Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

Жаңа заман мәдениеті

Жаңа дүниетанымның қалыптасуы.

  • Жаңа әлеуметтік тап буржуазияның қалыптасуы.

  • Жаңа дүниетаным идеологиясын ағылшын философы Ф.Бэкон қалыптастырды: тәжірибе – табиғат жайлы білімдердің басты қайнар көзі; білім адамға табиғатты билейтін билік береді.

  • Маңызды ғылыми жаңалықтар: Уильям Гарвей – қан айналым жүйесін ашты, Галилео Галилей – телескоп жасады, Иоганн Кеплер – Коперниктен кейін астрономиялық білімдерді жинақтады, Исаак Ньютон - әлемдік тартылыс заңын ашты.

  • Енді әлемнің жаратылысын теологиялық тұрғыдан емес, ғылыми тұрғыдан түсіндіру басталды.

Барокко: пайда болуы, мәні және негізгі белгілері.

  • 17 ғ. мәдениетіндегі жетекші көркем стиль барокко болды (итальян тілінен аударғанда өзгеше, португал тілінен аударғанда маржан деген мағына береді).

  • Барокко өзіне мистиканы, фантастиканы, иррационалдылықты, экспрессияны бір жағынан, саналылықты, ақылдылықты екінші жағынан қамтыды.

  • Ренессанстық сәулет өнерінің орнына ірі, алып, декоративті мотивтерге толы барокко стилі келді.

  • Барокко феодалдық күштер мен католик шіркеуі үстемдік еткен елдерді дамыды (Италия, Испания, Фландрия, Португалия, Германия, Австрия).

  • Монархиямен, аристократиямен және шіркеумен тығыз байланысты болған барокко олардың үстемдігін насихаттауы тиіс болды.

  • Барокконың отаны Италияда Лоренцо Бернини, Франческо Борромини, т.б. өнері дамыды.

  • Испанияда көркемсурет дамуы Эль Греко деп атанған Доменико Теотокопули келуімен байланысты болды.

  • Голландық көркемсурет тарихы Франс Халса, Якоб ван Рейсдал, Хармес ван Рейн Рембранд шығармашылығымен байланысты.

  • Фламандық өнер Питер Пауль Рубенс шығармашылығымен байланысты.

  • Музыкада барокко экспрессивті, эмоционалды стиль (Антонио Вивальди «Жыл мезгілдері», Дж. Габриели, М.А.Чести, Фрескобальди).

  • 18 ғ. басында барокко біртіндеп Европаның мәдени өмірінен кетіп, оның орнына рококко келді.

Классицизм: шығу тегі, мәні және ерекшеліктері.

  • Классицизм отаны 17 ғасырда экономикалық өрлеп, күшті европалық державаға айналған Франция болды.

  • Классицизм өзін-өзі тануға және табиғатты жаулауға шақырды, әлемді саналы ұйымдастырылған механизм ретінде қарастырды.

  • Өнердегі орталық үлгі саналы, күшті адам болды.

  • Көркемсуреттегі классицизмнің негізін қалаушы Никола Пуссен болды, ол классикалық идеалды пейсажды жасады.

  • Бір орталыққа бағынған мемлекет идеясы монументті сәулет құрылыстарында көрініс тапты (Во-ле-Виконт сарайы, Версаль).

  • Драматургияда классицизм идеялары Пьер Корнель, Жан Расин, Жан Батист Мольер шығармаларында көрініс тапты.

19 Ғасыр мәдениеті

Жоспар

  1. Батыс Еуропа мәдениетіндегі романтизм

  2. Сыншыл реализм жүйесі

  3. 19 ғ. мәдениетіндегі индивидуализм

  4. 19 ғасырдағы орыс мәдениеті

  5. 19 ғасырдағы қазақ мәдениеті

  • 19 ғасыр басқа ғасырларға қарағанда саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірдегі түрлі құбылыстарға толы.

  • Гуманизмге негізделген жеке тұлғаның абсолютті еркіндігі мен шексіз прогреске деген сенім терең дағдарысқұа айналып кетті.

  • Жаңа бағыт либерализм қалыптасты, оның негізінде тұлғаның саяси және жеке еркіндігі қағидасы жатты.

  • Либерализм ар-намыс, ойлау, ғылыми зерттеу, сөз, баспасөз еркіндігі үшін күресті.

  • 19 ғ. басында интеллектуалдық өмір орталығы Германияға ауысты, мұнда жаңа дәуірдің идеялық дем берушісі Георг Вильгельм Фридрих Гегель болды.

  • Гегель болмысты жалпы талқылау жүйесін құрды («Рух феноменологиясы», Қисын ғылымы», «Табиғат философиясы»).

  • 19 ғасыр – адамзаттың «алтын ғасыры».

Романтизмның идеялық негіздері.

  • Романтизм – 19 ғ. мәдениетінің ең жарқын бағыттарының бірі.

  • Романтизм – бұл ең алдымен, өмірді ерекше сезіну; бұл –әлеуметтік нақтылық адамды қызықтырмайтын бағыт, адам өзінің нақтылығын өзі құрады: фантастикалық, мистикалық, рухани, әсем нақтылық.

  • Романтизм өнері – нақтылықты құра білу өнері.

  • Романтиктер үшін басты проблема – тұлға проблемасы; әлемді тану – бұл өзін-өзі тану.

  • Романтиктер өзінің назарын адам болмысының басты фактілеріне аударды: олар – махаббат, шығармашылық, қайғы, қуаныш, өлім.

Романтизм әдебиеті.

  • Романтиктер индивидуализмі әртүрлі көрініс тапты: арманшыл, қайғышыл, өнер мен қиялға шолушы (Гофман), белсенді сотқар (Байрон), халық игілігі үшін қызмет ететін кейіпкер (Мицкевич), қайырымды бұзақылар, төменнен шыққан адамдар (Гюго).

  • Романтиктер жаңа жанрларды ойлап тапты: психологиялық повесть, лирикалық поэма, баллада, лирикалық өлеңдер.

  • Романтиктер үшін халық шығармашылығы тән болды, олар халық әндеріне және жырларына тән тілдерді, тақырыптар мен бейнелерді қолданды.

  • Еуропалық фольклористиканың дамуы ағайынды Якоб және Вильгельм Грим есімдерімен тығыз байланысты.

  • Ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсен «Корольдің жаңа көйлегі», «Дюймовочка», «Көлеңке» ертегілерінің авторы.

  • Романтиктер ортағасырлар мен сол дәуірдің мәдениетін армандады, сол жайында тарихи шығармалар жазды (В.Скот, Ф.Купер).

  • Тұтастай ұлттың жандарына ие болған романтик-ақын Джордж Гордон Байрон.

  • Адамның қайғылы дүниесін шебер бейнелеген француз ақыны және жазушысы Виктор Гюго – «Собор Парижской Богоматери», «Күлетін адам» («Человек, который смеется»), «Отверженные».