Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен:

A) Жеке меншіктің шығуы.

B) Егіншіліктің пайда болуы.

C) Балық аулау.

D) Еңбек құралдарын жасауды игеру.

E) Мал шаруашылығымен айналысуы.

2. Оғыз мемлекетін құлатқан тайпалар одағы:

A) Моңғолдар.

B) Татарлар.

C) Қыпшақтар.

D) Арғындар.

E) Сақтар.

3. 1336-1405 жылдары өмір сүрген билеуші:

A) Жошы

B) Әмір Темір

C) Қызыр-Қожа

D) Шер-Мұхаммед

E) Шыңғысхан

4. XVIIІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау:

A) Бұқар

B) Шернияз

C) Жанақ

D) Доспамбет

E) Тәтіқара

5. 1867-1868 жж. ереже бойынша 100-200 шаңырақтантұратын елді мекеннің атауы:

A) кент

B) уезд.

C) ауыл.

D) болыс.

E) село.

6. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі

A) Атамекеніне оралды

B) Патшалы Ресей күштеп қоныстандырды

C) Қазақ жеріне басып кірді

D) Жетісудың шұрайлы өлкесі қызықтырды

E) Цинь өкіметі қысым көрсетті

7. ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал:

A) «Айқап»

B) «Сибирская газета»

C) «Степной край»

D) «Қазақ»

E) «Киргизская степная газета»

8. 1921 жылы Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Ќырғыз (қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы:

A) М. Төлепов

B) Ќ. Тәштитов

C) Ғ. Мұратбаев

D) Ф. Рузаев

E) А. Оразбаева

9. «Азат» азаматтық қозғалысын ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы:

A) КСРО-ны сақтап қалу

B) Түркі елдерінің конфедерациясын құру

C) Қазақстанның егеменді ел болуы

D) Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болып қабылдануы

E) Қазақстанның ядролық ел болуы

10. Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгісі:

A) Тостаған мен ерекше бас киімі

B) Қару жарағы

C) Ерекше шапан мен белбеу

D) Абыздар мөрлері

E) Аса таяқ

11. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:

A) б.з.б. V ғасырдың басы

B) б.з.б. І ғасырдың ортасы

C) б.з.б ІІІ ғасырдың аяғы

D) б.з.б. VІ ғасырдың басы

E) б.з.б ІV ғасырдың басы

12. 1538-1580 ж. Қазақ хандығын басқарған хан:

A) Есім.

B) Тәуекел.

C) Хақназар.

D) Қасым.

E) Тәуке.

13. XVI-XVII ғ. Қазақ-монғол қарым-қатынастарының тарихы баяндалған “Тарих” атты еңбектің авторы:

A) Шах-Махмұд Шорас.

B) Қутб.

C) Ж.Баласағұни.

D) А.Яссауи.

E) М.Хайдар Дулати.

14. 1836-1838 ж.ж. Ішкі Ордадағы халық көтерілісін басқарған ақын-қолбасшы:

A) С.Дүйсенұлы.

B) Наурызбай.

C) Н.Жанболат.

D) Махамбет Өтемісұлы.

E) Сарт Еділұлы.

15. ХІХ ғасырдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы:

A) Ахшарумов.

B) Даль.

C) Васильев.

D) Уәлиханов.

E) Григорьев.

16. Абайдың ұлы Әбдірахман бітірген оқу орны::

A) Реалдық училище

B) Мұғалімдік мектеп

C) Медресе

D) Әскери гимназия

E) Артиллерия училищесі

17. 1916 жылы Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халықтын саны:

A) Алты жүз мыңдай.

B) Екі жүз отыз сегіз мыңнан астам.

C) Сегіз жүз мыңдай адам.

D) Бір миллион.

E) Жарты миллионға жуық.

18. Кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған қазақ азаматы:

A) А. Байтұрсынов

B) М. Дулатов

C) М. Жұмабаев

D) Ә. Бөкейханов

E) С. Сейфуллин

19. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер:

A) Демократия идеологияны қуаттаған зерттеулер

B) Қазақ әдебиеті, лингвистика

C) Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер

D) Ұлттық этнология, салт-дәстүр

E) Қазақстан тарихы

20. А.Йасауи Бұхара қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама:

A) Жүсіп Баласағұн

B) М.Қашқари

C) Юсуф Хамадани

D) Арыстан баб

E) Әли ақын

21. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым:

A) О. Смағұлов

B) Ж. Таймағанбетов

C) К.В. Сальников

D) Ә.Марғұлан

E) К. Ақышев

22. ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазғандар:

A) Араб саяхатшылары

B) Қытай саяхатшылары

C) Еуропа саяхатшылары

D) Парсы саяхатшылары

E) Монғолдар

23. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердің арасындағы саяси оқиғаларға байланысты:

A) Ақ Орда мемлекеті мен Сібір хандығы

B) Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы

C) Көшім хандығы мен Қоқан хандығы

D) Ноғай ордасы мен Ресей

E) Сібір хандығы мен Хиуа хандығы

24. Ұлы Отан соғысы жылдарында 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды:

A) Қ.Қайсенов

B) Т.Бигелдинов

C) Ж.Елеусізов

D) Р.Қошқарбаев

E) Қ.Аухадиев

25. 1960 ж. басын Қытайдан Қазақстанға оралған қазақтар саны

A) 300 000

B) 600 000

C) 200 000

D) 400 000

E) 500 000

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ