Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

Шарттық міндеттемелер: контрактілер және пактілер.

1. Келісім шарттың түсінігі және шарттарды жіктеу.

Келісім шарттың түсінігі: келісім шарт – ол екі және одан көп тараптардың азаматтық құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту және тоқтатуға бағытталған келісілген әрекеттері.

Келісім шарттар негізгі төрт топқа бөлінетін: вербалдық, литералдық, реалдық, консенсуалдық. Қазіргі азаматтық құқықта вербалдық және литералдық – ол түрлер емес, нысандар деп саналады (ауызша және жазбаша). Res - зат, consensus – келісім.

Атаулы және атаусыз контрактылар (contractus innominati). Қатаң құқықтық шарттар және ерікті шарттар - Contractus stricti iuris, contractu bonae fidei.

Біржақты шарттар – мысалы, қарыз шарты. Ол шарт бойынша қарыз берген тұлға шарт жасалғаннан кейін тек оны уақытында қайтаруды талап ету құқығы бар, ал қарызға алған тұлғада тек қана сол қарызды қайтару міндет пайда болады. Ал сатып алу – сату шартында тараптардың екеуінде де құқықтарда, міндеттер де пайда болады. Мысалы, сатушы тауарды беруге міндетті, сонымен қатар төлем ақыны талап етуге құқылы. Ал сатып алушы тауардың бағасын төлеуге міндетті, сонымен қатар сатып алған затты өзіне тиісті мерзімде, сапада беруды талап етуге құқылы. Мұндай екітарапты шарттар синаллагматикалық шарттар деп аталады. Synallagma - айырбастау, яғни тараптардың міндеттері мен құқықтары өзара пайда болатын келісім шарттар.

Келісім шарттың жарамдылығы. Ол үшін бірінші талап – тараптардың келісілген еркі болу қажет. Яғни, тараптар бір түйінге, біркелкі көзқарасқа жету керек, олай болмағанда келісім шарт та болмайды. Сonventio – келісімге келу, келісім. Екінші талап – шарттың заңдылығы, заңға сәйкестігі. Үшінші талап – келісімнің айқындылығы: ол шарт нақты түрде не тұралы бекітілген деген сұраққа айқын жауап болу керек. Төртінші талап – міндеттеменің орындалу мүмкіндігі. Мәселен, теңіздің суын тауысу орындалмайтын міндеттемелерге жатады, ол мәні жоқ міндеттеме. Соңғы талап – борышқор жасайтын әрекет кредиторға мүдделі болу керек. Кредитор ол әрекетті керек етпеген жағдайда міндеттеме туындамаған деп саналады және ондай міндетті орындау орынсыз болады.

Ерік және оның сыртқы пішіні. Келісім шарт еріксіз жасалу болмайды. Бірақ тұлғаның еркі айқын белгілену қажет. Мысалы, келісім шарттар жасау үшін манципация, стипуляция әдістері қолданғанда тұлғаның еркі айқын білдірілетін. Еріктің сыртқы пішіні біріне бірі сай болу қажет, олай болмағанда келісім шарт жарамсыз деп танылуға болады. Мысалы, қорқытумен, алдаумен жасалған мәмілелерде тұлғаның нақты еркі сыртқы нысанда көрсетілгеніне сәйкес келмейді. Біреуге мүлкін силау тұралы келісім шартқа қол қойган тұлға негізінде ол мүлкін мәжбурлеу негізінде беруі мүмкін. Сондықтан адасу, алдау, мәжбүрлеу жолдарымен жасалған келісім шарттар жарамсыз деп танылады. Адасу - error. Алдау – dolus. Мәжбүрлеу – metus.

Үндемеу жеке құқықта келісім болып көбінде саналмайды. Конклюденттік әрекеттер – тұлға жасаған әрекеттер айқын түрде оның келісім шарт жасауға бағытталып, ол шартты орындауын дәлелдейтін әрекеттер. Мәселен, мұрагер ресми нысанда мұра қабылдамаса да, мұраға қалған тұрғын үйді жөндеп, салықтарын төлеп, сол үйде өмір сүріп жатқан әрекеттері.