Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең:

A) Неолит дәуірі

B) Қола дәуірі

C) Палеолит дәуірі

D) Мезолит дәуірі

E) Темір дәуірі

2. Х ғасырда қимақ шонжарлары қабылдай бастаған дін:

A) Будда

B) Христиан

C) Зороастра

D) Манихей

E) Ислам

3. Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі:

A) Тәңірлік.

B) Ислам.

C) Христиан.

D) Буддизм.

E) Анимизм.

4. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан:

A) Ұбайдаллах

B) Әмір Темір

C) Мұхаммед Шайбани

D) Әбілхайыр хан

E) Саид хан

5. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке:

A) Ақмола облысы

B) Орал облысы

C) Семей облысы

D) Торғай облысы

E) Жетісу

6. “Алаш” партиясы бағдарламасының жобасы жарияланған газет:

A) “Қазақ”

B) “Серке”

C) “Ақшам”

D) “Искра”

E) “Айқап”

7. Тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды:

A) 1925 ж. Семейде.

B) 1927 ж. Әулиеатада.

C) 1926 ж. Алматыда.

D) 1926 ж. Қызылордада.

E) 1930 ж. Шымкентте.

8. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті:

A) М.Айтхожин

B) М.Әуезов

C) А.Қонаев

D) Қ.Сәтбаев

E) Д.Қонаев

9. Өзеннен алғаш мұнай алынды:

A) 1947 жылы

B) 1959 жылы

C) 1961 жылы

D) 1965 жылы

E) 1956 жылы

10. Орта ғасырларда Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:

A) Соғды

B) Үндістан

C) Иран

D) Англия

E) Жапония

11. Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жер:

A) Баянауыл

B) Кент

C) Қарқаралы

D) Шыңғыстау

E) Таңбалы Нұра

12. Ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы:

A) Еңсегей ер Жәңгір

B) Зор денелі батыр

C) Салқам Жәңгір

D) Батыр Жәңгір

E) Алып Жәңгір

13. Ресейдің Қазақстанды қосып алуы мен жаулап алуы аяқталды:

A) XVІІІ ғ. 60 жылдары.

B) XVІІІ ғ. 70 жылдары.

C) XVІІІ ғ. 30 жылдары.

D) XІX ғ. 60 жылдары.

E) XІX ғ. 20 жылдары.

14. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр:

A) Есет

B) Исатай

C) Махамбет

D) Сырым

E) Кенесары

15. 1812 жылы Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін күміс медаль алған қазақ жауынгері:

A) Ақбайұлы

B) Майлыбайұлы

C) Шуашбайұлы

D) Әубәкірұлы

E) Нығыманұлы

16. ХІХ ғасырдың І жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын:

A) Махамбет Өтемісұлы

B) Шернияз Жарылғасұлы

C) Сүйінбай Аронұлы

D) Шортанбай ақын

E) Шөже Қаржаубайұлы

17. ХХ ғасырдың басында халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала:

A) Материалдық мәдениет

B) Музыкалық мәдениет

C) Кино өнері

D) Баспа өнері

E) Сурет өнері

18. Генерал-майор И.В Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты:

A) Сталинград үшін шайқаста.

B) Брест қамалы үшін шайқаста.

C) Ленинград үшін шайқаста.

D) Мәскеу үшін шайқаста.

E) Курск үшін шайқаста.

19. «Қазақ КСР-індегі Тілдер туралы Қазақ КСР-нің Заңы» қабылданды

A) 1989 жылдың қыркүйегінде

B) 1991 жылдың қыркүйегінде

C) 1990 жылдың қыркүйегінде

D) 1990 жылдың 22 қыркүйегінде

E) 1995 жылдың 22 қыркүйегінде

20. Сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған табыты:

A) Сағана

B) Саркофаг

C) Менгир

D) Қабір

E) Дромос

21. XI-XII ғасырларға жататын Шығыс моншасы табылған қала:

A) Отырар

B) Талғар

C) Суяб

D) Сығанақ

E) Құлан

22. Ноғай Ордасымен шекарасы ортақ емес мемлекет:

A) Сібір хандығы.

B) Моғолстан.

C) Қазан хандығы.

D) Әбілхайыр хандығы.

E) Астрахан хандығы.

23. XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар:

A) Әбілқайыр хан

B) Тәуке хан, Хақназар хан

C) Тәуекел хан

D) Есім хан, Қасым хан

E) Өзбек хан, Тоғылық-Темір

24. Ресей үкіметі Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алды:

A) 1866 жылы

B) 1870 жылы

C) 1868 жылы

D) 1862 жылы

E) 1864 жылы

25. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді:

A) Екі миллионға жуық.

B) Сегіз жүз мыңдай адамға.

C) Жарты миллионға жуық.

D) Бір миллион.

E) Екі жүз мыңға.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ