Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
73.22 Кб
Скачать

60.Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік.

Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді

61. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген.

62.Билік туралы ілім-кратология деп аталады.

63.Геронтократия-қарттар билігі,теократия-дін қызметшілерінің билігі,аристократия-ақсүйектер билігі, плутократия-ақша билігі, олигархия-бай адамдар билігі, тимократия-атаққұмарлар билігі, охлократия-қара тобыр билігі, технократия- техника мамандарының билігі, бюрократия-шенеуніктердің билігі,райтократия-ақпарат құралдарының билігі,демократия-халық билігі, тирания-бір қатігез адамның(тиранның) бір өзінің төстеп билеуі.

64.Демократияның плебисцитарлы теориясы-М.Вебер

65Деморатия-халық билігі

66.диктобланда-демократиясыз пайда болған либерализация

67.демократура-либералисациясыз пайда болған демократия

68.демократия теориялары-антикалық және классикалық

69.Антикалық демократия-б.З.Б 5ғ.Перикл

70.Демократияның классикалық теориясыантикалық дәуірден бастау алады. Бірақ өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.

71.демократия түрлері. Тікелей демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуге тікелей араласады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан

шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билікті теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы элитаның халықтан алшақтауына, шенеуліктердің бюрократталуына жол берілмейді.

Өкілдік демократиядахалықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктің шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

Плюралистік демократия - батыс еуропалық елдердің басым көпшілігіне тән. Саясаттың басты субъектілері жеке адам да, халық та емес, әртүрлі топтар дейді. Осылайша тек топтың көмегімен жеке тұлға өз мүддесін қорғауға, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік алады. Дәл осы топта, топтық қарым-қатынастарда жеке тұлғаның саяси қызметінің мүдделері мен қозғаушы күштері қалыптасады.

72.Полиархия –көп адамның билігі

73,Мемлекет пайда болу теориялары.Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.