Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

Көне Рим мәдениеті

Этрускілер мәдениеті

  • Б.д.д. 1 мыңжылдықта Италияны мекендеген тайпалар ішінде жоғары мәдениетті тайпа этрускілер болды (шығу тегі белгісіз).

  • Этрускілер егіншілікпен және қолөнермен (керамика, қоланы құю) айналысты.

  • Этруск мәдениетінің гүлденген шағы б.д.д. 7-6 ғғ.

  • Римдіктер этрускілерден қала салуды, қабырға көркемөнерін, мүсін және портрет жасауды үйренді.

Патшалар дәуіріндегі Рим

  • Рим қаласы Тибр өзенінің төменгі ағысында Лацияда пайда болды.

  • Бірінші мекендер б.д.д. 10 ғасырдың өзінде алдымен Палатин төбесінде салынды, кейін басқа да төбелер – Целия, Эсквилин, Квиринал,Виминал, Капитолии және Авентин төбелерінде салынды.

  • Төбелер арасындағы жазықтықта Римнің болашақ орталығы – Форум пайда болды.

  • Әдетте Римнің негізін қалаушы ретінде Ромул есептеледі (б.д.д. 754 ж.).

  • Аңыз бойынша б.д.д. 8-6 ғасырлар аралығында Римде 7 патша билік құрған: Ромул, Нума Помпилий, Тулл Гостилий, Анк Марций, Ежелгі Тарквиний, Сервий Туллий, Тәкаппар Тарквиний.

  • Соңғы үш патша тұсында Капитолий төбесінде квадригамен әшекейленген фронтоны бар Юпитер храмы салынды; Рим халқы көп қоныстанған үлкен қалаға айналды.

  • Тәкаппар Таврквиний тұсында Ұлы клоака (жерасты канализациялық труба) жасалды, ол қазіргі күнге дейін Римге қызмет етеді.

  • Б.д.д. 510 жылы Тәкаппар Тарквиний қаладан қуылып, Римді билеу «жалпыхалықтың қолында» деп жарияланды.

Республика дәуіріндегі Римнің әдебиеті (б.д.д. 5-1 ғғ.)

  • Б.д.д. 3 ғ. соңында Римде латын әдеби тілі және оның негізінде эпикалық поэзия қалыптасты.

  • Алғашқы римдік трагиктердің бірі Ливий Андроник болды, шығу тегі грек болған ол «Одиссеяны» латын тіліне аударды.

  • Гней Невий паллиаттар мен тогаттарды (рим өмірінен алынған комедиялар) ойлап тапты.

  • Ірі римдік комедианттар Тит Макций Плавт пен Публий Теренций болды.

  • Римнің әскери жеңістерін эпикалық гекзаметрмен Квинт Энний жырлады.

  • Бірінші римдік прозаик болып Марк Порций Катон әке («Ауыл шаруашылығы туралы») саналады.

  • Римнің ұлы миссиясын насихаттауда «Дүниежүзі тарихы» еңбегінің авторы Полибий үлкен еңбек етті.

  • Републиканың соңығы онжылдығында (б.д.д. 1 ғ.) өзінің тарихи шығармаларымен Гай Салюстрий Крисп пен Гай Юлий Цезарьдің аты шықты («Галл соғысы туралы жазбалар», «Азаматтық соғыс туралы жазбалар»), олардың шығармалары азамат соғысы дәуірінің өткір саяси күресін бейнеледі.

  • Ірі ғалым-энциклопедист Марк Теренций Варрон (б.д.д. 1 ғ.) тарих, мәдениет, дін, заң, өнер, грамматика, латын тілі, әдебиет тарихы, астрономиядан еңбектер жазды.

  • Римдіктерді грек философиясымен Марк тулий Цицерон таныстырды (б.д.д. 1 ғ.), ол өзінің трактаттарында («Оратор туралы», «Міндеттер туралы», «Мемлекет туралы») Платон ілімінің негіздерін баяндады.

  • Ірі римдік философ Тит Лукреций Кар (б.д.д. 1 ғ.) болды, ол өзінің «Заттар табиғаты туралы» деген поэмасында Ғарыштың табиғи жаратылысы (құдайлардың араласуынсыз) туралы ойды білдірді.

  • Б.д.д. 1 ғасырды римде риториканың – саяси және сот шешендік өнерінің дамыған шағы болды.

  • Шағын әдеби шығармалардың (эпиграммалар, элегиялар) ірі өкілі Гай Валерий Катулл болды.

  • Римдік көркем әдебиеттің ерекше жетістігі сатира болды, оның көрнекті өкілі Луций (б.д.д. 2 ғ.) болды.

Республика дәуіріндегі Римнің сәулет өнері.

  • Республика кезеңінен сақталған сәулет ескерткіштері азшылықты құрайды.

  • Үш грек ордерінен басқа, римдіктер этрускілерден үйренген тосканалық ордерді қолданды (ордерлер ішіндегі ең мықты және ауыры, физикалық күштілікті, алыптылықты білдірді, шаруашылық және әскери құрылыстарда қолданылды).

  • Римдік храмдар гректік храмдарға ұқсас болды, бірақ ірілігімен ерекшеленді және подиумдарда (сатылы төртбұрышты платформалар) тұрғызылды.

  • Б.д.д. 2 ғасырда римдіктер бетонды ойлап тапты, бұл өз кезегінде аркалық құрылыстардың салынуына алып келді.

  • Периптерден басқа (колонналы храмдар), римдіктер ротондаларды (дөңгелек храмдар) салды – Форумдағы Веста храмы.

  • Римдік құрылыстарға аркадалар, яғни бағаналар мен колонналарға сүйенген аркалар тән болды (галереялар, акведуктар (көпірлер), амфитеатрлар құрылысы кезінде қолданылды).

  • Римдік ерекше құрылыс әскери жеңістер ескерткіші ретінде тұрғызылған триумфтік аркалар болды.

  • Б.д.д. 1 ғ. ортасында Форумда Цезарь базиликасы салынды. Ол сот отырыстарына, сауда операцияларына және халық жиналыстарына арнап салынды, сондай-ақ Венера құрметіне храм тұрғызылды.

«Август ғасыры» мәдениетінің ерекшеліктері

  • Рим мәдениеті өзінің «алтын ғасырын» Октавиан Август (б.д. 27 ж.-б.д. 14 ж.) билігі кезінде басынан кешірді.

  • Август приципатының басты ұраны республиканы қайта қалпына келтіру, соғыстар мен тұрақсыздықты тоқтату болды.

  • «Август ғасыры» кезінде грек және рим мәдениетінің синтезі аяқталды.

Ерте империя дәуірінің әдебиеті (б.д.д. 27 ж. – б.д. 2 ж.).

  • «Август ғасыры» поэзия үшін жемісті кезең болды, оның гүлденуі Вергилий, Гораций және Овидий ақындарының есімдерімен байланысты.

  • Вергилийдің «Энеида» поэмасы «римдік рух» мәнін ашады.

  • Махаббат поэзиясының жоғарғы шыңы – Овидийдің «Метаморфозы» поэмасы.

  • Ұлы рим тарихшысы болып «Рим қаласының негізі қаланғаннан бастапқы тарихы» (142 кітап) еңбегінің авторы Тит Ливий саналады.

Ерте империя кезеңінің сәулеті

  • Август кезеңінде жаңа Форум салынды, оның басты ғимараты Ультор Марсының храмы болды (Кек алушы Марс).

  • «Август ғасырының» сәулетіне сымбатты және әдемі классикалық пропорциялар тән (Октавия портигі, Марцелл театры, Марс алаңындағы бейбітшілік алтарі).

  • Сол кезең құрылысының жоғарғы жетістігі Пантеон (барлық құдайлар храмы) болды.

  • Қабырға көркемөнері кең таралды (Помпей қаласының қазбалары бойынша белгілі).

Рим империясы әдебиеті (1 – 2 ғғ.).

  • Бұл дәуір әлемге тамаша философтарды сыйлады: Сенека, Эпиктет, Марк аврелий, Секст Эмпирик, Дион Хризостом.

  • Ең танымал ақындар Лукан, марциал, Ювенал, прозаиктер – Плутарх, Петроний, Лукиан, Апулей болды.

  • Кең танымал римдік тарихшы Тацит өзінің шығармаларында рим қоғамының трагедиясын терең психологиялық тұрғыдан сипаттады.

Рим империясының сәулеті мен мүсіні.

  • Августтың ұрпақтары Римді жаңа ғимараттармен безендіруді жалғастырды: Тиберий – жаңа императорлық сарай; Нерон – қаланың орталығын қайта салды; Веспасиан – Колизей.

  • Колизей қабырғаларының биіктігі 50 метр болды, оның аренасында бір уақытта 3000 жұп гладиаторлар шайқаса алды (400 жылы гладиаторлар шайқасы пұтқа табынушылықты дәріптеу қойылымы ретінде есептеліп, оларға тыйым салынды, ал амфитеатр тас қирату орнына айналды).

  • Қолбасшы-императорлар құрметіне аркалар тұрғызылды (Тит аркасы, Септимий Север аркасы, Константин аркасы).

  • 2 ғасыр басында грек сәулетшісі Аполлодор басшылығымен Троян Форумы салынды.

  • 2 ғасырда Римде бірінші атты мүсіндер пайда болды (Марк Аврелийдің атты мүсіні).

Рим империясы құлдырауы кезеңінің мәдениеті (3-5 ғғ.)

  • Бұл кезең мәдениетінің ең үлкен жетістігі – скульптуралық портрет (Филипп Аравитянин, Каракалла, Веспасиан, Домициан, Вителлий императорларының бюсттері).

  • 313 жылы Константиннің Медиолан эдиктісі христиан дінін басқа діндермен тең құқылы деп таныды.

  • 4-5 ғасырларда христиан дінінің ірі көрнекті өкілдері, «шіркеу аталары» өмір сүрді: Василий Ұлы, Иоанн Златоуст, Амвросий Медиоландық, Аврелий Августин.

  • Пұтқа табыну храмдары христиан шіркеулеріне айнала бастады.

  • Император Феодосий Бірінші тұсында (4 ғ.) христиан діні Римнің мемлекеттік діні етіп жарияланды.

Терминдер: