
- •Практикалық сабақ тапсырмалары (1-семестр)
- •Дара сөздер мен күрделі сөздер
- •Қазақстанның табиғат жағдайы
- •Көктем мінезі
- •Табиғатты қорғау
- •Табиғат байлықтары
- •Бурабай, Зайсан, Алакөл сияқты Қазақстанның атақты көлдері
- •Ақсу-Жабағылы қорығы
- •Сын есімнің мағыналық түрлері
- •Мағыналық түрлері
- •Шылау сөздер туралы түсінік
- •Шылаудың түрлері
- •Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
- •Оқудағы балалардың үйлеріне жазған хаттарынан
- •Есімдіктің түрлері
- •С) Аса бай кен орны
- •Ақыл, қайрат, жүрек және ғылым
- •Көсемше
- •Глоссарий
- •Қазақ мемлекеті
- •Үстеудің құрамдық түрлері
- •Үстеудің мағыналық түрлері
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Сан есімнің түрлері
- •Практикалық сабақ тапсырмалары (2- семестр)
- •Қазыбек би (1667 – 1764)
- •Әйтеке би (1672 – 1737)
- •Ахмет Яссауи (XII ғасыр)
- •Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
- •Шоқан Уәлиханов
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Ұлттық байлық
- •Негізгі сөздікпен танысыңыз.
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Анықтама
- •Анықтама
- •Табиғатым – тал бесігім
- •Табиғат байлықтары
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Резюме-түйіндеме
Ұлттық байлық
Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле бастады. Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп- еңбекпен жасалынатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің қорын айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтылуы тиіс деп санайды. Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:
а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабаларының қалдырған барлық мұрасы.
ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.
б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады.
2- тапсырма. Сөздікпен танысыңыз.
Мұра - наследие ұғым - понятие
Байлық – богатство қор - фонд
Көне – древний, античный ұлттық мұра – национальное наследие
3-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз
1. Әдеби, мәдени, тарихи мұраларға нелер жатады деп ойлайсыз?
2. Елімізде қандай табиғи байлықтар бар?
3. Ата-бабадан қалған мұра деп нені түсінесіз?
Негізгі сөздікпен танысыңыз.
Жеке іс парағы- личный листок
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы- личный листок по учету кадров
Жұмысқа қабылдау- принять на работу
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағын толтыру-заполнить личный листок по учету кадров
Тек /тегі/ - фамилия
Аты-имя
Әкесінің аты-отчество
Азаматтығы-гражданство
Ұлты-национальность
Әлеуметтік тегі- социальное происхождение
Әлеуметтік жағдайы- социальное положение
Жынысы-пол
Білімі-образование
Мамандығы-профессия
Дәреже-степень
Атақ-звание
Ғылыми еңбек- научной труд
Өнертабыс-изобретение
Лауазым-должность
Жұмыс істеген жылдары-трудовой стаж
Сайланбалы органдар- выборные органы
Мәлімет- сведения
Марапаттау-наградить
Жариялау-обьявить
Міндетті-обязан
Резюме – резюме, түйіндеме, түйін
Ұсыным хат- рекомендательное письмо
Біліктілікті арттыру- повышение квалификации
Орта арнаулы- среднее специальное
Санат- категория
Мақсат-цель
Әскери міндеттімін-военнообязанный
Мағлұмат, мәлімет- сведения
Мекеме-учреждение
Ұйым-организация
Қылмыстық жауапкершілікке тартылған-привлечен к уголовной ответственности.
Партия мүшелігінде - член партии
4-тапсырма.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз және сөйлем құрыңыз.
Жеке іс-парағы, жұмысқа қабылдану, еңбек кітапшасы, мәліметтер, туған жылы, туған жері, азаматтығы, тегі, ұлты, диплом бойынша мамандығы, жынысы, ер, әйел, әлеуметтік тегі, отбасы жағдайы, ғылыми дәрежесі, атағы, марапаттары, жетік білу, еркін білу, жақсы білу, нашар сөйлеу.
Есте сақтаңыз! Жоғары ерекшелік белгілер: «Алтын қыран» ерекшелік белгісі, «Отан» ордені, «Халық қаһарманы» ерекшелік белгісі, «Даңқ» ордені, «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені, «Айбын» ордені, «Достық» ордені, «Ерлігі үшін» медалы, «Ерен еңбегі үшін» медалы, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалы. |
5-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз және бірнеше сөйлем құрыңыз.
Заполнить личный листок по учету кадров, трудовая книжка, социальное происхождение, специальность по диплому, место рождения, дата рождения, гражданство, диплом с отличием, среднее образование, ученая степень, ученое звание, научные труды, участие в выборных органах, имею государственное награды, имею воинское звание, время заполнения.
6-тапсырма. Төмендегі кәсіп, мамандық атауларының қазақша баламасын жазыңыз.
Врач-стамотолог, правовед-юрист, мажилисмен, директор фирмы, «Арай», председатель ТОО, первый заместитель министра, помощник ректора, главный специалист, младший научный сотрудник, ведущий специалист, старший преподаватель, начальник отдела, руководитель организации, заведующий кафедрой, оперативный работник, чрезвычайный и полномочный посол.
7-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құраңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Құптамаймын, туған жерім, жоғары оқу орны, әлеуметтік жағдай, ғылыми дәреже, ғылыми атақ, шетел, іссапар, лауазым, мекеменің мекен-жайы, қазіргі уақытта, отбасы жағдайы, жеке іс-парағы, қосымша мәлімет.
8-тапсырма. Төмендегі синонимдік қатарды толықтырып, доминант сөзді белгілеңіз.
Отбасы, жанұя, үйелмен, үй іші ------------
Мұғалім, оқытушы, ұстаз-----------
Нашар, жаман, онша емес------------
9-тапсырма. Төмендегі елді мекен атауларын қазақ тіліне аударыңыз.
Северо-Казахстанская область, Восточно-Казахстанская область, Южный регион, Алматинский район, Юго-восток, Микрорайоны, Мангистауская область, Меркенский район, Курчумский район, Чиликский район, аул Кажмукана, Оспановский сельский округ.
10-тапсырма. Мәтінді оқыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Бек Болатұлы Асаров, 1973 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі-жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Бек Болатұлы Асаров- 1973 жылғы наурыз айының 23 –інде Қазақстан Республикасының бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1990 жылы қазіргі Қазақ ұлттық университетінің заңтану факультетіне оқуға түсіп, оны 1995 жылы үздік дипломмен бітірген. 1995-98 жылдар аралығында аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші қызметін атқарды. Қазіргі таңда астана қаласындағы қалалық прокуратурасында аға тергеуші. 1998-2001 жылдар аралығында қызметтен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 2001 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Б.Б. Асаров- туыстары мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). 2-ші басылымы, қайта қаралған. Құр. Скала В.И., Скала Н.В. – Алматы, 2004.
Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. - Алматы, 2000.
Стенюков М.В. Делопроизводство. Конспекты лекции. - М, 2002.
Ақанова Д.Х., Алдашева А.,т.б. Ресми іскери қазақ тілі. 1,2,3 деңгей. Оқу кешені. Алматы, 2003.
Хасанов Б.Х. Ана тілі –ата мұра. Алматы, 1992.
Тіл саясатын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы. Ақтөбе, 2005.
№ 23-25 сабақ. Экономикалық тәуелсіздік. Ұсыныс. Мінездеме
Сабақтың мақсаты: Экономикалық тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Ұсыныс және мінездеме жаза білуге дағдыландыру, жазылу тәртібімен таныстыру, керекті сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
1-тапсырма. Мәтінмен танысыңыз.
Ел өмірінің ең басты өзекті саласы – экономика. Ол – адамның әл-ауқатының, қоғамдық байлықтың, мемлекеттің қуаттылығының басты көрсеткіші.
Экономикалық табысқа жету алғышарттары арасында пайдалы қазбалар байлығы, білікті жұмысшының күші пәрменді стратегиялық және ұзақ мерзімді саясат айрықша аталады. Сарапшылардың пікірінше, тәуелсіздік алғаннан бері дербес экономикалық саясат жүргізіп, бұрын-соңды болмаған аса ауқымды реформаларға жол ашқан Қазақстанда бұл үш фактордың үшеуі де бар.
Қазақстандағы экономикалық реформа бүкіл бұрынғы жүйені түбегейлі түрде өзгертіп, әлемдік тәжірибеде өміршеңдік танытқан нарықтық жүйеге көшуге негізделген. Осыған орай жеке меншік секторы ұлғайып, жекешелендіру аяқталып келеді. Иелік сезімнің күшейіп, адамдардың өз жағдайларын өздері жақсартуға деген құлшынысын іс жүзінде асыруына барынша мол құқықтық, ұйымдық және моральдық жағдай туғызылуы оң өзгерістердің орнығуына ықпал етуде. Макроэкономикалық деңгейдегі жетістіктер, толыққанды тауар рыногының жасалуы, шетелдік инвестицияларды көптеп тарту, ұлттық валютаны біршама тұрақтандыру мен қажетті құрылымдық өзгерістердің кең жүзеге асуы – ойға алған бағытта батыл қадамдар жасалғандығының белгісі.
Таяу жылдар ішінде елімізде басым жеке меншік секторын құру, жекешелендіруді аяқтау, сондай-ақ инфляцияны жою міндеттері шешілуге тиіс. ХХІ ғасыр басында-ақ реформалар нәтижелеріне негізделген елеулі экономикалық әлеуетті мемлекеттер қатарына көтерілді . Мысалы, мұнай өндіру жөнінде Қазақстан дүние жүзі бойынша алғашқы ондыққа ілігеді деп күтілуде. Экономикалық өрлеу – тәуелсіздігімізді нығайтудың бірден-бір жолы.
(Қазақстан – 2030. Менің Қазақстаным. Саяси әліппе, Алматы 1998. 8 бет)
2-тапсырма. Сөздікпен танысыңыз
Сала – область, отрасль
Өзекті – актуальный, стержневой
Көрсеткіш – показатель
Саясат – политика
Сарапшылар – эксперты
Дербес- персональный, личный
Түбегейлі – кординальный, основательный
Деңгей – уровень
Құрылымдық – структура
Жұмыссыздық – безработица
Болжамдар – предположения
Әлеуметтік – социальная
Қауымдастық – ассоциация
3-тапсырма. Сөйлем құрастырып, орыс тіліне аударыңыздар.
Ел
өмірінің игеру
Экономика
өндіріс басқару
тұрмыс-тіршілікті ең басты саласы
пайдалану
кепілі
Сапалы
өнім өндірістің
көзі
экономика тірегі
еңбек
етуді талап етеді
Күнделікті
тұрмыс үнемдеуді
керек етеді
жоспарлауды қажет етеді
мемлекетті
басқару үшін жеткізеді
Экономиканы
білу бақытқа
қажет
байлыққа апарар жол
4-тапсырма.Мінездеме жазуға қажетті негізгі сөздік:
Мәдениетті- культурный
Қатал-строгий
Жалқау-ленивый
Еңбекқор-трудолюбивый
Сараң-жадный
Мейірімді-добрый
Ұстанымды-сдержанный
Күлдіргі-смешной
Сұсты, қатыгез- суовый
Көңілді-веселый
Шыншыл-честный
әдемі-симпатичный
сұлу-красивый
өтірікші-лгун
жылпос /қу/ - хитрый
сауатты- грамотный
жан-жақты іскер- коммуникабельный
момын- тихий, спокойный
ұмытшақ-рассеянный
5-тапсырма.
Сіз – бөлім бастығысыз. Сіздің бөлімде қызмет атқаратын бір әріптесіңізге мінездеме жазыңыз. Ол туралы барлық мәліметтерді қамтуды ұмытпаңыз. Азаматтық хал-жағдайы, білімі, мамандығы, отбасы жағдайы, жеке басының қасиеттерін қоса ашып көрсетіңіз.
6-тапсырма. Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
Высококвалифицированный специалист, опытный начальник, пользующийся уважением среди своих коллег, национальность русский , знать в совершенстве, авторитетный, характерный, подписать характеристику, среднее специальное образование, коммуникабельный, в данное время, должность.
7-тапсырма .
Төмендегі ұсынысты толтырыңыз.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі
…. /қа, ке, ға, ге/
---------------------- басшылығы --------------------------------------
қызметіне бекіту үшін --------------------------------- ұсынады.
-------------------------------------- жылы туған, ұлты ---------------------------------------
білімі жоғары. -------------- жылы ------------------- мамандығы бойынша -----------
бітірген. Өзінің еңбек жолын ------------ жылы ------------------ болып табылады.
---------- жылдан ---------------- жылға дейін ---------------------- болып қызмет атқарды.
Қызметтестері арасында беделі жоғары, сыйлы. ------------- Міндетін атқара алады.
Бөлім бастығы: аты жөні.
Келісілді:
8-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Анықтамалар кімге берілген?
2. Не үшін берілген ?
3. Қайда тапсыру үшін берілген?
4. Анықтама кімнің атынан берілген?
9-тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз
Шын мәнінде, салық инспекциясы, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, 15- пәтердің тұрғыны, тапсыру үшін, оқу бөлімі, тұрғын үй, кадр бөлімі, анықтама әкелу, өз күшінде
10-тапсырма. Қатесін түзетіңіз.
-
Анықтама
Осы анықтама жолдас Жақыпов Жандос берілді. Жақыпов Жандос шын мәнінде Заң академиясының 3курс оқиды.
Анықтама Ғылым Академиясы берілді.
Оқу бөлімі А.Назарова
Үй тапсырмасы.
11- тапсырма. Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыз.
Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау үшін әскери комиссариатқа керек. Мекенжайы: Семей қ., Пушкин к-сі, 45-үй,12 - пәтер
Анықтама ұлттық кітапханаға Бақытова Айнұрдың әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде (3-курс) оқитынын растау үшін керек.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). 2-ші басылымы, қайта қаралған. Құр. Скала В.И., Скала Н.В. – Алматы, 2004.
2.Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. - Алматы, 2000.
3.Стенюков М.В. Делопроизводство. Конспекты лекции. - М, 2002.
4.Ақанова Д.Х., Алдашева А.,т.б. Ресми іскери қазақ тілі. 1,2,3 деңгей. Оқу кешені. Алматы, 2003.
5.Хасанов Б.Х. Ана тілі –ата мұра. Алматы, 1992.
6.Тіл саясатын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы. Ақтөбе, 2005.
№ 26-28 сабақ. Банк қызметі. Қажетті құжаттардағы даталар мен сандардың рәсімделуі
Сабақтың мақсаты: Банк қызметі туралы мәлімет беру. Қажетті құжаттар, олардың ресімделуі және олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру, сауаттылығын арттыру.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз.
Банк – ақша қаражатын жинақтайтын, несие беруші, ақшалай есеп айырысу жүргізетін, құнды қағаздар шығаратын, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер және жеке адамдар арасында делдалдық жасайтын мекеме.
Банктік жүйе - өндірістік инфрақұрылым. Өндіріс болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға береді.
Біздің елде банктік жүйе екі деңгейлі. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Ұлттық банктер бірінші, екінші деңгейдегі банктерді тексереді. Тіркейді. Әр банк ашылған сайын Ұлттық Банк лицензия береді. Ұлттық Банк басқа банктерді жиі тексереді. Банк жұмысы нашар болса, лицензияны қайтарып алып, оны жабады. Мысалы, Крамдсбанк.
Коммерциялық банктер екінші деңгейдегі банктерге жатады, неше түрлі – жеке де, акционерлік те болады.
Банктер қандай саясатты жүзеге асырады? Бірінші – инфляция болмас үшін. Ұлттық банк коммерциялық банктердің ақша айналымын үнемі тексеріп отырады. Ақша саясаты ақша айналымы заңын өмірге келтірген. Осы заңды ескермесек, үлкен инфляция болады. Ақша айналымы заңына Кеңес Одағы кезінде де қараған жоқ. неге десеңіз, ол қажетсіз болды. Ақша айналымы сферасы өте аз болды, тек қана тауар айналымында болды.
Түйіндеп айтатын болсақ, банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер кредит-несие саясатын жүзеге асырады.
Дүние жүзіндегі ең бай мекемелер, әрине банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктерден алатын кездері болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.
З.Күзекова, Г.Қарақұсова. Қазақ тілі, Алматы, «Қаржы-қаражат», 1997 ж. (68-75 б.б.).
2-тапсырма. Сөздікпен танысыңыз
Ақша саясаты – денежная политика
Бағам – курс
Банктік жүйе – банковская система
Деңгей – уровень
Есеп ашу – открыть счет
Заңды тұлға – юридическое лицо
Салым – вложение
Қатынас – связь
Өнімділік – производительность
3-тапсырма. Төменде берілген сызба бойынша мәтін құрастырыңыздар.
Қазақстан
ұлттық банкінің негізгі міндеттері
Ұйымдастыру Қамтамасыз
ету Мүддесін
қорғау
Қазақстан
ұлттық банкінің қызметтері
ҚР
мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізу ҚР
қолданылатын банкнота мен монетаны
эмиссиялау Банктердің
банкісі қызметін атқару Үкіметтің
және мемлекеттік органдардың банкі
және агенті қызметін атқару
Банктердің
ісін бақылау және
қадағалау Валюталық
реттік қызметі Елдің
алтын валюта қорларын
басқару
4-тапсырма. Реттік сан есімдер арқылы жасалатын күрделі тіркестердің дәстүрлі емле бойынша қалыптасқан бірнеше ерекшеліктерін есте сақтаңыз.
а) реттік санды білдіретін араб цифрына –ншы, /- нші,-ыншы,-інші/ қосымшаларды дефис арқылы жалғанып, анықталушы сөзбен тіркеседі.Мыс: 1-бап /бірінші бап/
б) Араб цифры мен анықталушы сөздің арасына қойылатын дефис реттік сан есімді білдіреді.Мыс: 40-үй. /қырқыншы үй/
с) Ай, жыл аттарынан кейін дефис қойылмайды. 1998 жыл /бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жыл/
д) рим цифрымен берілген сан есімдер дефиссіз жазылады. ІІ тарау /екінші тарау/
5-тапсырма. Құжат даталарының жазылуына назар аудара отырып, сөйлем жазыңыз.
6-тапсырма. Құжат сөзімен тіркесіп келетін сөздерге назар аударып, сөйлем құрыңыз.
Дипломатиялық құжат, қажетті құжат, ескі құжат, жаңа құжат, жалған құжат, төлқұжат, құжатты айырбастау, құжатпен келу, құжатты толтыру, құжатты жоғалту.
7-тапсырма. Өзіңіздің болашақ мамандығыңыздың негізгі міндеті - … . Оның себебі… . … міндеттімін. Тек … өз міндетімді орындадым деп есептеймін. Ол үшін … тиіспін.
8-тапсырма. Сіздің еліңіздің басшысы басқа елдің басшысымен кездесті. Осы туралы ресми хабар жазыңыз.
… кездесті. Екі ел басшысы … . Кездесуге … қатысты. Президенттер … туралы келісімге қол қойды. … ризашылығын білдірді. … қонақасы берілді.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). 2-ші басылымы, қайта қаралған. Құр. Скала В.И., Скала Н.В. – Алматы, 2004.
2.Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. - Алматы, 2000.
3.Стенюков М.В. Делопроизводство. Конспекты лекции. - М, 2002.
4.Ақанова Д.Х., Алдашева А.,т.б. Ресми іскери қазақ тілі. 1,2,3 деңгей. Оқу кешені. Алматы, 2003.
5.Хасанов Б.Х. Ана тілі –ата мұра. Алматы, 1992.
6.Тіл саясатын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы. Ақтөбе, 2005.
№ 29-31 сабақ: Салық. Ақша қызметі. Өтініш.Арыз.
Сабақтың мақсаты: Салық, салықтың түрлері жөнінде ақпарат беру, салық саясаты, салық жинау процесі туралы мағлұмат беру. Ақша қызметі жайында ұғым-түсініктерін қалыптастыру.Іс қағаздарының түрі өтініш пен арыз туралы түсінік беру. Сөздік қорын молайту.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Салық - ұлттық кірісті бөлуді және қайта бөлуді қаржылай қамтамасыз ететін нысандарының бірі болып табылатын, мемлекеттің кәсіпорындардан, ұйымдардан және халықтан алынатын төлем түрі.
Жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосымша құнға салынатын салық - өнімнің тиімділік дәрежесіне тәуелді салық; тауарды өндіру; жұмысты орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналыс үрдісінде қосылған құн өсімнің бір бөлігінің бюджетке аударымы; сондай-ақ мемлекет аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым; акциз салығы – елде өндірілетін және шеттен импортталатын кейбір негізгі азық-түлік тауарларына, көпшілік тұтынатын заттарға және қызметтер көрсетуге салынады. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық – бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуына байланысты операция жүргізуші, сондай-ақ олардың эмиссиясын жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салық төлеушілер болып табылады, жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық – геологиялық зерттеулермен, пайдалы қазбаларды шығарумен байланысты төлем.
Жергілікті салықтарға жататындар жер салығы – оның объектісі жер учаскесі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы, елді мекендегі, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де мақсаттағы, сауықтыру және қалпына келтіру мақсатындағы, орман қорының, су қорының жері. Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет есебінде тұрған, меншік иесі, меншікті сенім білдіріп басқару, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы көлік құралдары бар заңды және жеке тұлғалар, көлік құралдарына салынатын салық төлемшілері болып табылады. Мүлік салығы – жеке мүлікке салынатын салық. Салық декларациясы - өткен мерзімде ашылған кірістерді және оларға қатысты салық жеңілдіктері мен шегерімдері туралы төлеушінің ресми мәлімдемесі. Салық салу – салықтармен есеп айырысу жүйесі және оларды төлеу нысандары.
Салық ставкалары – процент түрінде белгіленеді. Салық ставкаларының үш түрі бар. Бірінші түрі – прогрессивтік салық ставкасы. Бұл салық жағдайында кірістің көбеюіне қарай норма өсіп тұрады. Бұл түрімен көпшілік таныс. Табысыңыз көбейген сайын, салық та көбейеді. Мысал үшін Қазақстан Республикасы азаматтары үшін салынатын табыс салығын алайық, қазірше жоғары ставка 40%. Екінші түрі пропорционалды салық ставкасы. Бұл жағдайда негізгі кіріске қарамастан белгілі бір норма пайдаланылады. Бұл түрімен де біздің халқымыз жақсы таныс. Пропорционалды салық ставкасының мөлшері табыспен өлшенбейді және оған тәуелді емес. Мысалы, коммерциялық фирма немесе банкілерге салынған пропорционалды салық мөлшері фирмалардың табысының азды-көптігіне байланысты емес. Салық ставкасының үшінші түрі – регрессивтік түр. Салық ставкасының бұл түрі біздің елдің салық заңдарында қолданылмайды. Өте бай мемлекеттерде салықтың бұл ставкасы қолданылады.
(З. Күзековадан)
Сөздік
салық – налог
салық салу – налогооблажение
табыс салығы – подоходный налог
бағалы қағаздарға салынатын салық – налог на ценные бумаги
жеке тұлға – частное лицо
жол салығы – налог на дорогу
заңды тұлға – физическое лицо
мүлік салығы – налог на имущество
төлем – оплата
жер салығы – налог на землю
2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыздар.
Салық мемлекеттің ... .
Табыс салығы ... .
Жер салығы ... .
Көлік салығы ... .
Мүлік салығы ... .
Құнды қағаздарға салық ... .
Отандық салық ісін жүргізу ... .
3-тапсырма. Мына терминдердің қазақша баламасын беріңіздер.
Подоходный налог, налог на ценные бумаги, отечественные налоговедение, прямые налоги, налог с дарений, налог на страхования, налог на передачу акции, налог на иностранную валюту, налог на автотранспортные средства, двойное налогооблажение.
4-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыздар.
Жер салығы, жергілікті салық, мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет, заңды тұлға, жеке тұлға, қосымша құнға салынатын салық, салық саясаты, салық ставкалары, мүлік салығы, табыс салығы, бағалы қағаздарға салынатын салық.
5-тапсырма. Сөз тіркестерінің дұрыс сыңарын тауып, сөйлем құрастырыңыз дар.
|
экономика жүйесі қызметкері тұлға төлеу заңдылықтары өзгеріс салығы жауаптары қызмет салығы жарнамалары қожалықтары қоры игіліктер
|
6-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.
Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты- в связи с переходом на другую работу;
Отбасы жағдайыма байланысты- по семейным обстоятельствам;
Денсаулығыма байланысты – в связи с состоянием здоровья;
Кезекті демалыс – очередной отпуск;
Кезектен тыс демалыс – внеочередной отпуск;
Еңбекақысыз демалыс – отпуск без содержания;
Материалдық көмек беруіңізді- оказать материальную помощь;
өтінішті қанағаттандыру- удовлетворить заявление
өтініштің мазмұны – содержание заявления
7-тапсырма. Төмендегідей жағдайларға байланысты өтініш жазыңыз.
-жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты, кезекті демалыс сұрау, кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу, жалақыны көтеру туралы өтініш айту.
8-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Кезекті демалысқа шығу, өтініш жазу, кезектен тыс демалыс, рұқсат ету, еңбекақысыз демалыс, осы жылдан бастап, екінші тоқсаннан бастап, айдың ортасында, асқарма бастығының атына, бас маман, жетекші маман.
9-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
Ему не наадо писать письмо, мне необходимо прочитать книгу, вам не надо говорить, ей нужно принять этого человека, надо регистрировать документы, подписать заявление, по графику, ему разрешено использовать отдыых, им необходимо уйти в очередной отпуск, нам надо идти на заседание.
10-тапсырма. Сөз тіркестерін толықтырыңыз.
Жұмыс істе… , қызмет атқар… , жұмыс аяқтал… , кезекті демалыс шық… , құжаттарды тапсыр… , хабарландыруды оқы… , бөлім бастығы рұқсат ет… , алқа жиын бастал… .
11-тапсырма. Сөздердің сәйкес аудармасын табыңыз.
Арыз – подать жалобу
Арыз иесі – выразить жалобу
Арыз жазу- в соответствии с жалобой
Арыз айту- податель жалобы
Арыз беру- жалоба
Арыз бойынша – содержание жалобы
Арыздың мазмұны- писать жалобу
12-тапсырма. Төмендегі өтініш білдіру үшін қолданылатын сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыз.
- Аса қажет болғандықтан … … өтініп сұраймын.
-Осы мәселенің дұрыс шешілуіне…
Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймыз.
Келіп түскен … … анықтауыңыызды сұраймыз.
… көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз.
13-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып өтініш, арыз құрастырыңыз.
сұраймын, өтінемін, талап етемін, жәрдемақы, қызметке алу, қызметтен босату, қаржылай көмек.
14-тапсырма. Сөз тіркесінің сәйкес сыңарын табыңыз.
Қаржылай мазмұны
өзекті тарату
арыздың мәселелер
домалақ заң
әділетті беру
өтініш арыз
ақпарат көмек
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). 2-ші басылымы, қайта қаралған. Құр. Скала В.И., Скала Н.В. – Алматы, 2004.
Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. - Алматы, 2000.
Стенюков М.В. Делопроизводство. Конспекты лекции. - М, 2002.
Ақанова Д.Х., Алдашева А.,т.б. Ресми іскери қазақ тілі. 1,2,3 деңгей. Оқу кешені. Алматы, 2003.
Хасанов Б.Х. Ана тілі –ата мұра. Алматы, 1992.
Тіл саясатын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы. Ақтөбе, 2005.
№ 32-34 сабақ. Қазақстанның географиялық орны. Өкімдік құжаттар. Бұйрық. Бұрыштама
Сабақтың мақсаты: Өкімдік құжаттармен таныстыру. Бұйрық және бұрыштаманың мазмұнымен таныстыру.
1-тапсырма. Мәтінмен танысыңыз.