Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

19 Ғ. Ақындары.

  • Махамбет Өтемісұлы – «Соғыс», «Менің тарланым» т.б.

  • Шернияз Жарылғасұлы халық көтерілісі тақырыбын жалғастырды.

  • Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысушы ақын Нысанбай Жаманқұлұлы «Наурызбай-Қаншайым» поэмасының авторы.

  • Айтыскер ақындар Шөже Қаржаубайұлы мен Жанақ Сағындықұлы, Сүйінбай Аронұлы.

  • Дулат Бабатайұлының өлеңдерінде қарапайым адамдардың ауыр тұрмысы бейнеленді.

  • Қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер Шортанбай Қанайұлының шығармашылығында көрініс тапты.

19 Ғ. Қазақтардың музыка өнері.

  • Қазақ музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығы үлкен үлесін қосты. Оның 60-қа жуық күйлері сақталған.

  • Ең танымал композиторлардың бірі Дәулеткерей Шығайұлы, оның 40-қа жуық күйлері сақталған.

  • Аспапты музыканың дамуына көп үлесін қосқан Тәттімбет Қазанғапұлы.

  • Дарынды композитор және қобызшы Ықылас Дүкенұлы, сыбызғышы Сарымалай.

  • Ән мәдениеті Біржан-сал Қожағұлұлы, Мұхит Мералыұлы, Ақан-сері Қосамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлының шығармашылығынан көрініс табады.

Модернизмнің негізгі бағыттары

  • 20 ғасырдың күрделі қарама-қайшы мәдениеті модернизм өнері деп аталады.

  • Модернизм – бұл біртұтас көркем құбылыс емес, өздерінің мақсаттары және құралдары бір-біріне қарама-қарсы тәуелсіз ағымдар жиынтығы.

  • Модернизм өнері ескі, үйреншікті дәстүрлерден бас тартып, сөйтіп көп даулар мен шу туғызды.

Модернизм көркемсуреті.

  • 20 ғасырда модернизмнің бірінші ағымы фовизм болды.

  • 1901 жылы Парижде Винсент Ван Гог көрмесі өтті. Ван Гогтың жарқын бояулармен салынған туындылары француз өнерінді жаңа ағымның тууына әсерін тигізді. Анри Матисс бастаған жас суретшілер тобы таза, әсерлі түстерді қолданып, стильді, өз заманы үшін батыл суреттер салды. Мұндай суреттер халық үшін үйреншікті болмай, бұл топтың суретшілерін «фовистер» деп атады (француздың «жыртқыш» сөзін білдірген). Фовистер өз алдына табиғатты дәл бейнелеу мақсатын қоймады. Олар көзге көрінбейтін заттарды, табиғатты көргендегі әсіресе сезімдерді бейнеледі. Олардың басты құралы түс болды (Анри Матисс, Морис де Вламинк, Рауль Дюфи, Альбер Марке, Жорж Руо).

  • Пайда болған сәтінде фовизмді қоғам салқын қарсы алды. Кейін бірнеше онжылдықтардан соң адамдар олардың суреттерінен өзіндік әсемдік, қуаныш, ләззат ала бастады.

  • Түс арқылы бейнелеуді ХХ ғасыр басында Германияда пайда болған экспрессионизм («сезімді білдіру») ағымының жақтаушылары да қолданды. Өнердің бұл бағытының мақсаты суретшінің ішкі жан сезімін, толғанысын, көңіл-күйін суреттер арқылы бейнелеу, жеткізу. Бұл ағым Франциядағы фовизммен бір уақытта пайда болды. Бірақ фовистерден ерекшелігі неміс экспрессионистері сұлулыққа ұмтылған жоқ, шығарманың сыртқы сұлулығына аз қызуғышылық танытты. Олар көрерменді таң қалдырғысы келді, оның сезімдерін оятқысы келді.

  • 20 ғ. басында неміс экспрессионистері бірнеше бірлестіктер құрды: «Көпір», «Көк салт атты», «Дауыл» журналы жанындағы бірлестік.

  • Бұл ағымның ірі өкілдері: Эрнст Людвиг Кирхнер, Эмиль Нольде, Оскар Кокоша, Отто Дикс.

  • 20 ғасырдың бірінші онжылдығында модернизмнің өзіндік ерекшелігі бар тағы бір ағымы – кубизм пайда болды. Ол ағым үшін деформациялық бейнелер, өмірден алшақтық тән болды. Кубистер заттарды қарапайым геометриялық формалар шар, цилиндр, призма, куб түрінде бейнелеуді үлгі етті. Кубистер күңгірт, қоңыр бояулар қолданып, оларға жасыл және және көкшіл түстерді қосты.

  • Бұл бағыттың негізін қалаушылар испандық суретші Пабло Пикассо және француз Жорж Брак болды. Олардың пікірінше суретші көзге көрінетін нақтылыққа ілеспеуі керек, ол өзі нақтылықты тудыруы қажет. Олар өмірді бөліктерге бөлген тәрізді болды және кейін оны өз бетінше жинады, сөйтіп бір затты жан-жақты көрсетуге тырысты.

  • Олардың шығармашылығына негрлік мүсіндер ықпал етті. Сондай-ақ постимпрессионист Поль Сезанн шығамашылығы ықпал етті. Сезаннан кубистер заттарды қарапайым геометриялық формалар шар, цилиндр, призма, куб түрінде бейнелеуді үлгі етті.

  • Кубизмге мәні жағынан жақын ағым футуризм («болашақ») болды. Ол Италияда қалыптасты (Джакомо Балла, Джино Северини). Жас суретшілер тобы өткен дәуірге бас июден бас тартып, «болашақтың жаңа өнерін» туғызуға тырысты. Оларды темір жолдар, таңғажайып ұшу аппараттары, болат көпірлер, автомобильдерге толы үлкен қалалар қызықтырды. Футуристер өз шығармаларында өмірдің жылдам әрі қарқынды дамуын бейнеледі.

  • 1920 жылдары сюрреализм ағымы пайда болды. Сюрреализм сөзі француздың шындықтан тыс, таңғажайып деген мағынасын білдіреді. Мұнда шын заттар мен нәрселер фантастикалық құбылыстар немесе түс ретінде көрінеді. Сюрреалистер өз шығармаларына инстинктерді, түстерді, галлюцинацияларды арқау етті.

  • Бұл ағымның ең жарқын өкілі Сальвадор Дали болды.

  • Модернизм өнеріндегі ең күрделі және даулы бағыт болып абстракционизм есептеледі. Бұл бағыттың «атасы» орыс суретшісі Василий Кандинский.

  • 1910 жылы Кандинский ешқандай нақты заттарды бейнелемейтін, тек түрлі-түсті бояулардан ғана тұратын суреттерін жазды. Абстракционизмде нақты заттар, адамдар, пейзаждар қолданылмай, олардың бейнелеу үшін нүктелер, линиялар, жазықтықтар, түс қолданылады.

  • Абстракционаизмдегі өзіндік қалыптасқан бағыт супрематизм (геометриялық фигураларды бейленеу) деп аталады. Бұл ағымның пайда болуын Казимир Малевичтің есімімен байланыстырады.

  • 20 ғ. 50-жж. поп-арт ағымы пайда болды. Поп-арт суретшілері жұмысында көркемсурет пен мүсін арасында шекара болған жоқ, олардың шығармалары үш өлшемді болуы мүмкін. Поп-арт суретшілері фотосуреттерді, коллаждарды, дайын заттардың комбинацияларын жиі қолданады. Картиналарда консерв банкаларын, «Кока-кола» бутылкаларын, жарнама плакаттарын, ұлғайтылған комикс суреттері бейнеленді. Поп-арт өкілдері көбінесе американдықтар.

  • Поп-арт классиктері Роберт Раушенберг, Рой Лихтенштейн, Энди Уорхол, Клас Ольденбург, Джордж Сигел.

  • 20 ғ. көркемсуретінде уникалды ағым примитивизм мен наивизм қалыптасты. Бұл ағымның суретшілері балалар суреттеріне ұқсас суреттер салды (Анри Руссо, Николо Пиросманашвили).