Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Дара сөздер мен күрделі сөздер

Сөздердің құрамы жағына қарай түрлері


Дара

(түбір)


Күрделі

(түбір + түбір)


апа, аға, қала, мектеп,т.б.


көке-тай, көрік-ті, қастас,т.б.


орта бойлы, ат жақты,

ана тілі,

екі жүз бес,т.б.


аққу (ақ+қу), білезік (білекке тағатын жүзік), биыл

(бұл+жыл), т.б.


ата-ана,

бірте-бірте,

шай-пай,т.б.


ҚР, ТМД,

ГФР,

ҚазПИ, ҚазГАУ,т.б.


9- тапсырма. Кестенің әр қайсысына мысал келтіріңіз.

10-тапсырма. Берілген сөздерден үндестік заңын табыңыз. Қай түріне жататындығын анықтаңыз.

Жүрегі, тарағым, ағып, шабу, ақ ешкі, көк аспан, жоқ зат, Қаракөз, күз келді, көп бала.

Ескерту: Әр тапсырма үшін 30 балл. Тапсырма саны -10

Үй тапсырмасы (100 балл)

11-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сыңарын табыңыз.

А) Түркі Республикасы

Қыпшақ жазуы

Қазақстан алфавиті

Қазақ тобы

Араб тілі

Қазіргі қазақ графикасы

Б) Берілген сөздердің дұрыс аудармасын табыңыз.

әріп гласный

буын группа

екпін согласный

дауысты буква

дауыссыз национальный язык

топ слог

ұлттық тіл ударение

12-тапсырма. Қазақшаға аударыңыз, қазақ тіліне тән дауыстыларды табыңыз.

По труду и плоды – Еңбегіне қарай өнімі.

Что имеем –не ценим.

Многословие – зола, краткость – золото.

Не на силу надейся, а на мастерство.

Учение- знание родник.

Знание – жизни светоч.

Стыд сильнее смерти.

13-тапсырма. Төмендегі берілген сөздерге фонетикалық (дыбыстардың құрамына қарай)талдау жасаңыз.

Мереке, лингвистика, білім, ғылым, халық,ұлт.

14-тапсырма. Суретте не бейнеленген? Киіз үй жабдықтарын атаңыз, жазыңыз, фонетикалық талдау жасаңыз.

15-тапсырма

Төмендегі сөздерге сингорманизмге бағынбайтын қосымшаларды жалғап, сөйлем құрап жазыңыздар.

Сән, салтанат, саясат, өнер, арба, ем, жұмыс, еке, есім, қала, жол, қызмет, заң.

Блиц-тест

1. Тілдің негізгі қызметі:

а) бірлік б) іс-әрекет с) қарым-қатынас д) бөлшектеу е) ешбіреуіне де жатпайды

2. Тілдегі әріптердің барлық жиынтығы, олардың тізілу реті қалай деп аталады?

а) орфография б) фонетика с) дыбыс д) алфавит е) синтаксис

3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

а) 1989 б) 1986 с) 1988 д) 1990 е) 1991

4. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

а) 28 б) 33 с) 30 д) 42 е) 35

5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

а) орыс б) ағылшын с) қытай д) латын е) түркі

6. Сөздің ең түпкі мағыналы бөлшегі қалай аталады?

а) қосымша б) жалғау с) түбір д) жұрнақ е) буын

7. Қазақ тіліне жалғаудың неше түрі бар?

а) 5 б) 7 с) 9 д) 4 е) 8

8. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

а)5 б) 8 с) 3 д) 7 е) 4

9. Тек жіңішке дауыстылармен тіркесетін дауыссыздар

а) р, м б) қ, ғ с) а, е д) з, ж е) к, г

10. Қатаң дауыссызға аяқталған сөзге қосымша қалай жалғанады?

а) қатаңнан басталып б) үндіден басталып с) ұяңнан басталып д) бірде үнді, бірде ұяңнан басталып е) в -мен г-ден басталып

Бақылау сұрақтары:

  1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?

  2. Қазақстан өз егемендігін қай жылы алды?

  3. Қазақстан қандай мемлекет?

  4. Сіз қай елдің азаматысыз?

  5. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы дегенді қалай түсінесіз?

  6. Мемлекеттік тіл мен орыс тілін қолданудағы ерекшеліктер қандай?

  7. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?

  8. Әріптердің тізілу тәртібі қалай деп аталады?

  9. Мемлектеттік тілдің еліміздің қоғамдық өміріне қызмет ету аясын кеңейту дегенді қалай түсінесіз?

  10. Дүние жүзіндегі тілдер арасында қазақ тілі сөйлеушілерінің саны жағынан нешінші орын алады?

  11. дыбыс,әріп, фонеманың бір-бірінен айырмашылықтары.

Глоссарий

1. Фактор – (лат. – жасаушы, өндіруші) қандай да болсын процестегі қозғаушы күш, себеп, оның сипатын, белгілі бір қасиетін айқындайтын қажетті шарттардың бірі.

2. Диаспора – халықтың тарихи шығу тегінен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бір бөлігі (этникалық қауымдастық).

3. Бедел – абырой, даңқ, атақ, құрмет, қадір, дәреже.

4. Аумақ – көлем, мөлшер, аймақ, аудан.

5. Жалғау дегеніміз сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.

6. Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуы.

Әдебиеттер:

1.Оралбаева Н., Әбдіқалиева Т., Шалабаева Б. Практикалық қазақ тілі, А,1993 (5-15б);

2.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары, Ана тілі, 1994 (8-9б);

3.Бектуров Ш., Бектурова А. Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш), Алматы, 2000 (4-6б);

4-6 сабақ: Адам және қоғам. Адам бәрін жасайды. Қазақ тіліндегі жалғау түрлері: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау, септік жалғау

Сабақ мақсаты: Қазақ тіліндегі жалғау түрлерімен таныстыру, қайталау және меңгерту.

Материалдар мен құралдар: қанатты сөздер жинағы, әдебиеттер, тілдік тақырыпқа арналған сызбалар, кестелер, бақылау сұрақтары, блиц-тест, глоссарий.

«Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі» мәтінімен жұмыс. Слайд. Бейнефильм. (Жаңа толқын) бағдарламасы бойынша.

1-тапсырма. Тірек сөздерден лексикалық қор жинау, мағыналарын ашу және мағыналас сөздердің сыңарын табу.

Ұлттық дәстүр

саяхатқа шығу

Ұлттық тағам

қонақ күту

егін егі

киноға бару

отбасымен демалу

туысқанмен әңгімелесу

отбасылық мерекелерді өткізу

тілдерді меңгеру

жаңалықтармен бөлісу.

2-тапсырма. Отбасы - ... алтын ұям (менің, оның, барлығының)

... – арқылы ұрпағыма жақсы тәрбие беремін (отбасы дәстүрлері, жаңа жыл, шілдехана, санаторий)

Отбасының дәстүрлері бар... тірегі мықты болады. (қызметте, шаңырақтың, теңізде, көршімен)

Отбасы - ... «кішкене моделі» деуге болады.(мемлекеттің, бөлімнің, кітаптың, ұрпақтың

3-тапсырма.

Отбасы тақырыбы аясында қыстырма сөздерді пайдаланып диалог құрастырыңыз.

4-тапсырма. Өздеріңді тексеріңіздер. Мына сөздерді білесіздер ме?

Сүйіспеншілік

Отбасы

Болашақ жар

Нәресте

Неке құру

Бос уақыт

Қаржы

5-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыздар. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс мағынасын белгілеңіздер.

1. Махаббат-адам бойындағы ең бір жұмбақ, ең бір іңкәр сезім.

------------------------ сүйіспеншілік

------------------------кішіпейілділік

  1. Сіздің болашақ жарыңыз сіздің жан дүниеңізді түсіне ала ма?

-------------------------- балаңыз

---------------------------әйеліңіз

  1. Жанұяға қоғамның жас мүшесі – нәресте дүниеге келді.

---------------------- сәби

---------------------- әкім

  1. Отау өмірі – қоғам өмірінің айнасы.

----------------------жас отьасы

---------------------жас адам

  1. Қазіргі кезде неке жасарды.

--------------------- шаңырақ көтеру

--------------------- заңдастыру

  1. Ақша жұмсау үшін ақылдың керегі жоқ.

------------------- сауда жасау

------------------- ақша жасау

6-тапсырма. Мәтінді оқып, оны негізгі бөліктерге бөліп, тақырып қойыңыздар. Септіктерді табыңыз.

Махаббат-адам бойындағы ең бір жұмбақ, ең бір іңкәр сезім. Ол саған жеткенде өн бойыңды алапат бір күш билеп, тағатсыз күйге түсесің. Кенет бөгде бір жан сенің ең асыл жақыныңа айналады. Онымен жүздесу, оны жаныңда сезіну өміріңнің мәні, тірлігіңнің тірегі болып көрінеді.

Қазіргі кезде әрбір жастың талап-талғамы өсті. Өмі рге жалпы дүниеге көзқарасы өзгереді. Адам өзінде қалыптасқан дүниені өзіне жақын жаннан да іздейді. Егер ол жан, дәлірек айтқанда, сіздің болашақ жарыңыз, талап-талғам үдесінен шыға алмаса ше? Қол сілтеп, сырт айналып кете беру керек пе?

Жанұя өз өмірін сол өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға байланысты құрады. Қоғам өміріндегі оңды-солды жағдайлар қиындықтар мен қайшылықтар отауға өз әсерін тигізбей қоймайды. Отау да қоғам өміріне ықпал жасайды.Себебі, жанұяда қоғамның жас мүшесі нәресте дүниеге келеді.Ол қоғам талабына сай тәрбиеленеді, соның нәтижесінде рухани дамуы қалыптасады.

Нәзік жанды парасатты әйелдер ғұмыр бойы ерлерінің адал жары болуымен қатар, оның күш-қуатының қайнары болды. Әйел отбасының жылылығын сақтап, перзентін аялаған махаббатына адал болған, ер- азаматын қадір тұтқан.

Көп нәрсе еркек пен әйелдің үндестікті сақтауына байланысты. Бұл үндестік бұзылуы қоғам өміріндегі де үндестіктің бұзылғандығын көрсетеді. Отау өмірі- қоғам өмірінің айнасы. Олар бір-бірін тоқтаусыз қайталап жатады.

Жастардың көбісі өмір жоспарында некеге тұруды қарастырады. Қазіргі кезде неке жасарды. Осыдан он жыл бұрын ерлер 25–30 жаста, ал қыздар 18-20 жаста тұрмыс құруда.

Ақша жұмсау үшін көп ақылдың керегі жоқ. Қолда бар ақшаны қажет нәрсеге жұмсай білу, бұл-ғылым. Ол әрбір адамнан ойлылықты, ұстамдылықты, білімділікті қажет етеді. Көбіміз бір айлық қаржымыздың жоспарын жасамаймыз. Жоспарсыз ақша жұмсау дегеніміз, бұл-үлкен теңізге компассыз шыққан кеме сияқты.

7-тапсырма. Мәтінді көз жүгіртіп оқып шығыңыздар. Сұраққа «иә», «жоқ» деп жауап беріңіздер.

Мәтінде не туралы айтылған?

1. неке туралы

2. жұмыс туралы

3. қаржы туралы

4. сүйіспеншілік туралы

5. жас шаңырақ туралы

6. уақыт туралы

8-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыздар, әр абзацтағы негізгі ойды анықтаңыздар.

А) Қазіргі жастардың талғамы басқа.

Ә) Махаббат- адам бойындағы асыл сезім.

Б) Қоғамдағы әйелдер отбасының жылылығын сақтайды.

В) Қоғамдағы қиыншылықтар жас отаудың қалыптасуына әсер етеді.

Ғ) Жастарды тұрмыс құруға дайындау керек.

Д) Қыздар жігіттерден ертерек тұрмыс құрады.

Е) Адамдар көбінесе қаржыны жоспарламайды.

Сіздердің жауаптарыңыз:

1.------------------------------

2. -----------------------------

3. -----------------------------

4. -----------------------------

5. -----------------------------

6. -----------------------------

  1. -----------------------------

9-тапсырма. Адамгершілікке қатысты мақалдармен танысыңыз.

Адам бір–біріне қонақ.

Адамның сырты алдамшы.

Адам болып туған соң, адам болып өлу лазым.

Адам қатесіз болмас, көл бақасыз болмас.

Бала – ананың бауыр еті.

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Балам – балым,

Баланың баласы – жаным.

Бала, баланың ісі шала.

өз үйім өлең төсегім.

Бала – бауыр еті.

Ұлы бардың – ұрпағы бар.

Қарты бар үйдің құты бар.

10-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар. Оң жақтағы сөздердің ішінен олардың мағынасын тауып, нөмірін сол жағына қойыңыздар.

1. -----------тұрмыс құру 1. Сәби, жас бала

2.----------- сүю 2. отбасы

3. ---------- бөгде 3. жар

4.---------- жанұя 4. жақсы көру

5.---------- нәресте 5. басқа

6.---------- әйел 6. үйлену

7. -------- ажырасу 7. туылу

8.--------- көбею 8. әсер ету

9.--------- дүниеге келу 9.некені бұзу

10. ------- ықпал ету. 10. ұлғаю

11-тапсырма. “Отбасы бақыты-бала” тақырыбына шығарма жазыңыздар.

12-тапсырма. Нақыл сөздерді оқыңыздар.

Ағайын жат болады, алыс болса,

Жат та жақын болады, таныс болса.

Дұшпан түгіл, достарың табалайды,

Аяғың бір нәрседен шалыс болса (Шал ақын)

13-тапсырма. Синонимдік қатарға назар аударыңыз.

Жат, алыс, туыстық қатысы жоқ, бөтен адам;

Тіл табысу, түсінісу;

Табалау, күлу, мазақ қылу;

Шалыс басу, сүріну, қателесу

14-тапсырма. Төмендегі сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем құраңыздар.

Тіл табысу, табалау, шалыс басу.

15-тапсырма. Мәндес сөздерді табыңыз.

1. --------ұрпақ

2.--------шежіре

3.------- түсіндіру

4.------ ежелгі

5.------ ағайын

6. ------ жіліктеу

7.------- халық

8.------- шаңырақ

9.------- борышы

10.------ дәулет

1.туыс, туысқан

2.ұғындыру

3.бөлу

4.ел, жұрт

5. көне, бұрынғы

6. отбасы

7. міндеті

  1. бала, немере, шөбере

  2. байлық

  3. тарих

Ескерту: Әр тапсырма үшін 20 балл. Тапсырма саны -15

Үй тапсырмасы (100 балл)

16-тапсырма. Сәйкес баламасын табыңыз.

1. алғашқы буын святой долг

2. жетімдік белгісі четыре стороны

3. абзал борышы первая часть

4. төрт құбыла знак сиротства

5. құлағына құю летопись предков

6.тағдыр тәлкегі объяснять

7.қалыс ағайын ирония судьбы

8.ата-баба шежіресі дальние родственники

17-тапсырма. Тәуелдік мағынаны беріп тұрған жұрнақтың астын бір, тәуелдік жалғаудың астын екі сызыңыздар.

Колхоздың егіні сонда біздікі болып шығады. Бірақ бұл бәлішті кезектесіп пісіреді: Бір күні Ораздікі, бір күні біздікі.

18-тапсырма. Мына омоним сөздерден әр түрлі мағынасына қарай сөйлем құраңыздар.

Ер, асау, жаз, түс, ер, қой, бу, аяқ, жас, бас, ақ, қырық, саз, сый, түс, ор, жар, тер.

19-тапсырма. Қыстырма сөздер мен мағыналас сөздерді қатыстырып, өз отбасыларыңыз жайында әңгімелесіңіз.

Блиц-тест

1. Сіз қай елдің азаматысыз?

а) Қытай б) Ресей с) Қазақстан д) Өзбекстан е) Германия

2. «Отау өмірі-қоғам өмірінің айнасы» дегенді қалай түсінесіз?

а) әрбір отау қоғам өміріне ықпал жасайды б) ана тілі мектептен басталады с) ана тілін достарынан үйренеді

д) ұжымнан басталады е) ешбіреуіне де жатпайды

3. Туыстық қатынасты білдіретін нақыл сөзді табыңыз

а) асыққан жетпес, бұйырған кетпес б) керек тастың ауырлығы жоқ с) жатқа сырыңды айтпа

д) сөз – істің көлеңкесі е) ағайын жат болады алыс болса, жат та жақын болады таныс болса.

4. Қазақ тілінде екпін көбіне қай буынға түседі?

а) алғашқы б) ортаңғы с) алдыңғы д) соңғы е) ешбіреуіне де жатпайды

5. Қыстырма сөз дегеніміз не?

а) көңіл-күйін білдіретін сөздер б) көп мағыналы сөздер с) айтылған ойға сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөз д) сөйлеуші біреудің назарын өзіне аудару үшін е) ешбіреуіне де жатпайды

6. Жалғау неше түрге бөлінеді?

а) 4 б) 5 с) 6 д) 3 е) 2

7. Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгі

а) тырнақша б) нүктелі үтір с) нүкте д) қос нүкте е) үтір

8. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

а) 4 б) 3 с) 5 д) 2 е) 6

9. Антоним дегеніміз не?

а) сөздердің дұрыс жазылуы б) мағыналары қарама-қарсы сөздер с) сөз мағыналарының үйлесуі д) дауыстылардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болуы е) кейінгі, алдыңғы дыбыстардың бір-біріне үндесуі

10. Синоним сөздер дегеніміз не?

а) адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер б) мәндес сөздер с) айтылған сөз кімдікі екенін көрсететін сөздер

д) мағыналары өзара мәндес сөздер е) ешбіреуіне де жатпайды

Бақылау сұрақтары:

  1. “Отан отбасынан басталады” дегенді қалай түсінесіз?

  2. Отбасы, туыстық қатынас туралы қандай қанатты сөздерді білесіз?

  3. «Отау өмірі-қоғам өмірінің айнасы” дегенді қалай түсінесіз?

  4. Қосымша түрлерін атаңыз.

  5. Мағыналары мәндес сөздер тобы қалай аталады?

  6. Қыстырма сөз дегеніміз не?

  7. Қыстырма сөздердің тыныс белгілерін атаңыз?

  8. Қыстырма сөздер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

  9. Сөз қалай деп аталады?

  10. Антоним, синоним дегеніміз не?

Глоссарий

  1. Қыстырма сөз - өздері сөйлем мүшесі болмай, тек сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер.

  2. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы мәнде тұрған сөздер антонимдер деп аталады.

  3. Мағыналары өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.

Әдебиеттер:

  1. Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, 1994.

  2. Ағманова Ф. , Екшембаева Л. Тілді білсеңіз – елді білесіз, А, 1998.

  3. Аманжолов С., Әбілқаев А. Қазақ тілі, Алматы «Рауан», 1991.

  4. Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілі А., 2001ж.

5. Ерназарова З.Ш., Н.Қ. Мұхамадиева. Қазақ тілі. Алматы-2005.

7-9- сабақ: Уақыт. Жұрнақ: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақ

Сабақ мақсаты: Қазақ тіліндегі жұрнақ түрлерімен таныстыру, қайталау.

Уақытқа қатысты жаңа сөздер мен мақал-мәтелдерді, грамматикалық тақырыпты меңгерту, сөздік қорын молайту.

Материалдар мен құралдар: жинақталған көрнекі құралдар топтамасы, бақылау сұрақтары, блиц-тест, глоссарий.

Жұмыс мазмұны мен орындау тәртібі:

1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, қарамен берілген сөздердің мағынасын табыңыздар.

1.Жазиралы алқап алыстан көз тартады.

----------- сулы

-----------жасыл шөпті

2. Қойлы ауыл жаз жайылымға көшеді.

----------- кең дала

----------- мал бағатын жер

3. Су алған егіс алқаптары сортаңға айналыпты.

----------- шөпті жер

----------- тұзды жер

4. Медеу тау бөктерінің қойнауында орналасқан.

---------- жота таулар

--------- биік тау

5. Шілдеде ыстық аптап соғады.

--------- ыстық жел

--------- самал жел

6. Тақыр далада киіктер жортады.

--------- тегіс далада

--------- шөлді далада

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]