Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

2 Тақырып. Рим құқығының қайнар көздері

1. Құқықтық қайнар көздерінің түсінігі және рим құқығындағы қайнар көздердің жалпы сипаттамасы

Рим құқығына байланысты көптеген елдерде “қайнар көз” ұғымын бірнеше мағынада түсіндіреді, олар:

  1. құқық нормаларының мазмұны ретінде;

  2. құқық нормаларының құрылу (қалыптасу) тәсілі мен нысаны ретінде;

  3. құқықты тану ретінде.

Құқық қайнар көзінің мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайы болып есептеледі.

Заң оқулықтарында “құқықтың қайнар көзі” дегенде мына сауалдардан бастау табатындығын көрсетеді, ол: қай құқық нормасынан, қандай бағытпен және қандай жолдармен қалыптасады.

Рим құқығының қайнар көзі дегеніміз – Ежелгі Рим мемлекетіндегі құқық нормаларының көрініс табу, бекіту нысандары. Рим құқығында қайнар көздің мынадай түрлері кездеседі:

1) Әдеттік құқық (әдет-ғұрып); 2) Заңдар “Жазбаша құқық”; 3) Магистраттық құқық; 4) Заңгерлердің іс-әрекеті; 5) Мемлекет басшысының (императордың) қаулылары.

2. Рим құқығының қайнар көздерінің жекеленген түрлері

І. Әдеттегі құқық – тәжірибеде кездесетін нормалар, яғни бұл адамдардың жүріс-тұрыстарынң ережелері. Адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып мінез-құлықтың неғұрлым көне әрі қуатты нормативі болып табылады. Көне Рим дәуіріндегі әдет-ғұрыптардың нормалары мен институттары түгелдей заң нормасынан аспаған. Тек қана мемлекеттік билігі бар қоғамның мүддесіне сай заң нормасына айналған. Яғни заңды күші бар саяси өкімет жол берген әдет-ғұрыптар ғана құқықтық әдет-ғұрыпқа айналған. Әдетте олар арнайы еш жерде тіркелмеген. Олардың көбінің түп-тамыры сонау көне заманға кетеді, ұрпақтан ұрпаққа ауысқан. Әдет-ғұрып құқығы дегеніміз – Ежелгі Римде көп реттік қолдану мен мемлекет тарапынан танылып, қамтамасыз етілуінен қалыптасқан мінез-құлықтың жазылмаған ережелері. Қарапайым әдет-ғұрып оны мемлекет ресми танып, оған жалпыға міндеттілік күшке ие қылдыруы нәтижесінде құқықтық әдет-ғұрыпқа айналады. Римдегі әдет-ғұрып құқығының ең ежелгі, әрі ең белгілі тарихи ескерткіші болып Он екі кесте заңдары (б.э.д. V ғ.) саналады.

ІІ. Заңдар. Рим мемлекетінің дамуы құқықтық мәдениеттің де тиісті деңгейдегі дамуын талап етті. Жаңа пайда болып жатқан қоғамдық қатынастар оларды реттейтін жаңа тиімді әрі нақты құқықтық нысандарды талап етті. Әдет-ғұрып құқығының орнын “жазылған құқық” – заң - басты. Рим құқығының мәдениетінде негізгі құқық қайнар көзі ретінде заң қарастырылды. Заңның заң екендігін білдіру үшін ол арнайы органнан шығуы тиіс болды және оны халық орындауға міндетті болатын. Заңдарға қаулылар жатты, олардың өзіне тән мазмұндары мен тәртіптері көзделетін.

Республикалық кезеңде заңдарды демократиялық орган – халық жиналысы қабылдады. Мұндай заңдарды leges деп атады. Принципат кезеңінде заң шығару құқығын аристократияның органы – Сенат иеленді. Сенатта сенатконсульт деп аталатын заңдар шығарылды. Ал абсолютті монархия орнаған кезеңде заң болып император шығарған үкімдер ғана танылды.

Сондықтан рим құқығының жеке қайнар көзі ретінде кейбір зерттеушілер мемлекет басшысының қаулысын келтіреді. Мемлекеттік-саяси мәдениеттің тұрақтануына байланысты, монарх өзінің билігін көрсету үшін түрлі қаулылар шығара бастады. Императордың өкімдерін конституциялар деп атады. Олардың төрт түрі болды:

  1. Эдикт немесе жарлық – бұған барлық нормалар тұтастай реттелінген (жеке және жариялы сала).

  2. Мандат – мемлекет қызметкерлеріне жүктелген қаулы, көбінесе жеке немесе қылмыстық құқық салаларына арналған.

  3. Рескрипт – жеке тұлғалардың сауалдарына императордың жіберген жауабы.

  4. Декрет – нақты даулы істер бойынша императордың шешімі.

ІІІ. Магистраттық құқық (магистраттар эдикттері). Рим мемлекетінің саяси дәстүрінде ежелгі кездерде әкімшілік функцияна атқаратын арнайы мамандар болған жоқ. “Эдикт” деген термин магистраттың ауызша хабарлауы дегенді білдіреді. Ал магистраттың өзі Рим мемлекетінде – мемлекет қызметшісін білдірген. Магистраттың эдиктісі – магистраттың лауазымына кірісу кезінде шығаратын бағдарлама сипатындағы арнайы актісі. Бұл бағдарламада магистраттар өз қызметін қандай қағидаларға сүйеніп, қандай құндылықтарды сақтай отырып жүзеге асыратындығы көрсетіледі. Бастапқы кезде эдиктілер магистрат қызметі уақытында ғана заңи күшке ие болды, кейін оларды жойып, өзгертіп толықтыруға шек қойылды. Эдиктілер: а) тұрақты; б) белгісіз мерзімге жасалған деп бөлінді. Тұрақты эдиктіде барлық уәкілеттілігі кезінде міндетті болатын ережелерді қамтыды. Ал, екінші түрі белгілі бір тұлғаға қатысты немесе казустық жағдайға қатысты болды.

Сот істерімен шұғылданатын преторлардың эдиктілері ерекше маңызға ие болды. Бұлардың негізінде Рим құқығының жаңа құрамдас бөлігі – претор құқығының негізі қаланды.

ІV. Заңгерлердің қызметі (іс-әрекеттері). Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде қатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген. Әйгілі римдік заңгерлердің оқұлықтары (институциялары) рим құқығының қалыптасуына өте зор әсер етті. Рим құқығының қайнар-көзі ретінде заңгерлердің қызметі ерекше сипатқа ие болады. Ежелгі кезеңдерде діни қызметкерлер ғана заңи қызметтерді атқара алды. Олар ғана заңға талқылау бере алды. Уақыт өте заңгершілікке зайырлы тұлғалар да араласа бастады. Рим заңгерлерінің қызметі үш бағытта жүзеге асырылды:

  1. Заңи кеңес беру (respondere).

  2. Жазбаша құжаттарды жасап, оларды рәсімдеу (covere).

  3. Тараптардың процессуалды әрекеттерін басқару (agere).

Заңгерлердің еңбектері екі топқа бөлінді:

  1. Заңнамаларға және претор эдиктілеріне түсіндірме беру – дигестілер.

  2. Рим құқығы бойынша оқулықтар – институциялар.

Принципат кезеңінде Павел, Ульпиан, Гай және Помпоний сияқты заңгерлердің еңбектері міндетті күшке ие болды.

Заңгерлердің қызметі адамгершілік, адалдық қағидаларына, яғни табиғи құқық элементтеріне негізделді. 426 ж. арнайы заң қабылданды. Бұл заң бойынша тек бес заңгердің пікірі соттар үшін міндетті болды. Олар - Папиниан, Гай, Павел, Ульпиан, Модестин. Егер әртүрлі пікір болатын болса, Папинианның пікірі басымдылыққа ие болды.