Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Тас дәуірі адамдарының ине жасаған заты:

A) Мыс

B) Темір

C) Үшкір сүйек

D) Қалайы

E) Тас

2. Кейбір шежірелерде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз:

A) Үйсін

B) Түрік

C) Қыпшақ

D) Алаш

E) Өзбек

3. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық:

A) Әбілхайыр хандығы

B) Ноғай хандығы

C) Алтын Орда

D) Сібір хандығы

E) Моғолстан

4. Қазақ хандарының тегі:

A) Билер.

B) Батырлар.

C) Даналар.

D) Қарапайым халық.

E) Шыңғыс ұрпақтары.

5. ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсіптің жақсы дамыған түрі:

A) ауыр өнеркәсіп

B) машина жасау

C) түсті металлургия

D) химия өнеркәсібі

E) кен өндірісі

6. Қазақ жерлерін біріктіруде Қазақстан мүддесін жақтаған тұлға:

A) С.М.Миронов.

B) В.И.Ленин.

C) М.В.Фрунзе.

D) Л.Мирзоян.

E) И.В.Сталин.

7. Сталиннің жеке басын айыптаған КОКП-ның съезі:

A) XX-ші

B) XIX-ші

C) XXIII-ші

D) XXV-ші

E) XXII-ші

8. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы:

A) Кибернетика

B) Есептеу техникалары

C) Ғарышты игеру

D) Гуманитарлық

E) Ядролық физика

9. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды

A) 1992 жылы 25 желтоқсанда

B) 1991 жылы 23 қарашада

C) 1992 жылдың 2 наурызда

D) 1995 жылды 30 тамызда

E) 1991 жылы 16 желтоқсанда

10. Арыстың сол жағалауындағы қаңлы қаласының орны:

A) Қызыл-аңғар

B) Мардан-күйік

C) Қойлық

D) Шірік-Рабат

E) Көк -Мардан

11. Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін қойларды

өсіретінін жазған:

A) Әл-Марвази

B) Әл-Бируни

C) В.В.Бартольд

D) Ибн-Хаукәл

E) М.Қашғари

12. Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік–Шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші:

A) Диц

B) Томсон

C) Клоусон

D) Рубрук

E) Сюань-Цзянь

13. Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас:

A) Қалмақ қырылған

B) Аягөз

C) Орбұлақ

D) Аңырақай

E) Бұланты

14. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы:

A) И.Муравин

B) Д.Гладышев

C) В.Веселовский

D) Я.Гуляев

E) П.Рычков

15. Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдаған Кіші жүз старшындарының съезі болған жыл:

A) 1788 ж.

B) 1787 ж.

C) 1784 ж.

D) 1783 ж.

E) 1785 ж.

16. XIХ ғасырдың 50-жылдарында Мырза Ахмет бек енгізген салық:

A) Шаңыраққа.

B) Жан басына.

C) Қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерге.

D) Ерлерге.

E) Шаруаларға.

17. Түркістан статистикалық комитеті ашылған жыл:

A) 1758 жыл

B) 1868 жыл

C) 1860 жыл

D) 1878 жыл

E) 1865 жыл

18. 1916 жылы Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші қоршаған қала:

A) Ырғыз.

B) Семей.

C) Ақтөбе.

D) Торғай.

E) Жетісу.

19. Ұлы Отан соғысында түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосқан Еділдегі шайқас:

A) Курск шайқасы.

B) Ленинград шайқасы.

C) Киев шайқасы.

D) Мәскеу шайқасы.

E) Сталинград шайқасы.

20. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала:

A) Отырар

B) Шаш

C) Суяб

D) Тараз

E) Иасы

21. Моғолстанның өмір сүрген уақыты:

A) XVI ғ. ортасы-XVII ғ. басы

B) ХІІІ-ХIV ғасырдың басы

C) XIV ғасырдың ортасы – XVI ғ. басы

D) ХІІ-ХІІІ ғ.

E) XVII ғ. аяғы-XVIII ғ. басы

22. Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда тарағанымен ХІХ ғасырдың аяғына дейін тұрғындардың жүрек түкпіріне жете қоймағаны жөніндегі пікірін жазған Ш.Уәлихановтың мақаласының аты:

A) «Манас»

B) «Ыстық көл сапары»

C) «Ислам діні»

D) «Қашқар саяхаты»

E) «Қытайдағы ұйғырлар»

23. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс:

A) Жетісу

B) Сырдария

C) Торғай

D) Семей

E) Қостанай

24. 1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі:

A) Жағдайлары өзгерген жоқ

B) Барлық қазақ жұмысшылары атылды

C) Ереуілге қатысқандар жазаланды

D) Жұмысшылардың жалақысы артты

E) Жұмысшылар жұмсалған шығынды төледі

25. Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институт ашылды:

A) 1928 ж.

B) 1936 ж.

C) 1937 ж.

D) 1926 ж.

E) 1927 ж.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ