Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Ақыл, қайрат, жүрек және ғылым

Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

Қайрат айтыпты:

- Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді, әуелі өзіңді білуге ерінбей үйрену керек, ол – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болмайды. Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?

Ақыл айтыпты:

− Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін − мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, осы екеуі маған қайтіп таласады? Менсіз өздері неге жарайды?

Жүрек айтыпты:

− Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде, тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз, аш кедейдің жайын ойлататын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп еритін - мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін – мен, әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандылық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап, болып, айтыпты:

− Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бәрі рас-ақ. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.

− Ей, ақыл, сенің айтқандарыңның бәрі рас-ақ. Сенсіз еш нәрсе табылмайтыны рас. Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да – бәрі сенен шығады.

Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды ғой. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет.

Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, қасиетті адам сол.

Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.

2-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыздар. Қарамен берілген сөздердің мағынасын табыңыздар.

1.Әдептілік пен әдепсіздік адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.

------------------ өзін ұстай білу

----------------- өзін көрсету

2. Жақсы қасиеттерді адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру керек.

----------------- жүріс-тұрыс

------------------- этикет

3.Қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеген.

------------------ өркөкірек

------------------ қарапайым

4.Ер балаларға ауыл үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, ал қыздарға үлкендердің алдынан кесіп өтпеуді уағыздаған.

----------------- үгіттеу

----------------- талпыну

5.Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа.

---------------- мақсат

--------------- байлық

6.Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

--------------- байсалды

--------------- батыл

7.Сабыр-күн түсірмейтін сая.

Асығыс-аунап кететін мая.

--------------- қорғаныш

--------------- көлеңкелі ағаш

3-тапсырма. Үзіндіні оқып, адамның іс-әрекетіне қарай мінез-құлқын сипаттаңыздар (жалаң-жайылма сөйлемдерді ажыратыңыз)

Іс-әрекет түрлері

Мінез-құлық сипаты

1. Ол өзі оқыған университетте 43 жыл жұмыс істеді

2. Қарапайым жұмысшыдан аудан әкімі қызметіне дейін көтерілді.

3. Алдына келген адамдарды жылы қабылдап, оларды асықпай тыңдайды.

4. Аудан өмірін, жаңалығы мен өзгерістерді назардан қалдырмайды.

5. Аудан халқы тұрмысын жақсарту үшін табыс пен еңбектің жаңа көздерін табады.

6. Жастармен кездесіп, бағыт -бағдар береді.

Табанды

--------------------

--------------------

--------------------

--------------------

--------------------

4-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Әдеп пен талғам

1. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Немен, не арқылы өлшеу қалай қалыптастыру, неге байланысты нені міндет етіп қою

2. Қазақ халқы осыны жақсы түсініп, жастарды отбасында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеуді бірінші мақсат етіп қойған.Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, олардың алдынан кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, “адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені”, “кішіпейілділіктен кішіреймейсін” деген қағидаларды үнемі уағыздаған.

Кімге? Ибалық жасау кімді,нені кесіп өтпеу? Не істеуді уағыздау?

3. Шын мағынасындағы әдептілік (такт) дегеніміз-адам өзінің сөзіне, ісіне есеп бере білуі, қай жерде нені айтып, неге араласудың белгілі бір шегін білу. Ол адамның ішкі үлкен мәдениетін, сезімталдығын, тәрбиелілігін көрсетеді. Адам өзін әдепті ұстай білу үшін алдымен сыпайылық керек. Біреуді ден қойып тыңдай білу, сөзді бөлмеу, сабырлылық, қарапайымдылық-әдептіліктің белгісі.

Кімге? Неге есеп беру? Ненің шегін не істеудің білу сезімтал+дық тәрбие+лік сыпайы+лық қарапайымды+лық

4. Қандай бір жағдайда болмасын адам өзін ұстай білгені жөн. Ашу үстінде айтылған сөз әрқашан әділ бола бермейді. Сондықтан біреумен әлдеқалай ренжісе қалсаңыз, бірден үзілді-кесілді пікір айтпауға тырысқан жөн. Әдепті адамның талғамы да биік. Өзін де өзгені де сыйлай білетін адам көпшілік орындарға қалай болса солай киініп бармайды. Әр киімді орнымен, сыр-сымбатымен, үйлесімімен қолдана білу қажет.

Қайда?

өзін ұстай білу. Ашу үстінде үзілді-кесілді пікір кімді сыйлай білу? Талғаммен киіну үйлесіммен қолдана білу.

5-тапсырма. Әр абзацтың негізгі идеясын анықтаңыздар. Мәтін 4 абзацтан тұрады. Берілген 4 тезис қай абзацқа сәйкес келеді.

1. Адамды іс-әрекетіне қарап бағалау керек. Сіздің жауабыңыз:

1.------------------------------

2. Әдептілік өз ісіне есеп бере алуынан көрінеді. 2. -----------------------------

3. Қазақ халқы жастарды тәрбиелеуге қатты көңіл бөлген. 3. -----------------------------

4. Талғамы биік адам өзін де, өзгені де сыйлай біледі. 4.-----------------------------

6-тапсырма. Етістіктің рай формалары туралы мәліметтерді оқып, мысал келтіріңіздер. Есте сақтаңыздар.

Етістіктің райлары

іс-қимылға байланысты ой-пікірді, қатынасты білдіреді.

Ашық

Бұйрық

Шартты

Қалау

Үш жақта Оқыдым Оқимын

Оқып жүрмін

Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі

негіз + са, се +жж

оқысам

негіз +ғы, гі;

қы, кі +Т.Ж+кел. оқығым келеді.

7-тапсырма. Берілген сөздерге етіс жұрнақтарын жалғаңыз.

Жу, сал, тара, құра, сұра, қара, қолда.

8-тапсырма. Мына сөздермен тіркесетін сөздерді табыңыз.

9-тапсырма. Рай категориясына қатысты тест тапсырмаларын орындаңыз

1. Бұйрық райды табыңыз

- Берік далада ойнасын

  • Сен хат жазасың

  • Сіз жұмыртқа алмақсыз

  • Би билемейміз

  • Дастарқан жасадық

2. Пусть придет -

  • келесің

  • кел

  • келейін

- келсін

  • келер

3. «Давайте вечером сыграем в волейбол». Райды анықтаңыз

  • Ашық рай

  • Шартты рай

- Бұйрық рай

  • Қалау рай

  • Жедел рай

4. Давай я не буду относить учебники -

  • Оқулықтарды әкелмеспін

  • Оқулықтарды әкелмейін

  • Оқулықтарды апара жатқан жоқпын

- Оқулықтарды апармайын

  • Оқулықтарды мен апармаймын

5. Давайте сейчас встретимся -

  • Қазір кездесеміз

  • Қазір кездескім келеді

  • Қазір кездесейін

  • Қазір кездессін

- Қазір кездесейік

6. Пейте -

  • ішесіз

- ішіңіз

  • іштіңіз

  • іш

  • ішсе

7. Съеште яблоко -

  • Алма тамақ ішіңіз

  • Алма жедіңіз

- Алма жеңіз

  • Алма жегім келді

  • Алма же

8. Емтиханды жақсы тапсыр -

  • Хорошо сдайте экзамен

  • Если хорошо сдашь экзамен

  • Хорошо сдам экзамен

- Хорошо сдай экзамен

  • Желаю хорошего здоровья

9. Қалау райдың көмекші етістігі

  • отыр

  • жат

- кел

  • бар

  • тұр

10. Қалау райдың жұрнағы

- ғы

  • ға

  • ке

  • се

  • қа

10-тапсырма: Төмендегі сөздер бойынша ассоциациялық тезаурус құрыңыз:

Азаматтық, адамгершілік, жомарттық, жігіттік, серт, уәде, жауапкершілік, достық, қымбат, сатқындық, мәртебе, үйлесім, мінез, талғам.

11-тапсырма: Схема бойынша «Азамат» тақырыбына сөйлемдер құраңыз:

  1. S P (субьект-предикат) :......................................................................

2. S пысықтауыш P (субьект-пысықтауыш-предикат):.....................................................................................................................................................................................................................................................

3. анықтауыш-S пысықтауыш P: (анықтауыш-субъект-пысықтауыш-предикат) .................................................................................................................................................................................................................................................................................

Ескерту: практикалық сабақта орындалатын әр тапсырма 25 балл Тапсырма саны -12

Үй тапсырмасы (100 балл)

Блиц-тест

  1. Күшейтпелі шырайдағы сөзді белгілеңіз

а) тап-таза б) жақсы с) әдемі д) тамаша е) ертеңгі

  1. Күрделі осы шақта тұрған етістікті көрсетіңіз

а) келді б) жазып отыр с) қараймын д) ойланды е) жинады

3. Салыстырмалы шырайдағы сөзді табыңыз

а) дәмді б) өте дәмді с) дәмділеу д) қатты е) өте қатты

4. Қалау райдағы сөзді белгілеңіз

а) барғым келеді б) бару керек с) мұражайға барайық д) мен сұраймын е) ол көрді

5. Етістікте неше шақ бар?

а) 5 б) 3 с) 4 д) 2 е) 6

6. Рай неше түрге бөлінеді?

а) 6 б) 2 с) 3 д) 4 е) 5

7. Өткен шақтағы сөзді анықтаңыз

а) сұрайды б) жауады с) барды д) соғады е) салқындайды

8. Неологизмдер қандай сөздер?

а) мағыналас сөздер б) термин сөздер с) мағынасы қарама-қарсы сөздер д)қолданыстан шыққан сөздер

е) жаңа сөздер

9. Тәуелді жалғауы бар сөзді табыңыз

а) сенің досың б) үлкен терезе с) биік қабырға д) қызық кітап е) Олардың қатары

Бақылау сұрақтары:

  1. Азаматтық деген ұғымды қалай түсінесіз?

  2. Рай категориясы дегеніміз не?

  3. Рай неше түрге бөлінеді?

Глоссарий

1. Шырай – бір түрлі сынның әр қилы дәрежеде болатынын білдіретін сын есім түрлері.

2. Қалау рай – қимылдың жасалуын сөйлеушінің қалайтынын, тілейтінін білдіруі.

Әдебиеттер:

  1. Сариева К. Қазақ тілі және елтану. А., 2002ж.

  2. Ағманова Ф., Ектембаева Л. Тілді білсеңіз елді білесіз. А., 1998ж.(15-17б.)

  3. Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары.А., 1994ж.(85-87б.)

  4. Алдашева А. Қазақ тілі. А., 1997ж.(177-178б.)

  5. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаева Б. Практикалық қазақ тілі. А., 1993ж.(148-154б.)

31-33 сабақ: Қоғамдағы отбасының қызметі, Отан. Ұлы іс отаншылдықтан туады Етістіктің жіктелуі. Есімше, көсемше, сөйлемдегі қызметі

Сабақ мақсаты: Туған жерін, өзі туып өскен отанын құрметтеу, оны жай құрметтеп қана қоймай бар жан-тәнімен сүю әрбір адамның қасиетті борышы екендігін түсіндіру. Отанды сүю - үлкен ұлы істердің бастауы болатындығына көз жеткізе отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Көрсетілген грамматикалық тақырыптарды меңгерту.

Материалдар мен құралдар: қазақ тіл кабинетіндегі мәнжазбалар, үлестірмелі карточкалар, әдебиеттер, блиц-тест, бақылау сұрақтары, глоссарий.

Жұмыс мазмұны мен орындалу тәртібі:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, танысыңыз және мазмұнын түсініңіз.

Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін еткен еңбек пен ерліктен туады.

Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық − әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей.

Намыс − азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада намыс болады. Ер жігіттің елі − ата-анасы. Отаны − өз үйі.

Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іс деген − осы. Патриотизм осыдан басталады.

(Бауыржан Момышұлы)

Сөздік:

Отан – 1) родина, отчизна; 2) семья, очаг

Отаншыл - патриот

Отаншылдық – патриотизм

Отансыз – без родины

Намыс – честь; самолюбие; доброе имя; чувство собственного достоинства;

2-тапсырма. Мәтіннен пікірлесу жасаңыз, мына сұрақтарды пайдаланыңыз:

1)Ұлы іс неден туады?

2) Отаншылдық қандай қасиет?

3) Отаншылдық неден басталады?

4) Қандай адам отаншыл болады?

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына мәтіннен қарап, керек сөзді тауып жазыңыз.

1. Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін ... туады.

2. Отаншылдық − ... ең ұлы қасиет.

3. Отаншылдық ... басталады.

4. Өз ... ардақтамаған, өзгенің ... құрметтемейді.

5. Өз ұлтын ... өзге ұлттарды ұнатпайды.

6. Елді, ... сөзбен емес, іспен дәлелде.

7. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент ... өседі.

4-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасына мән беріп, көп нүктенің орнын толтырыңыз.

1. Отан − оттан да ...

2. Отан үшін отқа түс ...

3. Отансыз адам ... ...

4. Отанды сүю ... ...

5. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ...

5-тапсырма. Қарамен берілген сөздерді мағыналас сөздермен алмастырыңыздар.

1. Қазақстандықтар өз елінің рәміздерін құрметтейді.

2. Көк түс-мемлекетіміздің ізгі ниетінің белгісі.

3. Шаңырақ- бірлік пен достықтың нышаны.

4. Отаншыл әр азамат өз елінің әнұранын біледі.

5. Өз тілін білу- әр азаматтың парызы.

6. Түркі тілдес елдер- түбі бір туыс.

6-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыздар.

Отан

Отанды біз атамекен, −

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Отанды жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап.

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен,

Қазақстан – туған ел!

(Ермек Өтетілеуов)

7-тапсырма. Кестемен танысып тақырыпты түсініңіздер, өз мысалдарыңызды келтіріп етістікті жіктеңіздер.

Етістіктің жіктелуі

Жақ Жекеше түрі Көпше түрі

1 Мен айттым біз айттық

2 Сен айттың сендер айттыңдар

2 Сіз айттыңыз сіздер айттыңыздар

3 Ол айтты олар айтты

8-тапсырма. Төменде берілген етістіктерді жіктеп, жалғауларын анықтаңыздар.

Оқу, ұйымдастыру, зерттеу, алу

Жекеше түрлері Көпше түрлері

I мен І біз

II сен ІІ сендер

II (сыпайы түрі) сіз ІІ (сыпайы түрі) сіздер

III ол ІІІ олар

9-тапсырма. Төмендегі кестеден есімше туралы мәліметтерді меңгеріңіздер. Мысалдарды өздеріңіз келтіріп, жазып алыңыздар.

ЕСІМШЕ

Есімше


Қызметі


Жасалу жолдары


негізгі, туынды, етіс, болымсыз етістік

1. Өткен шақты болжайды - қан, -кен, -ған, -ген

бар - ған, қайт - қан

2. Болжалды келер шақ -ар, -ер, -р және болымсыз етістік -с сал - ар, атта - р, жүр - мес

3. Мақсатты келер шақ -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, пек

сал - мақ, сат - пақ, жүр - мек

4. Ауыспалы өткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтін

жүр етін, ал - атын

  • ған,-ген (қандай?қай?) (анықтауыш)

Көр+ ген көзде жазық жоқ.

  • - с (кім? не?) (бастауыш)

Көрме-с түйені де көрмес

  • ж+ шақ

Ардақ бағана кетіп қалған

ж + өткен шақ + ІІІ жақ

10-тапсырма. Төмендегі кестеден көсемше туралы мәліметтерді меңгеріңіздер. Мысалдарды өздеріңіз келтіріп, жазып алыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]