Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Ежелгі егіншілердің жер жырту құралы:

A) Дән үккіш

B) Орақ

C) Шапқы

D) Тесе

E) Қайла

2. Қимақ қағанатың құрамында болған ең көп және күшті тайпа:

A) Құмандар.

B) Татарлар.

C) Эймурлар.

D) Қыпшақтар.

E) Оғыздар.

3. Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі:

A) Солтүстік пен Батыс елдерді байланыстырды.

B) Оңтүстік пен Солтүстік байланыстырды

C) Батыс пен Орта Азияны байланыстырды

D) Шығыс пен Батысты байланыстырды

E) Оңтүстік пен Шығысты байланыстырды

4. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген хан:

A) Шайбан.

B) Үгедей.

C) Өзбек.

D) Береке.

E) Батый.

5. М.Х.Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығының құрылған мерзімі:

A) 1470-1471 ж.

B) 1466-1467 ж.

C) 1468-1469 ж.

D) 1465-1466 ж.

E) 1458-1460 ж.

6. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:

A) Әбілпайыз.

B) Әбілмәмбет.

C) Қайып хан.

D) Барақ сұлтан.

E) Нәдір шах.

7. 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясы жасап шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі:

A) «Қыз Жібек»

B) «Түркісіб»

C) «Саған, майдан»

D) «Амангелді»

E) «Жауынгер ұлы»

8. 1958 жылдың жазында әлеуметтік саясатқа қарсы ашық наразылық көрсеткен қала:

A) Қостанай.

B) Ақмола.

C) Теміртау.

D) Алматы.

E) Қызылорда.

9. «Семей- Невада» антиядролық қозғалысының басшысы

A) М. Шаханов

B) Ә. Әлімжанов

C) О. Сүлейменов

D) Х. Қожахметов

E) Қ. Рысқұлов

10. Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірінің ескерткіштері:

A) "Балбал тастар"

B) "Дөңгелек қорғандар"

C) "Тас қорғандар"

D) "Мұртты қорғандар"

E) "Тас қоршаулар"

11. Хақназар хан билеген жылдар:

A) 1532-1538 ж.ж

B) 1523-1532 ж.ж

C) 1524-1537 ж.ж

D) 1480-1511 ж.ж

E) 1538-1580 ж.ж

12. Е. Пугачев көтерілісіне Кіші жүз қазақтарының қатысу себебі:

A) Башқұрттарға қарсы одақ құру

B) Билікті алу.

C) Тәуелсіздігін сақтау.

D) Жоңғарларға қарсы одақ құру.

E) Жерін қайтарып алу.

13. Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап еткен:

A) Ф.К.Гейнс

B) Ы.Алтынсарин

C) Мұса Шорманұлы

D) Ш.Уәлиханов

E) И.И.Бутков

14. Қапал бекінісі салынды:

A) 1848 жылы

B) 1845 жылы

C) 1843 жылы

D) 1847 жылы

E) 1849 жылы

15. 1864 жылы Қашғарияда құрылған мемлекет:

A) Іле хандығы.

B) Ұйғыр мемлекеті.

C) Іле сұлтандығы.

D) Хиуа хандығы.

E) Жетішар мұсылман мемлекеті.

16. «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» картинасының авторы:

A) О.Федченко

B) Н.Дмитриев

C) П.Кошаров

D) В.Верещагин

E) Б.Смирнов

17. Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалануға берілді

A) 1901 жылы

B) 1906 жылы

C) 1903 жылы

D) 1907 жылы

E) 1905 жылы

18. 1919-1920 жж. Қазревком Қазақстанда қолына алған билік:

A) Салық жинау.

B) Заң шығару билігі.

C) Сот билігі.

D) Әскери-азаматтық билік.

E) Қаржы билігі.

19. 1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан Қазақстанның алған орны:

A) Бірінші

B) Үшінші

C) Жетінші

D) Бесінші

E) Екінші

20. Ахмет Иүгнекидің кітабы:

A) ”Жүсіп-Зылиқа”

B) ”Ақиқат сыйы”

C) ”Диуани лұғат ат-түрік”

D) ”Құдатғу Білік”

E) ”Даналық кітабы”

21. Өзбек ұлысында (XV ғ). Ұш халықтың болғандығын, оның ішінде ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы:

A) Рузбихан.

B) Б.Е.Көмеков.

C) Сыма-Цянь.

D) Рубрук.

E) В.В.Бартольд.

22. XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасының аты:

A) «Оғызнама»

B) «Жүсіп – Зылиха»

C) «Мухаббатнама»

D) «Ел айрылған»

E) «Хұсрау мен Шырын»

23. «Жеті жарғы» бойынша хан:

A) Ру арасындағы тартысты шешуші

B) Сот міндетін атқарушы, салық жинаушы

C) Ру бірлестігін басқарушы

D) Аймақтың басшысы

E) Барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы

24. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған:

A) Оспан Шоңов

B) Нұрлан Қияшев

C) Сәкен Сейфуллин

D) Тұрар Рысқұлов

E) Бекболат Әшекеев

25. Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты:

A) Брест қамалы үшін шайқаста.

B) Мәскеу үшін шайқаста.

C) Сталинград үшін шайқаста.

D) Ленинград үшін шайқаста.

E) Курск үшін шайқаста.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ