Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Өсімдіктердің тіршілік формалары

Өсімдік - тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.Медицинада алатын орны ұшан-теңіз. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды.

Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне кұйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. «Ер - елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек». «Дәрі - шөптен шығады, дана - көптен шығады». «Қорада малың болсын, көшеңде талың болсын». «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ кұрағымен көрікті». «Дала көркі — мал, өзен көркі - тал». «Нар - түйеден, тұлпар — биеден». «Мал өсірсең - қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел. Қазакстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл - туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған. Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі кұралдары бар. Солардың бірі - тыйым салатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар»,т.б. «Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шығарылды. Мұнда балықтардың 16 түрі, бақалардың 3 түрі, жорғалаушылардың 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазакстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта гүлді өсімдіктердің 304 түрі сипатталған. Қорықтар. Елімізде өсімдіктері мен жануарлары әр алуан, арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар - қорықтар ұйымдастырылған: 1.Алматы мемлекеттік қорығы (Іле Алатауы). 2.Ақсу - Жабағылы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы). 3.    Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралы). Кейбір жануарлары (ақбөкен, құлан, қарақұйрық, ор қоян) Қапшағай аңшылық-корық шаруашылығына және Үстірт қорығына көшірілген. 4.  Қорғалжын   мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су-батпақты аймағы). 5.  Наурызым    мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы). 6.  Марқакөл    мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай). 7.  Үстірт корығы (Маңғыстау). 8.  Батыс Алтай корығы (Шығыс Қазакстан). 9.    Алакөл қорығы (Алматы облысы, Талдықорған).

2-тапсырма. Төменде берілген тірек сызба бойынша әңгімелеңіздер.

Өсімдік - тіршілік тірегі

Өсімдіктің отегін бөлуі

Өсімдіктің қадірін бағалады

Тыйым сөздер


Қазақстанның елтаңбасы

Қызыл кітап

Қорықтар

Басқа да емдік шөптер

Өсімдік түрлері

Жан-жануарлар

3-тапсырма. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңыз.

4-тапсырма. Сөздікке назар аударыңыз. Жаңа сөзді есте сақтаңыз.

өтілі – стажы, дәреже – степень, ғылыми еңбек – научный труд, әлеуметтік тегі – социальное происхождение, мамандық- профессия, лауазым- должность.

5-тапсырма. Екі бағандағы сөзді мағыналық байланысына қарай топтап, сөз тіркестерін құрап, сөйлем ойластырыңыз.

Мәселе заң жобалары жариялау

Есеп жобалары бекіту

Есеп қаралу

Жаза беру

өтініш талқылау

баяндама қолдану

хабарлама жасау

қаулы жазу

жарлық алу

6-тапсырма. Себебін түсіндіріп, сөйлемді аяқтаңыз.

  • … сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр.

  • … мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты …

  • … туралы шешімнің қабылдануына байланысты…

  • Сіздің талабыңызға орай …

  • … қарамастан әлі де орын алып отыр.

  • … алдын-ала қол жеткізген келісімге сәйкес …

7-тапсырма. Төмендегі үлгіні пайдаланып, өз түйіндемеңізді жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]