Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Сын есімнің мағыналық түрлері

түбір + сын есім + шырай жұрнақтары

Мысалы:ақ (қар)

қызыл (көйлек)

тұщы (су)

ақ - шыл, көк - шіл


Сапалық


Сын есімнің

Мағыналық түрлері

Қатыстық


түбір + зат есім, есмдік, етістік, үстеу

Мысалы:

сабыр – лы (жігіт)

ажар – лы (келбет)


IІ.

Сын есімнің шырайлары

жай

салыстырмалы

күшейтпелі

асырмалы

Биік,

жақсы

-ырақ

-ірек

-лау,-леу,-дау,-деу,

-тау,-теу

биіктеу, биігірек

Күшейткіш

буынның

қосарлануы

Үп-үлкен

Біп-биік

өте, тым, аса, ең,

ең үлкен, өте биік

2-тапсырма. Сын есімдерді түрлеріне қарай талдап, сөйлем құрастырыңыздар.

Ақылды бала, сезімтал шеше, көпшіл әріптес, сараң жолдас, мылжың бастық, ауру кісі, тартымды жігіт, қызба жігіт, жомарт дос, сүйкімді қыз, беделді бастық, тәкаппар әйел, енбекқор әке.

3-тапсырма. Мәтінмен танысып, төменде берілген кесте бойынша өзара сөйлесіңіздер. Мәтіндегі сын есімдерді теріп жазып, түрлеріне қарай талдаңыздар.

Кино өнері туралы

Кино өнері - өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері қатысады. Олар – кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор.

Кино өнері - өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер.

Фильмді бірден миллиондаған адамдар көреді. Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат алады, тәлім-тәрбие – жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады.

(Қазақ энциклопедиясынан)

Қазақшаға аударыңыз

Жауабын тексеріңіз

1. Что такое киноискусство?

2. Кто участвует в постановке фильма?

3. Чему учат фильмы?

1. Ол әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың синтезді өнері.

2.Кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор.

3. Көрермендердің білімін толықтыруға, тәлім-тәрбие алуға үйретеді.

4-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Бейнелеу өнері, дара өнер, шығармашылық, өмір шындығы, көркемдік қасиеттер.

5-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңыздар.

III-деңгей. Сызба бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.

Кино өнерінің саласы

Көркем

фильм

Деректі

фильм

Мультипликация-

лық кино

Ғылыми-

көпшілік

киномотогра

фия

Жазушының

өмір шын-

дығынан

алынғанды

бейнелейді.

Оқиға-

ларды

деректі түрде

бейнелей-

ді

Суреттер мен

қуыршақтардың

қимылын

бейнелейді.

Жаратылыс пен

қоғам құбылыс-

тарын, ғылыми

жаңалықтарды,

өнер сырларын

бейнелейтін

фильм.

6-тапсырма.

II-деңгей. Кестеде берілген мәліметтер бойынша «Кино өнерінің тарихы» тақырыбына әңгіме құрастырыңыздар.

Кино өнерінің даму кезеңі

Жылдары

Кино түрлері

  1. Алғашқы кезеңі –

1895 ж. ағайынды Л. және О. Люмьерлер)

  1. Екінші кезең

  1. Үшінші кезең

  1. Төртінші кезең

1912-1918 жылдар

1920 жылдар

1930-40 жылдар

1945 жылдан бастап.

а) көркем

ә) хроникалық

б) ғылыми-көпшілік

Дыбыссыз «мылқау» кино

болып қалыптасқан

Дыбысты кино

Түрлі-түсті фильм

I-деңгей.

«Кино өнерінің тарихы, саласы» тақырыбына жоғарыда берілген материалдармен танысып, шығарма жазыңыздар.

Ескерту: Әр тапсырма үшін 50 балл. Тапсырма саны -6

Үй тапсырмасы (100 балл)

7-тапсырма

«Жердің алғашқы тұрғындары» тақырыбына хабарлама әзірлеңіз, мазмұндаңыз, мүмкіндігіңізше презентациялаңыз

Блиц- тест

1.Сын есімнің мағыналық түрлері

а) жай, қатыстық б) сапалық, асырмалы с) сапалық, қатыстық д) күшейтпелі

2. Кино өнерін алғаш ойлап тапқан

а) 1898 жылы Ю. Померанцев б) Л. және О. Люмьерлер 1895 жылы

с) 1895 жылы В.А. Турин д) 1897 жылы М. Левин, Г. Рошаль

3. Адамның сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін өнер?

а) Кино өнері б) Музыка өнері с) Театр өнері д) Цирк өнері

4. Негізгі сын есімді табыңыз

а) таулы б) кішірек с) жаңа д) әдеби

5. Өзіне тән көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрі бар өнер түрі

а) театр өнері б) сахна өнері с) цирк д) кино өнері

6. Қазақтың тұңғыш көркем фильмі

а) Амангелді б) Ботагөз с)Қыз Жібек д) Абай әндері

7. Туынды сын есімді табыңыз

а) Көк б) Аласа с) кішірек д) қара

8. Тас – табаны түрілген атан жүрер жол екен, төсегінен түңілген адам жүрер жол екен

а) шешендік сөз б) айтыс с) жұмбақ д) мақал – мәтел

Бақылау сұрақтары

1. Сын есім деген не?

2. Сын есімнің түрлері мен шырайлары қалай жасалады?

3. Кино өнері туралы не білесіңдер?

Әдебиеттер:

1. Ерназарова З.Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2005.

2.Исаев С. Қазақ тілі , А, 1993.

3.Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі(Ана тілі деңгейінде үйрету құралы), А. «Әділет», 1998, (288б).

4.Қазақ тілі пәні бойынша сабақтардың әдістемелік әзірлемесі Ақтөбе, 2003.

5.Ақтанов К., Айғабылов А. Қазақ тілі А., 1989.

16-18- сабақ: Білім – байлығымыз. Қазақстанның білім беру жүйесі. Шылау: септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар

Сабақ мақсаты: Шылау, олардың түрлерімен таныстыру, қайталау.

Жаңа сабаққа қатысты жаңа сөздер мен мақал-мәтелдерді, грамматикалық тақырыпты меңгерту, сөздік қорын молайту.

Материалдар мен құралдар: жинақталған көрнекі құралдар топтамасы, бақылау сұрақтары, блиц-тест, глоссарий.

Жұмыс мазмұны мен орындау тәртібі:

1-тапсырма. А) Сызбаны түсініп, есте сақтаңыздар Б) Шылаудың түрлері бойынша сөйлем құрастырыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]