Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

ҚазГзу гуманитарлық заң колледжі

«МӘДЕНИЕТТАНУ» пәнінен

дәрістер жинағы

Дайындаған: Какабаева Р.Е.

Астана – 2011

«МӘДЕНИЕТТАНУ» пәнінен дәрістер жинағы

Мазмұны

  1. Мәдениет түсінігі

  2. Көне Шығыс өркениетінің ерекшеліктері

  3. Көне кезең мәдениеті

  4. Ортағасырлар мәдениеті

  5. Қайта өрлеу мәдениеті және Жаңа заман мәдениеті

  6. 19 ғасыр мәдениеті

  7. Модернизмнің негізгі бағыттары

  8. 20 ғасырдағы Батыс мәдениеті

  9. Діннің мәні және шығу тегі

  10. Буддизмнің шығу тегі және оның негізгі бағыттары

  11. Христиан дінінің шығу тегі және оның негізгі бағыттары

  12. Исламның шығу тегі және негізгі бағыттары

Мәдениет түсінігі

Жоспар

  1. Мәдениет анықтамасы

  2. Мәдениет ұғымдары

  3. Мәдениет мектептері

  4. Алғашқы қауымды мәдениет

1. Мәдениет анықтамасы

  • Мәдениет – бұл ойлаумен, көркем шығармашылықпен және қабылданған жүріс-тұрыс нормаларымен байланысты ерекше әрекет түрі;

  • Мәдениет – бұл қоғам дамуының, білімділігінің, «жабайылықтан өркениеттілікке» өту жолының жалпы деңгейі;

  • Мәдениет – бұл адамды табиғаттан және биологиялық детерминациядан бөлетін қоғамдық жетістіктер жиынтығы;

  • Мәдениет – бұл бір қоғамды басқа қоғамнан ажырататын нормалар, құндылықтар жүйесі;

2. Мәдениет ұғымдары

  • Мәдениет ұғымдары – мәдени заңдылықтар, құбылыстар, процестер мен байланыстар туралы ең іргелі түсініктер. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • Мәдени объектілер (мәдени белгілер, артефактілер, заттар және символдар түріндегі формалар, мәдени композициялар, конфигурациялар, жүйелер мен тұтастай мәдениет);

  • Мәдени процестер (генезис, қалыптасу, қызмет ету, таралу, өзгері, қайта жаңғыру);

  • Мәдени қасиеттер (қызмет етушілігі, семантикалығы, утилитарлығы, коммуникациялылығы, құндылығы, әмбебаптығы (универсальность), локальділігі (ішкі), уникалдығы (қайталанбастығы), типтілігі);

  • Мәдени қызметтер (жаңа нормаларды, құндылықтарды өндіру, коммуникациялық, әлеуметтік, латенттік қызметтер);

  • Мәдени модальділіктер (эволюция, модернизация, прогресс, деградация, деструкция, циклизм);

  • Мәдени мәндер (құбылыстардың мәдени мәндері, бағалар мен бағалау критерийлері, мәдениет герменевтикасы);

  • Мәдени белгілеу (белгілер, символдар, бейнелер, атрибуттар, мәтіндер);

  • Мәдени құндылықтар (витальді, материалдық, мемориалдық, көркем, идеологиялық, адамгершілік, діни, әлеуметтік, экзистенциалдық);

  • Мәдени нормалар (үлгілер, ережелер, стандарттар, канондар, дәстүрлер, мораль, эстетика, этика, стиль, мода);

  • Мәдени орта (мәденилендірілген территориялар, елді мекендер, құрылыстар, ғимараттар, заттар);

  • Мәдени субъектілер және олардың тұрақты ұжымдары (тұлғалар, отбасылар, әулеттер, таптар, касталар, сословиелер, этностар, адамзат);

  • Мәдениетті индивидтердің қабылдау процестері мен нәтижелері (социализация, инкультурация, ассимиляция, аккультурация, тәрбие, оқыту, адекваттілік, девианттілік);

  • Мәдени мотивация (қызығушылықтар, қажеттіліктер, адаптация, мақсат, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі реттеу, престиж);

  • Адамдардың мәдени тәртібі мен санасы (церемониялық жүріс-тұрыс, әдет-ғұрып, ритуалдар, өмір салты, дүниені тану, мифология, сенім, ментальділік (менталитет, діл), сана ахетиптері);

  • Арнайы әрекет түрлерінің мәдени аспектілері (шаруашылық, құқықтық, саяси, әскери, философиялық, діни, көркем, ғылыми, білімдік, ақпараттық, табиғатты қолдану мәдениеті, денсаулық мәдениеті);

  • Мәдени институттар (мәдени саясат, мәдениет мекемелері, білім ошақтары, шығармашылық ұйымдары);

  • Мәдени-интеграциялық және дифференциалдық процестер мен құбылыстар (кооперация, консолидация, солидарность (ынтымақтастық, ниеттес), әлеуметтілік, ұлттық);

  • Мәдениеттің әлеуметтік типологиясы (элитарлық, халықтық, көпшілік (популярная), бұқаралық);

  • Мәдени-тарихи типология (этникалық және әлеуметтік қауымдастықтардың , конфессиялардың, мемлекеттердің, өркениеттердің мәдени ерекшелігі);

  • Мәдениетаралық байланыс (диффузия, араласу, толеранттылық, комплиментарлық, құндылықтар конфликті, мәдени синтез, лимфотрофтылық);