Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Керейлердiң батыс жағындағы көршiлерi:

A) Меркiттер.

B) Татарлар.

C) Қыпшақтар.

D) Наймандар.

E) Таңғұттар.

2. Шыңғысхан мемлекетіндегі түмендегі әскердің саны:

A) 1000 жауынгер

B) 10 000 жауынгер

C) 100 000 жауынгер

D) 10 жауынгер

E) 100 жауынгер

3. Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі:

A) Буддизм.

B) Христиан.

C) Тәңірлік.

D) Ислам.

E) Анимизм.

4. Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын:

A) Қатық.

B) Қымыз.

C) Шұбат.

D) Көже.

E) Айран.

5. XVIIІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау:

A) Жанақ

B) Доспамбет

C) Бұқар

D) Шернияз

E) Тәтіқара

6. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды:

A) 130 жылдай уақытқа

B) 100 жылдай уақытқа

C) 120 жылдай уақытқа

D) 200 жылдай уақытқа

E) 150 жылдай уақытқа

7. Ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударған аймақ:

A) Семей

B) Жетісу

C) Орал

D) Өскемен

E) Сырдария

8. ХХ ғасырдың басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы:

A) Біржан сал

B) Ыбырай

C) Ақан Сері

D) Жаяу Мұса

E) Естай

9. 1990 жылы Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея республикасының корпорациясы

A) «Мицубиси»

B) «КИА»

C) «Самсунг»

D) «НАМ»

E) «ДЭУ»

10. Б.з.б. 12-5 мыңжылдықтарды қамтитын дәуір:

A) неолит.

B) мезолит.

C) темір.

D) палеолит.

E) қола.

11. Ежелгі грек авторы Геродоттың сақтарды атауы:

A) Тур

B) Скиф

C) Массагет

D) Дай

E) Номад

12. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:

A) б.з.б ІV ғасырдың басы

B) б.з.б ІІІ ғасырдың аяғы

C) б.з.б. І ғасырдың ортасы

D) б.з.б. VІ ғасырдың басы

E) б.з.б. V ғасырдың басы

13. XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:

A) «Еркін», «берік»

B) «Алып», «күшті»

C) «Мықты», «күшті»

D) «Мықты», «берік»

E) «Еркін», «кезбе»

14. XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі:

A) «Ер Қосай»

B) «Құламерген»

C) «Орақ – Мамай»

D) «Ескендір»

E) «Ер Тарғын»

15. XV ғ. жазылған “Тарих-и-Рашиди”еңбегінің авторы:

A) Әл-Фараби

B) Әл-Бируни

C) Мұхаммед Хайдар Дулати

D) М.Қашғари

E) А.Яссауи

16. «Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды:

A) Маңғыстау көтерілісі

B) Қоқан езгісіне қарсы Оңтүстіктегі қазақтар көтерілісі

C) Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

D) Орал, Торғай көтерілісі

E) Сырдария Қазақтарының көтерілісі

17. 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші:

A) Ықылас

B) Дәулеткерей Шығайұлы

C) Құрманғазы Сағырбайұлы

D) Тәттімбет Қазанғапұлы

E) Мағауия Хамзин

18. Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик:

A) Г.Батенков

B) М.Сперанский

C) В.Перовский

D) Н.Курнаков

E) И.Губкин

19. 1960-1970 жылдары Қазақстанда пайда болған баспалар:

A) «Жас алаш», «Қарқаралы»

B) «Қайнар», «Жалын»

C) «Сарыарқа», «Атамұра»

D) «Алаш», «Сарыарқа»

E) «Балқантау», «Алаш»

20. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала:

A) Суяб

B) Тараз

C) Шаш

D) Иасы

E) Отырар

21. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс:

A) Қостанай

B) Сырдария

C) Жетісу

D) Торғай

E) Семей

22. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған:

A) Бекболат Әшекеев

B) Сәкен Сейфуллин

C) Нұрлан Қияшев

D) Тұрар Рысқұлов

E) Оспан Шоңов

23. Кеңес үкіметі Александров-Гай-Ембі темір жол желісін салуға шешім қабылдаған жыл:

A) 1920 ж.

B) 1923 ж.

C) 1919 ж.

D) 1922 ж.

E) 1921 ж.

24. Н.Назарбаевтың өкімімен, Б.Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді:

A) 1996 ж.

B) 1997 ж.

C) 1999 ж.

D) 1990 ж.

E) 1998 ж.

25. Жастар ұйымы мен балалардың коммунистік құрылымы:

A) Жасөспірімдер ұйымы.

B) Жеткіншектер ұйымы.

C) Балдәурен ұйымы.

D) Интернационалдық ұйым.

E) Пионер ұйымы.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ