Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

2. Әлеуметтік ұйымдасудың қалыптасуы.

  • Мәдениеттің қалыптасуы әлеуметтің ұйымдасудың қалыптасуымен тығыз байланысты;

  • Әлеуметтік ұйымның қалыптасуы адам өзін қоғам мүшесі ретінде сезіне бастауын және тұлға ретінде қабылдай бастауын білдіреді;

  • Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кезеңдерінде әлеуметтік ұйымның негізгі түрі некелік шектелері жоқ тайпа болды;

  • Қарапайым қоғамда промискуитет (ретсіз жыныстық қатынастар) орнады, ал балалар ұжымдық түрде тәрбиеленді;

  • Инцестке (туыстар арасындағы жыныстық қатынастар) тыйымның болмауы басқа тайпалармен қарым-қатынасты шектеді, сондықтан мәдени жетістіктермен айырбас болған жоқ;

  • Промискуитеттен реттелген некелік қатынастарға көшу әлеуметтік нормалардың қалыптасуына қадам болды;

  • Әлеуметтік нормалар саны артқан сайын, адамның жануардан ажырау процесі тездетілді;

3. Алғашқы қауымдық діни көзқарастар

  • Ежелгі діни көзқарастар нақты адамдар тобының өмір сүруіне байланысты болды, олардың тікелей қажеттіліктері мен ерекшеліктерін бейнеледі;

  • Діннің ең ерте формалары болып тотемизм, фетишизм, анимизм, магия табылады;

  • Фетишизм – жансыз заттарға табыну, жансыз заттардың адамды немесе адамдар тобын қорғау күшіне сену;

  • Тотемизм – жануарлар немесе өсімдіктердің қандайда бір күш иеленетіндігіне сену. Әр тайпа, ру немесе кланның өз тотемі болған;

  • Анимизм – дүниенің кез келген құбылыстарының жанды екендігіне сену;

  • Магия – табиғатқа, адамдарға, жануарларға, құдайларға сиқырлы әсерін тигізетін дуалар мен жоралар жиынтығы;

  • Магиялық жоралардың түрлері: емдік магия, махаббат магиясы, зиян келтіретін магия, аңшылықта сәттілік әкелетін магия және т.б.

  • Ежелгі адамдардың діни көзқарастары мифологияларда бейнеленді;

  • Миф (аңыз) – бұл дүниенің, адамның, тайпаның жаратылысы туралы аңыз;

  • Мифтік негізгі міндеті – тайпа үшін маңызды ақпаратты беру;

  • Біртіндеп мифтер өзінің маңызын жоғалтты, оның орнына фольклордың жаңа жанры ертегі дүниеге келді.

Алғашқы қауымдық өнер

  • Көркемдік шығармашылықтың алғашқы көріністері кейінгі палеолит кезеңіне жатады (жартас суреттері, сүйектен жасалған мүсіндер);

  • Жануарлардың суреттерін салу жиі кездеседі;

  • Сурет үшін көмір, өсімдіктер шырыны, түсті балшық қолданылды;

  • Осы кезге алғашқы қарапайым орнаменттердің пайда болуы жатады;

  • Мезолит дәуірінде суреттерде адамның тұрмысынан өмірлік көріністер бейнеленген (аң аулап жатқа, балық аулап жатқан суреттер және т.б.);

  • Неолит дәуірінде әртүрлі орнаменттер пайда бола бастады;

  • Неолит дәуірінде ғибадатханалық сәулет ескерткіштері салына басталды, олар мегалиттер деп аталды. Мегалиттер – дөрекі үлкен тастардан салынған табыну орындары.

  • Мегалиттердің негізгі түрлері: 1) дольмендер – бірнеше вертикалды қойылған және үстінен бірнеше горизонтальді тастармен жабылған құрылыс; 2) менгирлер – ұзын тастарды аллея ретінде жерге қазып қойған құрылыс; 3) кромлехтер – тастар дөңгеленіп жерге қазылып, ортасына тас қойылатын құрылыс.

Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің археологиялық мәдениеттері

Кезең

Антропологиялық тип, әлеуметтік ұйым түрі

Еңбек құралдары

Материалдар, еңбек құралдарын жасау техникасы

Мәдениет

Ерте палеолит (б.д.д. 2 млн. – 140 мыңжылдық)

Алғашқы қауымдық тобыр. Епті адам және тік жүретін адам. Архантроптар

Чоппер, чоппинг, жапқыш.

Отты игеруі; баспана сала білу; түзету, қыру, ретушь. Малта тас, халцедон, кремень, кварцит, обсидиан, сланец.

Архантроптардың миында сөйлеу орталығы қалыптасты.

Орта палеолит (б.д.д. 140-40 мыңжылдық)

Үлкен қауым. Палеантроптар

Диск тәріздес нуклеус, үшкір тастар, қырғыштар.

Отты шағып алу, қарапайым баспана салу. Малта тас, халцедон, кремень, кварцит, обсидиан, сланец.

Діннің қалыптасуы.

Кейінгі палеолит (б.д.д. 40-12 мыңжылдық)

Рулық қауым. Қазіргі заманғы адам.

Қырғыштар, кескіштер, найзалар, дротиктер, гарпун

Қысылған ретушь. Яшма

Өнердің қалыптасуы.

Мезолит (б.д.д. 12-5 мыңжылдық)

Рулық қауым. Қазіргі заманғы адам

Садақ, жебе, бумаранг, қапқандар, балық аулау құралдары.

Шлифовка, арамен жұмыс, тесу, балық аулау.

Тасты өңдеудің микролитті техникасы.

Неолит (б.д.д. 5-3 мыңжылдық)

Матриархаттың ыдырауы

Соқа, орақ, тырна, дән үккіш, тоқыма станогы, ине, балта.

Керамика, киім тігу.

Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы, қндіргіш еңбекке көшу.