Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

4. Шығыс христиандық.

  • Шығыс христиандықтық үш негізгі ағымы бар: православие, несториандық және монофизиттілік.

  • Православие христиан дінінің негізгі ағымдарының бірі (католицизм мен протестантизммен қатар).

  • Алғашында барлық христиан шіркеуі өзін православиелік деп атады (ортодоксальді), бірақ кейін 1054 жылғы бөлінуден кейін шіркеудің шығыс бөлігі ғана «православиелік» деп атала бастады.

  • Православиелік ілім негізінде сенімнің никейлік символы жатыр.

  • Православиені жиі мистикалық ағым ретінде сипаттайды, себебі ілім о дүние мен бұл дүние шекараларын көрсетпейді, олар бірімен тығыз байланысты.

5. Католицизм.

  • Католицизм – бұл сенімнің никейлік символының күрделенуі, оның ішінде негізгісі болып «филиокве» («Ұлдан да») туралы аргумент табылады.

  • Филиокве аргументіне сәйкес Қасиетті Рух Әкеден ғана емес, Ұлдан да тарайды.

  • Шіркеу өзінің жүктелген қызметін азаматтардың күнәсін кешіруге қолдана алады.

  • Католик шіркеуінің өз қызметін асыра пайдалуы салдарынан 16 ғасырда ол дағдарысқа ұшырап, протестантизмнің тууына алып келді.

6. Протестантизм.

  • Протестантизм 16 ғасырда Реформация нәтижесінде дүниеге келді.

  • Реформация – бұл 16 ғасырда Германияда болған және ортағасырлық мәдениетті өзгеркен және протестантизмнің дүниеге әкелген діни және қоғамдық қозғалыс.

  • Реформацияның көсемі – Мартин Лютер.

  • Протестантизмнің негізгі қағидасы – тек Құдайға жеке сенуі арқылы құтқаруға жетуге болады. Ешкім Құдай мен адам арасында делдал бола алмайды.

  • Протестантизм негізгі бағыттарының бірі – лютерандық. Бұл ағымның негізгі ілімі Мартин Лютермен және оның жақын серігі Филипп Меланхтонмен жасалған.

  • Англикандық – Англияда жергілікті шіркеудің католиктік Римнен қол үзуінің нәтижесінде қалыптасқан діни ағым. Бұл әрекет король Генрих Сегізінші ықпалымен жасалды, оны ағылшын парламенті шіркеу басшысы етіп жариялады. Діннің негізі «Жалпы дұғалар кітабында» жазылған.

  • 18 ғасыр басында англикандықтан методизм бөлініп шықты.

  • Француз теологы және діни насихаттаушысы Жан Кальвин протестантизмнің кальвинизм деп аталатын ағымын қалыптастырды.

  • Пуританизмнің дамуымен (англикан шіркеуінде реформация өткізуді талап еткен қозғалыс) Англияда баптизм қалыптасты.

  • 19 ғасырдың 30-жж. АҚШ – та адвентизм қалыптасты (негізін салушы Уильям Миллер), оның басты мәні мессияның екінші келуіне жақын қалды деген ілім.

  • Протестантизмнің кейінгі тармақтарының бірі пятидесятничество 20 ғ. басында АҚШ –та пайда болды.

  • Иеговизм протестантизмнен шықты (1932 ж. АҚШ), бірақ өзінің ілімі бойынша христиандық шеңберінен шығады, өйткені Қасиетті Үштік туралы туралы догматтан бас тартады және армагеддон туралы ілімді басшылыққа алады.

Исламның шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар

  1. Мұхаммед пайғамбар өмірі

  2. Құранның шығу тегі, маңызы мен формасы. Хадистер

  3. Мұсылман ілімі

  4. Исламдағы діни заң

  5. Исламның бағыттары

  1. Мұхаммед пайғамбар өмірі

  • Ислам – 7 ғасырда Мұхаммед пайғамбар таратқан әлемдік дін, негізгі идеясы «Аллаһқа сиыну».

  • Ислам монотеистік дін, Аллаһты жалғыз Құдайғ, Жаратушы ретінде мойындау, адамның өлмейтіндігіне және рахатқа толы болашақ о дүниелік өмірге сенуду уағыздайды.

  • Мұхаммед (570-632жж.) Меккеде орташа отбасыда дүниеге келді.

  • Атасының қолында тәрбиеленді, 25 жасында меккелік бай жесір әйелге үйленеді.

  • Өз алдына үй болып, отау тiккен Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадиша анымызбен бiрге бiрсыдырғы ғұмыр кешiп жатады. Бұдан кейiн де ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, үлкен беделге ие болады. Халық оны әдiлдiгi үшiн Мұхаммед мин деп атап кетедi.

  • Осы кезде жұрттан аулақтап, өзiмен-өзi оңаша қалуды көбiрек қалайтын болады.

  • Қырық жасында осындай күндердiң бiрiнде, Хира үңгiрiнде жатқан кезiнде Аллаһ Та`ала оған уәхи түсiредi.

  • Өзінің таңдаулылығына көзі жеткеннен кейін ол адамдарға Құдай сөзін жеткізе бастайды.

  • Ол көпқұдайлықты айыптады, жалғыз құдай Аллаһқа табынуға шақырды, Ақырет күнінің жақындап келе жатқандығын, Аллаһқа сенбейтіндер тозақтың отында жанатындығын баяндады.

  • Үш жыл уағыздаудан соң Меккеде қолдау таппаған соң, Мұхаммед пайғамбар Мединаға жасырын көшеді.

  • Ол Меккеге соғыс ашып, жеңіп шығады.

  • Мекке жаңа діннің орталығына айнала бастайды.

  • Мұхаммед Аравияның ірі саяси және діни қайраткеріне айналады, оның барлық әрекеттері жаңа діннің нығаюына және ықпал ету аймақтарын кеңейтуге бағытталады.

  • Пайғамбар өлімінен кейін исламды таратуды оның жақын серіктері мен ізбасарлары жалғастырды.