Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Ахмет Яссауи (XII ғасыр)

Әлемдік мәдениеттегі елеулі құбылыс – ислам мәдениетінің қазақ жеріндегі ірі ошағы – Сыр бойы, Отырар, Сайрам, Түркістан, (Йасы) қалалары болды. Ол өңірден Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ахмет Йүгнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар, Ақсақ Темір, Көрегендей атағы әлемге жайылған әскер басылар шықты.

Ахмет Яссауи бүкіл түрік жұртының рухани атасы болған. Ол Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам қаласында туған. Ата-анасынан жеті жасында айырылып, апасының қолында Йасы қаласында тәрбиеленеді. Әкесі Шейх ИбраҺим Сайрамда Өте беделді кісі болған. Ақынның алғашқы ұстазы Арыстан баба діндар, тақуа адам болыпты. Екінші ұстазы – Қожа Иусуф Хамадани, Бұқарада тәлім алған. Ол кісі де сыпайы, дәндар, таза адам болған. Осы екі ұстаздан сабақ алған Йассауи бүкіл өмірін тазалық, адамдық, дін жолына арнаған, шәкірт тәрбиелеген. Алпыс үш жасқа келген соң, Мұхаммед пайғамбардың жасынан асқанды күпірлік санап, жер астынан бір бөлмелік жай салып, дүниеден безіп, сонда тұрған. Оны қазақша қылует деп атайды. Қылуетте он жылдай өмір сүріп, «Диуани хикмет» атты кітапты жазған. Барлық ғұмырын, күшін ислам дінін нығайтуға жұмсаған. Басқа ақын-ғалымдар секілді араб-парсы тілінде жазбай, кітабын түрік тілінде жазып, бұл тілдің қадір-қасиетін жоғары бағалаған. Соңғы жылы Яссауидің өміріне қатысты XIII ғасыр шамасында жазылған «Насаб нама» атты шежіре табылды. Авторы – Яссауидің ағасы Садыр Шейхтің немересі Орын Қойлақы.

(Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы, 98-бет)

1-тапсырма. Төмендегі сұрақтардың жауабын мәтіннен тауып, оқыңыз.

  1. Әл-Фараби қандай аспаптар жасаған?

  2. Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстыларынан кімдердің еңбектерін оқыған?

  3. Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстыларының еңбектерін қай тілге аударған?

  4. «Жан жайында», «Табиғи үйлесім» атты еңбектің авторы кім?

  5. Әл-Фарабидің трактаты қалай аталады?

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, жалғасын мәтіннен толықтырыңыз.

Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Евклид, Птоломей еңбектерін түгелдей меңгеріп, араб тіліне аударып, ...

Әл-Фараби еңбектерінің көрсеткішінде ... еңбегі тізімделген.

Әл-Фараби зерттеулерінің екінші ерекшелігі ... мен ... бірлікте қарастырған.

Әл-Фараби ойшылдың ... «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатынан көрінеді.

Бұл шығармадағы ... мемлекет ретінде алынған.

... бұл шығармасын ...елді аңсаумен жазған.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Әл-Фараби қай ғасырда өмір сүрген?

  2. Қандай ғылыммен айналысқан?

  3. Оны екінші Аристотель деп неге атайды және бұған көзқарасыңыз?

  4. Грек оқымыстыларының еңбектерін неліктен бірнеше мәрте оқыған?

  5. «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының негізгі идеясы?

  6. Сіздің ойыңызша ең жетілген, адам армандаған қала қандай болмақ?

  7. Неліктен оның идеясы Фирдоусидің, Томас Мор, Сұлтанмахмұт еңбектеріне негіз болды?

  8. Томас Мордың Әл-Фараби идеясымен өзектес еңбегі?

4-тапсырма. Сөйлемдерді мұқият оқып, синтаксистік талдау жасаңыз. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз.

Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Евклид, Птоломей еңбектерін түгелдей меңгеріп, араб тіліне аударып, дамытқан адам. Онда Әл-Фараби Аристотельдің «Жан жайында» кітабын 100 рет, «Табиғи үйлесімін» 40 рет, «Шешендік» кітабын 200 рет оқыпты. Ең жетілген, адам армандаған қала қандай болмақ? Ондай бақытты елдің әкімі кісілікті, әділетті, инабатты, батыл, жомарт, өнерді сүйеді.

5-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, анықтауыштың жасалу жолына талдау жасаңыз.

Әл-Фараби бұл шығармасын мамыражай, құт-берекелі елді аңсаумен жазған. Онда Әл-Фараби Аристотельдің «Жан жайында» кітабын 100 рет, «Табиғи үйлесімін» 40 рет, «Шешендік» кітабын 200 рет оқыпты.

6-тапсырма. Мәтіннен бірыңғай мүшелі сөйлемдерді теріп жазыңыз.

7-тапсырма. Мәтіннен пысықтауыш қатысқан сөйлемдерді теріп жазып, жасалу жолына талдау жасаңыз.

8-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға толық жауап беріңіз.

  1. Мәтінде берілген Платон, Аристотель, Евклид, Птоломей туралы қандай мәліметтер білесіз.

  2. Гегель, Аристотель, Томас Мордың, Сұлтанмахмұттың қандай еңбектерімен таныссыз?

  3. Әл-Фарабидің ғалымдығы туралы не айтасыз?

9-тапсырма. Ахмет Яссауиге арналған мәтінмен жұмыс жасаңыз.

  1. «Диуани хикмет» атты кітапта не туралы жазылған?

  2. Яссауидің ұстаздары туралы айтасыз?

  3. Яссауидің жер астынан бір бөлмелік жай салып, дүниеден безіп, сонда тұруына не себеп болды?

  4. Яссауи еңбектерін қай тілде жазды?

  5. Яссауи кесенесін кім салдырған?

10-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. Тиісті тыныс белгілерін қойып, қойылу мәнін түсіндіріңіз.

Әлемдік мәдениеттегі елеулі құбылыс – ислам мәдениетінің қазақ жеріндегі ірі ошағы – Сыр бойы, Отырар, Сайрам, Түркістан, (Йасы) қалалары болды. Ол өңірден Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар, Ақсақ Темір, Көрегендей атағы әлемге жайылған әскер басылар шықты.

Ахмет Яссауи бүкіл түрік жұртының рухани атасы болған.Ол өңірден Әл-Фараби Ахмет Яссауи Ахмет Жүйнеки Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар Ақсақ Темір Көрегендей атағы әлемге жайылған әскер басылар шықты. Ахмет Яссауи бүкіл түрік жұртының рухани атасы болған. Ол Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам қаласында туған.

11- тапсырма

Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Алпыс үш жасқа келген соң, ... күпірлік санап, жер астынан бір бөлмелік жай салып, дүниеден безіп, сонда тұрған. Оны ... атайды. Қылуетте он жылдай өмір сүріп, ... атты кітапты жазған. Барлық ғұмырын, күшін ислам дінін нығайтуға жұмсаған. Басқа ақын-ғалымдар секілді ..., кітабын түрік тілінде жазып, бұл тілдің қадір-қасиетін жоғары бағалаған. Соңғы жылы Яссауидің өміріне қатысты XIII ғасыр шамасында жазылған ... табылды. Авторы – Яссауидің ... Садыр Шейхтің ... Орын Қойлақы.

12-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, біріңғай сөйлем мүшелерінің синтаксистік қызметін анықтаңыз.

Әлемдік мәдениеттегі елеулі құбылыс – ислам мәдениетінің қазақ жеріндегі ірі ошағы – Сыр бойы, Отырар, Сайрам, Түркістан, (Йасы) қалалары болды. Ол өңірден Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар, Ақсақ Темір, Көрегендей атағы әлемге жайылған әскер басылар шықты. Осы екі ұстаздан сабақ алған Яссауи бүкіл өмірін тазалық, адамдық, дін жолына арнаған, шәкірт тәрбиелеген. Онда Әл-Фараби Аристотельдің «Жан жайында» кітабын 100 рет, «Табиғи үйлесімін» 40 рет, «Шешендік» кітабын 200 рет оқыпты.

13-тапсырма

Мәтінде кім туралы айтылған?

Оның екінші ұстазы – Қожа Иусуф Хамадани, Бұқарада тәлім алған. Ол кісі де сыпайы, діндар, таза адам болған. Әлемге дүние, жаратылыс жайындағы өзіндік ұлы көзқарасын әкелген ойшыл, философ. Осы екі ұстаздан сабақ алған Яссауи бүкіл өмірін тазалық, адамдық, дін жолына арнаған, шәкірт тәрбиелеген. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деген атақ алды. Алпыс үш жасқа келген соң, Мұхаммед пайғамбардың жасынан асқанды күпірлік санап, жер астынан бір бөлмелік жай салып, дүниеден безіп, сонда тұрған. Оны қазақша қылует деп атайды. «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактаты еңбегінің авторы. Қылуетте он жылдай өмір сүріп, «Диуани хикмет» атты кітапты жазған. Ол ежелгі грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Евклид, Птоломей еңбектерін түгелдей меңгеріп, араб тіліне аударып, дамытқан.

14-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Яссауи кесенесі қай қалада орналасқан?

  2. Әл-Фарабиді Екінші Аристотель деп атау дұрыс па?

  3. Яссауидің екінші ұстазы қайда тәлім алған?

15-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз. Анықтауыштың, пысықтауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.

Ақынның алғашқы ұстазы Арыстан баба діндар, тақуа адам болыпты. Әлемдік мәдениеттегі елеулі құбылыс – ислам мәдениетінің қазақ жеріндегі ірі ошағы – Сыр бойы, Отырар, Сайрам, Түркістан, (Йасы) қалалары болды. Ол өңірден Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ахмет Йүгнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар, Ақсақ Темір, Көрегендей атағы әлемге жайылған әскер басылар шықты. Осы екі ұстаздан сабақ алған Яссауи бүкіл өмірін тазалық, адамдық, дін жолына арнаған, шәкірт тәрбиелеген. Ол Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам қаласында туған.

Блиц-тест

  1. Яссауидің бірінші ұстазы

а) Арыстан баб б) Аристотель с) Ахмет Йүгнеки д) Евклид е) Птоломей

  1. Бірыңғай мүшелер арасына қандай тыныс белгілері қойылады?

а)үтір б) сызықша с) қос нүкте д) нүкте е) дефис

  1. Пысықтауыштың сұрақтары?

а)қайда? б) кім? с) нені д) немен? е) қандай

  1. «Жан жайында» кітабының авторы кім?

а) Платон б) Әл-Фараби с) Яссауи д) Руссо е) Аристотель

  1. «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының авторы?

а) Әл-Фараби б) Яссауи с) Сүлеймен Бақырғани д) Евклид е) Қожа Иусуф Хамадани

6. Сөйлемнен күрделі баяндауышты көрсетіңіз

а) Машина баяу жүріп келе жатты б) Біздің баратын аулымыз әлі ілгері с)Аңшылар аттың басын ірікпестен ағыза шапты д)Асқарға Бүркітбай Ботакөз жайын айтты е)Абай Мағаш айтты деген сөзді енді тамашалай тыңдайды

7.Қандай? Қай? Ненің? Нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлемнің мүшесін көрсетіңіз

а)толықтауыш б) анықтауыш с) пысықтауыш д) бастауыш е)баяндауыш

8.Табыс септігіндегі толықтауыш қалай аталады ? а) күрделі толықтауыш б) тура толықтауыш с)жанама толықтауыш д) дара толықтауыш е) біріңғай толықтауыш

9.Құнды қағаз түрін көрсетіңіз а) инвестиция б) инфляция с) акция д)жоспар е) банкрот

10.Сұраулы сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады ?

а) нүкте б)сызықша с) үтір д) жақша е) сұрау белгісі

11.Не үшін ? Кім үшін ? Не мақсатпен? деген сұрақтарға қандай пысықтауыш жауап береді ? а) мекен пысықтауыш б) мезгіл пысықтауыш с) себеп пысықтауыш д) амал пысықтауыш е) мақсат пысықтауыш

12. Лепті сөйлемді белгіле а) Біздің топта 20 студент бар б) Бүгін жаңбыр жауды ма ? с) Қандай сұлу табиғат д) Көп оқыған адам көп біледі

е) Бүгінгі Қазақстан достықтың ордасы

13. Тілдің негізгі қызметі қандай ?

а) қарым-қатынас құралы бөлу б) іс-әрекетті білдіру

с) сөйлем жасау д) сөзді бөлшектеу е) бірлік

14.Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді ?

а) 2 б) 5 с) 4 д) 3 е)6

15.Cалалас құрмалас сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

а) 2 б) 5 с) 8 д) 9 е) 6

16.Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесі қалай деп аталады ?

а) тұрлаусыз мүше б) біріңғай мүше с) тұрлаулы мүше д) толықтауыш е) анықтауыш

17.Сөйлемдегі іс-әрекеттің , қимылдың орындалу амалын , сапа- мөлшерін білдіретін пысықтауыштың түрі қалай деп аталады ?

а) мезгіл пысықтауыш б) мақсат пысықтауыш с) қимыл-сын пысықтауыш д) мекен пысықтауыш е) себеп пысықтауыш

Бақылау сұрақтары

1. «Әл-Фараби қай ғасырда өмір сүрген?

2. Қандай ғылыммен айналысқан?

3. Оны екінші Аристотель деп неге атайды және бұған көзқарасыңыз?

4. Грек оқымыстыларының еңбектерін неліктен бірнеше мәрте оқыған?

5. «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының негізгі идеясы?

Глоссарий

Анықтауыш – сөйлемде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, басқа да түрлі белгілері жағынан сипаттап тұратын тұрлаусыз мүшені аныұтауыш дейміз.

Пысықтауыш – етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысты болып, іс-қимылдың жүзеге асуының алуан түрлі жай-жапсарын (мезгілін, мекенін, амалын, себебін, мақсатын, сан-мөлшерін) білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейміз.

Бірыңғай мүше – бірдей сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болып, бірдей қызмет атқарады.

Әдебиеттер:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, 1994.

2.Ағманова Ф. , Екшембаева Л. Тілді білсеңіз – елді білесіз, А, 1998.

3.Аманжолов С., Әбілқаев А. Қазақ тілі, Алматы «Рауан», 1991.

4.Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілі А., 2001ж.

5.Ерназарова З.Ш., Н.Қ. Мұхамадиева. Қазақ тілі. Алматы-2005

7-9 сабақ. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 - 1904). Жақты, жақсыз сөйлемдер

Сабақтың мақсаты: Абай (Ибраһим) Құнанбаев туралы мағлұмат қалыптастыру, еркін сөйлеу қабілетін дағдыландыру, мәтінге сұрақ қоя білуді үйрету. Жақты, жақсыз сөйлемдер туралы теориялық мәлімет беру.

Материалдар мен көрнекі құралдар: оқулықтар, кеспелер.

Жұмыс мазмұны мен орын тәртібі:

Қазақ ұлтының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз дәуіріне дейінгі дүние данышпандарының даналық мәйегін толық меңгерген және бүкіл көшпенділер әлемінің дүниетанымын, рухани болмысын, парасатын, көркем ойының мүмкіндігін бойына сіңірген, сол қасиеттері арқылы адамзат санасының дамуына үлес қосқан дара тұлға.

Абай - қазақ халқының рухани өмірінің айнасы. Ұлы ақынның әрбір сөзі біз үшін мәңгілік ғибрат. Тарихшы В.О.Ключевский мұндай ұлы адамдарды «ұлттың өмір сүруінің кепілі» деп бағалапты. Абай өмірі мен шығармасы – қазақ танымының мәдениетінің, салт-сананың, рухани өмірдің, заң мен дәстүрдің, тұрмыстың толық көрінісі болып табылады.

Қырық жасынан бастап Абай ғылымға бет қойды. Өзінің бойындағы талантын ұлтының рухани ізгілігіне арнайды. Араб, парсы, иран, үнді, түркия, ауған, орыс, шығыс халықтары даналарының ілімімен толық танысады. Шығыс тарихына, дүние тарихына, діни ағымдардың философияларына, жаратылыстану, мемлекеттер тарихы мәселелеріне зерттеуші ретінде қарады. Ағылшын, неміс, орыс, француз ғұламаларының шығармаларымен танысты. Гете, Гейне, Байрон, Лермонтов, Крылов, Шиллер, Мицкевичтің туындыларын аударды. Еуропа көсемсөз иелерінің қоғамдық пікірлерін талдады.

Абай үш рет неке қидырған. Ең үлкен бәйбішесі – Ділдаға он алты жасында үйленген. Ол қазақтың аңызға айналған биі Қаз дауысты Қазыбектің тұқымы, Алшынбайдың Жүсіп деген баласының қызы.

1-тапсырма.Сөздікпен жұмыс жасаңыз.Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, жаттап алыңыз.

Дәуір

Данышпан

Дана

Дүниетаным

Парасат

Мүмкіндік

Мәңгілік

Көсемсөз

Рухани

Өмірінің айнасы

Толық меңгеру

Адамзат санасы

2- тапсырма

Мәтіндегі В.О.Ключевскийдің Абай туралы пікірін сөздік арқылы орыс тіліне аударыңыз.

3-тапсырма

Мәтінге синтаксистік талдау жасаңыз. Толықтауыштың жасалу жолын анықтаңыз.

Қырық жасынан бастап Абай ғылымға бет қойды. Өзінің бойындағы талантын ұлтының рухани ізгілігіне арнайды. Араб, парсы, иран, үнді, түркия, ауған, орыс, шығыс халықтары даналарының ілімімен толық танысады. Шығыс тарихына, дүние тарихына, діни ағымдардың философияларына, жаратылыстану, мемлекеттер тарихы мәселелеріне зерттеуші ретінде қарады.

4-тапсырма.

Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Абай Құнанбайұлы туралы не білесіз?

  2. Абай ғылыммен айналысты ма?

  3. Кімнің шығармаларын аударды?

  4. В.О.Ключевский Абай Құнанбайұлы туралы қандай пікір айтты?

  5. Абайдың бәйбішесі?

5-тапсырма.

Қазақ ұлтының ... Абай Құнанбайұлы өз дәуіріне дейінгі дүние данышпандарының даналық мәйегін толық меңгерген және бүкіл көшпенділер әлемінің дүниетанымын, рухани болмысын, ... мүмкіндігін бойына сіңірген, сол қасиеттері арқылы адамзат ... үлес қосқан дара тұлға.

Абай қазақ ... ... өмірінің айнасы. Ұлы ... әрбір сөзі біз үшін мәңгілік ғибрат.Тарихшы В.О.Ключеский мұндай ұлы адамдарды «ұлттың өмір сүруінің кепілі» деп бағалапты. Абай өмірі мен шығармасы – қазақ танымының мәдениетінің, салт-сананың, рухани өмірдің, заң мен дәстүрдің, тұрмыстың толық көрінісі болып табылады.

6-тапсырма.

Абайдың бір өлеңін жатқа оқыңыз.

7-тапсырма.

Мәтіннен толықтауыш қатысқан сөйлемдерді теріп жазып, жасалу жолына талдау жасаңыз.

8-тапсырма.

Баламалы тест ( әр сұраққа екі жауап болады: дұрыс/ дұрыс емес)

  1. Абай ғұлама ақын.

  2. Ділдә Абайдың екінші әйелі.

  3. Абай Гете, Гейненің өлеңдерін аударған.

  4. Абай қырық жасынан бастап ғылыммен айналысқан.

  5. Қытай, француз тілдерін еркін меңгерген.

  6. Еуропа көсемсөз иелерінің қоғамдық пікірлерін талдады.

  7. Шығыс халықтары даналарының ілімімен толық танысады.

9-тапсырма

Төмендегі сұрақтарға толық жауап беріңіз.

  1. Абай Құнанбаев туралы қосымша қандай мәлімет білесіз?

  2. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңін білесіз?

  3. Ділдәнің қазақтың аңызға айналған биі Қаз дауысты Қазыбекпен туыстық қатынасы қандай?

10-тапсырма

Сөздерді сәйкестендіріңіз.

Ғылым - дарь

Талант – наука

Ұлт – история

Тарих - национальность

11- тапсырма

Сөз тіркестері қатысқан сөйлемдерді мәтіннен тауып оқыңыз.

Ғылымға бет қойды, ізгілігіне арнайды, аңызға айналған биі, дүние данышпандарының, шығыс халықтары.

12-тапсырма

Сөйлемді оқып, орны ауысқан сөздерді мағынасына сәйкес орналастырыңыз.

Абай ақыны қазақтың ұлы. Шығыс тарихына қарады зерттеуші ретінде. Абай өмірі айнасы қазақ халқының. Қырық жасынан бастап Абай ғылымға бет қойды. Қырық Абай ғылымға бет қойды жасынан бастап. Туындыларын Мицкевичтің аударды. Неке қидырған Абай үш рет.

Блиц-тест

  1. Абай Құнанбаев кім?

а)шығыс жазушысы б)қазақтың атақты ғалымы с) қазақ халқының баласы д) қазақтың белгілі әншісі е) қазақтың ұлы ақыны

2. Абайдың қарасөздерінде көтерілген мәселелер.

а)өлең жазу, ән айту б) өнер, білімге шақыру с) ел билеу, ел басқару д) білімділік, ғылым е) ойшылдық, адамгершілік, мораль мәселесі

3. Абай кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

а)Гегель, Байрон б)Шлейхер с) Толстой д) Достаевский е)дұрыс жауап жоқ

4.Абай қай жерде дүниеге келген?

а) Қызылордада 1839 б) Семей қаласында 1835 с) Бұрынғы Семей облысында 1845 д) Аягөз ауылында 1891 е) Орынбор қаласында 1897

5. Абай өлеңдерінде қамтылатын тақырыптар?

а) ел билеушілердің әрекеттері б ) мал шаруашылығы с) махаббат, табиғат, әйел теңдігі д) бай мен кедей мәселесі е) ақындар туралы

6. Көктем келді де, жер ери бастады (Сөйлемнің қай түрі) а) сабақтас құрмалас сөйлем б) күрделенген жай сөйлем с) құрмалас сөйлем д) жай сөйлем е)ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

13.Сөйлемнің түрін ажыратыңыз.

Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай!

а)бұйрықты сөйлем б)сұраулы сөйлем с)хабарлы сөйлем д)лепті сөйлем е)дұрыс жауап жоқ

7.Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

а) Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол б)Орынбордан телеграмма бар с)Бозбаламын, мен де енді д)Асқар ұзақ уақыт ұйықтамайды е) Мен кітап алғалы келдім

8.Тура толықтауышты табыңыз

а) жігіттің жігіт болғаны жаудан елін сақтаса

б) Бейсен Жомартпен келіп қайтты с) Әкесі баласына ақыл айтты

д) Адамның бір қызығы бала деген , баланы оқытуды жек көрмедім

е) Асан әлгі балаға көз тоқтатып қарады

9. Атаулы сөйлемді анықтаңыз.

а) Күз. Сіркіреп жаңбыр жауып тұр б) Жиналғандар әлі жақындамай тұр

с) Біз машаинадан түсіп амандастық д) Ертеңнен кешке дейін асыр салып ойнаймыз

е) Оған таңдануға болмайды .

10. Бағыныңқы сыңары «қайда?» сұрағына жауап беретін сөз тіркесін белгілеңіз

а) шілдехана тойы б) наурыз көже с) ауылда тұрады д) жеті түрлі

е) сәлем алушы

Бақылау сұрақтары

1. Кімнің шығармаларын аударды?

2. В.О.Ключеский Абай Құнанбайұлы туралы қандай пікір айтты?

3. Абай кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

4. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.

Глоссарий

Толықтауыш – баяндауыш не басқа бір мүше арқылы берілетін қимылдың не сапаның таралу обьектісін білдіріп, сөйлемнің мағынасын толықтай түседі.

Әдебиеттер:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, 1994,

2.Ағманова Ф. , Екшембаева Л. Тілді білсеңіз – елді білесіз, А, 1998

3.Аманжолов С., Әбілқаев А. Қазақ тілі, Алматы «Рауан», 1991,

4.Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілі А., 2001ж.

5.Ерназарова З.Ш., Н.Қ. Мұхамадиева. Қазақ тілі. Алматы-2005

10-12 сабақ. Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – ғалым

(1899 – 1938) Құрмалас сөйлем түрлері. Салалас құрмалас сөйлем. Жалғаулықты, жалғаулықсыз құрмаластар

Сабақтың мақсаты: Құдайберген Қуанұлы Жұбанов турасында мағлұмат беру, мәтінді меңгерту арқылы еркін сөйлеу қабілетін дағдыландыру, мәтінге сұрақ қоя білуді үйрету. Құрмалас сөйлем түрлері, салалас құрмалас сөйлем туралы теориялық мәлімет беру.

Материалдар мен көрнекі құралдар: оқулықтар, кеспелер, слайд.

Жұмыс мазмұны мен орын тәртібі:

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов қазіргі Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, «Орқаш» кеңшарында туған.1918 жылдан 1928 жылға дейін Орқаш селолық кеңес төрағасы, Темір уездік, Ақтөбе губерниялық халық ағарту бөлімдерінде испектор­­-методист, Ақтөбе педтехникумының оқытушысы болып істейді.

1928 жылы Ленинградтағы Енукидзе атындағы Шығыс тілдері институтын бітіреді. Ғылым академиясының Тіл және ойлау институтының аспиранты болды. Жыл жарымдай шығыстану ғылымдарының негіздерімен танысады, тілдерді зерттеу әдістерін үйренеді, әр типтегі тілдерден мағлұмат алады.

1932 жылы аспирантураны аяқтады, Алматыға оралды. Қазақтың мемлекеттік педагогика институтына әуелі лингвистика кафедрасының меңгерушісі, сол жылы қазаннан бастап қазақ тілі мен әдебиетінің біріккен кафедрасының меңгерушісі, профессоры болып тағайындалады, декан міндетін қоса атқарады. Ол ағылшын, француз, неміс, парсы (иран), араб, түрік, монғол, коми, чуваш, грузин, татар, башқұрт, өзбек, ұйғыр тілдерін білген, сондықтан біз оны ғалым-полиглот деп танимыз. Көп томдық «Түсіндірме сөздігінің» бас редакторы, Халық ағарту комиссариаты, методика, программа, оқулықтар секторының меңгерушісі, Бүкілодақтық Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің президиум мүшесі қызметтерін атқарды.

Ол 19331937 жылдары қоғам қайраткері ретінде ұланғайыр жұмыстар атқарды: Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Советтердің Бүкілодақтық XVI сьезінің делегаты, Қазақстан Мемлекеттік терминком председателі, Терминком бюллетенінің (органының) редакторы, т.б.

Қ.Жұбанов ғалым, қоғам қайраткері ретінде өзін әлемге танытты, бірақ өмірі ерте үзілді. 1938 жылдың ақпанында «халық жауы» деп атылды, дегенмен 1958 жылы 22 ақпанда КСРО Жоғары Соты Әскери коллегиясы қылмысы жоқтығынан Жұбановты ақтады.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз. Мәтінде кім туралы баяндалған, сіз ғалым Қ.Жұбанов туралы қандай қосымша ақпарат айта аласыз?

2- тапсырма.

Мәтінде берілген мәліметтермен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қ.Жұбановтың еңбек жолы қалай басталған, қандай жұмыстар атқарған?

2. Ғылым қайраткері ретінде қандай еңбек жасады?

3. Қоғам, мемлекет қайраткері ретінде еңбегі қандай?

3-тапсырма.

Сөздікпен жұмыс жасай отырып, Қ.Қ.Жұбанов туралы естеліктерді қазақшаға аударыңыз.

К.К.Жубанов – один из первых советских тюркологов – казахов, крупный представитель казахского языкознания...

...он оставил значительный след в изучении казахского языка как в области теории лексикологии, грамматики (морфологии и синтаксиса), так и в области практики языкового строительства – вопросов разработки казахского алфавита, орфографии, терминологии и методики преподования родного языка... не чужды были ему и проблемы казахского литературоведения (Н.А.Баскаков).

Как по первому аллюру можно угадать благородного иноходца или ветроногого скакуна – так и первые шаги К.К.Жубанова по жизни давали знать: кто он есть и каково его назначение в обществе (М.О.Әуезов).

Будучи еще совсем молодым ученым, К.К.Жубанов, завотясь о судьбе родного языка и его научном познании, сделал столько, сколько по плечу целому коллективу. Как известно, в 1937 году в пору полного расцвета незаурядного таланта и творческих сил, первый казахский профессор-филолог, широкоизвестный ученый-лингвист Кудайберген Куанович Жубанов стал жертвой беззакония и грубого произвола (А.Т.Хайдаров).

Сөздік минимум

Научное познание ғылыми таным

Полный расцвет - толысқан шағында

Незаурядный талант - сирек кездесетін талант

Стал жертвой беззакония и произвола - заңсыздық пен бассыздықтың құрбаны болды

Широкоизвестный ученый - кең танылған ғалым

Аллюр - аттың желісі

Иноходец - жорға

Ветроногий скакун - желаяқ тұлпар

Значительный след - айтарлықтай із қалдырған

4-тапсырма

Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып,синтаксистік талдау жасап, жасалу жолын айтыңыз. Жалғаулықты салалас құрмаластарды бөлек жазыңыз.

5-тапсырма

Жай сөйлемдерді салалас құрмаласқа айналдырыңыз.

1.Ғылым академиясының Тіл және ойлау институтының аспиранты болды...

2.Қ.Жұбанов ғалым, қоғам қайраткері ретінде өзін әлемге танытты...

3.1938 жылдың ақпанында «халық жауы» деп атылды...

4.1932 жылы аспирантураны аяқтады...

5. ... Жыл жарымдай шығыстану ғылымдарының негіздерімен танысады.

6. ... бүкілодақтық Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің президиум мүшесі қызметтерін атқарды.

6-тапсырма

Қ.Жұбанов турасында «Ғұлама ғалым» тақырыбында салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып шағын шығарма жазыңыз.

7-тапсырма.

Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.

Еңбек жолы, ғылым қайраткері, танымал лингвист, дамытты, Ғылым академиясы, жұмыстар атқарды.

8-тапсырма.

Сөздікті пайдалана отырып Қ.Қ.Жұбановтың жазушылығы, өнері және педагогтігі туралы ойларды орыс тіліне аударыңыз.

«Ана тілі ой өсіреді, ана сүті бой өсіреді» дегендей, Құдайбергеннен алған ана тілі дәрісіміз ойымызды өсірді (К.Ержанов).

Құдайберген Қуанұлы – қазақтың тіл білімі ғана емес, қазақ мәдениетінің дамуының да басында тұрып, қамқорлық жасаған жан-жақты адам (О. Хаймулдин). Қ.Қ.Жұбанов – тек ірі лингвист қана емес, ол педагог – ғалым, халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері (Т. Ақшолақов).

9-тапсырма

Төмендегі сұрақтарға толық жауап беріңіз.

1. Неліктен Қ.Қ.Жұбановты ғалым-полиглот деп танимыз?

2. Ғалым Ленинградтағы Енукидзе атындағы Шығыс тілдері институтын қай жылы бітіреді?

3. Қ.Қ.Жұбановты қай жылы ақталды?

4. Қандай тілдерді жетік меңгерген?

5. Н.А.Баскаков ғалымның ғылыми еңбектерін қалай бағалаған?

10-тапсырма

Сөздерді сәйкестендіріңіз.

Терең білім- методики преподования

Ғалым – академия науки

Ғылым академиясы – ученый

Глубокое знание – оқыту әдістемесі

11- тапсырма

Сөз тіркестері қатысқан сөйлемдерді мәтіннен тауып оқыңыз.

Ғылымға бет қойды, ізгілігіне арнайды, аңызға айналған биі, дүние данышпандарының, шығыс халықтары.

12-тапсырма

Сұхбатты толықтырыңыз.

  • Сіз ғалым Қ.Қ.Жұбановты танисыз ба?

  • ...

  • Қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесі туралы не айта аласыз?

  • ...

  • Ақтөбе мемлекеттік университеті қай жылдан бастап ғалым Қ.Қ.Жұбановтың атымен аталып келеді?

  • ...

  • Ақтөбе қаласында ғалым Қ.Қ.Жұбановтың атындағы көше, ескерткіш бар ма?

  • ...

  • Ғалым Қ.Қ.Жұбановтың туған жері?

  • ...

  • Өнер саласына қатысты қандай еңбегін білесіз?

  • ...

  • Ғалым ұрпақтары туралы не білесіз?

  • ...

Есте сақтаңыз.

  • Құдайберген Жұбанов «Жаңа рамазан батасы», «Наурыз құтты болсын» өлеңдерін, «Таңжарықтың қуанышы» әңгімесін, «Сегіз бен Мақпал» пьесасын жазған.

  • Құдайберген Жұбанов психология, логика, философия ғылымдарымен де айналысқан, оны рефсология қатты қызықтырған.

Блиц-тест

1. Ғалым туралы төмендегідей ой білдірген кім?

Құдайберген Қуанұлы – қазақтың тіл білімі ғана емес, қазақтың мәдениеті дамуының да басында тұрып, қамқорлық жасаған жан-жақты адам.

а) Н.А.Баскаков б)М.О.Әуезов с) Р.Ғ.Сыздықова с) А.Беркінов д) О. Хаймулдин

2. Ғалым қай жылы «халық жауы» деп атылды а)1938 ақпан б) 1937 наурыз с) 1938 наурыз д) 1937 ақпан е) 1939 қаңтар

3. Ғалым қай жылы ақталды?

а) 1957 наурыз б) 1958 наурыз с) 1957 22 ақпан д) 1992 ақпан е) 1958 жылы 22 ақпанда

4. Ғалым туралы төмендегідей пікірдің авторы?

Қ.Қ.Жұбанов – тек ірі лингвист қана емес, ол педагог–ғалым, халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері

а) Н.А.Баскаков б)М.О.Әуезов с) Р.Ғ.Сыздықова д) А.Беркінов е) Т.Ақшолақов

5. Құдайберген Жұбановтың пьесасы?

а) «Сегіз бен Мақпал» б) «Наурыз құтты болсын» с) «Жаңа рамазан батасы» д) «Таңжарықтың қуанышы» е) «Мәселелер»

6. Себеп-салдар салаласты табыңыз.

а)Тобылдың арғы беті аспандап өскен қарағай, арасында ойдым-ойдым қайың бар.

б)Әкесі Нұрланға қайықты саздан жасамайтынын айтып, оны тақтайдан қалай жасайтынын көрсетті.

с)Шоқан қазақ даласы туралы көбірек білгісі келеді: олардың келешекте пайдасы боларын түсінеді.

д)Зеңбірек даусы айналаның бәрін күңірентті, олардың даусы қамаудағы жабайы аңдарша күжілдейді.

е)Бірақ жұрттың бәрі іскерлік пен тапқырлық таныта бермейтін.

7. Қарсылықты салаласты табыңыз.

а) Шоқан орталық кітапханадан кітап алуға рұқсат алады, өйткені оқушыларға арналған кітапханадағы кітаптарды түгел оқып болған.

б) Шоқан болса елдердің сырын білуді армандайтын, сол себепті оның ұшқыр қиялы жолдастарын таң қалдыратын.

с)Тобыл өзенінің я тобарсып жатқанын, я күнсіп жатқанын көрмейсің.

д) Қайратқа мінген Чапаев біресе пулеметтен, біресе зеңбіректен оқ атуға бұйрық берді.

е)Көршілері жаудың қысымына шыдамай, шегінді,- Бауыржан мұны білген жоқ.

8. Ыңғайлас салалас құрмаласты табыңыз.

а)Түс ауып барады, алайда жаудың шабуылы толастар емес.

б)Сапырып келе жатқан ақ бас бұйра толқындар қаһарлы қалың қолдай төніп келеді де, шапшыған толқындардың аралары көк жойқындалады. с)Қорыққаным сонша – жүрегім жылдамдата соғып, бар қанымды басыма шапшытады.

д) Жаңбыр екпінінің күштілігі соншалық- аспаннан теңіз ақтарылғандай болды.

е) Шоқан ауылда үш жыл оқығанымен, орыс тілінен түк білмейтін.

9. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді табыңыз.

а)Телефон сылдырады, Лиза барып тыңдады.

б)Күнке басында көнбейтін наразылық білдірген, алайда сол наразылық үстінде Ұлжанды бақты.

с)Бәкен Раушанның ештемені сұрамай, мөрін басып беруін бұйырды.

д)Бекіністі қайта алу үшін, немістер екі рет шабуыл жасады.

е)Қайсыбірі оп-оңды клубтар салған, тұрғын үйлер салып үлгерген.

10. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

а)Бұл- ағаштан түйін түйген бас шебердің ғана қолтаңбасы емес, ұлттық мәдениетіміздің бір белгісі ғой деп ойлаймын.

б)Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнардың тынышы кетті, сондықтан ол Қызылордадан Алматыға біржолата көшіп келді.

с)Баймағамбет келе жатқандарға маңқия қарап, өзінше бір ойға кетеді.

д)Екі танауы желбіреп, тентек көздері жиреніш отын шашып тұр.

е)Тұңғыш шыққалы отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның бір кемшіліктері болуы мүмкін

Бақылау сұрақтары

1. М.Әуезов ғалымды неге теңейді?

2. Ғалымды қазақ мәдениетін дамытушы ретінде бағалаған кім?

3.Ғалым қоғам қайраткері ретінде қандай қызмет атқарды?

4.Салалас құрмаластың мағыналық түрлері?

5. Салалас құрмаластың жасалу жолдары?

Глоссарий

Салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, интонация және жалғаулық шылаулар арқылы байланысатын құрмалас сөйлем.

Ыңғайлас салалас-құрамындағы предикатив сыңарлары орындалу мерзімі жағынан ыңғайлас келеді.

Түсіндірмелі салалас-бірініш предикатив сыңарының мәні екіншісінде ашылады.

Қарсылықты салалас-сыңарларының мәні қарсы келеді.

Себеп-салдар - өзара себеп-салдарлық мәнде болады.

Талғаулы салалас – предикатив сыңарларында біртектес оқиға, іс-әрекеттер таңдалып айтылады. Сыңарларын байланыстыратын жалғаулықтары: не, немесе, я, яки, әлде.

Кезектес салалас – бірінің орнын екіншісі ауыстырып, оқиға кезек іске асады.

Әдебиеттер:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, 1994,

2.Ағманова Ф. , Екшембаева Л. Тілді білсеңіз – елді білесіз, А, 1998

3.Аманжолов С., Әбілқаев А. Қазақ тілі, Алматы «Рауан», 1991,

4.Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілі А., 2001ж.

5.Ерназарова З.Ш., Н.Қ. Мұхамадиева. Қазақ тілі. Алматы-2005

13-15 сабақ. Қ.Сәтбаев, Ш.Уәлиханов. Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

Сабақтың мақсаты: Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев пен Шоқан Уәлихановтың ғылыми-шығармашылық өмірі турасында мағлұмат беру, мәтінді меңгерту арқылы еркін сөйлеу қабілетін дағдыландыру, мәтінге сұрақ қоя білуді үйрету. Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

туралы теориялық мәлімет беру.

Материалдар мен көрнекі құралдар: оқулықтар, кеспелер.

Жұмыс мазмұны мен орын тәртібі:

Қ.И.Сәтбаев сол кездегі Кеңес елінің жоғарғы марапат белгісі Ленин орденінің төрт рет иегері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері. Алайда осындай атақ-дәрежелерге қарамастан Қ.Имантайұлы әкімшілдік-әміршілдік жүйе орнатқан қоғамдық тәртіпке сенімсіз адам болып та саналған. 1940 жылдың соңы мен 1950 жылдың басында сталиндік билеу жүйесінің Кеңес мемлекеті зиялыларына қарсы басталған үшінші саяси қуғын-сүргін кезінде Қ.И.Сәтбаев оның құрбандығына шалына жаздады.

1964 жылы 31 қаңтар күні Москваның Кунцево деген орманды аймағына орналасқан Кремль ауруханасында Қаныш Имантайұлының жүрегі соғуын тоқтатты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]