Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_yaz_prak_taps_durys_var.doc
Скачиваний:
151
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Қазақстанның географиялық орны

Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынас ерте заманнан Қазақстан жері арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір табиғи нысандары (объектілері) туралы жазба деректері өте ерте кезден белгілі болған. Геродот б.з.д. V ғасырда Каспий теңізінің шығысында шексіз жазық дала туралы жазған.

К.Птоломей б.з. II ғасырында өз еңбектерінде Жайық, Жем, Сырдария өзендері туралы мәліметтер берді.

IX – X ғасырларда араб ғалымдары, ал XIII ғасырда Италия саяхатшысы Плано Карпини Қазақстанның территориясының қысқаша сипаттамасын жазды.

XV-XVII ғасырларда Қазақстан туралы географиялық мәліметтер орыстың географиялық әдебиеттерінде келтіріледі. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғылыми еңбек П.П.Рычковтың 1762 жылы шыққан «Топография Оренбургская» деген кітабы болды.

XIX ғасырдың I жартысында Қазақстан территориясын зерттейтін экспедициялардың саны өсті. 1856-57 жылдары П.П.Семенов Тянь-Шаньға өзінің атақты саяхатын жасады. Ал XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін Шоқан Уәлиханов зерттеді. Қазақтың ұлы ғалымы Жетісу және Тянь-Шаньның табиғатына ғылыми сипаттама берді.

1898-1899 жылдары И.С.Берг, П.Г.Игнатьев және В.Д. Елпатьевский орыс географиялық қоғамының тапсырмасымен Солтүстік және Орталық Қазақстанның ірі көлдерін зерттеді .

Қазақстанның өсімдігін зерттеуде ботаник және географ Ф.Н.Краснов үлкен еңбек етті. Оның экспедициясы Алтайды, Каспийдің жағалауын, Шу, Іле тауларын, Іле Алатауын зерттеді.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңіл бөліне бастады. Жаратылыс зерттеушілердің Петербург қоғамы Қазақстан территориясына экспедициялар ұйымдастырды.

К.Ф.Кесслер, Н.А.Северцев өлкенің жануарлар дүниесін зерттеуде көп материал жинады.

Осылайша, еліміздің географиялық зерттелуі өте ерте кезде басталғаны туралы айтуға болады.

(Қазақ энциклопедиясынан)

2- тапсырма. Кестемен танысыңыз.

Ғасыр

Зерттеген ғалымдар

Зерттеген жерлері туралы еңбектері

1. б.з.д. V-ғасыр

2. б.з. II-ғасыр

3. IX-X ғасыр

4. XIII-ғасыр

5. XV-XVII ғасыр 1762 ж.

6. XIX ғ. I-ші жартысы 1856-57 жж.

7. XIX ғ. 50-60 жж.

8. 1898-99 жж.

9. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басы

Геродот

К.Птоломей

Араб ғалымдары

Италия саяхатшысы Плано Карпини

Орыс ғалымдары

П.П.Рычков

П.П.Семенов

Ш.Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы

И.С.Берг, П.Г.Игнатьев, В.Д.Елпатьевский

Ф.Н.Краснов (ботаник, географ)

Жаратылыс зерттеушілер

К.Ф.Кесслер, Н.А.Северцев

Каспий теңізінің шығысындағы шексіз жазық дала

Жайық, Жем, Сырдария өзендері

Қазақстанның территориясына сипаттама

Қазақстан территориясына сипаттама

Қазақстан туралы географиялық мәліметтер

«Топография Оренбургская» кітабы

Тянь-Шаньға саяхаты

Жоңғар Алатауы, Іле өңірі, Жетісу, Тянь-Шаньның табиғатына ғылыми сипаттама

Солтүстік және орталық Қазақстанның ірі көлдері

Қазақстанның өсімдіктерін зерттеген (Алтай, Каспий жағалауы, Шу-Іле таулары, Іле Алатауы)

Қазақстан территориясындағы жануарлар дүниесін зерттеген.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Қазақстан жерін алғаш зерттеген кім?

2) Жайық, Жем, Сырдария өзендері туралы мәліметтерді өз еңбектерінде кім берген?

3) Қазақстан туралы географиялық мәліметтер қандай әдебиеттерде келтірілген?

4) Қазақстан территориясын зерттейтін экспедициялардың саны нешінші ғасырда көбейе бастады?

5) П.П.Семенов қай жылдары өзінің атақты саяхатын жасады?

6) Солтүстік және Орталық Қазақстанның ірі көлдерін кімдер зерттеген?

1-тапсырма. Сөздікпен танысыңыз.

Бұйрық-приказ

Жеке құрам бойынша бұйрық- приказ по личному составу

Бұйрық беру- отдать приказ

Бұйрық шығару-издавать приказ

Бұйрықпен танысу- ознакомится с приказом

Бұйрыққа бағыну-подчинится приказу

Тағайындалсын- назначить

Қабылдансын-принять

Босатылсын-освободить

Ауыстырылсын-изменить

Жүктелсін-возложить

Штаттағы кесте бойынша- согласно штатному расписанию

Еңбек тәртібін бұзуына байланысты - в связи с нарушением трудовой дисциплины

Кәсіпорынның жойылуына байланысты - в связи с ликвидацией учреждения

2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Подписать приказ, приказываю, текст приказа, о приеме на работу, уволить с занимаемой должности, в связи с уходом не пенсию, согласно штатному расписанию.

3-тапсырма. Бұйрықтық мағынадағы құрылымдарды пайдаланып сөйлем құраңыз.

-іске қосылсын, жарамсыз деп танылсын, жарамсыз деп табылсын, жауапты адам тағайындалсын, Бұл мәселеге байланысты жауапкершілік жүктелсін, мәселені қарау, /аты-жөні/-ға/ге/ қа/ке тапсырылсын, шара қолдансын, жолға қойылсын, бақылауға алынсын, өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін, жол берілмесін.

4-тапсырма. Төмендегі үлгілерді қазақ тіліне аударыңыз.

Көмек көрсету, тексеріс жүргізу, тез арада хабарласыңыз, қажетті жағдай жасаңыз, ұсыныс қабылданды, жөнелтуге дайындаңыз, шешім қабылдаңыз, мәліметтерді қабылдаңыз, мәліметтерді хабарлаңыз, ақпарат беріңіз, қоғамдық пікір.

5-тапсырма. Төменде берілген тұрақты сөз оралымдарын аударыңыз.

- в связи с переходом на другую работу;

  • по собственнлму желанию;

  • в сзязи с ликвидацией предприятия;

  • по собственному желанию, в связи с переводом жены на другую работу в другую местность;

  • за прогул бес уважительной причины;

  • всвязи с истичением срока трудового договора.

6-тапсырма. Жоғарыда берілген сөз оралымдарын қатыстырып сөйлем құраңыз.

7-тапсырма. Берілген сөздердің сәйкес аудармасын табыңыз.

Ұқыпты опытный

Тиянақты авторитетный

Тәжірибелі акуратный

Беделді собранный

Адал коммуникабельный

Жалқау смешной

Ұстамды честный

Күлдіргі ленивый

Шыншыл сдержанный

Жан-жақты іскер добросовестный

8-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазып, мәтінді толықтырыңыз.

Менің әріптесім Рыскүл Алпамысқызы ……… маман. Ол өзіне тапсырылған тапсырманы үнемі мұқият орындайды. Рыскүлді әріптестері … , …., … қызметкер деп атайды. Ол қызметтестері арасында …, …, …, маман болса, достары арасында… … .

9-тапсырма. Ережемен танысыңыз. Есте сақтаңыз.

Бұрыштама- келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазылаттын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.

Бұрыштаманың түрлері – виды виз

Қаралсын - рассмотреть

Талқылансын -обсудить

Бекітілсін – утвердить

Тапсырылсын- поручить

10-тапсырма. Үлгі бойынша жұмыс жасаңыз.

  1. Сіз қайда оқисыз?

  • Мен …. Оқимын.

  • Өзіңіз қай оқу орнында оқисыз?

  • Сіздің болашақ мамандығыңыз қандай?

  • Менің мамандығым ….

  • Сіз қай елденсіз?

  • Мен …. .

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). 2-ші басылымы, қайта қаралған. Құр. Скала В.И., Скала Н.В. – Алматы, 2004.

  2. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. - Алматы, 2000.

  3. Стенюков М.В. Делопроизводство. Конспекты лекции. - М, 2002.

  4. Ақанова Д.Х., Алдашева А.,т.б. Ресми іскери қазақ тілі. 1,2,3 деңгей. Оқу кешені. Алматы, 2003.

  5. Хасанов Б.Х. Ана тілі –ата мұра. Алматы, 1992.

  6. Тіл саясатын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы. Ақтөбе, 2005.

35-37 сабақ. Қазақстан климаты. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Анықтама.

Сабақтың мақсаты: Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Анықтама туралы түсінік беру.

1-тапсырма. Мәтінмен танысыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]