Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Табиғатым – тал бесігім

Қазақстанның табиғаты мейлінше алуан түрлі. Оның байтақ жерінде тау да, төбелер мен жазықтар да бар. Қазақстан жерінің ең биік нүктесі – Хан тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 6995 м жоғары, ал ең төмеңгі нүктесі Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 м төмен жатыр. Атырау теңізінің ең терең жері 600 м-ге жетеді. Ел аумағының 10-нан бір бөлігін таулар алып жатыр. Тянь-Шань, Іле Алатауларының беткейлері қылқан жапырақты орман болып келеді. Бұл таулардың шатқалдарында жабайы алмалар мен жеміс-жидек, жаңғақ бұталары өседі. Тау құздарын мұздақтар мен мәңгі қарлар басқан. Осынау биіктерден қар барысын, Тянь-Шаньның қоңыр аюын, тау ешкілерін кездестіруге болады. Бұл тауларда ең күшті де қыран құстар, қар тазқарасы, ақ басты күшіген, жайылған қанаттарының ұзындығы үш метрге жететін бүркіттер ұшып жүреді. Қазақтың саятшы-бүркітшілері бүркітпен аң аулайды. Алтайдың орманды алқаптары – алып бұландар мен әдемі маралдар мекені. Бұл жерде бұлғындар, борсықтар мен орман тышқандары да бар.

Ормандар мен далаларды қасқырлар, түлкілер, қарсақтар, қояндар мекендейді. Ертіс, Тобыл және Есіл сияқты үш өзеннің суы Сібірлік Обь өзеніне құйып, Солтүстік мұзды мұхитқа дейін барады. Ал қалған өзендер ішкі су қоймаларына, Каспий теңізіне, Арал мен Балқашқа, ұсақ көлдерге ағып келеді. Жаздыгүні қаптаған дала көлдерінде үйрек, шағала, балықшы, көкқұтан, сарыалақаз сияқты мыңдаған құстар өріп жүреді.

Қазақстанның ортасында орналасқан Теңіз көліндегі қызғылтым қоқиқаздар «Қызыл кітапқа» енген. Бұл жер – осы құстардың солтүстіктегі қонысы. Оларды қорғау үшін арнайы Қорғалжын қорығы құрылған болатын. Қазақстанның батыс бөлігі мидай жазық болып келсе, шығыс жағы таулы-қыратты болады. Жоңғар және Іле Алатаулары, Алтайдан басқа Тарбағатай, Қаратау, Көкшетау, Ұлытау және т.б. шағындау таулардың да төсін қоныс еткен халыққа беретін өз игілігі бар. Қазақстандағы өсімдіктердің жалпы түрлері 6 мыңнан астам. Олардың ішінде емдік қасиеті барлары, сирек кездесетін түрлері де аз емес. Ал құстардың түрі 500-ден астам. Өзен–көлдерде балықтың 107-түрі өсіп-өніп жатса, далалар мен ормандағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді екен.

(О.Жанайдаровтан)

1-тапсырма. Мәтінді түсініп, төменде берілген кесте негізінде тезистік жоспар құрып жазыңыздар. Сол жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіздер.

2-тапсырма. Берілген кесте бойынша әңгіме құрастырыңыздар

Табиғат байлықтары

Табиғат байлықтары

Мемлекеттік табиғи қорықтар

Мемлекеттік табиғи қорықшалар

Мемлекеттік табиғат ерекшеліктері

Бұрынғы қорықтардың негізінде ұйымдастырылған биосфералық қорықтар

Табиғи объектілер:

кешенді зоологиялық ботаникалық геологиялық

Ғылыми, тарихи маңызына байланысты республикалық мәні бар табиғат және жергілікті ескерткіштер

3-тапсырма. Кесте бойынша тұйық етістіктерді пайдаланып сөйлемдер құрыңыздар. Оларға синтаксистік талдау жасаңыздар.

Қорықтар

Қорықтың

аты

Құрылған

жылы

Орналасқан

жері

Мақсаты

1. Ақсу-Жабағылы

1926 ж

Батыс Тянь-Шаньның солтүстігі

Табиғи кешендерде қорғау және зерттеу

2. Наурызым

1930 ж

Қазақстан орманды даласының оңтүстігіндегі Торғай облысы

Табиғи кешендерді қорғау және зерттеу

3. Алматы

1935 ж

Алматы облысы

Табиғи кешендерді қорғау және зерттеу

4. Барсакелмес

1939 ж

Арал теңізінің солтүстік бөлігі

Ежелгі жануарлардың түрлерін сақтау және қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу

5. Қорғалжын

1968 ж

Құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және бейімделуін зерттеу.

4-тапсырма. Ережемен танысыңыз.

Қолхат –белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғандығын куәландыратын ресми құжат. Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат және кепілхат бір-біріне ұқсас.

Қолхат

Алматы қаласы, 2007 жылғы 13 шілде

Қолхат берілген орын мен дата сөзбен жазылады.

Мен, азамат Кереев Мұса, мекенжайым: Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47-үй, 10-пәтер, жеке басының куәлігі 70717, ҚР ІІМ берген, жиырма мың теңге (2000) алдым. 2007 жылғы 1 шілдеде жасалған келісімшартқа сәйкес 2007 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін алынған ақшаның процентін төлеп тұруға міндеттелемін.

Процент көлемі келісімшарттаа көрсетілген.

Азамат Найманбаев Еріктің міндетін орындауына басқа талабым жоқ.

2007 жылғы 13 шілде Қолхат берушінің қолы.

5- тапсырма. Жаңа сөздерді есіңізде сақтаңыз.

Қолхат – расписка, кепілхат – гарантийное письмо, үш дана етіп жасалған- составлено в трех, кепілдік залог, жекеменшік – личная собственность, қол қоюшы- подписывающий.

6-тапсырма. Үлгіні пайдаланып, өзіңіздің досыңыздың автокөлігін 2 ай -мерзімге жалға пайдалануға алғаныңыз жөнінде қолхат жазыңыз.

7-тапсырма. Тізім-тізбе-тізімдеме- тізілім-тізімдік сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды анықтап, сөйлем құрыңыз.

8-тапсырма. Құжат мәтінін қалпына келтіріңіз.

Отбасы жағдайыма байланысты, 10 күнге, еңбек ақысыз демалыс, өтінемін, сізден, шілде айының 10-нан бастап, беруіңізді.

9-тапсырма. Тиісті жалғауларды жазыңыз.

Қазақстан Республикасы… , Үкімет … 2005 жыл, 22 мамыр …, қаулы…, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот … Қаржы- экономикалық басқарма … бас маман… Жоғарғы Сот … бұйрық… бойынша.

10-тапсырма. Төмендегі етістіктерден сөйллем құрыңыз.

Бекітілсін, жүктелсін, жіберілсін, әзірленсін, таныстырылсын.

11-тапсырма. Қажетті жалғауларды қойыңыз.

Мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот… … басқармасы… … бөлім қызмет атқарамын. Менің әріптестерім… бірнеше адам… Олар … барлығы білікті маман… Мен сондай әріптестер… бірге қызмет атқаратыныма қуана….

12-тапсырма. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Әріптестерім түгел жиналды, бірақ ….

Ол басынан талай қиындық өткізді, бірақ….

Нұржан іссапарға дайындалды, алайда ….

Айдар мен Асқар бірге қызмет атқарады, алайда ….

13-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

Сенімхат, қол қою, жеке басымның куәлігі, қажетті құжаттар, құқық, өкілетті, қолхат.

Глоссарий:

Құжаттардың жасалуына олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы құжаттама деп аталады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). 2-ші басылымы, қайта қаралған. Құр. Скала В.И., Скала Н.В. – Алматы, 2004.

  1. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. - Алматы, 2000.

  2. Стенюков М.В. Делопроизводство. Конспекты лекции. - М, 2002.

  3. Ақанова Д.Х., Алдашева А.,т.б. Ресми іскери қазақ тілі. 1,2,3 деңгей. Оқу кешені. Алматы, 2003.

  4. Хасанов Б.Х. Ана тілі –ата мұра. Алматы, 1992.

  5. Тіл саясатын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы. Ақтөбе, 2005.

43-44 сабақ. Өсімдіктердің тіршілік формалары. Өсімдік және медицина. Баяндаухат. Түйіндеме

Сабақтың мақсаты: Жаңа мәтін бойынша мәлім беру. Іс қағаздарының түрлері баяндаухат, түйіндеме туралы түсінік беру, меңгерту.

1-тапсырма. Мәтінмен танысыңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]