- •Практикалық сабақ тапсырмалары (1-семестр)
- •Дара сөздер мен күрделі сөздер
- •Қазақстанның табиғат жағдайы
- •Көктем мінезі
- •Табиғатты қорғау
- •Табиғат байлықтары
- •Бурабай, Зайсан, Алакөл сияқты Қазақстанның атақты көлдері
- •Ақсу-Жабағылы қорығы
- •Сын есімнің мағыналық түрлері
- •Мағыналық түрлері
- •Шылау сөздер туралы түсінік
- •Шылаудың түрлері
- •Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
- •Оқудағы балалардың үйлеріне жазған хаттарынан
- •Есімдіктің түрлері
- •С) Аса бай кен орны
- •Ақыл, қайрат, жүрек және ғылым
- •Көсемше
- •Глоссарий
- •Қазақ мемлекеті
- •Үстеудің құрамдық түрлері
- •Үстеудің мағыналық түрлері
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Сан есімнің түрлері
- •Практикалық сабақ тапсырмалары (2- семестр)
- •Қазыбек би (1667 – 1764)
- •Әйтеке би (1672 – 1737)
- •Ахмет Яссауи (XII ғасыр)
- •Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
- •Шоқан Уәлиханов
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Ұлттық байлық
- •Негізгі сөздікпен танысыңыз.
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Анықтама
- •Анықтама
- •Табиғатым – тал бесігім
- •Табиғат байлықтары
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Резюме-түйіндеме
Кәсіби бәсекелестік
Кәсіпкерлік – кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген экономикасы дамыған елдерде 10 кәсіпорынның тоғызы кіріп отырады.
Жоғарғы сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай жасалған техника мен технологиялар ғана экономиканы көтереді. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта түседі.
АҚШ ғалымдарының зерттеулері бойынша ірі серіктесушіліктерге қарағанда шағын фирмаларда 2,5 есе көп жаңалық ашылады екен. Өнеркәсіптегі жетістіктердің 50% шағын кәсіпкерлік негізінде ашылған.
Бізде әр адам заңмен рұқсат етілген кез келген серіктесушілікті құра алатын еркін экономикалық жүйе әрекет етеді. Сондықтан қандай да бір тауар белгілі бола бастаса, онда көптеген адамдар осы тауарды өндіру үшін бір-бірімен барлық күшімен күресе бастайды.
Бәсеке өте маңызды, қарсылас болмаса, нарықты кеңейтіп, жаңа жаңалықтар енгізуге ынта бола қоймайды. Бәсеке жоқ кезде, кәсіпкерлік өз деңгейінде дамымайды.
Кәсіби бәсекелестік болған жағдайда ел экономикасы гүлденіп, жақсы дамитыны сөзсіз
3-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Кәсіпкерлік дегенді қалай түсінесіз?
2. Адамдар қандай жағдайда күресе бастайды?
3. Бәсеке мен бәсекелестік ерекшеліктері қандай?
4-тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен тіркестіріңіз
кәсіби сапалы
көп күшімен
барлық ел
шағын жағдай
әлеуметтік фирмалар
дамыған бәсекелестік
жоғары жаңалық
5-тапсырма. Сан есімнің түрлерімен танысып, есте сақтаңыздар.
Сан есімнің түрлері
|
4. Болжалдық сан есім (қанша? неше? қай шама? қаншадан?) Мысалы: мыңдаған, отыз жетілерде, еле-елу бестерде, отызға жуық, жүз шақты, т.б. |
|
5. Топтау сан есім (нешеден? қаншадан?) дара + шығыс септігі қосарланған Мысалы: үштен, төрт-бестен, т.б. |
|
6. Бөлшектік сан есім үштен екі Жай бөлшек екінің бірі үш жарым Ондық бөлшек екі бүтін оннан үш |
|
1
С А Н
Е С І М Н І Ң
Т Ү Р Л Е Р І
(қанша? неше?) Мысалы: алты, он үш, он бес, т.б.
|
|
2. Реттік сан есім (нешінші?) Есептік + ыншы, -інші – бес-інші. Цифр +дефис 6-қатар Рим цифр + дефиссіз ІІ том
|
|
3. Жинақтық сан есім (нешеу?) 1-7 + ау, -еу Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу;
|
6-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі сан есімдерді тиісті орнына қойыңыз:
1. ... ала болса
Ауыздағы кетеді.
... түгел болса
Төбедегі келеді.
2. ... рет өлшеп, ... рет кес.
3. Жігітке ... өнер де аз.
4. ... жисаң асады,
... де жисаң жетеді.
5. Жігіттің ... сөйлегені өлгені.
6. ... теңгең болғанша,
... досың болсын.
7... атасын білмеген жетесіз.
8. ... атасын білген ұл, жеті рудың қамын жер.
9. ... түсін білгенше, ... бірдің атын біл.
10. У ішкен ... өледі, ант ішкен ... өледі.
7-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
1. Қырқына шыдап, қырық бірі қалғанда.
2. Әйелдің қырық жаны бар.
3. Отызда орда бұзбаған, қырықта қырдан аса алмайды.
4. Сегіз қырлы, бір сырлы.
5. Арсыздың айты алты күн.
6. Бес саусақ бірдей емес.
7. Жақсы адам қырқында толады,
Жаман адам қырқында солады (Хороший человек в 40мудреет, непутевый 40 линяеет).
8-тапсырма. Төмендегі сан есімдерді мағыналық топтарына қарай бөліп, жазыңыз.
оныншы, жүз, төртеу, бес-алты, он-оннан, төрттен үш, бір, бесінші, сегіз-тоғыз, үш-үштен, қырық-елу, үштен бір, тоғыз, алтау, бес-бестен, жүзге жуық, алпыстай.
9-тапсырма. Дара және күрделі сан есімдерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.
10-тапсырма. Төмендегі санға байланысты жұмбақтарды ойланып, дұрыс шешімін табыңыздар:
1.Білімі жетсе шамасы,
Алатын алар аласы.
Бір мен бестің арасы.
2.Он екіге жетіп,
Жүрген кері кетіп,
Ағайынды он екі,
Бір атаның әулеті.
3.Ағайынды жетеуінің,
Бесеуінің жұмысы бар,
Жұмысы жоқ екеуінің.
4.Ақ киімді біреуі,
Сары киімді біреуі
Көк киімді біреуі,
Әлем-жәлем киімі
Тағы бірі жүреді.
Үш жүз алпыс бес,
Үш жүз алпыс алты
Әр жылдағы қалпы.
11-тапсырма. Санмен жазылған уақыт көрсеткіштерін, сөзбен жазылғандарымен сәйкестендіріңіздер.
1) 10:55 Сағат он бірге жиырма төрт минут қалды.
2) 15:45 Сағат он екіден бес минут кетті.
3) 22:36 Сағат тоғыздан он бір минут кетті.
4) 10:00 Сағат бес минутсыз он бір.
5) 09:11 Сағат он бірден он бес минут кетті.
6) 12:05 Сағат төртке он бес минут қалды.
7) 11:15 Сағат он болды.
12-тапсырма. Төмендегі жауаптарға сұрақ қойып, жазыңыздар.
1.Жұмыс сағат 09.00-де басталады.
___________________________________________ ?
2.Дәмхана кешкі сағат 21.00-ден бастап жұмыс істейді.
_____________________________________________?
3.Сәрсенбі күні сағат 15.30-да жиналыс болады.
_______________________________________________?
4.Жексенбі күні сағат 19.00-де «Жастар сарайының» алдында жиналамыз.
______________________________________________?
5.Сағат 17.20-да шаштаразға кезекке жазылып қойдым.
_______________________________________________?
13-тапсырма.Төмендегі тапсырманы орындаңыздар:
1.Мына цифрларды сан атауымен жазыңыз: 1- …, 2- …, 3 - …, 4 -…, 5 - …, 6 -…, 7 -…, 8 -…, 9 - ….
2.Мына сан есімдерге реттеу, жинақтау, топтау сан есімдерінің жалғауларын қосып, сөзбен жазыңыздар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.
3. Мына сан есімдерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар: алтау, жетінші, жүзге жуық, бес-бестен, үштен екі, сегіз.
14-тапсырма. Төмендегі Бұхар жыраудың толғауын мәнерлеп оқыңыздар және мәтіндегі түсініксіз сөздерге қысқаша сөздік жасаңыз.
Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай,
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен,
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы-мұңлы күн екен,
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасыңда
Ажалдан басқа жоқ екен.
15-тапсырма. Төмендегі мәтінді жаттап, рөлдерге бөліп сахналық қойылым жасаңыз.
Төле би: - Сөз танығыш жастарға айтатын он түрлі жұмбағым бар.
Әйтеке: - Айтыңыз, ұлы аға.
Төле би: - Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Қазыбек: - Ұлы аға бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: - Рұқсат, қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат!
Қазыбек: - Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз – үш бұтаққа бөлінген ел жаман.
Төрт дегеніңіз – төсектен безген жас жаман.
Бес дегеніңіз – белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніңіз – асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегеніңіз – жесір қалған жас жаман.
Сегіз дегеніңіз – серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніңіз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегеніңіз – оңалмас кәрілікке, дауа болмас деген сөзіңіз, ұлы аға!
Төле би: - Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Ескерту: практикалық сабақта орындалатын әр тапсырма 20 балл тапсырма саны - 15
Үй тапсырмасы (100 балл)
Блиц-тест
1. Заттың санын дәл атамай, болжамды, шамамен көрсететін сан есім қалай аталады?
а) реттік сан есім б) есептік сан есім с) болжамдық сан есім д) бөлшектік сан есім е) жинақтық сан есім
2. Заттың санын жекелеп атамай, топтап көрсететін сан есім қалай аталады?
а) бөлшектік сан есім б) есептік сан есім с) реттік сан есім д) болжалдық сан есім е) топтау сан есім
3. Заттың сандық бөлшегін білдіретін сан есім қалай аталады?
а) болжалдық сан есім б) реттік сан есім с) есептік сан есім д) бөлшектік сан есім е) жинақтық сан есім
4. Заттың жинақталған санын білдіретін сан есім қалай аталады?
а) реттік сан есім б) есептік сан есім с) жинақтық сан есім д) бөлшектік сан есім е) болжалдық сан есім
5. Табыс жалғауы сөзді керек етіп тұратын етістік қалай аталады?
а) болымды етістік б) болымсыз етістік с) сабақты етістік д) салт етістік е ) көмекші етістік
6. Табыс жалғауы сөзді керек етпей тұратын етістік қалай аталады?
а) негізгі етістік б) көмекші етістік с) салт етістік д) сабақты етістік е) болымды етістік
Бақылау сұрақтары:
Сан есім нені білдіреді?
Сан есімнің қандай мағыналық түрлерін білесіз?
Қандай етістік сабақты етістік деп аталады?
Қандай етістік салт етістік деп аталады?
Табыс жалғаулы сөзді керек етіп тұратын етістік қалай аталады?
Глоссарий
Сабақты етістік – табыс жалғаулы сөзді керек етіп тұратын етістік.
Салт етістік – табыс жалғаулы сөзді керек етпей тұратын етістік.
Дара етістік – бір сөзден тұратын мағыналы етістік.
Күрделі етістік – екі мағыналы етістіктен жасалып, күрделі қимылды білдіреді.
Әдебиеттер:
1.Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаева Б. Практикалық қазақ тілі, А, 1993 ;
2.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары, А, 1989;
3.Балақаев М., Қордабаев Т., Ысқақова А. Қазақ тілінің грамматикасы, А ;
4.Тайсюганова Г., Рахмет З. Қазақ тілі. Қызықты грамматика. Алматы: Алматы кітап, 2007. – 160.
5.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Жоғары оқу орындары филология, журналистика факультеттері студенттеріне арналған хрестоматиялық оқу құралы. (Құрастырған М.Мағауин). Алматы: Ана тілі, 1993. – 176.
6. Мұсабекова А., Тілешова К., Сағымбаева Ұ., Төлепбергенова Л., Әріпбекова Г. Қазақ тілі . Бес деңгейлік оқу құралы. – Алматы: Нұр-принт -75, 2007.-208.
43-45 сабақ. Аралық бақылау
1-семестр
Бірінші және екінші аралық бақылау формасы - компьютерлік тест
1-аралық бақылау үшін тест сұрақтары
1. Қатаң дауыссызға аяқталған сөзге қосымша қалай жалғанады?
2. Тек жіңішке дауыстылармен тіркесетін дауыссыздар?
3.Орфография дегеніміз не?
4.Орфоэпия дегеніміз не?
5.Сөздерді қандай жағдайда тасымалдауға болмайды? Нақты мысалдарды келтіре отырып, заңдылығын айтыңыз.
6.Қазақ тіліне ғана тән дауысты дыбыстарды көрсетіңіз?
7.Қазақ тілінде қанша әріп бар ?
8.Ілгерінді ықпал дегеніміз не?
9.-лар, -лер жалғауы қандай дыбысқа аяқталған сөздерге жалғанады?
10. Көмекші есімдер дегеніміз не?
11. Кірме сөздер туралы не білеміз?
12.Көнерген сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
13.Оқшау сөзге қандай сөздер жатады?
14. Қыстырма (вводные) сөздің тыныс белгісі қандай?
15. Неологизмдерді табыңыз?
16. Қазақстан өз егемендігін қай жылы алды?
17.Тілдің негізгі қызметі қандай?
18. Азамат сөзінің аудармасы?
19. Үндестік заңы дегеніміз не?
20.Қандай сөздерде «й» қосарлы /ый/ дыбыстарын таңбалайды? Мысал келтіріңіз.
21.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөздерге мысал келтіріңіз.
22. Септіктер туралы не білеміз?
23.Ілік септігінің жалғауы қай сөзге жалғанған?
24.Табыс септігі жалғанған сөзді белгілеңіз?
25. Буын үндестігі дегеніміз не?
26.Үнді дауыссыз дыбыстарды табыңыз?
27. Жуан дауыстыларды көрсетіңіз?
28.Фразеологизм дегеніміз не? Анықтамасын айтып, нақты мысалдар келтіріңіз.
29.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
30.Қатаң дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз
31.Үнді дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.
32. Қазақ тілі туралы айтылған ғалымдардың пікірлерін айтыңыз.
33.Біріңғай жуан буыннан тұрған сөздерге мысал келтіріңіз.
34. «Жігерсіз адам» сөз тіркесінің аудармасын табыңыз.
35. «Ештен кеш жақсы» мәтелінің мағынасын түсіндіріңіз.
36.Барыс септігінде тұрған сөздерге мысал келтіріңіз.
37.Зат есімнің сұрақтары қандай?
38.Антоним дегеніміз не?
39.Омоним дегеніміз не?
40.Синоним дегеніміз не?
41.Оқшау сөзге не жатады?
42. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы не білеміз?
43.Фонетика нені зерттейді?
44. Сөз таптары дегеніміз не? Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
45.Көмекші есімдердің қызметі қандай?
46. Одағай неше топқа бөлінеді?
47.Ақтөбедегі өнеркәсіптің қандай түрлерін білеміз?
48.Ненің қатысына қарай дыбыс жуан, жіңішке болып бөлінеді?
49.Тілдегі әріптердің барлық жиынтығы, олардың тізілу реті қалай аталады?
50.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
51.Қысқарған сөздер тобын көрсетіңіз.
52.Күрделі, тіркесті зат есімді табыңыз?
53.Туынды зат есімді көрсетіңіз?
54.Сын есім құрамына қарай қандай түрге бөлінеді?
55. Салыстырмалы шырайдағы сын есімді көрсетіңіз.
56. Сын есім дегеніміз не?
57.Күрделі сын есімдерге мысал келтіріңіз.
58.Қатыстық, дара, туынды сын есімдерді көрсетіңіз.
59. Реттік сан есім дегеніміз не?
60.Жинақтау сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.
62.Есім сөз табының орнына жұмсалатын сөз табы.
63.Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.
64.Жіктеу есімдігі қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
65.Болымсыздық етістіктерін көрсетіңіздер.
66.Топтау сан есімдеріне мысал келтіріңіз.
67.Бөлшектік сан есімдер дегеніміз не?
68.Сабақты етістік дегеніміз не?
69.Ұяң дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.
70.Сын есімнің неше шырайы бар?
71.Үстеу мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
72.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
73.Өзгелік етіс қандай жұрнақ арқылы жасалады?
74.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
75.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.
76.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
77.Етістіктің неше шағы бар?
78.Өзгелік етіс деген не?
79.Ортақ етістің жұрнағын көрсетіңіз.
80.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша жалғанған сөздерге мысал келтіріңіз.
81.Туынды етістіктерге мысал келтіріңіз.
82. Рай неше түрге бөлінеді?
83.Елітеуіш сөздердің анықтамасын айтыңыз.
84.Мемлекеттік рәміздер туралы не білесіз?
85.Күшейтпелі үстеулерге мысал келтіріңіз.
86.Зат есім тұлғасына қарай қандай түрге бөлінеді?
87.Дерексіз зат есімдерді көрсетіңіз.
88.Етістіктен зат есім тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.
89.Туынды зат есімді табыңыз.
90.Сын есімді тіркесті көрсетіңіз.
2-аралық бақылау үшін тест сұрақтары
1.Болжалдық сан есім дегеніміз не?
2.Зат есім-зат есім үлгісімен құралған сөз тіркесіне мысал келтіріңіз.
3.Жедел өткен шақтың жұрнағын көрсетіңіз.
4.Қалау райдың жұрнағын көрсетіңіз.
5. Өзіндік етістің жұрнағын табыңыз.
6. Шылау дегеніміз не?
7.Әнұранның әнін жазған кім?
8.Шартты райдағы етістікті табыңыз.
9.Сын есімнің мағыналық түрлеріне мысал келтіріңіз.
10.Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз.
11.Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалға мысал келтіріңіз.
12.Бірыңғай бітеу буынды сөздерді көрсетіңіз.
13.Жуан дауыстылардан болған буынды сөзді көрсетіңіз
14.Біріңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз
15.Омонимдерге мысал келтіріңіз.
16.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
17.Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
18.Ауыспалы мағыналы сөздерді көрсетіңіз.
19.Көмекші есім дегеніміз не?
20.Етістіктің ауыспалы өткен шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
21.Сан есімді тіркесті көрсетіңіз.
22.Одағай дегеніміз не?
23.Сингорманизм дегеніміз не?
24.Одағай неше түрге бөлінеді?
25.Ашық буыннан жасалған сөзді көрсетіңіз.
26.Бітеу буынды сөздерге мысал келтіріңіз.
27.Біріңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
28. «Ұлы сөзде … … » деген мақалдың жалғасын табыңыз.
29. «Ана тілің-арың» деген өлең жолдарының авторы кім?
30.Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз.
31.Зат есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
32.Есімдік неше түрге бөлінеді?
33.Етістіктің шақтарына мысал келтіріңіз.
34.Есімше дегеніміз не? Жұрнақтарын жазыңыз.
35 Көсемше дегеніміз не? Жұрнақтарын жазыңыз.
36.Өзгелік етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
37. Бейнелеуіш сөздерге мысал келтіріңіз.
38. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
39 Ілгерінді ықпал байқалатын сөзді табыңыз.
40.Қай кезден бастап Қазыбек би Қаз дауысты Қазыбек би деп аталды?
41.Қай сөзде «и» қосарлы /ый/ дыбыстарына таңбалайды?
42.Қай сөзде «у» дыбысы дауыссыз?
43.Жіктік жалғауын көрсетіңіз?
44.Қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті аспабы қалай аталады?
45. Кейінді ықпал байқалатын сөзді табыңыз.
46. Кейінді ықпалдағы сөзді белгілеңіз.
47.Кейінді ықпалды табыңыз.
48.Тек жуан дауыстылармен тіркесетін дауыссыздар.
49.Тәуелдік жалғауын көрсетіңіз
50.Үндестік заңына /закон сингорманизма/ бағынбайтын қосымша.
51.Абай Құнанбаевтың туған облысы.
52.Орыс тілінен енген сөзді көрсетіңіз.
53.У дыбысының дауысты дыбыс орнына жұмсалып тұрған мысалын табыңыз.
54.Еліктеуіш сөздер дегеніміз не?
55.Белгісіздік есімдігін табыңыз?
56.Осы шақта тұрған етістігі бар сөйлемді белгілеңіз?
57.Екпін түспейтін сөздер қатарын көрсетіңіз.
58.Қысаң, езулік дыбыстарға мысал келтіріңіз.
59.Есімше тұлғалы етістікті табыңыз.
60.Дерексіз (абстрактное) зат есімді табыңыз.
61.Сөз басында кездеспейтін дыбысты табыңыз.
62.Есімдіктің мағыналық түрін анықтаңыз.
63. «Суға батпайды, отқа жанбайды» жұмбағының шешуін табыңыз.
64.Жатыс септігінің жалғауларын белгілеңіз.
65.Етістіктен зат есім тудырғыш жұрнақты көрсетіңіз.
66.Қазақ тілінің екпін заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.
67.Қазақ тілінде екпін көбіне қай буынға түседі?
68.Бір сөздің бірнеше мағынаны білдіруі қалай аталады?
69.Көмекші етістіктің қызметі қандай?
70. «Шық бермес Шығайбай» деп қандай адамды айтады?
71.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
72.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
73.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз?
74.І дыбысының жазылуын анықтаңыз.
75.Сын-қимыл үстеуін көрсетіңіз.
76.Зат есім тұлғасына қарай қандай түрге бөлінеді?
77.Сын есімді тап.
78.Мамандық түрін белгілеңіз.
79.Туынды зат есімді көрсетіңіз.
80.Туынды зат есімді (производные существительные) табыңыз.
81.Көмекші етістікті табыңыз.
82.Туынды етістікті табыңыз.
83.Одағай қатысып тұрған сөзді белгілеңіз.
84.Тіл туралы нақыл сөзді белгілеңіз.
85. «Ана тілі отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіз?
86.Көмекші болып қызмет атқаратын есім сөздер қалай аталады?
87. Шектес, шекаралас сөздерінің синонимін табыңыз.
88.Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.
89.Қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді тап.
90.Мағынасы бар сөзді белгілеңіз.
91. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.
92. Жуан дауысты сөзде кездесетін дауыссыз дыбыс.
93.Жіңішке дыбысты сөзде ғана кездесетін дауыссыз дыбыс.
94. Туынды зат есімді жасайтын жұрнақтарды белгілеңіз.
95. Туынды сын есімді жасайтын жұрнақты табыңыз.
96.Белгісіздік есімдігін табыңыз.
97.Негізгі етістікті табыңыз.
98.Дара сын есімді табыңыз.
99.Болжалдық сан есімді табыңыз.
100.Күрделі сын есімді табыңыз.
2-семестр
