Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

20 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.

  • 20 ғ. басындағы Қазақстандағы мерзімді басылым.

  • Қазақ тіліндегі бірінші баспалар отаршылдық билік органдарымен құрылды: «Түркістан уәлаятының газеті» (1870-1882) және «Дала уәлаятының газеті» (1888-1902).

  • «Түркістан уәлаятының газеті» Ташкентте шығып тұрды және Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды.

  • «Дала уәлаятының газеті» Омбыда Дала генерал-губернаторлығымен шығарылды.

  • Бұл газеттерда патша жарлықтары, үкімет органдарының бұйрықтары, императорлық саясаттың мәні, сондай-ақ А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой шығармаларының аудармалары, ғылым мен техника салаларындағы жетістіктер басылып тұрды.

  • «Түркістан уәлаятының газеті» 1870 ж. бірінші рет қазақ тілінде Ш.Уәлиханов туралы мақаланы басып шығарды.

  • «Дала уәлаятының газетімен» М.Көпеев, Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, О.Әлжанов, С.Шорманов, М.Жанайдаров, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, Ж.Айманов, А.Айтбакин жұмыс істеді.

  • 1907 ж. ІІ Мемлекеттік Дума депутаты Шаймерден Қосшығұлов ұсынысымен «Серке» газетінің бірінші номері шықты (барлығы 4 номері шығарылды).

  • 1907 ж. наурызда Троицкіде «Қазақ газетінің» бірінші номері жарық көрді (жалғыз номері).

  • 1911 ж. наурызда Оралда қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан» газеті шықты (16 номер).

  • Аз тиражбен шығатын бұл аймақтық газеттер үлкен өлкенің талаптарын қанағаттандыра алмады.

«Айқап» журналы.

  • 1910 ж. М.Сералин ай сайынғы журнал шығаруға рұқсат алды. Оның құрамына алдыңғы қатарлы мақалалар, шетелдік жаңалықтар, мұсылман өмірінің мәселелері, хроникалар, фельетондар, өлеңдер, библиография, ғылыми мақалалар мен редакцияға жазылған хаттар енді.

  • 1911 жылы 10 қаңтарда Троицкіде бірінші қазақ ұлттық «Айқап» журналының бірінші номері шықты.

  • Журналдың идеологтары Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров болды.

  • Журнал арқасында халық С.Сейфуллин, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, С.Дөнентаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев шығармашылығымен таныса алды.

  • Бірінші номерде М.Сералин журналдың мағынасы «ай, қап», яғни оны құру жолындағы ұзақ күресті түсіндірді.

  • Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейін шығып тұрды (барлығы 88 номер, 1000 экземпляр тираж).

  • «Айқап» әйел мәселесіне, жер мәселесіне, ағарту ісіне, қазақ фольклорын зерттеуге, т.б. көп көңіл бөлді.

  • Журнал беттерінде абайтанудың қалыптасуы басталды.

«Қазақ» газеті.

  • «Қазақ» газеті 1913 ж. ақпанынан 1918 ж. қаңтарына дейін шығып тұрды (265 номер, 3000 экземпляр).

  • «Қазақ» газетінің редакторы Ахмет Байтұрсынов болды, ағарту ісінің басшысы, ақын, публицист, ғалым-тюрколог.

  • 1914 ж. маусымда жауапты редакторы болып М.Дулатов тағайындалды.

  • 1918 ж. газетті Ж.Жаныбаев редакциялады.

  • Газеттің бағытын анықтауда саясаткер, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, публицист Ә.Бөкейханов үлкен рөл атқарды.

  • «Қазақ» газетінің айналысында қазақ интеллигенцияның қаймағы топталды: Ш.Құдайбердиев, М.Жумабаев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, Х. Досмұхамедов, С.Дөнентаев,М.Шоқай, М.Тынышпаев.