Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

Қайта өрлеу мәдениеті және Жаңа кезең мәдениеті

Жоспар

  1. Қайта өрлеу мәдениеті

  2. Жаңа заман мәдениеті

1. Қайта өрлеу қайнар көздері

  • «Қайта өрлеу» термині («Ренессанс») ортағасырдың орнын басқан мәдени-тарихи дәуірдің атауы ретінде 16 ғасырда пайда болды.

  • Қайта өрлеу – бұл ортағасырдан жаңа дәуірге өту барысындағы мәдени төңкеріс кезеңі.

  • Қайта өрлеудің негізгі белгілері: 1) мәдениеттің гүлденуі; 2) мәдениеттегі төңкеріс; 3) өтпелі мәдени кезең; 4) антикалылықты қайта қалпына келтіру.

  • Қайта өрлеу кезеңі капиталистік өндіріспен тұспа тұс келді.

  • Ренессанс мәдениетінің қалыптасуында үлкен рольді шіркеу атқарды, ол ірі қамқоршы әрі тапсырыс беруші болып қала берді.

  • Ренессанс мәдениеті – бұл еркін қалалар мәдениеті; олардың өз бетінше дамуы адамның ортағасырлық дәстүрлерден, ғұрыптардан босауына жағдай жасады.

  • Қайта өрлеу отаны – Италия болды.

  • Итальяндық Қайта өрлеудің хронологиялық шегі 13 ғасырдың ортасынан 16 ғ. бірінші жартысына дейінгі уақытта алып жатыр.

2. Ренессанстың гуманистік дүниетанымы.

  • Қайта өрлеу дәуірі өмірді, адамның өмірдегі орнын басқаша түсіндіретін жаңа дүниетанымды қалыптастырды.

  • Қасиетті Кітаптар орнына көне Греция мен Римнің философиясын зерттеу басталды.

  • Флоренцияда Козимо Медичи Платонның академиясын құрды – бұл грек философиясын сүюшілер қоғамы.

  • Гуманистер ғылымдардың жаңа кешенін қалыптастырды: грамматика, филология, риорика, тарих, педагогика және этика.

  • Сол дәуір философиясының басты мәселесі – адам өмірі қаншалықты құнды? Адам ұлы ма, әлде керісінше ме? Оның әлемде алатын өмірі қандай?

  • Сол дәуірде гуманистік философиялық идеялардың дамуына өзінің үлестерін қосқандар: Н.Коперник, М.Фичино, Дж.Пико делла Мирандола, Н.Кузанский, Парацельс, Дж.Бруно.

3. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті мен театр.

  • «Ортағасырдың соңғы ақыны және жаңа дәуірдің бірінші ақыны» ретінде Данте Алигьери саналады.

  • Оның басты шығармасы «Құдыретті комедия» әлемге, адамға деген жаңа қатынастың негізін салды.

  • Данте – итальяндық әдеби тілдің негізін салушы; оның шығармасы латын тілінде емес, ұлттық тоскандық диалектіде жазылды.

  • Әдебиеттегі гуманистік сарындар Франческо Петрарка шығармашылығында жалғасын тапты.

  • Петрарка – классикалық филологияның негізін салушы.

  • Оның басты шығармасы «Канциониере» ұлттық итальян тілінде жазылған және екі бөлімге бөлінеді: сонеттер мен канцондар «Мадонна Лаураның өмірі» және «Мадонна Лаураның өлімі»

  • Қайта өрлеу дәуірінде жаңа жанр – новеллаларды тудырған жазушы Джованни Боккаччо «Декамеронның» авторы.

  • Қайта өрлеу идеяларының білдіруші Франсуа Рабле «Гаргантюа мен Пантагрюэль» шығармасының авторы.

  • Өзінің замандастарына үлкен әсер еткен нидерландық гуманист Эразм Роттердамскийдің шығармалары («Ақлсыздықты мадақтау», «Христиан жауынгеріне нұсқау», т.б.)

  • Әдебиеттің дамуымен театрдың да дамуы байланысты.

  • Театр халықтық және кәсіби болып бөлінді және зайырлы сипатта болды.

  • Көне грек аңыздары тақырыбына зайырлы драмалар жазған Полициано болды (Орфей туралы әңгіме»).

  • Ойшыл-гуманистер Л.Аристо мен Н.Макиавелли сол кезең өміріне арналған комедиялар жазды.

  • 16 ғасырда маскалар комедиясы театры пайда болды.

  • 16 ғасырда жаңа театр жанрлары – пастораль мен балет өмірге келді.

  • Ренессан дәуірі әлемге ұлы драматургтер – Лопе де Вега (Испания) мен Вильям Шекспирді (Англия) әкелді.

Ренессанс сәулет өнері.

  • Жаңа құрылыс идеяларын 15 ғ. архитекторлары кең қолданды, олардың ішіндегі ең әйгілісі Филиппо Брунеллески болды.

  • Осы ұлы сәулетші барлық Реннесанс дәуіріне тән стильді қалыптастырды (Флоренциядағы Мария дель Фиоре соборының куполы, Флоренциядағы Санта Кроче шіркеуінің алдындағы Пация капелласы).

  • Филиппо Брунелескидің шәкірті Микелоццо да Бартоломео, оның ірі жұмысы Медичи палаццосы.

  • Сәулет өнерінің дамуына үлкен үлесін қосқан архитектор Донато д Анджело Браманте, ол Ватикан архитектуралық ансамблінің авторы.

Ренессанс мүсін өнері.

  • Қайта өрлеу мүсін өнерінің гүлденген шағы Донателло есімімен байланысты. Оның мәрмәрдан жасалған шығармалары – «Давид», Иоанн Евангелистің отырған мүсіні, Гаттамелаттаның қола мүсіні, «Юдифь пен Олоферн».

  • Донателло шығармалары сол заманның ең озық идеяларын: гуманизм, жарқын индивидуалдылық идеяларын бейнеледі.

  • Қайта өрлеу заманының ең ғұлама мүсіншісі Микеланджело Буонаротти болды, «Баспалдақтағы Мадонна», «Кентаврлар шайқасы», «Пьета», «Таддеи мадоннасы», «Питти мадонассы», «Давид».

  • Микеланджело Буонароттидің барлық шығармалары титандық алып, еркін етіп жасалған.

Итальяндық Қайта өрлеу сурет өнері.

  • Ренессанс сурет өнерінің негізгі бағыттарының негізін қалаған Проторенессанс шеберлері: Пьетро Каваллини, Ченни ди Пеппо.

  • Ерте Қайта өрлеу кезеңінің ірі суретшісі Джотто ди Бондоне; оның барлық шығармалары – Сан Франческо шіркеуіндегі 28 фреска, «Христосты жоқтау», «Тұтқынған алу» - суретшілер үшін оқу құралы тәрізді.

  • Мазаччо, Фра Филиппо Липпи, Доменико Венециано, Беноццо Гоццоли, Пьетро дела Франческа, Пизанчелло, Якопо Беллини сияқты суретшілер шығармашылығында жаңа жанрларға ұмтылыс байқалды, олар зайырлы сюжеттер мен тенденцияларға назар аудара бастады.

  • Итальяндық Қайта өрлеу өнерінде ерекше орынды Сандро Ботичелли шығармашылығы алады, оның барлық шығармаларының ішкі дүниесі бай мазмұнды («Әулие Себастьян», «Мадонна», «Көктем», «Венераның тууы»).

  • Жоғарғы Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшісі Леонардо да Винчи; «Гүл ұстап тұрған Мадонна», «Үңгірдегі Мадонна», «Мадонна Литта», «Құпия жиын», «Джоконда».

  • Жоғарғы Қайта өрлеу дәуірінде Рафаэль Сантидің шығармашылық еткен кезеңі («Мадонна Коннестабиле», т.б.).

Солтүстік Ренессанс сурет өнері.

  • Солтүстік Ренессанс өнеріне ортағасырлық дүниетаным үлкен әсер етті, сондықтан ол діни сезім мен символикаға толы болды, ол антикалықтан алыс, готикаға жақын болды.

  • Нидерландыдағы Қайта өрлеу мәдениетінің жарқын өкілдері ағайынды Хуберт, Ян, ван Яйк болды.

  • Неміс Қайта өрлеу кезеңінің ірі өкілі Альбрехт Дюрер болды. «Салт атты, өлім және сайтан», «Әулие Иероним», «Меланхолия».

Ренессанс музыкасы.

  • Нота басу ойлап табылды.

  • Музыка мен мәтіннің тығыз бірігуі басталып, инструменттік музыка дамыды.

  • Музыкалық инструменттерді конструкциялауда жетістіктер жасалды (клавикорд, клавесин, виола, скрипка).