Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Практикалық сабақ тапсырмалары (1-семестр)

1-3 сабақ: Мемлекеттік тіл мәртебесі. Сөз құрамы. Түбір және қосымша. Қосымшалардың жалғау, жұрнақ болып бөлінуі

Сабақ мақсаты:Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы бойынша қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл, мемлекеттік тіл екеніне назар аудару. Әдеби тіл қазақ халқының мәдени мұрасы екендігі туралы мәлімет беру. Студенттердің мемлекеттік тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыру. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы, жүйесі туралы алған білімдерін пысықтау. Үндестік заңы туралы мәліметтерін кеңейту.

Материалдар мен құралдар: Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі», «Әдеби тіл туралы түсінік» атты мәтін.

Мағынасын түсіндіруге тиісті сөздер тізбегі. Тіл туралы қанатты сөздер топтамасы, әдебиеттер, блиц-тест, глоссарий, бақылау сұрақтары.

Жұмыс мазмұны мен орындалу тәртібі:

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, мазмұнын есте сақтаңыз, мәтінде айтылған негізгі ойларды анықтаңыз.

Тіл атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Әрбір адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қадірлеп, қастерлей білуі қажет. Қазақ халқының ана тілі- қазақ тілі.

Ана тілі зор байлық,

Тіл мерейін тіле, дос!

Ана тілін қорғайық ,

Дамуына үлес қос!

Қазақ тілі - Қазақстан республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі. Қазақ тілі Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі болып есептеледі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді және ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Қазіргі қазақ алфавиті 42 әріптен тұрады. Қазақ тіліне ғана тән дыбыстар тоғыз. Олар: ә.і,ө, ү, ұ, қ, ғ, һ, ң.

2-тапсырма. Сөздік минимумды пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз. Ғасыр, дәуір, заман, мұра, мәдениет, мемлекеттік тіл, егеменді ел.

3-тапсырма. Сөйлесім үлгілерін пайдалана отырып диалог құрыңыз:

  • Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен қанша тіл бар?

  • Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.

  • Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде нешінші орынға ие болып отыр?

  • Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70-ші орынға ие болып отыр.

4-тапсырма. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да». /ҚР Президенті Н.Назарбаев./

5-тапсырма. Жуан дауыстыларды табыңыз.

«Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан республикасының әрбір азаматының парызы». /ҚР Тіл туралы заңның 4-бабы/

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. /ҚР Конституциясының 7-бабы/

6-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сәйкес нұсқасын тауып, сөйлемді аяқтаңыз.

1. Ана тілі- тілден

2. Аталы сөз- дәмсіз

3. Айтылған сөз – дана тіл

4. Ақылсыздың сөзі – баталы сөз

5. Ақымақ сөйлегенде – көңіл айнасы

6. Басқа пәле – тіл

7. Білім кілті – атылған оқ

8. Тіл – жарым ырыс

9. Жақсы сөз – шебердің бізі

10. Шешеннің тілі - ақылды тоқтайды.

7-тапсырма. Көңіл аударыңыз, оқыңыз, жазыңыз.

ОӨ Ө

+І /Ү/ + Е Ө

+Ы / Ұ / Ү Ү

Ұ

Жазылуы айтылуы Жазылуы айтылуы Жазылуы айтылуы

Орындық- орұндұқ өмір- өмүр өнер- өнөр

  1. Отыр, орындық, торы, тоты

  2. Құлын ,мұрын, жұлын, ұры.

  3. Өмір, өңді, көмір, көңіл.

  4. Үміт, үтік, күлкі, түлкі

  5. Үлкен, үлпек, үйрек

  6. Бөлер, бөле, өнер, көнер, сөнер.

8-тапсырма. Кестемен танысыңыз. Есте сақтаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]