Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

С) Аса бай кен орны

д) Қоршаған орта туралы ғылым

  1. Сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз. Серебро проводит электрический ток.

а) Күміс электор тогын өткізеді.

б) Күміс электор тогын өткізбейді. с) Электор тогын күміс өткізбейді екен. д) Электор тогына күмістің әсері зор.

  1. Металдан жасалған заттардың қоршаған ортада болып жататын химиялық әсерлердің кесірінен өзінен - өзі бұзылуы қалай аталады?

а) газ

б)металл с) коррозия

д) тотық

  1. Керекті дұрыс сөзді белгілеңіз. … қызған кезде соқ.

а) шойынды

б) болатты

с) металды

д) темірді

  1. «Зиянды қоспалар» сөз тіркесінің аудармасын табыңыз.

а)вредные примесиб)соединенияс) народное хозяйствод) распловленный шлак

  1. Металлургия неше салаға бөлінеді.

а)3б)4с)2д)бөлінбейді

9.Сөйлемді толықтырыңыз. Мысты … қосып балқытқанда жез алынады.

а) қалайыменб) мырышпен

с) темірмен

д) құйма

10. Домна пешінің анықтамасын беріп тұрған сөйлемді табыңыз?

а) рудадан шойын қорытатын пештер

б) балқыған қож

с) отқа төзімді сұйық металл

д) ошақтан металл ағатын саңылау

1-кеспе

Сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлем құраңыз.

  1. Шебер балқыт еңбек жауап өте.

  2. Өндіру болат құрышшы маман роль жетекші атқару.

2-кеспе

Сөздердің аудармасын табыңыз.

Қорғасын- қышқыл-

Оттек- ерітінділер-

Салмақ- тотықпайды-

3-кеспе

Берілген сөздерден сөйлем құраңыз.

Қоршаған орта, қосындылар, ішкі жану, көміртекті қорытпа, балқыған қож.

4-кеспе

Төмендегідей сөздер кездесетін мақал-мәтел жазыңыз.

Темір, алтын, күміс

5-кеспе

Мәтіннен мамандығыңызға қатысты сөздерді теріп жазыңыз.

Қазіргі заманғы отандық металлургия еліміздің халық шаруашылығының ірге тасы болып табылады. Іс жүзінде түсті металдар тұтынылмайтын бірде-бір халық шаруашылығында сала жоқ. Қазіргі кезде қара металлургия өнімдер, демек, болат пен қорытпаның 1900 маркасы, прокаттың 3500 бағыттағы мөлшері, басқа да түрлері халық шаруашылығында барлық салаларының қажеттеріне пайдаланылады. Қазақстан кәсіпорындары түсті, сирек кездесетін, асыл металдардың 40- тан астам түрін өндіреді.

6-кеспе

Мәтінді оқып шығыңыз. Негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемдерді табыңыз.

Болат өндіруде құрышшының мамандығы жетекші роль атқарады. Болат өндірген кездегі процестер жабық пештерде өтеді. Құрышшы Бұл процестерді металл сынамасының сыртқы белгілері бойынша : түстің нәзік реңкі, айқындығы мен ағымы, сондай- ақ бақылау- өлшеуіш аспаптардың көрсеткіші және жедел талдау деректері бойынша пікір айта алады. Құрышшының негізгі міндеті – мүмкіндігінше, қысқа мерзім ішінде берілген сапада болат алу.

7-кеспе

Берілген сөздердің аудармасын табыңыз, бір сөзден сөйлем құраңыз.

Пластичный-

Прочный-

Блестящий-

8-кеспе

Сөздерді дұрыс орналастырып сөйлемді түзетіңіз.

  1. Адам мыс алтын қажет екен гөрі.

  2. Металлургия қара – жас сала Қазақстан өнеркәсіп.

9-кеспе

Берілген сөздер кездесетін мақал-мәтел жазыңыз.

Болат, алтын, мыс

10-кеспе

Жұмбақтың шешуін табыңыз. Жауаптан сөйлем құраңыз.

Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып.

Жарқырап маңдайында екі көзі,

Лезде жеткізеді жерге қашық

Ескерту: Әр тапсырма үшін 30 балл. Тапсырма саны -10

Үй тапсырмасы (100 балл)

24-27- сабақ: Біздің университет. Етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ

Материалдар мен құралдар: пән бойынша сабақтардың әдістемелік әзірлемесі, сөйлемге арналған сызбалар, мәтіндер, әдебиеттер, блиц-тест, бақылау сұрақтары.

1-тапсырма. Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Жаппай өркен жаю – развитие широкой сети

Жеке білім беру – частное образование

Мемлекеттік емес оқу орындары – негосударственные учебные заведения

Тұжырымдама – концепция

Заңды негіз – юридическая база

жоғары білікті мамандар – кадры высшей квалификации

Мұқтаж –нехватка

Жаңа құрылым –новая структура

2-тапсырма. Мәтінмен танысыңыз.

Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтан тұрады: бала–бақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби –техникалық училище, арнаулы орта және жоғары оқу орындарындары, дипломнан кейінгі білім (аспирантура, доктарантура), түрлі мамандық бойынша жетілдіру курстары.

Республикада 250 арнаулы орта білім беретін оқу орындары мен жүздеген мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындары тіркелген. Қазақстандағы жеке білім беру туралы реформа мектеп жүйесінің бұзылуынан емес, мемлекеттік емес оқу орындарының жаппай өркен жаюынан басталды. Бұл мәселе Республикамыздың Конституциясы, Жоғары білім беру туралы Заң және мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы Тұжырымдамасы себепкер болды. ЖОО (Вуз)-ның бірі – университет. Университет– жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп профильді оқу- ғылыми жоғары оқу орны. Университетте студенттер келешек ғылыми–практикалық және педагогикалық қызметтің терең теориялық даярлығынан өтеді. Алғашқы университет ХІІ Батыс Еуропада пайда болды. Қазақстанда алғаш 1934ж қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті ашылды. 1972 жылы Қарағанды универсиеті ашылды.

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз. Білім саласына қатысты терминдерді теріп жазыңыз.

4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдік қатарын жазыңыз:

Өркен жаю, алғаш, мұқтаж, жоғары дәрежелі

5-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдік жұбын табыңыз.

Тығыз, жоғары, кең, алғашқы

6- тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Курсы повышения квалификации, бесплатное образование, получение платного образование, учиться в частном заведении, поступать в любой вуз, получит высшее образование, специальное среднее учебное заведение, система народного образования.

7-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз. Сөйлем түрлеріне ажыратыңыз.

Жоғары білікті мамандар................................................................................................................

Қазіргі кезде басты мәселе .............................................................................................................

Жоғары оқу орындары ...................................................................................................................

Біздің республикамызда .................................................................................................................

Жоғары білім берудің болашағы....................................................................................................

8-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, логикалық байланысы бар сөйлемдер құраңыз.

Тегін, міндетті, жекеменшік оқу орындары, ақылы бөлім, жалпыға бірдей, беймемлекеттік, маман кадрлар.

9-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.

Күрделі сөздер

Біріккен сөздер

Қос сөздер

Қысқарған сөздер

Сөз тіркестері

10-тапсырма. Білім туралы 10 мақал жазыңыз.

Ескерту: Әр тапсырма үшін 50 балл. Тапсырма саны -6

11-тапсырма. Етістіктің шақтарына өз мысалдарыңызды келтіріңіздер.

Етістіктің шақтары

осы

келер

өткен

  • Жай

  • Күрделі

Негіз +

-іп, ып

-а, -е, -й

+ ж.ж.

Негіз +

-а,-е,-й + ж.ж.

Негіз +

-ар,-ер,-р

+ ж.ж.

Негіз +

-мақ,-мек,

-бақ,-бек,

-пақ,-пек,

+ ж.ж.

Негіз +

-а,-е,-й,

+ ж.ж.

Негіз +

-ды,-ді,

-ты,-ті,

+ ж.ж.

Негіз +

-ған,-ген,

-қан,-кен

+ ып, -іп

+ ж.ж.

Негіз +

-атын,

-етін,

-йтын,

-йтін

+ ж.ж.

жатыр

Жазып отыр

Жазармын

Жазбақ

болдым

Жазамын

жаздым

Жазған

мын

Жазатын

мын

мын

Бақылау сұрақтары:

1.Етістік деген не?

2.Етістіктің түрлері қандай?

3.Етістік шақтарының жасалу жолдары туралы не білесіздер?

4.Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы әңгімелеңіздер.

5.Ы.Алтынсарин кім?

6.Жеке білім беру туралы не айта аласыздар?

28-30 сабақ: Азаматтық қалай анықталады? Етістіктің рай формалары. Етіс категориясы

Сабақ мақсаты: Азаматтық ұғымының адамгершілікпен тығыз байланыстылығын ұғындыру, адамгершілік қағидалары туралы мәлімет беру. Етістіктің рай формалары. Етіс категориясы туралы мәліметтерін пысықтау.

Материалдар мен құралдар: жинақталған көрнекі құралдар топтамасы, бақылау сұрақтары, блиц-тест, глоссарий.

Жұмыс мазмұны мен орындау тәртібі:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын меңгеріңіздер және рөлдерге бөліп оқыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]