Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Махамбет Өтемісұлы

(1804 – 1846)

Махамбет – көтеріліс жаршысы. Исатай Тайманов бастаған ұлт азаттық көтерілістің жалынды жаршысы, қолбасы батыры. Махамбет ішкі Бөкей ордасы, Бекетай аймағы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауылында туып, Қарой өңірінде Қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеден өтті.

Ақын «Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі» т.б. толғауларында күрес мұратын, азаттық үшін басталған ұлы жорықтың жөнін жырлайды.

«Атадан туған ардақты ер», «Ерлердің ісі біте ме», «Исатай деген ағам бар» жауынгер рухы түскен «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Қызғыш құс» өлеңдерінде жеңіліс сәтін жеткізеді.

Махамбет шығармаларында көтеріліс тарихы жатыр.

  1. тапсырма. Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз.

Ол сәуегей абыз, сәулетші шебер болған. Бұл елдіктің белгісі деп білеміз.

  1. тапсырма.

Махамбет туралы мәтінде қандай мәліметтер берілген?

Салалас құрмалас сөйлемдерден аралас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

  1. тапсырма

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

Ақын «Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі» т.б. толғауларында күрес мұратын, азаттық үшін басталған ұлы жорықтың жөнін жырлайды.

«Атадан туған ардақты ер», «Ерлердің ісі біте ме», «Исатай деген ағам бар» жауынгер рухы түскен «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Қызғыш құс» өлеңдерінде жеңіліс сәтін жеткізеді.

Махамбет шығармаларында көтеріліс тарихы жатыр.

4-тапсырма.

Мәтінді пайдалана отырып сөйлемдерді толықтырыңыз.

... – көтеріліс жаршысы. ... бастаған ұлт азаттық көтерілістің жалынды жаршысы, қолбасы батыры. Махамбет ішкі ..., Бекетай аймағы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, ... ауылында туып, Қарой өңірінде Қазіргі Атырау облысы ... ауданында дүниеден өтті.

Ақын «Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі» т.б. толғауларында ..., азаттық үшін басталған ұлы жорықтың жөнін жырлайды.

5-тапсырма.

Төмендегі сөздер арқылы сөйлемдер құрастырыңыз.

Жомарттық

Көрегендік

Тас қашау

Үңгір

Үңгу

6-тапсырма.

Батырлық, ерлік туралы қандай нақыл сөздер білесіз?

7-тапсырма.

Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

Махамбет шығармалары, ұлт азаттық көтеріліс, жалынды жаршысы, көтеріліс тарихы.

8-тапсырма.

Сөздікті пайдалана отырып мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Махамбет шығармалары - қазақ поэзиясының алтын қоры. Махамбет есімі әрдайым елдіктің, ерліктің белгісі секілді. Мен Махамбетті мақтан тұтамын.

9-тапсырма

Орны ауысқан сөздерді орнына қойын, оқыңыз.

17-18 ғ.ғ. ғұмыр сүрген Аруақты - Қазақстанның батыс өлкесіндегі Бекет Мырзағұлұлы Маңғыстау төбегінде, адай руынан шыққан, табиғат ерекше жомарттықпен жаратқан жан. Ол болған сәуегей абыз, сәулетші шебер.

10-тапсырма

Нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

11- тапсырма

12-тапсырма

13-тапсырма

Мәтіндегі төл сөзі мен автор сөзін ажыратыңыз, тыныс белгісіне назар аударыңыз. Төл сөздерді төлеу сөзге айналдырыңыз.

Төле би мен Қазыбек би Әйтеке баладан: «Жігіттің жақсысы қандай болады» деп сұрапты. Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген, - деп жауап беріпті. Жер дауына байланысты Орманбет биге Әйтеке:« Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін, бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып, жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін».

Блиц-тест

1. Бекет ата Маңғыстау түбегінде қай уақытта өмір сүрген?

а) 17-18 ғ.ғ. б)576 с) 908 д) 550 е) 660

2. Ақынның қандай толғауларында жырлаған күрес мұратын.

а) «Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі»

б) «Еркем» с) «Қызғыш құс» д) «Мереке» е) «Сарыарқа»

3. Қандай өлеңдерінде жеңіліс сәтін жеткізеді?

а) «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Қызғыш құс» б) «Мереке» с) «Сарыарқа» д) «Ереуіл атқа ер салмай» е) «Ұлы арман»

4.Жақты сөйлемді табыңыз.

а)Ауа райы салқындай бастады. б)Менің бұл сөзге қосылғым келмеді. с)Біздің ашық сөйлесуіміз керек. д)Оның бүгін келуі мүмкін. е)Олардың бұл араға қосылғысы келмеді.

5.Қай сөйлемде етістік бастауыштың қызметін атқарып тұр. а)Қарлы боран түні бойы тынбады б)Жиырма бес адам кеше аттанған еді. с)Сөйлеу -тек адамға біткен қасиет. д) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің е) Ғайша досына құпия сырды ашты.

6.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. а) Кенжебек жауап іздеп көріп еді,ойына орала алмады. б)Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады. с) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды. д)Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ. е)Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.

7.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

а)Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. б)Ұзақ сапар шеккелі, мақсатқа осы жеткенім. с)Қалаға ол күн көтерілген соң жетті. д)Әуен тоқталды, бірақ гитара тоқталған жоқ. е)Мұражайға саяхат.

8.Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.

а) Жұрт айтты – көне берді. б) Аяғы жоқ, - жүреді,аузы жоқ, - сөйлейді. с)Ағаш арасын қаратса – жоқ. д) Алыс- берісіміз көп, ағайын адамбыз. е) Кітап – білім бұлағы.

Бақылау сұрақтары

1.Махамбет қай жерде дүниеге келген?

2.М.Өтемісовтің қандай шығармалары бар?

3. Бекет Мырзағұлұлы қай ғасырда өмір сүрген?

4. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

Глоссарий

Аралас құрмалас сөйлем – кем дегенде үш сыңардан құралып, өзара салаласа, сабақтаса байланысқан сөйлем.

Әдебиеттер:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, 1994.

2.Ағманова Ф. , Екшембаева Л. Тілді білсеңіз – елді білесіз, А, 1998.

3.Аманжолов С., Әбілқаев А. Қазақ тілі, Алматы «Рауан», 1991.

4.Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілі А., 2001ж.

5.Ерназарова З.Ш., Н.Қ. Мұхамадиева. Қазақ тілі. Алматы-2005.

19 сабақ. Аралық бақылау.

20-22 сабақ. Ұлттық байлық. Жеке іс-парағы. Өмірбаян. Сауалнама

Сабақтың мақсаты: Ұлттық байлық туралы мәлімет беру. Студенттерді жеке іс-парағының түрлерімен таныстыру. Өмірбаян, сауалнаманың толтырылу үлгісін меңгерту.

1-тапсырма. Мәтінмен танысыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]