Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

Ежелгі Египет өнерінің түрлері мен жанрлары

Өнер түрлері мен жанрлары

Сәулет

Мүсін жасау

Рельеф

Жазулар

Қолданбалы өнер

Сөз өнері

Пирамидалар; ғибадатханалар; обелисктер; қалалық усадьбалар;

Перғауындар (отырған және тұрған күйінде); сфинкстер; қызметшілер; жазбашылар; құлдар; жануарлар.

Ойып салу; барельеф; горельеф.

әртүрлі кезеңдердегі әртүрлі нұсқаларда;

Түрлі қолданыстағы заттар;

Гимндер; философиялық-діни поэзия; зайырлы поэзия, жолдаулар, үгіттер, ертегілер, саяхаттар туралы жазбалар.

Ежелгі Египет мәдениетінің әлемдік мәдениетке ықпалы

Ежелгі Египет мәдениеті

Египет мәдениетіне тән монументтік сәулет пен мүсін өнері Ежелгі Грецияның крит-микен мәдениетіне үлгі болды;

Рим мәдениетіне ықпалы: египеттік Исида құдайының культі Римде кеңінен таралды; осында алып обелисктер мен ескерткіштер әкелінді;

Египет мүсіндері, пейзажы, обелисктері және сәулет өнерінің басқа элементтерін антикалық мәдениет, ал одан өз кезегінде европалық мәдениет қабылдап алды;

Египет дінінің христиан дініне ықпалы: библиялық сюжеттер, о дүние, о дүниелік сот туралы ілім египет мәдениетмен байланысты немесе египет мәдениетінен пайдаланылған.

Ежелгі Египеттің діни жүйесі

Амон

Құдайлар патшасы, Ғаламды жаратушы, перғауындар әкесі. Б.д.д. 15-14 ғғ. оның культі мемлекеттік сипат алды.

Анубис

Өлілер құдайы. Ол адамның өлімнен кейінгі судьясы және адамның денесін сақтаған. Басы шакал ретінде бейнеленген.

Апоп

Алып жылан, зұлымдық бейнесі. Қара күштер иесі.

Баст

Басы мысық ретінде бейнеленген құмарлықтар әйел құдайы (богиня наслаждений).

Бэс

Ойын–сауық құдайы, отбасы қамқоршысы. Қисық аяқты карлик ретінде бейнеленген.

Гор

Жарық құдайы мен Төменгі Ніл құдайы. Осирис пен Исиданың ұлы. Қыранның басымен бейнеленген.

Исида

Басты египеттік әйел құдай. Осиристің әйелі. Магия жебеушісі.

Маат

Шындық пен әділдік әйел құдайы.

Мут

Фивы қаласының құдайы, Амонның әйелі, аналардың анасы.

Нефтида

Өлім әйел құдайы. Сеттің әйелі және Анубистік анасы. Өлілердің қамқоршысы.

Осирис

Өлілердің жер асты патшалығының құдайы.

Пта

Өнер құдайы, Мемфис қаласының басты құдайы.

Ра

Күн құдайы

Себек

Су, құнарлық құдайы, крокодил басты етіп бейнеленген.

Сет

Шөл құдайы. Кейін құлым күштер құдайы ретінде белгілі бола бастады.

Сехмет

Соғыс әйел құдайы. Жолбарыс басты етіп бейнеленген.

Тот

Дазу мен есеп құдайы. Ибис басты етіп бейнеленген. Құдайлар дауын шешіп отырған, өлілерді қорғаған, оларды өлілер патшалығына жеткізген.

Хатор

Аспан әйел құдайы, әйелдер қамқоршысы, махаббат және мейрамдар құдайы. Сиыр басты етіп бейнеленген.

Хнум

Құнарлылық құдайы, қой басты етіп бейнеленген

Хонсу

Ай және уақыт құдайы.

Ежелгі Месопотамия мәдениеті

  1. Шумер-Аккад мәдениеті

  2. Көне Вавилон қаласы

  3. Ассиро-Вавилон әдебиеті

  4. Сәулет өнері

Шумер-Аккад мәдениеті

  • Месопотамия өркениеті б.д.д. 4 мыңжылдықта Таяу Шығыста Тигр және Евфрат өзендері аралығында пайда болды.

  • Бұл жерде Шумер, Аккад, Ур, Урук, Эриду, Ниппур, Ларса т.б. қала-мемлекеттері өмір сүрді.

  • Месопотамия өмірінде маңызды орынды қыш алды (шумерлер аңызы бойынша құдайлар адамды қыштан жаратқан): ол құрылыс материалы ретінде, ыдыс жасау үшін, жазу үшін қолданылды.

  • Шумерліктердің өзіндік жазуы болды. Ол идеограммалардан құралған сына жазуы болды (1802 ж. неміс ғалымы Гротефенд ашқан).

  • Сына жазуын Алдыңғы Азия мемлекеттері эламиттер, хуриттер, хеттер, урартулықтар, парсылар қолданды.

  • Шумерліктер таза қыштан жасалған тақтайшаларда жіңішке тростникпен жазды.

  • Біздің заманымызға шамамен 1,5 млн. сына мәтіндері жеткен.

  • Бай шумерлік әдебиет поэмаларға, лирикаға, аңыздарға, әнұрандарға, мақалдарға, эпикалық әңгімелерге, жоқтауларға және басқа жанрларға толы.

  • Шумерлік әдебиетте этиологиялық (түсіндірмелі) аңыздар кең таралған (әлемнің жаратылуы туралы, адамның жаратылуы туралы, ұлы топан су туралы, құдайлар өлімі мен қайта тірілуі туралы т.б.).

  • Шумер-аккадтық кезең мүсіндері туралы мәлімет аз (біздің заманымызға шағын әр түрлі тастардан жасалған фигуралар жетті (40 см дейін).

  • Шумерде сәулетшілік ғибадатханалардың нақты бір типі қалыптасты. Олар – зиккураттар – сатылардан құралған пирамидалар (Ай құдайы Сина зиккураты).

2. Көне Вавилон қаласы

  • Б.д.д. 3 мыңжылдық аяғы мен 2 мыңжылдық басында Месопотамия территориясында Вавилон мемлекеті қалыптасты.

  • Вавилон мәдениеті шумерлік мәдениеттің мұрагері ретінде алға қадам басты.

  • Вавилон қаласы («Құдай қақпасы») Евфрат жағалауында орналасып, Месопотамия орталығында тиімді орналасты.

  • Вавилонның сыртқы көрінісі неміс археологы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстары нәтижесінде жақсы белгілі.

  • Вавилон қаласының көлемі 10 кв. км., халқы 200 мың адам болған.

  • Евфрат қаланы екіге бөлген: ескі қала (шығысы) және жаңа қала (батысы); бұл бөліктер әлемдегі ең ежелгілердің бірі болып саналатын тас көпір арқылы жалғанған.

  • Вавилон ормен және 360 мұнаралы үш қатар биік қабырғамен қоршалған. Бірінші қабырға қалыңдығы 7 м., екіншісінікі – 8 м., үшіншісінің қалыңдығы 3,5 м. болған; қабырғаның 8 қақпасы болған.

  • Қатер төнген жағдайда инженерлік құрылғылар Вавилон алдындағы алаңды сумен басуға мүмкіндік берген.

  • Қаланың нақты жоспары болды; көшелер түзу әрі ұзын болды; басты көше Мардук құдайының ғибадатханасынан басталып, Иштар құдай-ананың орталық қақпасына дейін созылған.

  • Қалада су құбырлары және канализациясы бар бір және екі қабатты үйлер тұрғызылған.

  • Вавилонда 50 ғибадатхана болды, соның ішінде жеті сатылы Этеменанки зиккураты (библиялық Вавилон мұнарасы), оның биіктігі 90 метрден асқан.

Ассиро-Вавилон әдебиеті

  • Ассиро-вавилондық мәдениеттің ірі жетістіктерінің бірі кітапханалар құру болды. Олардың ең ірісі б.д.д. 7 ғасырда ассириялық патша Ашшурбанапал Ниневияда негізін қалаған кітапхана болды, онда 25 мың қыш сына кітапшалар табылған.

  • Кітапханаларда патша анналдары, тарихи жылнамалар, заңдар жинағы, әдеби шығармалар, ғылыми мәтіндер сақталды.

  • Ассиро-вавилондық әдебиет ескерткіштерінің барлығы аккад тілінде жазылған.

  • Көпшілік шығармалар аңыздарға негізделген («Гильгамеш туралы аңыз»).

  • Ассиро–Вавилондық әдебиеттің көптеген сюжеттері библиялық кітаптарда жалғасын тапты.

Сәулет өнері мен діни жүйесі

  • Месоптамия сәулетшілері сарай және ғибадатханалар салуда үлкен жетістіктерге жетті (Ниневиядағы Ашшурбанапал сарайы, Хорсабадтағы ІІ Саргон сарайы, Вавилондағы ІІ Навуходоносор сарайы).

  • Вавилондықтардың басты ғибадатханалары Мардук құдайының храмы (Эсагила) және жеті сатылы Этеменанки зиккураты болды (библиялық Вавилон мұнарасы).

  • Египет пирамидаларынан кейінгі екінші әлем кереметі ретінде гректер Семирамиданың аспалы бақтарын санаған. Бұл – экзотикалық өсімдіктер өсірілген аспалы террасалар.

  • Вавилонда 6500 құдайға, 300 аспан және 600 жер рухтарына табыған.

  • Әлемді Ану, Эллиль (Мардук, Бэл) және Энлиль құдайларының үштігі билейді деп санаған.

Шумерлік құдайлар

Ану

Аспанда өмір сүретін жоғарғы құдай. Құдайлар үштігіндегі басты құдай, құдайлар Әкесі.

Эллиль

Жер асты және жер үсті суларының құдайы. Ең таза құдай.

Энлиль

Жер мен ауа жоғарғы құдайы.

Инанна

Таңғы жұлдыз әйел құдайы, құнарлылық пен махаббат құдайы.

Нанна

Ай құдайы, Энлильдің ұлы.

Нингаль

Ай құдайының әйелі, Шамаштың анасы.

Нинурта

Соғыс құдайы

Шамаш

Күн құдайы, әділдік пен шындықтың қамқоршысы

Вавилондық құдайлар

Иштар

Ең жоғарғы әйел құдай, Ай мен кеш құдайы.

Мардук

Әлемді жаратушы құдай.

Набу

Жазу, ғылым, даналық, әділдік құдайы

Ассириялық құдайлар

Адад

Жел, дауыл, найзағай құдайы

Ашшур

Жоғарғы ассириялық құдай (Мардукқа сәйкес келеді)

Гула

Емделу құдайы

Нуску

От құдайы

Месопотамияның ғылыми білімдері:

  • Математикалық білімдер (360 градусқа бөлу, квадрат теңдеулер, стереометриялық білімдер, квадрат және куб түбірлерін шығару);

  • Жұлдызды аспан картасы, кейіннен ол Жерорта теңізіндегі европалық өркениеттердің астрономиялық білімдеріне негіз болған.

  • Күнтізбе;

  • Шыны жасау;

  • Жануарлар анатомиясын білген.

Ежелгі Үнді мәдениеті

  1. Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктері

  2. Ежелгі Үнді әдебиеті

  3. Ежелгі Үнді көркемсуреті, мүсін және сәулет өнері

Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктері

  • Ерте үнді өркениеті Үндістанның солтүстігінде б.д.д. 3 мыңжылдықта қалыптасты. Оның негізгі орталықтары Хараппа және Мохенджо–Даро болды (қазіргі Пәкістан территориясы).

  • Үнді мәдениеті басқа ежелгі мәдениеттер ықпалында қалыптасты. Бұл Үндістанның Ұлы Жібек жолының торабында орналасқандығынан болды.

  • Осы кезеңде ежелгі үнді жазуы пайда болды (әлі күнге дейін ашылмаған).

  • Көптеген өзара байланысқан діндердің болуы.

Ежелгі Үнді әдебиеті

  • Ежелгі Үндістанның көпшілік әдеби ескерткіштері санскрит тілінде жазылған.

  • Үнді әдебиетінің ең ежелгі ескерткіші – ведалар (индуизмнің қасиетті кітаптары).

  • Ведалар төрт жинақтан тұрады: Ригведа – құдайларды мадақтайтын гимндер (құдайға құлшылық ету кезінде орындау үшін абыздарға арналған); Самаведа – әндер (құдайға құлшылық ету кезінде музыка үшін жауап беретін абыздарға арналған); Яджурведа – құрбандық шалынған кезде орындалатын гимндер; Атхарваведа – дұғалар.

  • Ежелгі үнді эпосы екі көлемі жағынан зор поэмамен ерекшеленеді – «Махабхарата» және «Рамаяна»;

  • «Махабхарат» («Бхарата ұрпақтарының ұлы соғысы») 107 мың екі шумақтардан тұрады. Сюжеттің негізі – екі ақсүйектік әулет Пандав және Каурав әулеттерінің билік үшін күресі;

  • «Рамаяна» (Раманың ерліктері туралы жыр) 24 мың екі шумақтардан тұрады және күрделі композиялық құрылымымен ерекшеленеді.

  • Ежелгі үнді халық даналығының құнды үлгісі – үнді халық ертегілері, мысалдары мен ертегілер («Панчатантра» жинағы («Бес кітап»)).

  • Ежелгі үнді әдебиетіне жоғары дамыған өзіндік драматургия тән.

  • Ежелгі үнді авторларының (Бхасаның, Шудрактың, Бхавабхутидің және т.б.) көптеген драмалары сақталған.

  • Ежелгі үнді драматургиясының ең дамыған шағы Калидаса шығармашылығы болып саналады. Оның поэмалары: «Шакунтала», «Малявика мен Агнимитра» және т.б.).

  • Санскрит тіліндегі әдебиеттен басқа, пали тілінде де әдебиеттер сақталды.

  • Ежелгі Үнді әдебиеті жоғары деңгейінің көрсеткіші – әдебиет теориясына арналған көптеген еңбектердің болуы.

Ежелгі Үнді көркемсуреті, мүсін және сәулет өнері

  • Ежелгі Үндістанда көркемсурет және мүсін жасаумен айналысатын арнайы басқармалар болған.

  • Көркемсуреттегі бояудың түсі сюжетке және кейіпкерлерге байланысты болған (мысалы, патшалар мен құдайлар әрдайым ақ түсті етіп салынған).

  • Ежелгі үнді діни көркемсуретінің ең белгілі ескерткіші – Аджанта үңгіріндегі қабырға суреттері (Будда өмірі туралы суреттер, мифологиялық сюжеттер, күнделікті тұрмыс суреттері).

  • Көптеген құрылыстар ағаштан жасалды (біздің заманымызға сақталмаған).

  • Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында құрылыста тастар қолданыла бастады.

  • Буддистік ғибадатханалар әдетте үңгірлер ішінде жасалды.

  • Ежелгі үнді сәулет өнерінің шедеврлері ретінде Карладағы үңгір ғибадатханасы (ені 14 м., биіктігі 14 м., биіктігі 38м.), Эллордағы үңгір ғибадатханасы, Санчадағы индуистік және буддистік молалар саналады.

Ежелгі Қытай мәдениеті

  • Ежелгі Қытай мәдениетінің ерекшеліктері

  • Ежелгі Қытай шаруашылығы мен қолөнері

  • Жазу және әдебиет

  • Ежелгі Қытайдың ғылыми білімдері

Ежелгі Қытай мәдениетінің ерекшеліктері

  • Ежелгі Қытай мәдениеті географиялық оқшаулануы себебінен басқа ежелгі мәдениеттер ықпалын сезінген жоқ және өзі де оларға әсерін тигізген жоқ.

  • Қытай мәдениетіндегі орасан зор рольді қоғамның иерархиясы ойнады (отбасы ішіндегі қарым–қатынас, мемлекет ішіндегі қарым–қатынас, үлкендерді сыйлау, дәстүрлерді құрметтеу және т.б.).

  • Этикалық–ритуалдық қағидалар қытайлықтар үшін әлемді діни–мифологиялық қабылдаудың орнын басты. Құдайдың орнын әулеттік және отбасылық бабалар культы басты, ал қалған құдайлар адамдық кейіпте болған жоқ (Аспан, Дао және т.б.).

Ежелгі Қытай шаруашылығы мен қолөнері

  • Қытай мәдениетінің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде адамдар бидай мен сұлы өсірді, күріш көп кейін пайда болды.

  • Б.д.д. 2 мыңжылдықта қытайлықтар қола жасауды үйренді; қоладан жасалған ыдыстар айдаһарлардың суреттерімен әшекейленді. Айдаһарларды олар сумен теңестірді.

  • Шамамен осы уақытта қытайлықтар жібек матасын жасауды үйренді.

  • Б.д.д. 3 мыңжылдықта қытайлықтар қызыл, ақ, көк және қара түсті керамика жасап, оларды ромб және спираль тәріздес күрделі өрнектермен әшекейледі.

  • Қытайлықтар арлғашқы болып шайды қолдану тәжірибесін енгізді.

Жазу және әдебиет

  • Қытайлықтар иероглифтік жазуды ойлап тапты. Ол бірнеше өзгешеліктерге ұшырап, біздің заманымызға дейін жетті.

  • Қытай әдебиетінің көне ескерткіші – «Шицзин» әндер кітабы. Ол б.д.д. 9-6 ғғ. құрастырылды. Бұл фольклорлық шығармалар жинағы. Оны шенеуніктер әдейі жинап, халықты басқарушылар қаншалықты қанағаттандыратынын білуге тырысқан (300-ге жуық әндер).

  • Б.д.д. 4 ғ. ортасында Қытайдың оңтүстігіндегі Чу патшалығында «Чу цы» деген атқа ие болған әдебиет дүниеге келді («Чу шумақтары» – еркін формада жазылған халық шығармашылығы). Бұл жанрдың ірі өкілі – Цюй Юань (б.д.д. 340-278 жж.) – Қытайдың тұңғыш ұлы ақыны.

  • Проза поэзияға қарағанда баяу дамыды. Тек б.д.д. 5-3 ғасырларда оның өрлеуі басталды. Поэзияның алғашқы үлгілеріне «Го юй» («Патшалықтар тарихы») және «Шу цзин» («Тарихи аңыздар кітабы») жатады.

Ұлы Қытай қорғаны

  • Ұлы Қытай қорғаны – Ежелгі Қытай сәулетінің ірі ескерткіші. Оның алғашқы учакелері б.д.д. 4-3 мыңжылдықта салынды. Б.д.д. 221 жылы Қытайдың бірігуінен кейін император Цинь Ши–Хуанди империяның солтүстік– батыс шекараларын бойлай, ұзындығы 10 000 лиге дейін жететін қабырға салуға бұйырады.

  • Қабырғаның шеткі нүктелері арасындағы қашықтық 1800 километрден асады, ал барлық иірімдерін санағандағы нақты ұзындығы – 4000 километр, биіктігі 10 метрге дейін жетеді.

  • Қабырға үстінен оның енімен арбалар мен әскери колонналар жүре алатын болған.

  • Әр бірнеше жүздеген метр сайын күзет мұнаралары орналасқан.

  • Ұлы қытай қорғанының көп бөлігі біздің заманымызға дейін жеткен.

Ежелгі Қытайдың ғылыми білімдері.

  • Ежелгі Қытайда есірткі заттарын қолдана отырып, хирургиялық операциялар жасалатын болған; инемен, массажбен емдеу әдістері таралған.

  • Қытайлықтар екі және үш белгісізбен бірінші дәрежелі теңдеулер шешу әдісін ашқан, шеңбер ұзындығы мен оның диаметрінің арасындағы арақатынасты есептей білген.

  • Олар Күннің тұтылу уақытын есептей алған, әлемдегі алғашқы жұлдыздар каталогын құрастырған, Күндеге дақтарды бақылаған.

  • Қытай – компас, спидометр, сейсмограф, оқ–дәрі, кітап басу сияқты жаңалықтардың отаны.