

A) Сыпыра Жырау

B) Өтеміс қажы

C) Әмір Темір

D) Жиембет

E) Бұхар Жырау

23. XV ғ. 50-70 жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адамның саны жетті:

A) 350 мың

B) 250 мың

C) 200 мыңға

D) 400 мыңға

E) 300 мыңға

24. 1570 жылдардың аяғында Моғолстаннан Қазақ хандығына өткен жерлер:

A) Балқаштың солтүстігі

B) Қашқария

C) Жетісудың батысы

D) Жетісудың шығысы

E) Сырдарияның бойы

25. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылды:

A) Ат мінген адам.

B) Қарусыз келген адам.

C) Қанжар асынған адам.

D) Қарумен келген адам.

E) Найза асынған адам.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ