Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

19 Ғ. Іі жартысындағы әдебиет.

  • Бұл дәуірде үстемдік еткен әдеби ағым сыншыл реализм болды.

  • Басыбайлық құқықтың кертартпалығын, оның өмірдегі кері әсерлерін, жаңа буржуазиялық қоғамның жағымсыздығын бейнелеген орыс жазушылары Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский, И.С.Тургенев, М.Е.Салтыков-Щедрин, А.П.Чехов.

  • Ф.М.Достоевский орыс әдебиетіндегі философиялық романның негізін салушы. Өзінің шығармаларында ол орыс интеллигенциясына психологиялық және философиялық анализ жасады («Жындар», «Ағайынды Карамазовтар», «Идиот»).

  • Л.Н.Толстой – әлемдік тарихтағы ұлы романистердің бірі («Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина», «Қайта тірілу»). Ол өзінің шығармашылығын адам жүріс-тұрысының этикалық жағын зерттеуге арнады. Соның нәтижесінде ол өзінің философиялық жүйесін қалыптастырды, оның мәні «зұлымдыққа зұлымдықпен жауап бермеу».

  • И.С.Тургенев жұмсақ либерализммен ерекшеленді, Батысқа еліктеді («Әкелер мен балалар»).

  • А.П.Чехов жүздеген юмористік және қайғылы орта тап өмірі туралы шығармалардың авторы.

  • 19 ғасырдың 90 жылдарынан 1917 жылға дейінгі кезеңі орыс әдебиетінде «күміс ғасыр» деген атпен белгілі (Бальмонт, Брюсов, Гиппиус, Белый, Блок).

19 Ғ. Іі жартысындағы орыс көркемсуреті.

  • 1870 жылы Петербургте Жылжымалы көркемусурет көрмелерінің серіктестігі («жылжымалылар», «передвижники»). Оның негізін салған құрылтайшылар Г.Г. Мясоедов, И.Н.Крамской, В.Г.Перов, Н.Н.Ге.

  • Әр кездері серіктестікке енгендер: И.Е.Репин, В.И.Суриков, В.Е.Маковский, А.К.Саврасов, А.М. және В.М. Васнецовтар, В.Д.Поленов, И.И.Шишкин, В.А.Серов, И.И. Левитан.

19 Ғ. Іі жартысындағы музыка.

  • 19 ғ. ІІ жартысындағы орыс музыкалық мектебінің дәстүрлерін «Үлкен топ» («Могучая кучка») композиторлары дамытты (М.А.Балакирев, Ц.А.Кьюи, М.П.Мусоргский, А.П.Бородин, Н.А.Римский-Корсаков).

  • Орыс классикалық музыкасының ұлы туындыларының авторы болып П.И.Чайковский есептеледі – «Евгений Онегин», «Пиковая дама», «Чародейка» опералары, «Лебединое озеро», «Щелкунчик», «Спящая красавица» балеттері.

  • 19 ғ. соңы А.К.Глазунов, А.Н.Скрябин, С.В.Рахманинов, И.Ф.Стравинский сияқты композиторлар шығармашылығымен байланысты.

Орыс театр өнері.

  • 19 ғ. ІІ жартысы орыс театры үшін өтпелі болды. Тұңғыш рет орыс театрларының сахналарында отандық авторлар қойылымдары орындалды: А.Н.Островский, А.В.Сухово-Кобылин.

  • 1898 жылы К.С.Станиславский және В.И.Немирович-Данченко Мәскеу көркем театрының негізін қалады. Театрда А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің пьесалары қойылды.

19 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

19 Ғасырдағы халық ағарту ісі.

  • Қазақстандағы бірінші зайырлы мектеп 1841 жылы Бөкей ордасында ашылды.

  • 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанында қазақ балалары үшін жетіжылдық мектеп ашылды. 19 жыл қызметі барысында 48 түлекті оқытып шығарды.

  • Қазақстанда 19 ғ. 60 жж. бастауыш мектептердің Ы.Алтынсаринның есімімен байланысты.

  • 1867-1868 жж. реформалардан кейін мұндай мектептер бүкіл Қазақстанда қызмет ете бастады.

  • Ұлттық қазақ мектептерінің болмауы себептерінен қазақтардың көпшілігі өз балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүр болды.

Қазақстандағы ағарту қозғалыстары.

  • 19 ғ. қазақ мәдениетінде ағарту ғасыры деген атпен қалды.

  • Қазақстанға ғалымдар, географтар, саяхатшылар, шығыстанушылар, тарихшылар ағылып келе бастады.

  • Өлкені ғылыми зерттеуге үлкен қосқандар П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов.

  • Қазақстан Орыс Географиялық қоғамының зерттеу объектісіне айналды. Мұнда мәдени-ағарту мекемелері, статистикалық комитеттер қызмет етті, өлкетанулық мұражайлар ашылды, көне ескерткіштер зерттелді, халық ауыз шығармашылығы, қазақтардың жай құқығы зерттелді, кітапханалар ашылды.

Шоқан Уәлиханов.

  • Ш.Ш.Уәлиханов 1835 жылы Қосмұрын елді мекенінде дүниеге келді.

  • 12 жасына дейін жеке мектепте оқыды; 1847 жылы Омбы кадет корпусына Сібірдің ең үздік оқу мекемесіне оқуға түсті.

  • Кадет корпусында болашақ белгілі ғалым Г.Н.Потанинмен танысты.

  • Омбыда Ш.Уәлиханов орыстың ұлы жазушысы Ф.М.Достоевскиймен кездесті, кейін хат жазысып тұрды.

  • 1853 жылы кадет корпусын аяқтағаннан кейін Сібір казак әскеріне қызметке тұрады; 1854 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың адьютанты қызметіне орнатылады.

  • 1855 ж. Уәлиханов Гасфортпен Омбыдан Іле Алатауына дейін сапарға аттанады. Осы сапарында ол халық аңыздарын, әндерін жинайды.

  • 1856 ж. ол орыс ғалымы П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен танысады; екі экспедицияға қатысады. Алакөлден Ыстықкөлге дейін және Құлжаға.

  • 1857 жылы Уәлиханов алатау қырғыздарына саяхаты кезінде қырғыз эпосы «Манасты» жазып алады.

  • Оның саяхаттарының нәтижесі келесі тарихи-этнографиялық шығармалары болып табылады: «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар».

  • 1857 жылы Уәлиханов Орыс Географиялық қоғамынының мүшелігіне енді.

  • 1858 жылы ол құпия түрде Қашғарияға саяхат жасап (Марко Поло мен Геостан кейін), келесі еңбегін жазды «Алтыншар жағдайы туралы немесе Нан-Лу Қытай провинциясының алты шығыс қаласы».

  • Оның еңбегі Ресейдің шығыстанушыларымен жоғары бағаланып, ағылшын тіліне аударылып басылды.

  • 1860 жылы Әскери министр шақыруымен Уәлиханов Петербургке келіп, үлкен құрметке бөленеді.

  • 1864 жылы Уәлиханов Черняев экспедициясына қатысады (Оңтүстік Қазақстанды қосу).

  • 1865 жылы Алтынемел тауының етегінде Тезеке ауылында туберкулезден қайтыс болады.

Абай Құнанбаев (1845-1804)

  • Абай Құнанбаев 1845 жылы Шыңғыс таулары маңында дүниеге келді.

  • Алғашқы білімін үйде алды, кейін Семейдегі имам Ахмет-Риза медресесінде білімін жалғастырды. Білімін аяқтамай, ауылға қайтуға мәжбүр болды.

  • 1886 жылы 40 жасында «Жас» өлеңін жазды және оның қалған өмірінің барплығы терең мазмұнды шығармашылықта өтті («Ескендір» поэмасы, «Масғұд», «Әзім туралы аңыз»).

  • Абай өзін қоршаған ортадан анағұрлым жоғары тұрды. Ол қоғамды тек жақсы жағынан көруге тырысты.