Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

2. Құранның шығу тегі, маңызы мен формасы

  • Құран – Алланың сөзі жазылған исламның қасиетті кітабы.

  • Құран араб тілінде жазылған.

  • Құран 30 бөліктен (жүз) тұрады, олардың әрқайсысы рамазан айының әр күніне арналады.

  • Құран 114 сүреден тұрады.

  • Бірінші сүреден басқасының барлығы ұзындығына байланысты орналасқан, екінші сүре ең ұзін, соңғысы ең қысқа.

  • Мұсылман теологтарының мойындауынша Құран Мұхаммедтің серіктерімен бірнеше жылдар бойына жинақталып, сүйектерге, тастарға,қабыққа, жапырақтарға жазылған.

  • Хадистер – Мұхаммед пайғамбар әңгімелерінің немесе сөздерінің жазбалары.

  • Хадистерді білу – міндет.

3. Мұсылман ілімі

  • Исламның негізгі ілімі Құранда және Суннада сипатталған. Сунна – пайғамбар өмірі туралы қасиетті өсиеттер жинағы (хадистер).

  • Ең бастысы – бұл жалғыз, мәңгі, дана, құдыретті, мейірімді Аллаһқа сену.

  • Оның адам білетін 99 есімі бар, ал шын есімі тек пайғамбарларға ғана белгілі.

  • Мұсылман дінінің маңызды бөлігі – періштелер.

  • Адамдар қыштар жаратылған, періштелер жарықтан жаратылған. Бірақ адам періштелерден жоғары, себебі оның таңдау құқығы бар.

  • Періштелер адамды қорғайды, оның барлық әрекеттерін жазып, Ақырет күні ұсынады.

  • Ислам жындарды да мойындайды. Жындар – зұлымдыққа бейім рухтар.

  • Жындардың басында сайтан (ібіліс) тұр.

  • Исламда Ақырет күніне деген сенім бар. Ақыр заман күні өлгендер қайтып тіріледі және әр адамның әр әрекеті қаралатын сот болады.

  • Күнәһарлар тозақтың отында жанады, ал құтқарылғандар жұмаққа түседі.

4. Исламдағы діни заң.

  • Ислам бес қағидаға негізделген.

  • Біріншісі – Аллаһтың жалғыздығына, ал Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне сену.

  • Оны адам тым болмағанда өмірінде бір рет, дұрыс, дауыстап, саналы, мағынасын түсіне отырып және жүректің қалауымен айтылуы тиіс.

  • Екінші парыз – күніне бес рет намаз оқу.

  • Үшінші парыз – міндетті салық зекет төлеу.

  • Төртінші парыз – рамазан айында ораза ұстау.

  • Бесінші парыз – Мекеге жыл сайынғы қажылық және онда қажетті рәсімдерді орындау (Кағбаны жеті рет айналу, Қара тасты ұстау, Ас–Сафа және Аль–Марва тауларына міну және жету рет арасында жүгіру, Мекеден Минаға жүру, одан әрі Арафатқа өту, күн батқанға дейін дұға тыңдау, Муздалифте түн өткізу және құрбандық шалу).

  • Діни заңдарға джихатты жатқызады. Джихат дін үшін «қасиетті соғыс».

  • Джихаттың бірнеше түрлері бар: Аллаһ жауларына қарсы күрес, ислам мемлекетінің шекарасын бұзушыларға қарсы соғыс, діннен безгендерге қарсы соғыс.

  • Исламның басқа заңдары: Құдайды бейнелеуге тыйым, шошқа етін жеуге, қан ішуге, спирттік ішімдіктер ішуге тыйым, ойын–сауыққа тыйым, өсімқорлықпен айналысуға тыйым.

5. Исламның бағыттары

  • Ислам ішіндегі догмалық айырмашылықтар пайғамбар өлімінен кейін пайда болды.

  • Оның ізбасары орнына оның күйеу баласы Әли мен басқа беделді серіктері таласа бастады, олардың ішінен Абу Бакр сайланды.

  • Әли тек төртінші халиф болды.

  • Хариджиттер («кетушілер») – билеуші халифтерді «ислам рухын» бұзды деп айыптап, бүлік шығарушылар.

  • Олардың негізгі идеясы күнә жасаған және оған шын өкінбеген адам өзін мұсылманға жатқыза алмайды.

  • Хариджиттердің екінші қағиасы соғыс құмарлық.

  • Осы екі қағида әсерінен олар кез келген билікке шыдамсыздық танытты.

  • 661 жылы пайғамбардың күйеу баласы Әли өлтірілді және мұсылман әлемі екіге бөлініп кетті – суннитер мен шииттерге.

  • Барлық мұсылмандардың шамамен 90 %–ы сунниттер.

  • Суннизм исламдағы дәстүрлі ағым болып саналады.

  • Шииттер – мұсылман қауымының басшылары ретінде тек Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатима мен күйеу баласы Әлиден таралған ұрпақтарды санайды.

  • Шииттер Әлидің ұрпағы болып табылмайтын халифтерді мойындамайды.

  • Шиизмде басты көңіл өзін өзі азаптауға бөлінеді.

  • Шиизм ішінде туған ағым бахаизм (1863 жылы Иранда қалыптасты, негізін салушы Мырза Хусейн Али, Баха–Аллаһ есімімен белгілі).

  • Бахаистер барлық діндер бірлігіне, адамдар арасындағы гармония мен теңдікке сенеді, жалпыға білім беру мен билікке бағынуды уағыздайды.

  • Исламдағы маңызды топ ваххабиттер.

  • Ваххабизмнің негізін салушы Мухаммед ибн Абд ал–Ваххаб. Ол әулиелер молаларын қадірлеуге, намаз оқу кезінде тәшбихті қолдануға қарсы шықты, исламның алғышқы тазалығына қайтып оралуға шақырды.

  • Шиизмнің ағымдарының бірі – исмаилиттер. Олардың шииттерден ерекшелігі Әлиден басқа, алытшы халиф Исмаилды таниды.

  • Суфизм – исламдағы мистикалық ағымдардың бірі болып саналады.