Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

4 Сұрақ. Рим құқығындағы қылмыстық сот өндірісі.

Рим заңи мәдениетінде қалыптасқан қылмыстық юстицияның өзіндік ерекшеліктері болды. Оның ең бастысы - қылмыстық сот өндірісі тәртібінде тек ғана жариялы құқықпен реттелетін істер ғана қаралды, ал өзінің қоғамдық қаіптілігі жоғары жеке меншік мүлікті ұрлау, денеге зақым келтіру сияқты жеке құқық объектісі болып табылатын істер азаматтық сот өндірісінде қаралды. Соған қарамастан Рим құқығында қылмыстық істер қарау жөніндегі бір ортақ нысан қалыптаспаған. Тарихи өрбіген белгілі-бір жағдайларға сәйкес Ежелгі Римдегі болған қылмыстық сот өндіріс нысандарын бес топқа біріктіруге болады:

  1. Таза магистраттық жариялы процесс – тұлғалардың ерекше категорияларын айыптау істері бойынша куриялы магистрат қарайтын қылмыстық сот тәртібі. Мысалы римдік әскери қызметкерлерді немесе римдік азаматтығы бар әйелдерді айыптау істері аталмыш тәртіпте қарастырылған.Сонымен бірге, шетелдік азаматтар мен құлдарға қатысты істер осы нысанда қарастырылған. Бұл нысанның арнайы тәртібі қалыптаспаған, айыпталушының өзін-өзі қорғауы жүзеге асырылған.

  2. Магистраттық-комициялық процесс - апелляциялық саты ретінде халық жиналысының қатысуымен жоғарғы магистрат жүргізген қылмыстық сот тәртібі. Бұл нысанда жасалған қылмысы үшін өлім жазасы қарастырылған істер қарастырылған. Сот өндірісінің аталмыш тәртібі келесі міндетті процессуалды сатылардан тұрған:

  1. Сотқа шақыру

  2. Істің мән-жайын анықтау

  3. Магистраттың үкім шығаруы

  4. Үкімді бекіту үшін қауым сотына жүгіну, кейін қауым жиналысының бұл функциясы монархқа ауысты.

  1. Алқалы отырушылар процесі – магистраттың басшылығымен арнайы алқа отырушылары жүргізетін сот өндірісінің тәртібі. Бұл тәртіп бойынша лауазымды тұлғалар жасайтын және ауыр қылмыстар қаралды. Аталмыш процесс қылмыс болған жерде жүзеге асырылды және сот жазаның түрін ғана тағайындады, ал алқалы отырушылар кінә фактісін анықтады.

  2. Муниципалды процесс – провинциялардағы Рим азаматтары мен провинция тұрғындарын айыптау істері бойынша магистраттың қауымдық сот органдарының үкімін бекіту жөніндегі сот өндірісі.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстық сот өндірісі нысандарына ортақ белгілер болды. Барлық қылмыстық істер бойынша жеке айыптау міндетті болды, яғни, жеке тұлға басқа тұлғаға қатысты айып айтуы тиіс болды.

Римде қалыптасқан қылмыстық процесте танылған дәлелдемелердің саны салыстырмалы шектелген болды. Заңды дәлелдеме ретінде келесілер қарастырылды:

Куәләр айғағы – дәлелдемелердің басты түрі. Айғақты тек Римнің ер жынысты азаматтары, ал ерекше жағдайда ғана әйелдер, балалар, шетелдіктер мен құлдар берді. Төмен кететін туыстардың жоғары кететіндеріне қатысты және керісінше, еркіндікке жіберілген құлдың өзінің бұрынғы қожайынына қарсы куәгер болуына шек қойылған.

Айыптаушының үйін тінту барысынлда жиналған заттай айғақтар. Тінту процессуалды әрекет ретінде арнайы заңда бекітілген тәртіпте ғана жүзеге асырылуы тиіс еді.

Құжаттар – егер олар ресми сипатқа ие болғанда ғана дәлелдемелік күшке ие болып, сотпен қарастырылды.

Рим құқығында құқықбұзушылықтарды олардың жасалу саласына қарай екі топқа бөліп қарастырған:

Crimen – жариялы тәртіпке қол сұғатын, қылмыстық жаза көзделген құқықбұзушылық.

Delictum – жеке мүліктік сипаттағы құқықтарды бұзу.

Ежелгі Римде жоғарыдағы екі түрдің біріншісі ғана қылмыс ретінде қарастырылды. Оған келесі қасиеттер тән:

Қылмыс – қатаң жекелендірілген іс-әрекет. Топ болып қылмыс жасау түсінігі болмаған. Топтың әрбір мүшесі өзі жасаған қылмыс үшін жеке жауап берді.

Қылмыс болып тек ғана белсенді әрекет табылды. Әрекетсіздікпен жасалған қылмыстар болмады.

Рим құқығында кейбір қылмыс құрамдары бойынша арнайы субъектілер қарастырылған. Мысалы әскери қылмыстардың субъектісі ретінде тек ғана әскери қызметкерлер танылды.

Қылмыстық қол сұғушылық жүзеге асырылатын объектілерді негізге ала отырып олардың маңызына қарай келесідецй топтарын ажыратуға болған:

Жалпы қауымдастыққа қарсы қылмыстар (әскери сатқындық, жауға қаланы беру, қоршаудағы қаланы өртеу, әскери қызметтен бас тарту).

Христиан дініне қарсы қылмыстар (діннен безу, шіркеуде ұрлық жасау). Бұл қылмыстар заңдарда емес, шіркеу жарғыларында бекітілген және тек христиан діні қалыптасқаннан кейін ғана бекітілген.

Адам өлтіру және оған теңестірілген қылмыстар – қылмыс конструкциясын толық көрсететін ауыр қылмыстар.

Азаматтарға қатысты билікті шектен тыс қолдану - өзінің өкілеттіктерін пайдаланып тұлғаға немесе оның мүлкіне қастық жасау әрекеттері. Аталмыш қылмыстардың құрамында арнайы субъектілер – лауазымды тұлғалар қаралған.

Жалған жасау және өтірік айту (жалған ақша жасау және судьяның заңды бұрмалап түсіндіруі).

Жыныстық қылмыстар (зинақорлық, инцест, тыйым салынған некелер, екі әйел алу, әйелдерді ұрлау және жеңгетайлық).

Қорқытып алу (пара алу, лауазымды тұлғаның салық жинау кезінде зорлық-зомбылық көрсетуі).

Меншікке қарсы қылмыстар (түнде жасалса және көп мөлшерде жасалса).

Тұлғаға қол сұғу (тұлғаға қандай да бір зиян келтіруге ұмтылу).

Мүлікке зиян келтіру – қоғамдық меншіктегі ғимараттарға зиян келтіру іс-әрекеті.

Сайлау қарсаңындағы сайлаушылардың дауысын сатып алу. Арнайы субъект – сайлауға қатысатын Рим азаматы.

Шаруашылық тәртіпке қарсы қылмыстар. Экономикалық монополияны шектен тыс пайдалану және сауда бостандығын кері сипатта қолдану.

Жазаның түсінігі, қағидалары. Жаза түрлері

Бастапқы кезеңде жаза poena (пеня) деген терминмен аталды. Ол дегеніміз - қауымның, қоғамдастықтың қылмыскерден тазаруы. Арнайы қылмыстық құқықтың дамуымен жазаның нақты анықтамасы қалыптасты.

Жаза өзінің мазмұны мен мақсатына сәйкес құқықтық сипатқа ие болуы керек, яғни, заңдарда көзделуі тиіс.

Өзінің әлеуметтік-құқықтық мақсатына сай жаза алдын-алу, жолын кесу мазмұнына ие болуы қажет. Жаза қылмысты болдырмауға бағытталуы тиіс.

Өзінің заңи негізделуіне қарай жаза жасалған қылмысқа сәйкес болуы тиіс.

Тақырып бойынша сұрақтар:

Римнің азаматтық процессінің негізгі белгілері мен түрлерін атаңыз. Рим сот өндірісінің кемшіліктерін атаңыз.

Интердиктіні жоққа шығаруға бола ма?

Кім судья бола алатын? Римде қалай судья болатын?

Судьялардың шығарған шешімдері үшін жауапкершілік қарастырылған ба?

Цицеронның сөздерінде сот әділдігі қалай көрсетілген?