Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі және Орта жүздің руы:

A) Үйсін.

B) Дулат.

C) Қаңлы.

D) Адай.

E) Керей.

2. Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы:

A) Ноғай Ордасы

B) Алтын Орда

C) Жетісу жері

D) Әбілқайыр хандығы

E) Шығыс Түркістан

3. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық:

A) Сібір хандығы

B) Моғолстан

C) Ноғай хандығы

D) Алтын Орда

E) Әбілхайыр хандығы

4. «Уақытша ереженің» талаптарына қарсы 1869 жылғы көтеріліске қатысқандар саны:

A) 2000

B) 1000

C) 4000

D) 5000

E) 3000

5. Наполеон армиясымен соғыста ерекше рөл атқарған әскер:

A) теңіз әскері

B) қарулы әскер

C) атты әскер

D) жаяу әскер

E) әуе күштері

6. Абайдың аса дарынды шәкірті:

A) Ш.Құдайбердіұлы.

B) М.Дулатұлы.

C) Ә.Бөкейханов.

D) Жамбыл.

E) С.Торайғыров.

7. Шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысып даңқын шығарған, Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандық:

A) Қ.Сыпатаев, Л.Беда.

B) Р.Қошқарбаев, Д.Болатов.

C) И.Павлов, С.Луганский.

D) А.Егоров, З.Хұсайынов.

E) Г.Жұмабаев, А.Ерелиев.

8. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында көптеген шығынға ұшыраған шаруашылық саласы:

A) Кен өндіру.

B) Аң аулау.

C) Орман шаруашылығы.

D) Мал шаруашылығы.

E) Құс шаруашылығы.

9. Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы:

A) Ақмешіт

B) Ақмола

C) Ақтау

D) Ақбешім

E) Атбасар

10. Неолиттік саздан жасалған қыш ыдыс атауы:

A) Тостаған.

B) Саба.

C) Көзе.

D) Астау.

E) Шара.

11. 1998-1999 жылдары Берел кезеңінің №11 обасын ашқан археолог:

A) Ғ.Омаров

B) К.Ақышев

C) З.Самашев

D) Ә.Төлеубаев

E) К.Байпақов

12. Жібек жолының басы басталатын аймақ:

A) Қытайдың Солтүстік аймағынан

B) Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені аңғарындағы аймағынан

C) Янцзы өзені аймағынан

D) Маньчжуриядан

E) Қытайдың батыс аймағынан

13. Түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған орта ғасырлық энциклопедист ғалым

A) Гардизи

B) Петахья

C) Махмұд Қашғари

D) Әл-Омари

E) Ибн Хаукаль

14. Хақназар хан билеген жылдар:

A) 1480-1511 ж.ж

B) 1538-1580 ж.ж

C) 1523-1532 ж.ж

D) 1532-1538 ж.ж

E) 1524-1537 ж.ж

15. 1694 жылы I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын дамытуға келісім жасаған хан:

A) Тәуке

B) Қасым

C) Есім

D) Тәуекел

E) Хақназар

16. 1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ:

A) Закаспий облысы

B) Орал облысы

C) Маңғыстау приставтығы

D) Астрахань губерниясы

E) Торғай облысы

17. Жетісуда Кеңес өкіметі үшін күресте үлкен рөл атқарған оқиға:

A) Боровск селосының қорғанысы.

B) Мариинск селосының қорғанысы.

C) Черкасск қорғанысы.

D) Верныйдағы бүлік.

E) Крестьяндар көтерілісі.

18. Қ.И Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілді:

A) 1942 ж.

B) 1938 ж.

C) 1933 ж.

D) 1937 ж.

E) 1946 ж.

19. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильм:

A) «Абылай хан»

B) «Атаманның ақыры»

C) «Көшпенділер»

D) «Амангелді»

E) «Сталинге хат»

20. Шыңғыс хан Отырарды жаулап алуды жүктеді:

A) Жошы мен Үгедейге.

B) Жошы мен Төлеге.

C) Шағатай мен Үгедейге.

D) Шағатай мен Төлеге.

E) Жошы мен Шағатайға.

21. Есім хан мен Рабиға бегімнің кесенелері орналасқан қала:

A) Отырар.

B) Сауран.

C) Жент.

D) Түркістан.

E) Сарайшық.

22. 1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды:

A) Бекіністерде мешіттер салуға

B) Жайық жағалауына мал жаюға

C) Қазақтардың көрші елдермен экономикалық байланыс жасауына

D) Саудагер мейрамханаларының салынуына

E) Шетелдік көпестерге қазақ жерінде тауар сатуға

23. Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы:

A) 1864 жыл

B) 1867 жыл

C) 1866 жыл

D) 1868 жыл

E) 1865 жыл

24. «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы жұмысшыларының ереуілі болған жыл

A) 1918 жыл

B) 1910 жыл

C) 1909 жыл

D) 1907 жыл

E) 1911 жыл

25. Торғайдағы көтеріліс сардарбегі Амангелді Имановтың серігі, мерген:

A) Кейкі батыр.

B) Монай батыр.

C) Е.Курев.

D) Ұ.Саурықов.

E) Ә.Жанбосынов.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ