Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

Көне Греция

  • Акрополь – қаланың бекітілген орталық бөлігі, әдетте төбешікте.

  • Гекзаметр - өлең жазудағы әдеби өлшем түрі.

  • Гигантомания – ірі мөлшерде етіп жасауға ұмтылу.

  • Идиллия – табиғат фонындағы тыныш өмірді бейнелейтін поэтикалық шығарма.

  • Капитель – колоннаның жоғарғы бөлігі.

  • Кентавр – жартылай адам, жартылай жылқы.

  • Комедия – күлкілі сюжеті бар драмалық шығарма.

  • Периптер – колонналармен қоршалған.

  • Портик – ғимаратқа жақын орналасқан және колонналармен қоршалған төбесі жабық галерея.

  • Трагедия – Жеке немесе қоғамдық катастрофаны бейнелейтін және әдетте бас кейіпкердің қазасымен аяқталатын драмалық шығарма.

  • Трохей - өлең жазудағы әдеби өлшем түрі.

  • Хор - әншілер тобы.

  • Элегия – қайғыға толы лирикалық шығарма.

  • Эпиграмма – қысқа сатиралық шығарма.

  • Эталон – үлгі.

  • Ямб - өлең жазудағы әдеби өлшем түрі.

Көне Рим

  • Арка – үлкен қақпа ретінде жасалған құрылыс.

  • Базилика – ішінде ұзыннан екі қатар колонналары бар ұзын тік төртбұрыш түріндегі храм.

  • Бетон – құрылыс материалы.

  • Бюст – адамның басы және денесінің жоғарғы жағы бейнелеген мүсін.

  • Галерея – ғимараттың екі бөлігін байланыстыратын тар жабық құрылыс.

  • Грамматика – тіл құрылысы туралы ғылым.

  • Квадрига – төрт ат жегілген екі дөңгелекті арба.

  • Оратор – шешендік дарыны бар адам.

  • Принципат – құлиеленушілік монархия түрі, мұнда республикалық мекемелер тек формальды сақталады.

  • Сатира – нақты өмірдің теріс құбылыстарын өткір сынайтын көркем шығарма.

  • Трактат – ғылыми шығарма.

  • Форум – қоғамдық өмір шоғырланатын алаң.

  • Фронтон – ғимарат фасадының үшбұрышты жоғарғы бөлігі.

Ортағасырлар мәдениеті

Жоспар

  1. Византия мәдениеті

  2. Европалық ортағасырлар мәдениеті

Византия Рим империясының мұрагері ретінде

  • Византия өркениетінің тууы Константинопольдің негізі қалануынан бастау алады (шамамен 324 ж.).

  • 330 ж. 11 мамырда Константинополь Рим империясының астанасы болып жарияланды.

  • Византия императоры римдік цезарьлардың жалғыз мұрагері ретінде саналды.

  • 1453 жылы византиялық өркениет өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Византия ғылымы.

  • Византияда ескі ғылыми орталықтар сақталып қана қоймай (Афины, Александрия, Бейрут, Газа), сонымен бірге жаңалары да пайда болды (Константинополь).

  • 4 ғасырда мұнда Антинейлік Серен (конус пен цилиндр қиылысын зерттеді) және Александриялық Феон (оптикамен және асторономиялық бақылаулар жасады) сияқты ұлы ғұламалар өмір сүрді.

  • Астрономиямен және астрологиямен Фивылық Гефестион және Александриялық Павел айналысты.

  • Пергамнан шыққан дәрігер Орибазий 70 кітаптан тұратын медициналық энциклопедияны құрастырды; дәрігер Филагрий бауыр мен селезенка ауруларын зерттеді; дәрігер Посейдоний мидің түрлі жерлеріндегі психикалық қабілеттерді зерттеді.

  • Бейруттан шыққан Анатолий мен Александриядан шыққан Дидимий агрономиядан жұмыстар жазды.

  • Сол заманның ірі тарихшылары Евнапий, Олимпиодор және Зосима болды.

  • 425 жылы Константинопольде христиандық жоғарғы мектеп құрылды (Константинопольдік университет).

  • 7 ғасырдың соңында византиялықтар грек отына ие болды (жалын беретін оттық құрам), ол теңіз соғыстарында қолданылды.

  • 9 ғасырда ғалым Лев Математик жарық маягын жетілдірді.

  • Император 7 Константин тұсында (913-956 жж.) бірнеше энциклопедиялар жарық көрді: тарихи, ауылшаруашылық, медициналық және ветеринарлық энциклопедиялар.

  • 11 ғасырдағы ірі византиялық ғалым және жазушы Михаил Пселл болды. Ол арифметика, геометрия, асторономия және музыкадан тұратын «квадриум» жазды.

Византия әдебиеті.

  • Византиялық әдебиет грек тілінде дамыды.

  • 5-6 ғғ. ірі лирик Роман Сладкопевец, халық әндеріне ұқсас әндер жазды.

  • Көптеген зайырлы шығармалардың авторы патриарх Фотий «Мириобиблон» шығармасында 280 антикалық шығармаларына пікір берді.

Көркемсурет және сәулет өнері.

  • Византия өнерінің дамуына көптеген халықтар үлес қосты.

  • Өнердің гүлденуі 6 ғасырға, император 1 Юстиниан тұсында империяның шекарасы ескі рим мемлекетінің шекаралына теңескен уақытқа жатады.

  • Ірі ғимараттар София храмы, Сергий храмы, Апостолдар храмы болды.

  • 7 ғасырда ірі соборлар шағын шіркеулермен алмастырылды.

  • Көркемсуретте шіркеу мозайкалары мен фрескалары үстемдік етеді.