Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

3. Мәдениет мектептері

  • Өркениеттілік мектеп. Негізін салушылар мен ірі өкілдері: Н.Я.Данилевский, К.Н.Леонтьев, О.Шпенглер, А.Тойнби. Негізгі идеясы: кез келген мәдениет туады, шырқау шегіне жетеді және өледі, яғни тірі ағза секілді даму кезеңдерін басынан кешіреді. Өркениет – бұл мәдениеттің өз өмір сүруін тоқтатқан кезең, мәдениеттің соңы.

  • Формациялық мектеп. Негізін салушылар мен ірі өкілдері: К.Маркс, Ф.Энгельс. Негізгі идеясы: тарих дегеніміз қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуы, ал мәдениет дегеніміз оның қасында еріп жүретін, қандай да бір қоғамдық эәне экономикалық қатынастарға қызмет етеді.

  • Психоаналитикалық мектеп. Негізін салушылар мен ірі өкілдері: З.Фрейд, Э.Фромм. Негізгі идеясы: мәдениет – бұл жасанды әлеуметтік институт, ол арқылы өте отырып адам өзінің табиғи агрессиясын жоғалтады және әдеп ережелерін ұстануға мәжбүр болады.

  • Әлеуметтік мектеп. Негізін салушылар мен ірі өкілдері: П.Сорокин, А.Вебер, Т.Парсонс. Негізгі идеясы: адамзат тарихы – бұл құндылықтармен іштей байланысқан тұтас социомәдени қауымдастықтардың ауысымы.

  • Символикалық мектеп. Негізін салушылар мен ірі өкілдері: Э.Кассирер, Лессли А.Уайт, К.Леви-Стросс. Негізгі идеясы: адам өзінің айналасында дүние тудырады, бірақ оның шығармашылығы символикалыққа айнала бастайды.

Терминдер:

  1. Адекваттілік – сәйкес болу;

  2. Аккультация – бір халықтың басқа халық мәдениетінің кейбір формаларын қабылдау процесі;

  3. Архетип – алғашқы түрі, түпнұсқасы;

  4. Ассимиляция – бір халықтың басқа халыққа қосылып, оның тілін, дәстүрлерін қабылдап, өз тілі, мәдениеті, ұлттық санасынан айырылуы;

  5. Витальді - өмірлік құбылыстарға қатысы бар;

  6. Генезис – пайда болу, туындау;

  7. Герменевтика – оқуға, аударуға жатпайтын (көбінесе ежелгі) мәтіндерді түсіндіру әдістері;

  8. Девианттылық – қабылданған тәртіптен ауытқу;

  9. Деструкция – құрылымның бұзылуы;

  10. Детерминация – құбылыстардың заңдылықты және себепті шарттары;

  11. Дифференциация – тұтасты бірнеше бөліктерге жіктеу;

  12. Диффузия – бір нәрсенің басқа нәрсеге енуі;

  13. Инкультурация – жеке адамның мәдени нормаларды, құндылықтарды, дәстүрлер мен ғұрыптарды қабылдау, игеру процесі;

  14. Интеграция – бірнеше бөліктің бір тұтасқа бірігуі;

  15. Комплиментарлық – бір нәрсе туралы жағымды, ұнамды пікір;

  16. Латентті – жасырын, сыртқа көрінбейтін;

  17. Лимфотрофты – шекаралық жағдай;

  18. Ментальділік – ойлауға, ой қызметіне байланысты;

  19. Престижді – сыйға, құрметке ие;

  20. Процесс – қандай да бір құбылыстың даму барысы;

  21. Семантикалық – тіл бірлігінің мәні, маңызы;

  22. Символикалық – жасырын мәні бар, ассоциацияға итермелейтін;

  23. Толеранттылық – шыдамдылық, төзімділік;

  24. Универсалды (әмбебап) – барлығын қамтитын, жан-жақты;

  25. Утилитарлы – барлығынан тікелей материалдық пайда табуға ұмтылу;

  26. Мектеп – ғылым немесе өнердегі бағыт, ағым;

  27. Экзистенциалды – адам өмір сүруімен байланысты;

Алғашқы қауымдық мәдениет

1. Алғашқы қауымдық мәдениет ерекшеліктері

  • Алғашқы қауымдық мәдениеттің ерекшелігі оның жоқтан пайда болуы, өйткені оған дейін мәдениет болған жоқ.

  • Алғашқы қауымдық мәдениетті қазіргі мәдениетпен салыстырғанда қарапайым деп санауға болмайды;

  • Адам мәдениетінің ең ежелгі көріністері Шығыс Африка территориясында табылды, оның жасы шамамен алғанда 2,7 млн. жыл;

  • Адам мәдениетінің ең ежелгі дәуірін тас, қола және темір дәуірлері деп бөледі;

  • Шамамен алғанда осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі түрдегі адам пайда болды. Осы кезде экзогамия қалыптасты – бір ру өкілдері арасында некелесуге тиым салатын қоғам;

  • Неолит дәуірінде адамзат өндіргіш еңбекке көшті;

  • Шамамен б.д.д. 6 мың жылы адам металды игерді;