Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Практикалық сабақ тапсырмалары (2- семестр)

1-3 сабақ: Қазақ халқының атақты билері: Төле би ( 1663 - 1756), Қазыбек би (1667 – 1764), Әйтеке би (1672 - 1737)

Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы сөйлем мүшелері: бастауыш, баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы. Дара және күрделі бастауыштар, дара және күрделі баяндауыштар

Сабақтың мақсаты: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би туралы мағлұмат қалыптастыру, еркін сөйлеу қабілетін дағдыландыру.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы теориялық мәлімет беру.

Материалдар мен көрнекі құралдар: оқулықтар, кеспелер.

Жұмыс мазмұны мен орын тәртібі:

Төле би ( 1663 - 1756)

Төле би Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірі, Жайсаң жайлауында туған. Ол қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарушылардың бірі. Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге Әз Тәукенің басты кеңесшісі болды. Қырғыз, өзбек, қарақалпақ және қазақ халықтарының жауынгерлік одағын құрды. «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған қазақ жерін Жоңғар басқыншылықтарынан азат етуге басшылық етеді. Ол Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек батырмен бірыңғай халық майданын құруға ықпал етті.

Төле бидің атымен байланысты тарихи оқиғалар баршылық. Оның нақыл, мәтел сөздері, билік кесімдері халық арасына кең тараған. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан, Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан.

(Қазақ совет энциклопедиясы, II том)

Қазыбек би (1667 – 1764)

Қазыбек би – қазақтың атақты биі. Руы – Арғын ішіндегі Қаракесек. Тәуке хан қазақтың үш жүзін билеу үшін Ұлы жүзге Төле биді, Орта жүзге Қазыбек биді, Кіші жүзге Әйтеке биді тағайындаған. Қазыбек би Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқандардың бірі. Қазыбектің есімі Абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады. Ол қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші болған батыл елші, парасатты мәмілегер болған қайраткер. Қазыбек 14 жасында қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханына барып, батылдығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары тұтқындаған адамдарды босатып, айдап әкеткен малдарды қазақтарға қайтарып берді. Сол сапарда Қазыбек «Қаз дауысты Қазыбек» деген құрметті атаққа ие болады. Абылай ханды жоңғарлардың қолынан босатқан.

(Қазақ тілі сабақтары, 27-бет

Алматы, 1997)

Әйтеке би (1672 – 1737)

Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған ел. Оның тарихы да, тағдыры да сол сөзде жатыр. Сондықтан да қазақ үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Қазақ сөздерінің інжу-маржандары шешендік сөздерде мол. Шешендік сөз суырыпсалма ақындықпен туыстас.

Қазақтың атақты билерінің бірі Әйтекеден қалған сөз ел жадында ғасырлар бойы үзілген емес. Әйтеке би – Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынған іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан қайраткер. Ол сиқырлы да сылқым сөздің шебері, майталман шешен, әділ би атанған. Әйтеке би (Қаражігіт) Тәукенің кеңесшісі, көмекшісі болған. Әйтеке би – шешендігімен бірге, ел басқарған, заң жобасын жасасқан, қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.

(Қазақ тілі сабақтары, 74-бет Алматы, 1997)

1-тапсырма

Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Кемеңгер, кеңесші, суырыпсалма, жау, тағдыр.

2- тапсырма

«Әйтеке би» тексті бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ сөзді қалай бағалаған?

2.Әйтеке би қай ханның тұсында өмір сүрген?

3. Оның мемлекет үшін қосқан үлесі қандай?

3-тапсырма

Қазақша баламасымен сәйкестендіріңіз.

Кемеңгер - советник;

Кеңесші - гений, мудрец;

Жау – судьба;

Враг - тағдыр;

Сөз шебері – копье, пика;

Найза - мастер слова.

4-тапсырма

Әйтеке би сөздерін орысшаға аударып, мағынасын ашып, түсіндіріңіз.

Төле би мен Қазыбек би Әйтеке баладан: «Жігіттің жақсысы қандай болады» деп сұрапты. Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген, - деп жауап беріпті. Жер дауына байланысты Орманбет биге Әйтеке:« Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін, бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып, жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін».

5-тапсырма

Төле би Әлібекұлы ... Жамбыл облысы, Шу өңірі, Жайсаң жайлауында туған. Ол қазақ халқының .. , атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарушылардың бірі. Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке ... бірге Әз Тәукенің басты кеңесшісі болды. Қырғыз, өзбек, қарақалпақ және қазақ халықтарының ... құрды. «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған қазақ жерін Жоңғар ... азат етуге басшылық етеді. Ол Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек батырмен бірыңғай ... құруға ықпал етті.

6-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып орысшаға аударыңыз.

Қазыбектің қалмақ ханына қазақ елін таныстыруы:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізді жау баспасын деп,

Ордамыздан құт қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Жау аяғына басылмаған елміз.

Басымыздан намысты асырмаған елміз,

Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.

Адал ниетті ақтай білген елміз,

Атаның өсиетін балаға,

Баланың өнерін атаға

Айтып, тарата білген елміз.

Құлақтың құрышын қандырып,

Әділ сөзді халыққа айта білген елміз.

Сөздік минимум

Мал баққан - скотовод

Жай жатқан - миролюбивый

Жау аяғына басылмау – не дать врагу растоптать

Адалдық - честность

Атаның өсиеті – завед деда

әділ сөз - верное

соқтығу - сталькиваться

найзаға үкі таққан – умеющий колоть копьем

намыс - честь

адал ниет – доброе намерение

баланың өнері – искусство ребенка

7-тапсырма

Кім туралы айтылған?

1. Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек батырмен бірыңғай халық майданын құруға ықпал етті.

2. Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынған іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан қайраткер

3. Тәукенің кеңесшісі, көмекшісі болған.

4. Жамбыл облысы, Шу өңірі, Жайсаң жайлауында туған.

8-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықтаңыз.

Қазыбек би Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқандардың бірі. Қазыбектің есімі Абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады. Ол қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші болған батыл елші, парасатты мәмілегер болған қайраткер. Қазыбек 14 жасында қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханына барып, батылдығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен.

9-тапсырма

Үш бидің өзіндік ерекшеліктері туралы баяндап беріңіз.

10-тапсырма

Баламалы тест ( әр сұраққа екі жауап болады: дұрыс/ дұрыс емес)

1.Төле би қырғыз, өзбек, қарақалпақ және қазақ халықтарының жауынгерлік одағын құрды.

2. Қазыбек бидің руы – Арғын ішіндегі Қаракесек.

3. Төле би (Қаражігіт) Тәукенің кеңесшісі, көмекшісі болған.

4. Әйтеке би - кіші жүздің биі

5. Қазыбек 14 жасында қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханына барды.

11- тапсырма

Сәйкестендіріңіз.

Ұлы жүз Әйтеке би Абылай, Бұқар жырау

Орта жүз Төле би Тәуке хан

Кіші жүз Қазыбек би Қабанбай, Бөгенбай

12-тапсырма

Үш би туралы мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыз.

Блиц-тест

1.Төле би Әлібекұлы қай жерде дүниеге келген?

а) Жамбыл облысы б)Ақтөбе облысы с) Маңғыстау облысы д) Алматы облысы е) Түркістан қаласы

2. Тәукенің кеңесшісі, көмекшісі болған?

а) Майқы би б)Кенесары с) Әйтеке би д) Қазыбек би е) Абылай хан

3. Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарушы

а) Әйтеке би б)Төле би с) Бөлтірік шешен д)Майқы би е) Орманбет би

4. Әйтеке би қай ханның тұсында өмір сүрген?

а) Тәуке хан б) Абылай хан с) Жәнібек д) Бату хан е) Берке

5. Абылай ханды жоңғарлардың қолынан босатқан кім?

а) Қазыбек б) Төле би с) Мөңке би д)Әйтеке би е) Жиренше

6. Түн. Клуб толы адам. Музыка (Сөйлем түрін анықтаңыз).

а) атаулы сөйлем б) бұйрықты сөйлем с) жай сөйлем д)болымсыз сөйлем е)құрмалас сөйлем

7. Көктем келді де, жер ери бастады (Сөйлемнің қай түрі)

а) сабақтас құрмалас сөйлем б)күрделенген жай сөйлем с) құрмалас сөйлем д) жай сөйлем е)ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

8.Сөйлемнің түрін ажыратыңыз.

Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай!

а)бұйрықты сөйлем б)сұраулы сөйлем с)хабарлы сөйлем д)лепті сөйлем е)дұрыс жауап жоқ

9.Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

а) Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол б) Орынбордан телеграмма бар

с) Бозбаламын, мен де енді д) Асқар ұзақ уақыт ұйықтамайды е) Мен кітап алғалы келдім

Бақылау сұрақтары

1. Әйтеке би қай ханның тұсында өмір сүрген?

2. Оның мемлекет үшін қосқан үлесі қандай?

3. Билердің қайсысы «Жеті жарғыны» жасауға көмектескен?

4. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері?

5. Ғимараттар салу ісіне белсене араласқан кім?

Глоссарий

Бастауыш - сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, баяндауыш арқылы берілген іс-қимылдың не белгі- сапаның иесі болады.

Баяндауыш – бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін, белгісін білдіріп, сөйлемді тиянақты етіп тұрады.

Әдебиеттер:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, 1994,

2.Ағманова Ф. , Екшембаева Л. Тілді білсеңіз – елді білесіз, А, 1998

3.Аманжолов С., Әбілқаев А. Қазақ тілі, Алматы «Рауан», 1991,

4.Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілі А., 2001ж.

5.Ерназарова З.Ш., Н.Қ. Мұхамадиева. Қазақ тілі. Алматы-2005

4-6 сабақ: Әл-Фараби. Ахмет Яссауи. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш

Сабақтың мақсаты: Әл-Фараби, Ахмет Яссауи туралы мағлұмат қалыптастыру, еркін сөйлеу қабілетін дағдыландыру. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, бірыңғай мүше туралы теориялық мәлімет беру.

Материалдар мен көрнекі құралдар: оқулықтар, кеспелер.

Жұмыс мазмұны мен орын тәртібі:

Әл-Фараби

( 870-950 жж. )

Әл-Фарабидің музыкамен қатар айналысып, аса зор нәтижеге жеткен ғылымдары – астрономия мен геометрия. Ол оптикалық аспаптар жасаған, оның ішінде ойыс парабола айна, уақыт өлшегіш күн сағаты бар. Әл-Фараби зерттеулерінің екінші ерекшелігі дыбыс заңы мен жарық сәуле заңын бірлікте қарастырған. Осы ойыс парабола (арабша «мухарак», европалықтар «фокус» деп аударған) Еуропаға Әл-Фарабидің шәкірті Ибн-Хайтам арқылы, И.Кеплерге жеткен екен. Әл-Фарабидің күн сағатын жасау әдісі осы күнге дейін қолданылады. Ғылымда көлеңке өлшеу әдісі, күн сағаты арқылы жердің меридианын табу Әл-Фараби әдісі деп саналады, сондай-ақ сфералық тригонометрияға негіз салған. Әл-Фараби еңбектерінің көрсеткішінде 160 еңбегі тізімделген.

Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Евклид, Птоломей еңбектерін түгелдей меңгеріп, араб тіліне аударып, дамытқан адам. Грек ойшылдарының еңбегін кейінгі шығыс ғалымдары Әл-Фарабидің түсініктеме-аудармалары арқылы оқыған. Грек ойшылдарын түсіну үшін Әл-Фарабидің өзінің қаншалықты тер төккені туралы дерек Гегель шығармаларында бар. Онда Әл-Фараби Аристотельдің «Жан жайында» кітабын 100 рет, «Табиғи үйлесімін» 40 рет, «Шешендік» кітабын 200 рет оқыпты. Сөйтіп осы ғылымдарды өзі үйреніп қана қоймай, әрі қарай да дамытты. Сондықтан бірінші ұстаз Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деген атақ алды.

Әл-Фараби әлемге дүние, жаратылыс жайындағы өзіндік ұлы көзқарасын әкелген ойшыл, философ болып танылды. Әсіресе «Жоғары табиғат тану негізі» еңбегі (А.Машанов «Космология» деп атайды) бүкіл шығыс философиясының тереңдігін, көне тылсымын қорытқан еңбек еді. Фарабидің осы еңбегін түсіну арқылы шығыс әдебиетіндегі көптеген аңыз, мифологияны танып-таразылауға болады.

Әл-Фараби ойшылдың адамгершілік ойлары «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатынан көрінеді. Ғалымның осы еңбегі Томас Мордың «Утопиясына» негіз болған. Бұл шығармадағы қала мемлекет ретінде алынған. Әңгіме ізгілікті мемлекеттегі қарым-қатынастың жай-жапсары, ақылық (этика), қоғамдық-әлеуметтік мәселелер төңірегінде болады. Ең жетілген, адам армандаған қала қандай болмақ? Ондай бақытты елдің әкімі кісілікті, әділетті, инабатты, батылдықты, жомарттықты, өнерді сүйеді. Әкімі қайырымды, халқы бақытты. Әл-Фараби бұл шығармасын мамыражай, құт-берекелі елді аңсаумен жазған. Әл-Фараби әділетті өмір сүру үшін осындай идеал мемлекет болу керек деп армандаған. Оның идеясы Фирдоусиден Томас Мор, Сұлтанмахмұтқа дейін жалғасты. Сұлтанмахмұттың «Адасқан өмір» поэмасында Әл-Фараби арманы қайта көрініс табады.

(Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы, 89-бет)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]