Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

2 Сұрақ. Заңды тұлғалар

Құқықтық қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлға, индивид қатысып келген, яғни бұлар тек жеке құқықта ғана емес, жариялы-құқықтық саласында да көрінген. Жеке тұлғадан басқа сол Ежелгі Рим заманының өзінде заңды тұлғалардың болғанын да байқауға болады.

Заңды тұлға алғашқы көріністерін – жеке тұлғалардың біріккендіктерінен, қоғамдық мекемелер құрылуынан, қауымдастықтың пайда болуынан байқатты.

Өзінің мәртебесі жағынан заңды тұлға 3 негізгі түрге бөлінеді:

мемлекет;

қауымдастық;

қоғамдық бірлестіктер, мекемелер.

Мемлекет алғашқыда саяси биліктің жүргізуші, жариялы-құқықтық қатынасқа түсуші субъект ретінде қатысты.

Қауымдастық (муниципиялар) – бұған жақын кез келген рудан шыққан қоғам бірлестіктері кірді (абыз алқалары, діни бірлестіктері, қолөнершілер мен саудагерлер цехтары, т.б. қауымдастықтар).

Мекемелер (шіркеулер, қорлар, емханалар) билік көрсетуші тараптар арнайы актымен таныған жағдайда ғана заңды тұлға ретінде мүліктік қатынасқа түсе алатын субъект болып есептеледі. Бірақта олар шіркеу билігіне бағынды.

Ұйымның және корпорацияның құқыққабілеттілігі.

Корпорация (заңды тұлға) Рим құқығы бойынша ұйым болып есептелу үшін кем дегенде толық құқыққабілетке ие 3 рим азаматтарымен құрылу қажет болған. Бірлестіктер заңға қайшы болмау керек болды, оны құру үшін императордың немесе сенатусконсульттің рұқсаты қажет болған. Ішкі ұйымы жағынан мұндай корпорациялардың жеке жарғылары болуы тиісті болды. Жоғарғы органы болып – мүшелердің біріккен жиыны болған.

Римдік заңды тұлға әрекет қабілеттілігіне ие болмады. Әртүрлі заңды тұлға атынан әрекеттерді заңды өкілдер атқарды. Корпорация атынан тек олар ғана мүдделерін қорғап, талап арыз беріп, мәмілелер жасап отырған.

Корпорация бірлестігінің тоқтатылуы мынадай себептерден болды:

  1. Мүшелігінен кетуі;

  2. Әрекет етуіне сот немесе мемлекеттің тыйым салуы;

  3. Құрылу алдында қойған мақсаттарына жетуі немесе мерзімінің бітуі;

  4. Мүшелердің көпшілігі дауыспен шешім шығарып тарқауы.

Заңды тұлғалардың ішінде қазыналар ерекше мәртебе ие болды.

Бастапқы кезден мемлекеттік қазына императордың мүлкі есебінде саналды және жеке құқық нормаларымен реттелді.

3. Агнаттық және когнаттық туыстық. Отағасының билігі.

Ежелгі рим қоғамының негізгі құрамы болып отбасы саналатын — familia. Рим отбасына мүшелік тек қана еркін рим азаматтарына тән болатын. Осы рим отбасына қатыстығы, еркіндік қабілетімен қоса, азаматтардың құқықтық жағдайын, яғни құқық субъектісі болуын, белгілейтін.

Алғашқыда Рим мемлекетінде familia деп құлдарымен бірге тұратын отбасы құрамы аталатын. Патерфамилиас деп толық отағасының билігіндегі отбасы құрамы аталды. Отағасынан басқалар тәуелділер болды. Мұндай отбасы агнаттық туыстық негізінде құралатын. Мәселен, біреудің қызы күйеуге шыққан соң өзінің төркінінің туысы емес, күйеуінің және оның әкесінің толық билігіне кіретін. Сондықтан рим құқығында отбасы мүшелері екі топқа бөлінетін: personae sui juris - өз құқығындағы тұлға, және personae alieni juris - өзгенің құқығындағы тұлға. Рersona sui juris ретінде тек бір тұлға — paterfamilias болатын. Рaterfamilias қайтыс болғанда отбасының мүлкі барлық агнаттардың арасында тең бөлінетін.

Отағасы өзінің қоластындағы агнаттарына толық билік ететін – мүліктеріне де, өмірлеріне де. Мысалы, ол өз балаларын, құлдарын сияқты, жазалап, сатуға да, өлтіруге де жететін. Әйелдің жағдайы да отбасында өте төмен болатын. Ол өз балаларына ешқандай құқылы болмады, оларға теңдес саналатын. Әуелі өте бай әке-шешеден тұған қыз күйеуге шыққан соң сол үйдің отағасына толық бағынатын. Оның жасауы түгел отағасының меншігі болып саналатын. Ал өз әке-шешесінен кейін күйеуге шыққан қыздары және олардың балалары мұрагер бола алмайтын.

Ондай туыстық тиімсіз болғандықтан адамзат дамыған сайын бұл жағдайдың өзгеруіне келді. Яғни, агнаттық туыстықтың орнына когнаттық туыстық келді. Осыдан кейін familia құрамында тек отағасы, жұбайы, балалары саналатын болды. Бұл туыстық қандастардың туыстығы болып келеді. Қазіргі кезде де когнаттық туыстық қолданады. Когнаттық туыстықта дәреже мен туыстық тармақтары ажыратылды. Туыстық тармақтары ата-бабасынан тарайтын немесе ата-бабаға дейін тарайтын туыстық болуы мүмкін. Туыстықты сонымен қатар бір атадан тарайтын болса қандас, аналары бір болса – жатырлас туыстар деп бөлетін. Жанама туыстық ортақ ата-бабалардан тарайтын туыстарды біріктірді. Туыстық дәрежесі екі туыстың арасындағы туыстық санымен анықталды. Туыстықпен қатар жекжаттық та болды. Жекжаттық жұбайлар арасындағы және басқа жұбайдың арасындағы туыстар арасында пайда болатын.

Еркін рим азаматының саяси еркіндігі 25 жастан басталатын болса, мүліктік еркіндігі (тәуелсіздігі) тек қана әкесі қайтыс болғанда пайда болатын. Әкесі тірі кезінде ұлдары еркіндік алу үшін бір ғана жол болатын – ол ұлын үш қайтара сату. Үшінші рет сатылғаннан кейін мұндай ер адам мүліктік еркіндік алатын, бірақта әкесінің мұрагері бола алмайтын. Әкесінің билігінен шығу эмансипация деп аталатын.

Отағасының кәмелетке толған ұлдары кейбір жағдайларда әкесінен арнайы мүлік алып, өздері жеке шығуға болатын. Ондай мүлік пекулий деп аталатын. Ол мүлікті пайдалану нәтижесінде табылған түсім әкесінің меншігі болатын. Кейде сондай мүлік құлдарға да берілетін, оның түсімі де отағасының меншігі болатын.

Отағасының билігін тоқтату негіздері: отағасының немесе тәуелдінің қайтыс болуы, олардың еркіндігінен немесе азаматтығынан айырылуы, отағасының әкелік билігінен айырылуы, тәуелдінің кейбір мемлекеттік атақтарға ие болуы.