Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

2. Формулярдық процесс. Формуланың құрамы. Экстраординарлық процесс.

Адамзаттың дамуы сот процесінің одан сайын дамып, оңайлануына әкеліп соқты. Легисақциялық процестің орнына формулярлы процесс келді. Ол да легисакциялық процесстей екі сатыдан тұрды. Бірінші сатыда талаппен танысқан претор талап-арыз қанағаттандырылуға жататын жағдайларды көрсеткен арнайы қағазын талапкер арқылы судьяға жіберген. Бұл қағаз формула деп аталды және судья үшін міндетті болды. Екінші саты тараптардың дәлелдемелерін ұсынумен басталды. Процесс ауызша болды және дәлелдемелер еркін бағаланды. Судья претордың формулада берген қортынысымен байланысты болды және ол қолдау тапқан жағдайда талапты қанағаттандыруы тиіс болды. Формула келесі бөліктерден тұрды:

  1. Кіріспе - судьяны тағайындау

  2. Интенция – талап мазмұны

  3. Кондемнация – интенция шындыққа сәйкес болып шыққан жағдайдағы жеке талапты қанағаттандыруды айту, судьяға процессуальдық шешімнің варианттары.

  4. Эксцепция – жауапкер наразылығы. Бұл жауапкердің сұрауы бойынша бірінші сатыда ұсынылады және интенциядан кейін орналасады.

  5. Прескрипция – талапкер өзіне тиістінің жартысын ғана талап еткенде ғана енгізетін бөлік. Әдетте прескрипция интенцияның алдында орналасады және ол кейбір жағдайларды анықтаған кезде дау пәнін шектейтін қарама-қайшы жағдайды білдіреді. (соңғы екеуі - қосымша бөліктер)

Формулярлы процесс бойынша сот шешімі күшіне бірден енетін және түпкілікті деп саналатын, шағымдануға жатпайтын.

Классикалық республикалық кезеңде көптеген істер судьяға жіберілмей магистраттың өзімен қарастырылды. Азаматтық іс жүргізудің бұл түрі экстраординарлық процесс деп аталды. Бұл процесс бір ғана бөліктен тұрды, басынан аяғына дейін бір тұлғамен ғана жүргізілді. Сонымен бірге аталмыш процесс жазбаша нысанда жүргізілді және оған тек қана тараптар қатысатын болды. Шешім ғана жарияланды және оған шағымдану мүмкіндігі берілетін болды. Мұндай тәртіп басқа сот процесстерін бірте-бірте ығыстырып шығарды.

Талап-арыз түсінігі мен түрлері.

Дигестілерде талап-арызға мынандай анықтама берілген: “Талап-арыз дегеніміз – тұлғаның өзіне тиісті құқықтардың қорғалуын заңи талап ету мүмкіндігі”. Талап-арыздардың нақты түрлері преторлардің эдиктілерінде көрсетілген.

Талаптар өздерінің құқықтық бағытына қарай: жеке және заттық болып бөлінген. Жеке талап өзінің мағынасы көрсетіп тұрғандай арнайы тұлғаға бағытталса, ал заттық болса белгілі бір мүлікке негізделген. Егер қарама - қарсы тарап қандай да болмасын затты беруге міндетті болса, немесе қандай бір әрекетті жасауға не ұсынуға міндетті болса, ол жеке талап болып саналатын. «Егер біз зат біздікі деп дау туғызған болсақ, заттық талап орын алады»1. Мысалы пайдалану құқығы, мал айдап өту құқығы, су жүргізу құқығы, немесе көршімізден белгілі бір биіктіктен аспайтындай құрылыс салу т.б.

Талаптар ерекшеліктеріне қарай: анықталған және анықталынбаған болып бөлінген. Оның біріншісі құқықты бұзған анық тұлғаға (жауапкерге) бағытталса, екіншісі кез келген күдікті адамдарға қарсы қойылатын.

Талаптар мазмұндарына қарай күрделі және жай болып келген. Жай талап бойынша жалғыз ғана міндет, мысалы затты қайтару болып келсе, күрделіде затты қайтарумен қоса айыппұл төлеуді және тағы басқа міндеттер атқаруды көздеген.

Жауапкер тұлғасына байланысты талап-арыздар екіге бөлінді:

  1. Заттай талаптар – нақты тұлғаның заттай құқықтарын кез-келген тұлғадан қорғау тәсілі.

  2. Жеке талаптар – тұлғаның міндеттемелік құқықтарын нақты тұлғаның бұзуынан қорғау.

Талап-арызға негіз болған құқыққа сәйкес олар екі топқа ажыратылған:

  1. Цивилді талаптарды қарағанда судья келісімшарт ережелерімен шектелген болатын.

  2. Преторлық талаптарды қарағанда судья тек ғана әділеттілікті есепке алды.

Қолданылу жағдайларына сай талап-арыздар бес топқа біріктірілді:

  1. Ұқсастық бойынша талап - нақты мәселені шешетін нақты норма болмаған ұқсас жағдайларды қарастыратын талап-арыз. Аналогия.

  2. Фикциялы талап – заңда көзделмеген қатынастарды қорғау мақсатында преторлар қолданатын тәсіл. Мұндай жағдайда претор судьяға кейбір жоқ жағдайларды бар деп есептеу жөнінде жазба жазатын.

  3. Кондикциялар – пайда болу негіздері көрсетілмеген, жалпы талаптар, кешенді құқықтарды қалпына келтіруге байланысты абстрактілі талап-арыздар. Мысалы, затты қайтару және ол үшін айып төлеу.

  4. Персекуторлық талап-арыз – белгілі бір құндылықты қайтарып алу туралы талап-арыз.

  5. Айыппұлдық талап-арыз – айыппұл төлету немесе шығын орнын өндіріп алу туралы талап-арыз.

  6. Арбитрарлық талаптар бойынша судья өз қалауы бойынша залалдың мөлшерін анықтады.

Талаптық қорғаудан басқа рим құқығында бұзылған құқықтарды қорғаудың басқа әдістері орын алды. Мұндай қорғау претордың билігіне берілді. Преторлық қорғаудың негізгі құралдары: интердикт, реституция, иеленуге енгізу. Интердикт – бұл претордың азаматтардың қандай да болмасын құқықтарын бұзатын әрекетті тез арады тоқтату туралы бұйрығы. Интердикт берілген тұлға тез арада сол бұйрықты орындауы міндетті болды. Интердиктіні орындамаған жағдайда претор санкция қолданатын, мысалы айып төлеу. Интердиктінің бірнеше түрлері болды. Олар: а) иеленуді қалпына келтіру туралы; б) затты беру туралы; в) күштеуге тиым салу туралы; г) иелену интердиктісі.

Реституция – бұрынғы қалпына қайта келтіру. Бұл тәсіл пайда болған дауға жалпы нормаларды қолдану заңды емес деп таныған жағдайда қолданылатын. Реституцияны қолдану үшін мына талаптар орындалуы қажет: залалдың болуы; реституция негізі; мезгілінде өтіну.

Реституцияны қолдану мерзімі залал болған кезден бастап бір жыл.

Иеленуге енгізу преторлық құқық бойынша мұрагер деп танылған тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін қолданылды.

Талаптың ескіруі (талап қою көнелігі) – бұзылған құқықты қорғау мақсатында соттар үшін император заңдарымен белгіленген мерзімдер. Рим құқығы бұл жөнінде арнайы жағдайлармен реттей қойған жоқ, соның өзінде ескіру мерзімдері заңдарда реттелінгендіктері кездескен. Алғашқы рет Рим мемлекетінде талаптың жалпы ескіру мерзімі 30 жыл болып 5-ші ғасырда ғана бекітілген. Талап-арыздың ескілік мерзімі (көнелігі) дегеніміз – тұлғаның белгілі бір құқық объектісіне байланысты талап-арыз беру мүмкіндігі жойылатын мерзім.