Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. VIII ғасырда Орхон өзені мен Алтай аралығында өмір сүрген тайпа:

A) Наймандар

B) Керейлер

C) Татарлар

D) Меркiттер

E) Қыпшақтар

2. Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі:

A) Батыс пен Орта Азияны байланыстырды

B) Солтүстік пен Батыс елдерді байланыстырды.

C) Оңтүстік пен Шығысты байланыстырды

D) Оңтүстік пен Солтүстік байланыстырды

E) Шығыс пен Батысты байланыстырды

3. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан:

A) Абылай

B) Тәуекел

C) Әбілқайыр

D) Сәмеке

E) Тәуке

4. Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы Анна Иоанновнаның грамотаға қол қойды:

A) 19 ақпан 1759 ж.

B) 19 ақпан 1932 ж.

C) 19 ақпан 1728 ж.

D) 19 ақпан 1730 ж.

E) 19 ақпан 1731 ж.

5. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар

A) Батырлар

B) Халық

C) Тек сұлтандар

D) Орыс шенеуніктер

E) Билер

6. ХIX ғ. Шертпе күйдің негізін салушы:

A) Тәттімбет Қазанғапұлы

B) Дәулеткерей Шығайұлы

C) Мағауия Хамзин

D) Ықылас Дүкенұлы

E) Құрманғазы Сағырбайұлы

7. Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтін соғыс кезінде атқарған әскери міндеті

A) Ұшқыш.

B) Жаяу әскер.

C) Танкист.

D) Мерген.

E) Артиллерист.

8. 1970 жылы туғанына 1100 толған Шығыстың аса ұлы ойшыл-ғалымы:

A) Әбу Насыр әл-Фараби

B) Жүсіп Баласағұн

C) Ахмет Иассауи

D) Мұхаммед Хайдар Дулати

E) Махмұд Қашғари

9. 1991 жылдың қарашасында құрылған Қазақстанның Сауд Арабиясымен біріккен банкі

A) «әл-Исламбанк-Қазақстан»

B) «әл-Садатбанк-Қазақстан»

C) «Араббанк-Қазақстан»

D) «Ислам банкі»

E) «әл-Баракабанк-Қазақстан»

10. Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай:

A) аңшылықтың пайда болуы.

B) тобырдың қалыптасуы.

C) шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі.

D) темірді пайдалану.

E) терімшіліктің дамуы.

11. Сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі:

A) б.з.б. 5 ғ.-б.з. 1 ғ.

B) б.з.б.7 ғ.-б.з. 3 ғ.

C) б.з.б. 8 ғ.-б.з. 5 ғ.

D) б.з.б.3 ғ.- б.з. 4 ғ.

E) б.з.б. 6 ғ.-б.з. 2 ғ.

12. Билік жолында қазақ хандарымен ұзақ күрес жүргізген Әбілхайыр немересі:

A) Хайдар хан.

B) Мұса сұлтан.

C) Убайдоллах Шайбани.

D) Сүйіндік Шайбани.

E) Мұхаммед Шайбани.

13. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған:

A) Ақ Орда тайпалары

B) Қарақалпақтар

C) Моңғолдар

D) Сібір халықтары

E) Өзбектер

14. XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы:

A) Әмір Темір

B) Уайс хан

C) Көшім

D) Мұхаммед Шайбани

E) Жүніс хан

15. Моғолстан ханына қарсы соғыстарда Хақназардың айырылып қалған жерлері

A) Батыс Қазақстан

B) Шығыс Қазақстан

C) Сырдария бойы

D) Орталық Қазақстан

E) Жетісудың біраз жері

16. К.Қасымұлы әскері Ақмола бекінісін қоршаған уақыты:

A) 1837 жылы.

B) 1838 жылы.

C) 1840 жылы.

D) 1844 жылы.

E) 1836 жылы.

17. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары хан етіп сайлады:

A) О.Шоңовты.

B) К.Көкімаевты.

C) Т.Бокинды.

D) Ә.Жанбосыновты.

E) А.Имановты.

18. Қазақ АКСР-ның құрылғанын жариялаған құжат:

A) КСРО Конституциясы.

B) Құрылтай съезінің резолюциясы.

C) “Қазақ АКСР-ның құрылуы жөніндегі” декрет.

D) Қазақ АКСР-ның құрылуы туралы Заң.

E) Қазақ АКСР-ның Конституциясы.

19. ХХ ғ. 40 ж.- 50 ж. басында биология, медицина, геология саласындағы біраз ғалымдарға тағылған айып:

A) “Саяси сенімсіз”.

B) “Космополит”.

C) “Ұлтшыл”.

D) “Дарынсыз”.

E) “Идеологиялық тұрғыдан сенімсіз”.

20. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала:

A) Иасы

B) Шаш

C) Тараз

D) Отырар

E) Суяб

21. Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан кесенесі бой көтерген кезең:

A) ХІІІ-ХІV ғ.ғ.

B) ХVІ-ХVІІ ғ.ғ.

C) ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ.

D) ХІV-ХV ғ.ғ.

E) ХV-ХVІ ғ.ғ.

22. 1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына тұрғызылған бекініс:

A) Іле

B) Қоқан

C) Лепсі

D) Торғай

E) Кәстек

23. Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты:

A) Қытайға баратын керуенді қорғауға казак отрядын бөлуді сұрады

B) Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау

C) Құлжаға баруға рұқсат сұрау

D) Пекинге баруға рұқсат сұрау

E) «Үлкен Тибетке» баратын жол ұсынды

24. 1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер:

A) Қарағанды

B) Ақмола

C) Орал

D) Семей

E) Жаркент

25. Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы:

A) Машина-тракторлық станция.

B) Совхоздар.

C) Факториялар.

D) Ауылшаруашылық артелі.

E) Жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ