Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

Көне кезең мәдениеті

Жоспар

  1. Көне Греция мәдениеті

  2. Көне Рим мәдениеті

Крит-микен мәдениеті

  • Б.д.д. 3-25 мыңжылдықта көне шығыс өркениеттермен бір уақытта Жерорта теңізінің шығысында дамыған эгей (крит-микен) мәдениеті өмір сүрді.

  • Эгей мәдениетінің орталығы болып крит билеушілерінің монументтік сарай кешендері табылады (Кносс, Маллия, Фест, Закро қалаларындағы сарайлар).

  • Эгей мәдениетінің ең жоғарғы жетістігі жазудың ойлап табылуы (б.д.д. 18-17 ғғ.) есептеледі, бұл буындық (линиялық) А жазуы (әлі күнге дейін ашылмаған).

  • Микен мәдениетінің крит мәдениетінен ерекшелігі қаталдық пен алыптылық. Жергілікті патшалар алыптығының символы олардың өз бекіністерін биіктікте тұрғызғаны болып табылады («Арыстан қақпасы», Агамемнон қабірі т.б.).

  • Микен жазуы (линиялық Б жазуы) 1935 жылы шешілді.

  • Крит өркениеті б.д.д. 15 ғасыр ортасында қатты жер сілкінісі нәтижесінде жойылды.

Гомер кезеңі мәдениетінің дүниетанымдық негіздері (б.д.д. 11-8 ғғ.).

  • Антикалық кезең адамдарының дүниетанымында ғарыш туралы көзқарастар үлкен роль атқарды.

  • Ғарышты олар адамдар мен құдайлар мекендейтін тірі, тамаша сфералық дене ретінде түсінді. Оған қарама-қарсы ұғым Хаос деп аталды.

  • Басты эстетикалық категориялар шек, симметрия, ритм, гармония болды, олар ғасырлар бойына европалық сұлулық ережелерін қалыптастырды.

  • Көне грек мәдениеті зайырлылық сипатымен ерекшеленді.

  • Антикалық дүние патшалар мен сарай маңындағыларға емес,еркін азаматтық тұлғаға бағытталды.

Гомер кезеңінің әдебиеті

  • Грек және тұтастай европалық әдебиеттің атасы ретінде Гомер есептеледі. Ол «Иллиада» және «Одиссея» эпикалық шығармаларының авторы.

  • Поэмалар б.д.д. 9-8 ғғ. қағаз бетіне түсірілген, бұған дейін ауызша таралған.

  • «Иллиаданы» сюжеты – Троя соғысы; «Одиссея» – Итака аралының патшасы Одиссейдің өміріне арналған.

  • Гомер эпосының негізгі ерекшелігі – нақты өмірді толық сипаттау: құдайлар мен адамдар, аспан мен жер, соғыс және бейбітшілік, қуаныш пен қайғы, адам өмірін құрайтын әмбебап құндылықтар.

  • Гомер поэмалары – ақсүйектік мораль кодексі тәріздес, мұндағы басты құндылық – мәңгі өшпес даңқ пен ерліктер.

  • Гомер поэмаларында олимпиалық құдайлар пантеоны толық сипатталған.

  • Б.д.д. 8-7 ғғ.-да Гесиод өзінің «Теогония» деп аталатын поэмасын жазды, мұнда қоршаған орта, оның пайда болуы туралы көзқарас негіздері қалыптасты.

Архаикалық кезең мәдениетінің дүниетанымдық негіздері (б.д.д. 8-6 ғғ.).

  • Архаика кезеңінде көне грек қоғамы этикасының негізгі белгілері қалыптасты.

  • Греция өз дамуында барлық көрші мемлекеттерді басып озды; классикалық құлдықтың, ақша айналымы мен нарықтың негізі қаланды.

  • Осы кезең қала-мемлекет – полистің қалыптасу уақыты. Полистерде барлық азаматтардың нақты бір құқықтары мен міндеттері болды.

  • Полистік құрылыс гректерді адам-азаматтың нақты қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға үйретті.

  • Демократия мен гуманизм – көне грек мәдениеті мен өркениетінің негізінде жатқан басты идеялар.

Көне грек мәдениетінің сайыстық бастаулары.

  • Көне гректер мәдениетінің ерекшелігі – агон (сайыстық бастаулар) болды.

  • Грек қоғамында қоғамда құрмет әкелетін жоғарғы құндылық – сайыста жеңу деген идея қалыптасты.

  • Ең көнесі және ең маңыздысы Олимпиялық Зевс құрметіне өткізілетін ойындар болды. Алғаш рет б.д.д. 776 жылы өткізілді, әр төрт жыл сайын қайталанып отырды. Өткізілетін орны Пелопоннестегі Олимпия. Ойындар бес күнге созылды (бұл кезеңде бүкіл Грецияда соғыстар тоқтатылды); жеңімпазға сыйға тек қана оливк жапығары берілді; ойындарда үш мәрте жеңген атлет Олимпиялық Зевс храмы орналасқан тоғайда өзінің мүсінін орнату құқығына ие болды. Атлеттер жүгіруде, жұмылдырықпен ұрыста және арбамен жарысуда сайысты.

  • Дельфыда Аполлон құдайының құрметіне Пифиялық ойындар өткізілді; жеңімпазға сыйға лавр веногы берілді.

  • Коринфте Посейдон құдайының құрметіне Истимиялық ойындар өткізілді, сыйға қарағай бұталары берілді.

  • Арголидада Немей ойындары (Зевс құдайының құрметіне) өткізілді.

  • Көне грек өнеріндегі ең кең таралған тақырыптардың бірі атлет бейнесі болып табылады.

Архаикалық кезең жазуы мен әдебиеті.

  • Осы кезең мәдениетінің басты факторы жаңа жазу жүйесінің пайда болуы болып табылады.

  • Гректер финикиялықтардан семит алфавитін қабылдады, оны жетілдіріп, дыбысты әріптерді бейнелеу үшін бірнеше әріптерді қосты (барлығы 24 әріп).

  • Бұл алфавиттің бірнеше нұсқасы болды, оның ең таралғаны иондық алфавит болды.

  • Архаикалық кезеңде лирикалық поэзия қалыптасты; бұл Парос аралынан шыққан Архилох есімімен байланысты (б.д.д. 7 ғ.).

  • Гекзаметр орнына Архилох әдебиетке жаңа өлшемдер – ямб пен трохейді енгізді.

  • Бұл кезеңнің ірі ақындары Теос аралынан шыққан Анакреонт, Алкей, Сафо, Пиндар болды.

  • Эпиталамдар (неке әндері) және дифирамбы (Дионис құдайының құрметіне айтылатын әндер) сияқты лирикалық жанрлар пайда болды.

Архаикалық кезеңнің сәулет өнері.

  • Б.д.д. 7 ғасырда ордерлер жүйесі қалыптасты, яғни бұл құрылыста ғимараттардың ерекше арақатынасы.

  • Дорийлік ордер (Грецияның оңтүстігі) колонналардың ауырлығымен, алыптылығымен ерекшеленді (Коринфтегі Апполон храмы, Пестумдағы Посейдон храмы).

  • Ионикалық ордер жеңілдігімен, линиялардың сымбаттылығымен ерекшеленді, капитель қойдың мүйізі ретінде жасалды (Эфестегі Артемида храмы, Самос аралындағы Гера храмы, Дидимдегі Аполлон храмы).

  • Коринфтік ордер – салтанатты, капителі күрделі, гүл корзинасына ұқсай ды (Бассадағы Аполлон храмы, Афиныдағы желдер мұнарасы).

  • Архаикалық храмдардың ерекшелігі полихромды жазба болды.

Жоғарғы классика кезеңінің дүниетанымды негіздері (б.д.д. 5 ғ.).

  • Б.д.д. 5 ғасырда Греция өз дамуында ең жоғары гүлденді.

  • Мәдени және саяси өмір орталығына Афины қаласы айналды.

  • Барлық азаматтар халық жиналыстары эклессияларға қатысты.

  • Дамыған білім беру жүйесі қалыптасты: балалар жеті жастан он алты жасқа дейін жеке меншік ақылы мектептерде білім алды, мектептерді міндетті түрде сауат ашу, әдебиет, музыка, математика пәндері оқытылды; физикалық дамуға үлкен мән берілді.

  • Білім берудің мақсаты жеке тұлғаны жан-жақты дамыту болды.

  • Осы кезеңнің ірі философтары Анаксагор, Демокрит, Протогор, Сократ болды.

  • Ғылым арнайы салаға айналды (Гиппократ – медицина, Геродот – история).

Грек театры.

  • Жоғарғы классика дәуірі трагедия және комедиядан көрініс тапты.

  • Трагедия («ешкілер әні») Дионис құдайының құрметіне айтылатын хор әндерінен қалыптасты.

  • Б.д.д. 5 ғасырда хорға үш актер қосылып, онымен диалог жүргізу арқылы драма пайда болды.

  • Театр дидактикалық қызметтер атқарды.

  • Театрда агон болды. Театр көріністері үш күн жүрді (үш трагедия және бір комедия), кейін көрермендер ең үздік қойылымды, үздік актерді және үздік ұйымдастырушыны анықтады.

  • Ең ұлы афинылық драматургтер Эсхил, Софокл, Еврипид болды.

  • Эсхил («Трагедия атасы») драматургтер сайысында 13 рет жеңді. Оның трагедияларының басты тақырыбы – жасалған зұлымдыққа моральдық жауапкершілік мәселесі, тағдыр және жаза мәселелері («Парсылар», «Құрсаудағы Прометей», «Орестея»).

  • Софокл ең үздік трагик ретінде 24 рет жеңді. Оның трагедияларының басты тақырыбы – адамның тағдырмен арпалысы болды («Эдип-патша», «Колондағы Эдип», «Антигона», «Электра»).

  • Еврипид шығармашылығы жеке тұлғаға, оның қайталанбастығына, қуанышы мен қайғысына басты назар аударды («Медея», Ипполит»).

  • Антикалық комедияның гүлденуі Аристофан есімімен байланысты («Салт аттылар», «Бұлттар», «Әлем», т.б.).

Жоғарғы классика кезеңінің сәулет өнері.

  • Бұл кезеңде грек сәулет өнері ең гүлденген шағына жетті.

  • Периптерлік храм типі түпкілікті қалыптасты.

  • Монументтік құрылыс Афиныда кең құлаш жайды (Афин акрополі, Афина құдайына арналған Парфенон, Пропилей (Акропольге енетін қақпа), Аптерос Никасының храмы, Афина, Посейдон және Эрехтей құдайларының храмдары).

  • Ірі мүсіншілер мен сәулетшілер – Фидий, Иктин, Калликрат, Мнесикл.

Жоғарғы классика кезеңінің мүсін өнері.

  • Грек мүсін өнері Парфенон фризаларында әсіресе күшті жетілді (Фидий мен оның шәкірттерінің еңбегі).

  • Фидий еңбектерінде жеке тұлға идеалы көрініс табады (Афина құдайының жиырма метрлік мүсіні, Олимпиялық Зевс құдайының он төрт метрлік мүсіні).

  • Жеңімпаз атлеттердік бейнелері Мирон («Дискобол») және Поликлет («Дорифора») шығармашылығы тақырыптарына айналды.

Б.д.д. 4 ғасырдағы грек мәдениетінің дүниетанымдық негіздері.

  • Б.д.д. 4 ғасырда грек полисі саяси-экономикалық дағдарысты басынан кешірді.

  • Философияға қызығушылық артты (Платон, Аристотель).

  • Барлық жинақталған білімдердің жүйеленуі.

Б.д.д. 4 ғасырдағы сәулет өнері.

  • Сәулет орталығы Кіші Азияға ауысып, мұнда гүлденді.

  • Сәулетші Пифей (Приендегі Афина храмы, Мавсол патша мен оның әйелі Артемиссияның Галикарнастағы мавзолейі).

  • Сәулетте басты орынды енді ғибадатханалар емес, зайырлы сипаттағы құрылыстар алды (театрлар, жиналыс мекемелері, гимнасиялар).

Б.д.д. 4 ғасырдағы мүсін өнері.

  • Б.д.д. 4 ғасырда мүсін жасау жеке тұлғаға бағытталды.

  • Парос аралынан шыққан Сопас драматизмге толы мифологиялық бейнелер жасады («Менада», «Амазономахия»).

  • Пракситель олимп құдайларының мүсіндерін жасады («Демалып жатқан сатир», «Аполлон», «Книдтік Афродита»).

  • Лисипп мінездер көптүрлілігін бейнелеуге тырысты («Александр Македонскийдің мүсіні», «Апоксиомен»).

  • Леохар – қайта өрлеу өнерінің эталонына айналған «Бельведер Аполлоны» шығармасының авторы.

Эллинистік кезең әдебиеті (б.д.д. 4-1 ғғ.).

  • Эллинистік кезең әдебиеті түрліше жанрларда жазылған шығармаларға өте бай.

  • Тамаша сарай поэзиясының үлгілері Киренадан шыққан Каллимах идиллиялары мен әнұрандары, Родос аралынан шыққан Аполлонийдің «Аргонавтикасы» болды.

  • Шағын әдеби формалар – элегиялар мен эпилиялар кең тарап, оларда мифологиялық және махаббат сюжеттері үстем болды.

  • Комедияларда объект ретінде Аристофандікіндей қоғамдық өмір емес, жеке өмір алынды (Менандр «Третей соты», «Брюзга», «Щит»).

Эллинистік кезең сәулеті мен бейнелеу өнері.

  • Эллинизм өнері зайырлы сипат алды және өзінің құрамына түрліше стильдер мен бағыттарды қамтыды.

  • Жаңа қалалар құрылысы белсенді жүргізілді (Александр Македонский 70 қаланың негізін қалады).

  • Жаңа қалалар тік төртбұрыш түрінде салынып, рационалды жоспарға ие болды (Пергам, Приена).

  • Қала құрылыстарын күн мен жауыннан қорғайтын портиктер салынды.

  • Эфестегі Артемида храмының реконструкциясы жасалды, Дидимде Апполон храмы тұрғызылды.

  • Эллинистік кезең құрылыстары гиганттық мөлшерлерде салынды (Сиракуздегі Гиерон Екіншінің алтарі, Пергамдағы Зевс алтарі).

  • Кітапханалар ғимараттары (Александрия, Пергам, Антиохия) және ғылыми-тәжірибелік бағыттағы ғимараттар (Александриядағы Фарос шамшырағы) пайда болды

  • Эллинистік кезең мүсіншілері классикалық үлгілерге жүгінді (Агесандр «Милос Афродитасы», «Лаокоон»).

  • Мүсін өнеріндегі гигантомания үлгісі ретінде Родос аралындағы Гелиос құдайының 31 метрлік мүсінін айтуға болады (Харес).

  • Эллинизм мәдениеті римдік мәдениетке үлкен ықпалын тигізді.