Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

Римдегі азаматтық істер жүргізу

1. Алғашқы сот процесінің тәртібі және түрлері. Легисакциондық процесстің ерекшеліктері. Манципация. Жеке құқықтағы талаптың ұғымы және түрлері

Тұлғалардың жеке құқықтарын бұзылудан қорғаудың соттан тыс нысанына негізінен өзін-өзін қорғау жатты, яғни, тұлғаның бұзылып жатқан немесе бұзылғалы жатқан өз құқықтарын өз күшімен, өз әрекетімен қорғау. Тұлғаның әрекеті өзін-өзін қорғау болып табылу үшін бірнеше талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Құқықбұзушылық зорлық-зомбылық сипатындағы әрекеттермен ұштаса отырып жасалса;

  2. Өзін-өзі қорғау нақты құқықтарды қорғауға бағытталуы тиіс;

  3. Өзін-өзі қорғау әрекеттері жәбірленуші тұлғаның өзімен ғана жасалса;

  4. Өзін-өзі қорғау құқықбұзушылық орын алған сәтте жасалса;

  5. Өзін-өзі қорғау нақты құқықбұзушылыққа қарсы бағытталуы тиіс.

Рим мемлекетінің дамуымен, тараптардың арасында теңдіктің болмауына байланысты дауды шешетін арнайы орган - сот пайда болды. Тарихи даму нәтижесінде сот өндірісі пайда болды және оның ең алғашқы нысаны легисакциондық сот өндірісі болды. Ол жеке талаптар бойынша пайда болған дауларды қарады. Ежелгі Римде өзінің құқықтары бұзылған тұлғалар әділеттік талаптары бойынша талап-арыз беру негізінде (талап қою) қорғайтындығын тәртіпке айналдырды. Сол замандардан бастап құқығы бұзылған әрбір Рим азаматы өзінің бұзылған немесе даулы құқын, болмаса заңды мүддесін қорғауды сұрап, сотқа жүгіне алды. Жеке құқықтарға байланысты сот процессі азаматтық процесс деп атала бастады. Сол кездің өзінде-ақ талаптың өзі заң тұрғысынан материалдық және процессуалдық болып екіге бөлінді. Олардың біріншісінің мәні талапкердің нақтылы фактімен заң негізінде талабы қанағаттандырылуы болса, ал екіншісінің мәні – сотқа оның шешімін шығару мақсатында жолданудың заңды немесе заңсыз екендігінде болған.

Сонымен бірге, азаматтық процесстің дамуына байланысты жеке сот ісін жүргізуде дәлелдеуді қажет етпейтін айқын ақиқаттар –презумциялар қалыптасты:

  • Істі жүргізетін судьяның беделі даусыз болды. Істі қарау барысында талапкер де, жауапкер де судьяға бағынуға тиіс болды;

  • Істі қарау барысында тек ғана шындыққа жанасатын фактілер қаралды және уақытты үнемді пайдалану қағидасы орын алды;

  • Іс бойынша шешім әділ болу керек;

  • Іс бойынша қабылданған шешімдегі талапты өтеу мөлшері талап-арызда көрсетілген сомадан аса алмаған;

  • Судья өз шешімдерін тек заңға сәйкес шығаруы тиіс;

  • Іс бойынша қабылданған шешім ақиқат деп қабылданған.

Сот өндірісінің ең алғашқы нысаны легисакциондық сот өндірісі болды. Легисакциондық терминінің өзі - заң сөздерімен бірдей, байланысты болу дегенді білдіреді. Сот ісін жүргізудің аталмыш түріне келесі белгілер тән болды:

  1. Сот отырысында тараптардың тікелей қатысуы көзделген;

  2. Жауапкердің процеске келуі талапкерге жүктелген;

  3. Процесс екі сатыдан тұрды:

- Jus – бұл сатыда шешімді шығаруға дайындық жүргізілді, яғни, сот отырысы болатын уақыт, орын, оған қатысатын тұлғалар анықталды. In iure деп аталған бірінші сатыда тараптар дау туған затпен магистратқа келген. Арнайы таяқша – виндиктаны даулы затқа тигізіп, немесе даулы затқа қолын салып, арнайы қатаң бекітілген сөйлемдерді (формулаларды) айтқан. Кімде-кім сөздер мен фразаларды айтудан жаңылысатын болса, сол жеңілген болып есептеледі. Егерде тараптардың екеуі де қателеспейтін болса, ақшалай кепіл салатын. Кейіннен сот істі қарағаннан кейін жеңілген тараптың кепілі қазынаға аударылады да, жеңген тарап өзінің ақшалай кепілін қайтарып алатын. Осымен бірінші саты аяқталатын, претор істі мәні бойынша қарау үшін судьяны тағайындайтын.

- Judicium – екінші сатыда судья істің барлық мән-жайларын тексеріп, шешім шығарған. In iudicio деп аталған екінші сатысында претор тағайындаған судья істі мәні бойынша қарап шешім шығарған. Аталмыш процесске сәйкес шешім түпкілікті және шағымдануға жатпаған.

Процесске қатаң формализм тән болды, яғни, барлық процессуалды әрекеттер қатаң бекітілген нысандарда жүзеге асырылды.

Ежелгі Рим мемлекетінің даму кезеңдеріне сәйкес тиісті азаматтық процес түрлері тән болды. Рим мемлекетінің республикалық кезеңінде легисакциялық процесс болды, ал принципат кезеңінде формулярлы процесс орын алды, және абсолютті монархия дәуірінде экстраординарлы процесс қалыптасты.