Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

2 Сұрақ. Келісім шарттың мазмұны (шарттық міндеттеменің мазмұны)

Әйгілі рим заңгері Павел осы сұраққа жауапты үш әрекетпен белгілепті: dare, facere, praestere

Dare – затты, мүлікті беруге міндеттену.

Facere – жұмыс жасап беруге міндеттену

Praestere – белгілі бір қызмет қөрсетуге міндеттену. Яғни; келісім шарттан туындайтын міндеттеме бойынша бiр тұлға (борышқор) басқа тұлғаның (кредитордың) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал кредитор борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Өз кезегінен кредитор борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi. Бірақ міндеттемелердің мұндай мазмұны тек империя кезеңінің соңында қалыптасқан, себебі оған дейін барлық әрекеттерді құлдар жасайтын, еркін рим азаматтары, құл иелері өздері жұмыс жасау, қызмет көрсетуді төмен деп санайтын.

Тараптардың міндеттері мен құқықтарынан басқа міндеттемелердің мазмұнына келісімнің елеулі шарттары condicio (существенные условия) және мерзімі (dies) болатын. Заңды түрде танылған ерік шартта мүлде болмауы мүмкін. Сондықтан шарттың мәнді талаптары деген түсінік болды. Бұл талаптар оларсыз шарт болуы мүмкін емес және жасалмаған деп саналатын талаптар. Кез-келген шарттың өзінің мәнді талаптары бар және оның тараптары оған келісуі керек. Шарт өзінің мақсатына және мазмұнына сәйкес анықталған болуы қажет. Шарт – кондикция. Кездейсоқ және кәдімгі, кейінге қалтырушы және күшін жоюшы шарттар.

Шартты жасаушы тұлғалар шарттың тараптары немесе субъектілері деп аталды. Рим құқығы тараптардан шартты тікелей өздерінің жасауын міндеттеді.

Тек кейіннен ғана кейбір шарттар бойынша өкіл арқылы шарт жасау қарастырылды. Шарт тек әрекетқабілетті тұлғалар үшін ғана өз еркімен шарт жасау мүмкіндігін берді. Әрекетқабілетсіз тұлғалар үшін шартты олардың заңды өкілдері жасады. 7 жастан асқан әркетқабілетсіздер тек өзіне тиесілі мүлік көлемін көбейтуге қатысты ғана мәмілелерді

Causa – келісім шарттың негізі.

Шарт жасасу тәртібі: Оферта - шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс. Ол ұсыныс ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін.

Акцепт - оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы.  Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс. 

3 Сұрақ. Квазиконтрактылар, пактылар және атаусыз контрактылар

Квазиконтрактылар: басқаның мүддесi үшiн тапсырмасыз iс-әрекет жасау және негізсіз баю.

Мүдделi тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген келiсiмiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау, оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi (басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс-әрекеттер iстiң мән-жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және iс жүзiндегi немесе ықтимал ниеттерiне сүйенiп жасалуы тиiс. 

 Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасайтын тұлға алғашғы мүмкiндiк туған жағдайда мүдделi тұлғаға бұл туралы хабарлауға және, егер күту тек мүдделi тұлғаға айтарлықтай зиян келтiрiлмейтiн болса, қисынды мерзiмнiң iшiнде жасалған iс-әрекеттердi мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешiмдi күтуге мiндеттi. Егер бұл iс-әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделi азаматқа оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етiлмейдi.

Егер оның тапсыруынсыз өзiнiң мүддесiне iс-әрекеттер жасалған тұлға осы iс-әрекеттердi мақұлдаса, тiптi мақұлдау ауызша түрде жасалса да, тараптардың қатынасында бұдан әрi жасалатын iс-әрекеттердiң сипатына сәйкес тапсырма шарты немесе өзге де шарт туралы ережелер қолданылады. Іс-әрекеттер жасаған тұлға оларды мүдделi тұлғаның мақұлдамағандығы белгiлi болған соң жасаған бөтен мүдделердегі iс-әрекеттер осы iс-әрекеттер жасаған тұлғаға қатысты да, үшiншi бiр тұлғаға қатысты да соңғысына мiндеттер жүктемейдi.

Негізсіз баю салдарынан туындайтын   міндеттемелер

Заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға, негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi. Егер мүлiк иеленiп алынған немесе жинақталған негiз кейіннен жоққа шыққанда да, осы мiндет туындайды. Мүлiктi иеленушiнiң негiзсiз байлығын құрайтын мүлiк жәбiрленушiге заттай қайтарылуға тиiс. 

Негiзсiз алынған немесе жинақталған мүлiктi заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда мүлікті иеленуші жәбiрленушiге осы мүлiктiң оны алған кездегi нақты құнын өтеуi, сондай-ақ егер мүлiктi иеленушi оның құнын баюдың негiзсiздiгi туралы бiлгеннен кейiн дереу өтемесе, мүлiк құнының кейiнгi өзгеруi арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуге тиiс.

Рим мемлекеті және мәдениеті дамыған сайын жоғарыда көрсетілген заңдарда қатаң бекітілген келісім шарттар күнделікті өмірдегі қатынастарды реттеуге жеткіліксіз бола бастады. Себебі көптеген экономикалық, шаруашылық қатынастарда өзге де мәмілелер туындайтын болды. Бірақ олар сол кездегі заңдарда реттелмеген. Мұндай мәмілелер атаусыз контрактылар деп аталды – innominatio, contractus innominati. Кейбір осындай контрактылар кейінгі уақытта атау алды. Мысалы, айырбас шарты - permutatio, бағалау шарты (бағалау қызметін көрсету).

Юстиниан кезінде Дигестыларда ондай атаусыз келісім шарттар төрт бопқа біріктірілген:

1) мен саған затты меншік құқығыңа беремін, ол үшін сен де маған басқа затты менгікке бересің;

2) мен саған затты меншікке беремін, ол үшін сен мен үшін белгілі әрекет жасайсың

3) мен сен үшін белгілі әрекет ждасаймыен, ал сен ол үшін маған белгілі затты меншігіме бересің

4) мен сен үшін белгілі әрекет жасаймын, оның есесіне сен де мен үшін белгіленген әрекет жасайсың.

Атаусыз контрактылардың заңдылық күші арнайы кондикциялық талап арыз беру арқылы бекітілетін. Ол талап бойынша өз міндетін орындаған тарап екінші тараптан оған тиесілі міндетін орындамағаны үшін оны орындауға мәжбүрлеуге болатын, немесе шығындарын өндіріп алуға болатын.

Пактылар (packta) – ежелгі квириттер құқығына, яғни заңдарға негізделмеген келісімдер. Ежелгі заңдарға негізделмегенінен ол келісімдер талап арыздармен қорғалмайтын. Яғни, манципация арқылы жасалмаған, немесе одан басқа тиісті вербалды, литералды нысандарда жасалмаған келісімдер.

Алғашқыда преторлар пактыларды қарсы дәлел келтіру ретінде қабылдайтын. Кейінгі уақыттарда кейбір пактылар қорғауға жататын болды. Сонымен пактылар екі топқа топтастырылды: қорғалған пактылар (киілген, жабылған) – талап қойып қорғауға жататын, және қорғалмаған (жалаңаш, жабылмаған) – бұл келісімдер бойынша тараптар міндеттерін орындамай, бір біріне шығын келтірсе де сот ол дауларды қарамайтын.

Талап қою арқылы қорғалатын пактылар: контрактыларға қосылып, талаппен қорғалатын пактылар; претор арқылы қорғалатын пактылар; император арқылы қорғалатын пактылар.

Контрактыларға қосылып, талаппен қорғалатын пактылар – бұл негізгі контрактыға қосымша келісімдер, мысалы, шартты өзгерту, қосымша ереже қосу тұралы (орындау мерзімін ұзарту, өсім пайызын азайту т.б.).

Егер пактылар борышқордың жағдайын аурлататын болса, олар қорғауға жатпайтын. Претор арқылы қорғалатын пактылар – олар қарызды мойындау (constitutum debiti) және рецептум (receptum). Рецептум өз кезегінен үш түрге бөлінетін:

А) аралық сотпен келісім – дауласқан тараптар өздері сайлаған үшінші тұлғамен (арбитрмен) өздерінің арасындағы дауды шешу тұралы келісімдері

Б) кеменің, мейманхананың иесімен жолаушылардың жүгін сақтау тұралы келісім – бұл келісім бойынша аталған тұлғаларға көтеріңкі жауапкершілік жүктелетін (кінәсі дәлелденбесе де).

В) банк иесі үшінші тұлғаға өз клиентінің борышын (қарызын) төлеуге міндеттенетін. Император арқылы қорғалатын пактылар (pacta legitima) – бұл келісімдер кейінгі кезде, империя кезеңінде пайда болды.

Мысалы, дауласқан тараптар өздері сайлаған үшінші тұлғамен (арбитрмен) өздерінің арасындағы дауды шешу тұралы келісімдер және мүлікті сыйға тарту тұралы келісімдер.

Яғни, тараптар өздері сайлаған үшінші тұлғамен (арбитрмен) өздерінің арасындағы дауды шешу тұралы келісім бойынша даулы зат арбитрға берілетін, ол зат соттың шешімі шыққанша арбитрда сақталып, сот шешімі бойынша тиісті тұлғаға берілетін. Ал шешімді орындамаған тұлғаға айыппұл тағылатын.

Ал сыйға тарту келісімдер бұрын заңда көзделмеген, сондықтан да қорғауға жатпаған. Сыйға тарту тұралы келісім бойынша зат меншік құқығына беріледі, немесе сервитут құқығы бекітілетін, немесе белгілі бір әрекет жасауға үәде берілетін.

Классикалық кезеңде затты сыйға беру тек стипуляция ретінде жасалуға болатын. Және сыйға тартылатын заттың бағасы шектелетін (жақын туыстарынан басқа тұлғаларға). Бұл шектеулер IV ғасырда ғана күші жойылды. Юстиниан кезінде 500 алтын ақшадан артық тұратын заттарды сот арқылы беруге ұқсас әдіспен жасату енгізілді. Одан арзан бағалы сыйлықтар сотпен қорғауға жататын болды.