Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы емтихан.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
22.12.2018
Размер:
131.15 Кб
Скачать

«Қазақстан тарихы» пәнiнен мемлекеттiк емтихан сұрақтары. (3 кредит)

  1. Казакстан тарихы панинин басты миндеттери мен максаттары. Тарихи деректер, тарихнама.

Тарих мынадай негізгі міндеттерді шешеді: гносеологиялық – Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді; аксеологиялық – әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады; праксеологиялық – күрделі де көп өырлы тарихи құбылыстарға өзіндік баға беру және талдау қабілетін өалыптастыруға мүмкіндік туғызады; прогностикалық – тарих, ол болашақтың негізі қаланған өткен заман, тарих аяқталмайды, тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар өйткені, онда бұрын ашылмаған шындықтар айқындалады.

Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаты. Отанымыздың тарихы, ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың, соның ішінде, әрқайсымыздың ата-бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру, ал біздің өміріміздің мәні оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру т.б.

Тарихи деректер – ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар, айғақты деректер. Тарих ғылыми тұрғыда шынайы болуы үшін, ең алдымен ол нақтылы деректерге негізделуі қажет. Тарихнама – бұл тарих ғылымының тарихы. Ол бір жағынан тарих білімінің қозғалысын, тарихи оқиғалар жөнінде мәліметтерді, жаңа деректерді табу және жазуды, ал екінші жағынан – тарихты зерттеудің ұстанымдары мен әдістерін дамытуды қарастырады.Көне жазба деректерінің бірі – зороастризм дінінің басты кітабы «Авеста». Сына жазулары: І Дарийдің (б.з.д. 522-486ж.) Бехистун жазбаларында, «Тарихтың атасы» болып саналатын Геродоттың «Тарих» атты еңбегінде (б.з.д.430-420), Страбон (б.з.д. 64 б.з.24) мен Птолемейдің (90-160) «География».

2. Казакстан территориясындагы алгашкы кауымдык когам.

Тас ғасыры 3 кезеңнен тұрады: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады.Палеолиттің ерекшелігі Евразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің бірінші, ең ертедегі мәдениеті деп Олдувай мәдениеті. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінің бірі – ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғы шарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палоеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен – алғашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Көптеген зерттеушілердің топшылауынша, бұл сапалық секіріс неандерталдың осы заманғыдай дене бітімі бар адамға айналуымен тұтас келеді. Мезолит, неолит энеолитті көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Ал қарастырылып отырған дәуір бізден қаншалықты қашық болғанымен, біз алғашқы қауым аңшылары мен жинаушыларының ежелгі мәдениеті шектес аймақтардың мәдениеттерімен өзара тығыз әсер ету арқылы дамыды.