Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

20 Ғасырдағы Батыс мәдениеті

20 Ғ. Әдебиеті

  • 20 ғасырдың әдеби ағымдары көркемсурет ағымдарына жақын болды.

  • Ғасыр басындағы әдебиет әлемі – контрастілерге толы, қираған адамдар тағдырына толы болып табылады.

  • Поэзияда бұл – П.Элюар, Л.Арагон, И.Бехер, Ф.Гарсиа Лорка; прозада – Франц Кафка («Процесс», «Бекініс»,» «Америка») және Роберт Музиль («Қасиеттерсіз адам»).

  • Ғасыр ортасындағы әдебиет әлі де дағдарыс кезеңін басынан кешірді.

  • Әдебиетте маңызды орынды экзистенциалистер алды: Ж.П.Сартр, А.Камю, А.Мальро, С.де Бовуар, Г.Марсель, Ж.Ануй, Д.Болдуин, У.Голдинг.

  • Осы кезеңге Б.Шоу, Г.Уэллс, Р.Олдингтон, Д.Б.Пристли шағырмашылығы жатады.

  • Ғасыр ортасына керемет американдық жазушы Эрнест Хэмингуэйдің шығармашылығы жатады («Фиеста», «Қош бол, қару!», «Карт және теңіз»).

  • 20 ғасыр аяғындағы әдебиет постмодерн ағымымен байланысты (Л.Кавани, П.Позолини, П.Гринуэй, У.Эко, М.Кундер).

Кинематограф

  • 1895 жылы ағайынды Огюст және Луи Люмьер синематографты ойлап тапты (пленканы проекциялық фонармен қосты) және алғашқы документалды фильмдердің авторларына айналды («Поездың келуі», «Су құюшы»).

  • Ғасырдың басында Петербург технологиялық институтының профессоры Б.Л.Розинг электронды-сәулелі трубканы (кинескопты) ойлап тапты, кейін әлемді тұңғыш болып лабороториялық жағдайларда бірнеше метр қашықтықта бейнені бейнелеуді жүзеге асырды.

  • Ғасыр басында түрлі кинематографиялық жанрлар: детектив, комедия, вестерн, шым-шытырық фильмдер пайда болды.

  • 20 жылдары Д.Гриффит пен Т.Инс сияқты американдық режисерлер арқасында кино бұқаралық өнерге айналды.

  • Ч.Чаплинмен жасалған фильмдер әлемдік кино өнерінің алтын фондын құрады («Алтын лихорадка», «Цирк», «Иық»).

  • Ресейде 20 жж. С.Эйзенштейн, В.Пудовкин, А.Довженко секілді танымал режисерлер қызмет етті.

  • 1927 ж. «Уорнер бразерс» киностудиясында бірінші дыбысты фильм«Джаз әншісі» фильмі жасалды, режисері А.Кросленд.

  • Ресейде бірінші дыбысты фильмдер 30-жж. басында пайда болды – «Өмірге жолдама», режисері Н.Экк және «Қарсы келе жатқан» режисерлері С.Юткевич, Ф.Эрмлер.

  • Кинематограф шедеврлері әр түрлі елдерде пайда бола бастады: Италия (Феллини, Антониони), Франция (Годар, Лелуш, Бессон), Германия (Херцог, Фасбиндер, Вендерс), Англия (Гринуэй), Россия (Тарковский, Параджанов).

20 Ғасырдағы Ресей мәдениеті

  • 20 ғ. басында орыс көркем мәдениетінде декаденттік ағым кең тарады (азаматтық идеалдардан, санаға сенімнен бас тарту, индивидуалистік ой толғауларға ену).

  • Модернизм белгілері орыс өнерінде символизмде, акмеизм мен футуризмде көрініс тапты.

  • Символистердің көркем және публицистикалық органы «Таразы» журналы болды. Оның беттерінде орыс символистерінің әртүрлі теоретикалық, философиялық, эстетикалық тамырлары бейнеленді.

  • Бұл бағыттың өкілдері Д.Мережковский, Ф.Сологуб, З.Гиппиус, В.Брюсов, К.Бальмонт («аға символистер»), А.Белый, С.Соловьев, В.Иванов, А.Болк («кіші символистер»).

  • Акмеизм жақтаушыларының символистерден ерекшелігі, олар нақты болмысты дәріптеді (А.Ахматова, С.Городецкий, М.Зенкевич).

  • 1910-1912 жж. орыс әдебиетінде футуризм ағымы пайда болды.

  • Футуристік топтар ішінде ең маңыздысы,кейін кубофутуризм деп аталған, өзінің құрамына келесідей ақындарды біріктірді: Д.Бурлюк, В.Хлебников, А.Крученых, В.Каменский, В.Маяковский.

  • Футуризмнің бір түрі эгофутуризм болды, өкілі И.Северянин.

  • Футуристер тобында «Центрифуга» деп аталатын топтың мүшелері Н.Асеев пен Б.Пастернак болды.

  • Футуризм нигилистік бағыттың ең жоғарғы деңгейі болды.

  • 20 ғ. басында орыс философиясы жоғары өрледі.

  • Бұл кезеңнің ең жарқын фигурасы Владимир Соловьев болды.

  • Оның «Адамқұдай» концепциясы кең тарап, орыс діни философиясының әрі қарайғы даму бағытын анықтады.

Кеңес кезеңінің мәдениеті.

  • КСРО-ның өмір сүруі кезеңінде социалистік қоғамды құру туралы утопистік идея бірқатар маңызды және нақты мақсаттарға жетуге мүмкіндік берді.

  • Бірінші кезекте, бұл жалпыға бірдей сауаттылық пен ғылым мен техниканың дамуы болды.

  • 1905 ж. Ресей халқының 30 % сауатты болды, 1939 ж. бұл көрсеткіш 90 %-ға, ал 1970 ж. – 100 %.

  • Қатаң идеологиялық негізге қарамастан, социалистік реализм шеңберінде көптеген жетіктіктерге қол жеткізілді: фильмдер түсірілді, кітаптар мен өлеңдер жазылды.

  • Орыс жазушылары Нобель сыйлығының лауреаттары атанды: Б.Пастернак (1958 ж.), М.Шолохов (1965 ж.), А.Солженицын (1970 ж.), И.Бродский (1987 ж.).

Шетелдік орыс мәдениеті

  • Қазан революциясынан кейін орыс интеллигенциясының көп бөлігі елден кетіп, шетелдік орыс мәдениетін қалыптастырды.

  • Шетелдік орыс мәдениетінің ерекшелігі – ол революцияға дейінгі Ресейдің құндылықтарын сақтап қалды.

  • Орыс эмиграциясының үш толқынын бөліп қарастырады.

  • Бірінші толқыны – революциядан көп ұзамай Ресейден кеткен адамдар. Бұл – азамат соғысы кезінде европаға қашқандар және 20жж. кеңес билігімен күштеп шетелге қуғынданғандар, дворяндар мен интеллигенция. Барлығы 10 млн.-нан аса адам. Олардың ішінде В.Набоков, И.Бунин, З.Гиппиус, С.Рахманинов, И.Стравинский, В.Нижинский сияқты мәдениет қайраткерлері.

  • Эмиграцияның екінші толқыны Ұлы Отан соғысымен байланысты.

  • Үшінші толқын – 1960-1980 жж. КСРО-дан кеткендер (А.Солженицын, В.Аксенов, И.Бродский, А.Синявский, С.Соколов, М.Шемякин).