Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Қазақстан климаты

Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.

Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым.

Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен жаз айларында азорлық антициклондық ядросының ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңт.-батыс және батыс, ал жазда солт.-батыс бағыттан соғатын жел басым келеді.

Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.

Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады.

Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық маусымында түседі.

Қазақстанның таулы және тауалды аудандарының термикалық жүргісі оларға іргелес жазықтардың термикалық жүргісінен күрт ерекшеленеді. Атмосфералық құбылыстарға жауын-шашындар және әр түрлі тұмандар, бұрқасындар мен жаяу борасындар, электрлік құбылыстар – күн күркіреу, жарқылдар, полюстік сәулелену; долы жел, шаңды боран, шаңды борасын құйын, қара құйын, көктайғақ, мұнар, мұз инелері, қырау жатады. Тұманның Қазақстан аумағындағы үлестірімі күрделі сипатқа ие. Жер бедері кедір-бұдыр болып келетін Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және де Қазақстанның оңт. және оңт.-шығысындағы таулы және тауалды аудандарында тұманның үлестірімі ошақтық сипатта дамыған.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойып, жазыңыздар.

1. Еліміз... ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл бүкіл жыл бойына мол су деңгейлері... сақтайды.

2. Қазақстан... басты көлдері – Балқаш, Алакөл, Зайсан.

3. Қазақстан... жері әр алуан.

4. ХIХ ғасыр... аяғында Қазақстан территориясында халық... этностық құрамы біркелкі болды.

5. Тау өзендер... мен бұлақтары... суы өте салқын.

3-тапсырма. «Қазақстанның табиғаты» тақырыбына мәнжазба жазыңыздар.

4-тапсырма. Сөздікпен танысыңыз.

Анықтау-разъяснить

Анықталу – быть разъясненным

Анықтама-справка

Жауап беру- держать ответь, отвечать

Жауапкершілік- ответственность

Ақпараттық басылым- информационные издание

Бас қосу – саммит

5-тапсырма. Төмендегі етістіктерді аударыңыз және шамаңызға қарай бірнеше сөйлем құрыңыз.

Анықтау, анықтама беру, атқару, бас қосу, жауап қайтару, жетік білу, жоспарлау, жүргізу, қабылдау,жауапкершілік арту, жетік білу, жоспарлау, жүргізу, қабылдау, қалыптасу, құрастыру, пайда болу, талдау, ұзарту.

6-тапсырма. Төмендегі сөздермен танысып, әңгіме арасына қатыстырып диалог құраңыз.

-Қысқасын айтқанда. Сіз қалай ойлайсыз?

- Менің ойымша ------------------------------ .

  • Өте қызық екен.

  • Иә. ------------------------------------------ .

- Менің білгім келген жағдай … .

  • ------------------------------------------------ .

7-тапсырма. Қызмет- қызметкер – қызмет ету- қызмет атқару – қызметтес сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды анықтап, сөйлем құрыңыз.

8-тапсырма. Төмендегі анықтама үлгісімен танысыңыз. Құрылымыына назар аударыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]