Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

3 Сұрақ. Мұрагерлік құқығының өзге институттары

Мұрагерлік мұра ашылудан басталады. Одан кейінгі әрекет – мұра қабылдау. Қабылданбаған мұра – ол жатып қалған мұра, hereditas lacens. Мұрагерлiк бірқатарда өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылатын болды. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. 

Мұрагерлердi қосымша тағайындау (субституция):   Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қабылдамаған, не одан бас тартқан, немесе лайықсыз мұрагер ретiнде мұрагерлiктен шеттетiлген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұрагердi қосымша тағайындау).

Өсиеттiк бас тарту (легат): Осы кезде рим құқығы сингулярлық құқыққабылдаушылықты да білді. Сингулярлық құқыққабылдаушылық бойынша мұрагерге мұрагердің барлық құқықтары емес, кейбір құқықтары ғана өтеді. Мұның мысалы ретінде легат келтіріледі. Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттiк бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы. Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар да бас тартылушылар (легатарийлер) болуы мүмкін.

Өсиеттiк бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудiң құрамына кiретiн заттарды бас тартылушының меншiгiне, пайдалануына немесе өзге заттық құқыққа беру және оған мұра құрамына кiрмейтiн мүлiктi беру, ол үшiн белгiлi бiр жұмысты орындау, оған белгiлi қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкiн. Өсиет қалдырушы өсиеттiк бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәнiндегi құны шегiнде және мұра қалдырушы қарыздарының өзiне артылған бөлiктерiн шығарып тастап орындауға тиiс. 

Егер өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагердiң мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы болса, оның бас тартуды орындау мiндетi өзіне ауысқан мұраның оның міндетті үлесінің құнынан асатын құнымен шектеледi.  Егер өсиеттiк бас тарту барлық немесе бiрнеше мұрагерге жүктелсе, өсиетте өзгеше көзделмесе, ол мұрагерлердiң әрқайсысына мұрадағы үлесiне мөлшерлес салмақ салады. 

Тұрғын үй немесе өзге де тұрғын үй-жай ауысатын мұрагерге өсиет қалдырушы тұрғын үй-жайды немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн басқа адамға өмiр бойы пайдалануға беру мiндеттемесiн жүктеуге құқылы. Тұрғын үй-жайға меншiк құқығы кейiннен ауысқан жағдайда өмiр бойы пайдалану құқығы күшiн сақтайды. 

Өмiр бойы пайдалану құқығы иелiктен айырылмайды, берiлмейдi және бас тартылушының мұрагерлерiне ауыспайды. Бас тартылушыға берiлген өмiр бойы пайдалану құқығы, егер өсиетте өзгеше көрсетiлмесе, оның отбасы мүшелерiнiң тұруына негiз болмайды. Бас тартылушы мұра қалдырушының борыштары үшiн жауап бермейдi. 

Жүктеу: өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге қандай да болсын әрекет жасау немесе кредитор ретiнде осы мiндеттi атқаруды талап ету құқығын ешкiмге ұсынбастан одан тартыну мiндетiн жүктей алады. Жалпыға пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін осындай мiндет мұра қалдырушы жүктеудi атқаруға мүлiктiң бiр бөлiгiн бөлiп шығарған кезде өсиеттi орындаушыға жүктелуi мүмкiн. 

Заң бойынша мұрагерлердің әр кезегі мұраға тең үлесті мөлшерде құқылы. Олар өз үлестерінен бас тартуға құқылы. Оның ішінде арнайы бір мұрагердің мүддесіне, немесе ешкімнің мүддесін атамай бас тартуға болады. Мұрагерлердің біреуі атаусыз бас тартқан жағдайда оның үлесі өзге сол кезектегі мұрагерлерге тең бөлініп қосылады.

Тақырып бойынша сұрақтар:

Өсиет дегеніміз не?

Рим құқығы бойынша бірінші кезектегі мұрагер әйелі ме, баласы ма бола алатын?

Мұрадан бас тарту туралы мұрагердің өтініші қажет пе?

Мұраның бір бөлігін заң бойынша, екінші бөлігін өсиет бойынша қабылдауға бола ма?

Легаттың фидеикомисстен айырмашылығы қандай? Легаты қабылдау тәртібі қандай? Фальцидий төрттігі дегеніміз не?

1

2 Қараңыз: “The Institutes. A textbook of the history and system of roman private law” by Rudolph Sohm. Oxford 1907. 304-306 парақтар; “Introduction to Roman Law. In twelve academical lectures” by James Hadley. New York 1890. 157-160 парақтар; “Roman law examination guide for bar and university (questions and answers)” by David T. Oliver and W. Nadler Williams. London, 1910. 76-77 парақтар.

3 Қараңыз: М.Бартошектің кітабының 399-кітабы.

4 Қараңыз: И.Б. Новицкийдің кітабының 88-парағы.

5Қараңыз: И.А. Покровский «История римского права». Санкт-Петербург, 1998. 327-парақ.

6Қараңыз:“TheInstitutes.A textbook of the history and system of roman private law” by Rudolph Sohm. Oxford 1907. 316-326 парақтар; “Outlines of Roman Law comprising its historical growth and general principles” by William C. Morey. New York & London, 1884. 303-парақ.

7 Қараңыз: “The Institutes. A textbook of the history and system of roman private law” by Rudolph Sohm. Oxford 1907. 304- парақ.

8 Өңдеу жайлы қосымша ақпараттарды мына бір қайнар көзден қарауға болады: “Roman law examination guide for bar and university (questions and answers)” by David T. Oliver and W. Nadler Williams. London, 1910. 109-111 парақтар.

9 Қараңыз: О.Иоффе «Из истории цивилистической мысли (юриспруденция древнего Рима)» в кн.: «Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. – Избранное»/Под ред. А.Г. Диденко. – Алматы, 2008. Том І. 120-121 парақтар; В. Ровный «Переработка как основание возникновения права собственности» в кн.: «Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. – Избранное»/Под ред. А.Г. Диденко. – Алматы, 2008. Том ІІІ. 332-333 парақтар.

10 Меншік құқығын алудың бұл әдісі жайлы қосымша деректерді мына әдебиеттенде алуға болады: “Roman law examination guide for bar and university (questions and answers)” by David T. Oliver and W. Nadler Williams. London, 1910. 97-100 парақтар.

11 Қараңыз: Римское частное право: Учебник/Под ред. проф. И.Б. Новицкого и проф. И.С. Перетерского. М. 2009. 169-парақ; Римское частное право: Казусы, иски, институты / Гарсиа Гарридо. М. 2005, 2005. 364-365 парақтар.

12 Қараңыз:И.А. Покровский «История римского права». Санкт-Петербург, 1998. 333-парақ.

13 Usucapio мен praescriptio ұғымдарының айырмашылықтары жайлы мына бір қайнар көзден қарауға болады: “Roman law examination guide for bar and university (questions and answers)” by David T. Oliver and W. Nadler Williams. London, 1910. 99-парақ.

14 Қараңыз: “The Institutes. A textbook of the history and system of roman private law” by Rudolph Sohm. Oxford 1907. 312- парақ.

15 Қараңыз: М.Х. Хутыздың кітабының 88-парағы.

16 Қараңыз: “The Institutes. A textbook of the history and system of roman private law” by Rudolph Sohm. Oxford 1907. 327- парақ; Сондай-ақ, рим жеке құқығындағы виндикациялық талаптың бүгінгі таңға жету жолын мына бір қайнар көзден қарауға болады: В.Чигир «О виндикации имущества у добросовестного приобретателя» в кн.: «Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. – Избранное»/Под ред. А.Г. Диденко. – Алматы, 2008. Том ІІ. 303-313 парақтар.

17 Қараңыз: Г. Гарридоның кітабының 330-парағы.

18 Қараңыз: “The Institutes. A textbook of the history and system of roman private law” by Rudolph Sohm. Oxford 1907. 338- парақ; “Roman law examination guide for bar and university (questions and answers)” by David T. Oliver and W. Nadler Williams. London, 1910. 82-парақ.