Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

(1899 – 1938)

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол – аса көрнекті қазақ геологі, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті. КСРО ҒА академигі, Тәжікстан ҒА құрметті мүшесі. Ол 1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақбай трестерінде геология бөлімінің жетекшісі және бас геологі болды.

1941-1964 жылдары Қазақстандағы геология ғылымдары институтының директоры, КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы президиумының председателінің орынбасары, Қазақстан Республикасының ҒА президенті болып жұмыс істеді.

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы – 640–тан астам ғылыми еңбектің авторы, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Бұл еңбектер негізінен Қазақстан кен орындарының геологиясы мен минералдық қорларын зерттеуге, пайдалы қазбаларды, болжам карталарды құрастыру принциптерін айқындауға арналған.

Ол Жезқазған мыс рудалы ауданын, Ұлытау, Қарсақбай, Қорғасын, Байқоңыр, Қияқтыда көмір кенін ашуда көп еңбек сіңірді.

Ұлы Отан соғысы кезінде танк бронын құюға аса қажет Жезді марганец кенін ашып, академик В.Л.Комаровтың басшылығымен құрылған комиссияда жұмыс істеді. Қ.Сәтбаев Қазақстан жер қойнауы байлығын барлауды жетілдіруге зор үлес қосқандықтан, оның еңбегі ерекше еленді.

Академик 4 рет Ленин орденімен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен награтталды.

Шоқан Уәлиханов

(1899 – 1938)

Қазақтың тұңғыш ғалымы-демократы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өмірі мен қызметі халқымыздың қоғамдық өрісі мен мәдениеті және әдебиеті дамуында бейнебір сілкініс болды. Қоғамдық ой-пікірдің жүйелі ғылыми негізде қалыптасып, дамуына мүмкіндік те, жағдай да жоқ кезде, Шоқанның ғылымның алуан түрлі саласымен шұғылданатын жан-жақты ғалым болуына тура келді. Ол тарих, этнография, археология, социология, экономика, филология ғылымдары саласында жемісті еңбек етті, жазушы публицист, аудармашы, суретші болды. Ғұлама ғалым соншалықты қысқа ғұмырында кейінгі ұрпаққа аса бай, бағалы мұра қалдырды. Оның қоғамдық ғылымға бесенділігі Кадет корпусында оқып жүргенде байқалды. Оның мектептес досы Г.Н.Потанин: «Шоқан тез кемелденді, өзінің орыс достарын басып озды. Оған көп адам ден қойып, зер салды...».

Шоқан 1858-1859 жылдары Қашқарияға саяхат жасады. Бұған дейін бұл өлкеге баруға, оны зерттеуге жасалған әрекеттердің бәрі сәтсіз аяқталған болатын. «Алты шаһардың жай-күйі» деген атақты еңбегін жазды.

Қырғыз халқының атақты эпосы «Манастың» бір тарауын – «Көкенайдың асы» – орыс тіліне аударды.

1-тапсырма

Мәтінмен толық танысып, әңгімелеп беріңіз. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2-тапсырма

Мәтіннің негізінде жолдасыңызбен сұхбат құрастырыңыз.

3-тапсырма.

Тірек-сызба арқылы сұрақ-жауап.

----------суретші

Ш.Уәлиханов

Этнография --------шығыстанушы

Ғылым-------------- саяхатшыФилология

Публицист-----------әлеуметтану

Фольклорист--------жазушы

Тарих------------археология

Аудармашы----------экономика

Интеллектуалық ойындар. Сұрақ-жауап

Сабақтас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас сөйлем

Жалпы сұрақтар

10

10

10

20

20

20

30

30

30

4-тапсырма. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлерін ажыратып, жасалу жолына талдау жасаңыз.

Қ.Сәтбаев келгенге шейін, Қазақстанда геология барлауы тиянақты жүргізілмеді.

Қ.Сәтбаев Ғылым академиясын құрғаннан соң, көп ғылыми-зерттеу институттары ашылды. Ол Ғылым академиясын басқарғалы, барлық ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми кадрлар сан және сапа жағынан өсіп-жетілді. Ғалым білімімен мемлекетті көтермек боп, жас шағында ғылым жолында біраз еңбектенді.

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қ.И.Сәтбаевтің Қазақстаның ғылымын дамытудағы ролі?

2. Қ.И.Сәтбаев қай ғылым саласында көбірек еңбек етіп, қандай кендерді ашқан?

3. Қ.И.Сәтбаев - қоғамдық қайраткер, әлемдік даңқы бар ғалым, бұл туралы не айтасыз?

6-тапсырма. Мәтінмен салыстыра отырып сөйлемді толықтырып жазыңыз.

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы ... Баянауыл ауданында туған. Ол – аса көрнекті қазақ геологі, ... Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясын ұйымдастырушы және ... КСРО ҒА академигі, Тәжікстан ҒА ... Ол 1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақбай трестерінде ... және бас геологі болды.

1941-1964 жылдары Қазақстандағы ... институтының директоры, КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы президиумының председателінің орынбасары, Қазақстан Республикасының ... болып жұмыс істеді.

7-тапсырма.Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

Минералдық қорларын зерттеу, металлогения мектебі, негізін қалаушы, ғылыми еңбек.

8-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы – 640–тан астам ғылыми еңбектің авторы, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Бұл еңбектер негізінен Қазақстан кен орындарының геологиясы мен минералдық қорларын зерттеуге, пайдалы қазбаларды, болжам карталарды құрастыру принциптерін айқындауға арналған.

Ол Жезқазған мыс рудалы ауданын, Ұлытау, Қарсақбай, Қорғасын, Байқоңыр, Қияқтыда көмір кенін ашуда көп еңбек сіңірді.

9-тапсырма. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз:

1. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы – 640–тан астам ғылыми еңбектің авторы.

2. Қ.Сәтбаев келгенге шейін, Қазақстанда геология барлауы тиянақты жүргізілмеді.

3.Сәтбаев Қаныш Имантайұлы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.

4.Ол – аса көрнекті қазақ геологі, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті.

5. Ол тарих, этнография, археология, социология, экономика, филология ғылымдары саласында жемісті еңбек етті, жазушы публицист, аудармашы, суретші болды.

6. Шоқан 1858-1859 жылдары Қашқарияға саяхат жасады.

10-тапсырма

Сөздерді сәйкестендіріңіз.

Негізін қалаушы- состав

Қоғам қайраткері-основоположник

Пайдалы қазбалар-общественный деятель

Ашу-полезные ископаемые

Саяси-открытие

Ғылыми жетістік-политический

Құрам-научные достижения

11- тапсырма

Сөз тіркестері қатысқан сөйлемдерді мәтіннен тауып оқыңыз.

Қоғам қайраткері, айқындауға арналған, минералдық қорларын зерттеу, металлогения мектебі, негізін қалаушы, ғылыми еңбек.

12-тапсырма

Сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.

Қорларын зерттеу- общественный деятель

Болжам карта-карта по гипотезам

Қоғам қайраткері-исследование запасов

Есте сақтаңыз.

  • Қ.И.Сәтбаев көптеген мемлекеттік комитеттер мен комиссиялардың, саяси және ғылыми қоғамдардың, шетелдерге жіберілген бірнеше советтік делегациялардың құрамында болады: Англияға барған үкімет делегациясының мүшесі, Азия мен Африка елдерінің ынтымақтығы комитеті мүшесі, Лениндік сыйлықтар жөніндегі комитет мүшесі, Одақтық ҒА мүшесі, КСРО, Қазақстан Жоғары Кеңестері депутаты.

Блиц-тест

1. Сәтбаев Қаныш Имантайұлының ғылыми еңбектің сандық көрсеткіші

а) 640 б)576 с) 908 д) 550 е) 660

2. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы қай жерде дүниеге келген.

а) Павлодар облысының Баянауыл ауданында б) Жезқазғанда с) Орқашта

д) Қарағанды облысында е) Семей қаласында

3.Қазақстандағы геология ғылымдары институтының директоры болды? а)1941-1964 жылдары б) 1980-1985 с) 1945-1947 д) 1967-1967 е) 1967-1986

4. Қорларын зерттеу сөз тіркесінің аудармасы?

а) исследование запасов б) карта по гипотезам с) общественный деятель д) политический состав е) полезные ископаемые

5. Саяси сөзінің аудармасы?

а)исследование запасов б)карта по гипотезам с)общественный деятель д) политический состав е) саяси

6.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

а) Аспан ашық, айнала тып-тыныш б)Он бесінде азамат болсаң, еңбегіміз өнімді болсын, қамбамыз жеміске толсын с)барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді д) Сіздерге бар айтарым сол – сағат төртте осында келіңіздер е)Мен аққала жасап жүрмін

7.Түсіндірмелі салалас сөйлемді көрсетіңіз

а)Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалар

б)Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен естіген айтар.

с)Сережа өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі партизан шалды көз алдарында шын көріп тұрғандай болды. д)Бұл жерде не сен тұрасың, не мен тұрамын е)Күш – білімде, шешендік - тілінде

8. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

а)Биылғы қыс суық болған жоқ б)Жақсы ұзтаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің с)Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой. д)Бұның дұрыс болмады – деп әкесі ренжіді. е)Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.

9.Құрамындағы екі не одан да көп сөйлемнің предикаттық қатынастың негізінде тұлғалық, мағыналық және интонациялық жағынана өзара тығыз байланыса жұмсалып, күрделі бір ойды білдіретін бір сөйлемді не дейміз.

а) күрделі сөйлем б)құрмалас сөйлем с)аралас сөйлем д)жай сөйлем е)дұрыс жауап жоқ

10.Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай неше топқа бөлінеді?

а)10 б)2 с)5 д)4 е)3

11. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді анықтаңыз.

а) тұрмыс жақсы болу үшін, еңбеккүн көп болуға тиіс б) еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер с)ия мен айтайын, ия сен айт, әйтеуір бұл хабарды естіртуіміз қажет қой д) жер қандай жаңғырды, ел қандай жасарды содан бері е)тоқсан - кішкене денелі адам екен, Ізбасты – үлкен денелі адам екен

Бақылау сұрақтары

1.Потанин Г.Н. Шоқан туралы қандай пікір айтты?

2.Жоңғарияға сапарынан кейін жазған құнды еңбегі қалай аталады?

3.Қаныш Сәтбаев ғылымның қай саласын терең дамытты?

4.Шоқан қазақшаға аударған «Манастың» тарауы қалай аталады?

5.Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері?

Глоссарий

Сабақтас құрмалас сөйлем - құрамындағы предикатив сыңарларының алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады.

Әдебиеттер:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, 1994.

2.Ағманова Ф. , Екшембаева Л. Тілді білсеңіз – елді білесіз, А, 1998.

3.Аманжолов С., Әбілқаев А. Қазақ тілі, Алматы «Рауан», 1991.

4.Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілі А., 2001ж.

5.Ерназарова З.Ш., Н.Қ. Мұхамадиева. Қазақ тілі. Алматы-2005.

16-18 сабақ. Бекет ата. Махамбет Өтемісұлы. Төл сөз және төлеу сөз

Сабақтың мақсаты: Аруақты Бекет ата жайында, Махамбет Өтемісұлы туралы мәлімет беру, қабілетін дағдыландыру, мәтінге сұрақ қоя білуді үйрету. Аралас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары, төл сөз бен төлеу сөз, тыныс белгілері туралы теориялық мәлімет беру.

Материалдар мен көрнекі құралдар: оқулықтар, кеспелер.

Жұмыс мазмұны мен орын тәртібі

Аруақты Бекет Мырзағұлұлы - Қазақстанның батыс өлкесіндегі Маңғыстау төбегінде 17-18 ғ.ғ. ғұмыр сүрген, адай руынан шыққан, табиғат ерекше жомарттықпен жаратқан жан. Ол сәуегей абыз, сәулетші шебер болған.

Оның қыран қанаты талар қия шыңдардан өз қолымен тас қашап, тауды үңгіп, жер ғимараттар салып, мешіт, медреселер салуы да ескі аңыздардағы Прометей мен Фархадтарды, киелі кітаптардағы Мұса мен Әзіретәліні еске түсіретіндей ерекше. Шөл кезіп, ерні кезерген еліне асасының ұшымен тас шұқып кәусар бұлақ тауып берген Мұса пайғамбардай, Маңғыстау мен Үстірттегі Бекет атаға байланысты жердің бәрінде де балдай бұлақ, көк құрақ, маңыраған арқар, таутеке. Бұл елдіктің белгісі деп білеміз.

Сөздік минимум

Жомарттық шедрость

Көрегендік прозорливость

Тас қашау сверлить камни

Үңгір пещера

Үңгу делать выемку

Кәусар бұлақ полноводный родник

Маңыраған арқар Архар белеет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]