Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен:

A) Еңбек құралдарын жасауды игеру.

B) Жеке меншіктің шығуы.

C) Балық аулау.

D) Мал шаруашылығымен айналысуы.

E) Егіншіліктің пайда болуы.

2. VIII ғасырда Орхон өзені мен Алтай аралығында өмір сүрген тайпа:

A) Наймандар

B) Меркiттер

C) Татарлар

D) Қыпшақтар

E) Керейлер

3. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы:

A) Көккесене

B) Алаша хан кесенесі

C) Айша бибі кесенесі

D) Жошы хан кесенесі

E) Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

4. Қазақ хандығындағы хан сайланудың басты шарты:

A) Қожаның тұқымы болуы

B) Бидің тұқымынан шығуы

C) Шыңғыстың ұрпағы болуы

D) Феодалдар тобынан шығуы

E) Малының көп болуы

5. Тәуке ханның заңдар жинағы:

A) «Хан жарлығы»

B) «Далалық заңдары»

C) «Жеті Жарғы»

D) «Жылнамалар жинағы»

E) «Заңдар жинағы»

6. 1902 жылы тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылды

A) Атбасарда

B) Орынборда

C) Верныйда

D) Семейде

E) Оралда

7. Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы шыққан жыл:

A) 1914 жылы.

B) 1917 жылы.

C) 1918 жылы.

D) 1915 жылы.

E) 1916 жылы.

8. Әлия Молдағұлованың майдандағы әскери қызметі:

A) Байланысшы.

B) Мерген.

C) Бақылаушы.

D) Пулеметші.

E) Медбике.

9. 1970 жылдары кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны

A) Ж.Молдағалиев

B) Қ.Аманжолов

C) С.Мұқанов

D) Т.Жароков

E) О.Сүлейменов

10. Шірік Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы:

A) Цитадел

B) Мешіт

C) Базар

D) Кітапхана

E) Рабат

11. Бұқар жыраумен замандас Қанжығалы қарт Бөгембайды жоқтау және оның өлімін Абылайға естірту сияқты жырлары бар атақты жырау.

A) Шал.

B) Үмбетей.

C) Көтеш.

D) Тәтіқара.

E) Ақтамберді.

12. XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтерілістің нәтижесі:

A) Салық мөлшеріне шек қойылды

B) Есет Орынборда патша билігін мойындады

C) Патша өкіметі көтерілісшілердің талабын орындауға уәде берді

D) Патша өкіметінің отарлауын кешеуілдетті

E) Жазалаушы топтар талқандалды

13. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік:

A) Жан басына 20 десятина жер берілді

B) Әскери міндеткерліктен босатылды

C) Қоныстанушылар арнайы рұқсат алуы қажет болды

D) Салықтардан үш жылға босатылды

E) Жан басына берілетін жер ұлғайды

14. 1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі:

A) Таушүбек

B) Ақмешіт

C) Мерке

D) Пішпек

E) Сергиополь

15. 1881-83 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендердің орналасқан басты аймағы:

A) Жетісу мен Солтүстік қырғыз өңірі

B) Семей өңірі

C) Орталық Қазақстан

D) Шығыс Қазақстан

E) Солтүстік Қазақстан және Жетісу

16. 1872ж қазақ музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала:

A) Көкшетау

B) Петропавл

C) Париж

D) Мәскеу

E) Петербург

17. 1918 жылы сәуірде Ташкентте құрылған Түркістан автономиялық КСР-ң құрамына кірген облыстар:

A) Жетісу, Сырдария.

B) Орал, Семей.

C) Атырау, Орал.

D) Орынбор, Семей.

E) Торғай, Қостанай.

18. 1927 жылы Қазақстанда салына бастаған ірі құрылыс:

A) Ащысай полиметалл комбинаты.

B) Түркістан - Сібір теміржол магистралі

C) Шымкент қорғасын зауыты.

D) Қарағанды шахталары.

E) Жезқазған мыс балқыту комбинаты.

19. 1989 жылдың 28 ақпанында бой көтерген антиядролық, экологиялық қозғалыс:

A) «Алаш»

B) «Арал-Балқаш»

C) «Руханият»

D) «Невада-Семей»

E) «Азат»

20. Соғды тілінде жазылған қо жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел:

A) Орта Азия

B) Қытай

C) Византия

D) Жапония

E) Үндістан

21. А.Йасауи Бұхара қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама:

A) Әли ақын

B) М.Қашқари

C) Арыстан баб

D) Жүсіп Баласағұн

E) Юсуф Хамадани

22. Моғолстан ханы Есен-бұғаның билік құрған уақыты:

A) 1433-1462 жж

B) 1430-1460 жж

C) 1380-1390 жж

D) 1425-1428 жж

E) 1371-1372 жж

23. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым:

A) О. Смағұлов

B) Ә.Марғұлан

C) Ж. Таймағанбетов

D) К. Ақышев

E) К.В. Сальников

24. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердің арасындағы саяси оқиғаларға байланысты:

A) Көшім хандығы мен Қоқан хандығы

B) Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы

C) Ақ Орда мемлекеті мен Сібір хандығы

D) Ноғай ордасы мен Ресей

E) Сібір хандығы мен Хиуа хандығы

25. 1950 жылдары Қазақстан комсомолы салынуын қамқорлыққа алған объектілердің бірі:

A) Қарсақбай мыс комбинаты

B) Соколов-Сарыбай комбинаты

C) Балқаш мыс зауыты

D) Түрксіб темір жолы

E) Өзен мұнай алабы

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ