Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

Рим жеке құқығындағы тұлғалар. Отбасылық қатынастар

1 Сұрақ. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік. Жеке тұлғалар

Рим құқығында тұлға ретінде екі жиынтықтан құрылған құқық қабілеттілігіне ие субъектілер танылды. Бірінші жағдайда тұлға адам белгілеріне тән болуы керек болса, екінші жағдайда азаматтық құқыққа ие бола алатын субъект болуы тиіс болды.

Құқық қабілеттілігі – ол тұлғаның құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi, қазіргі кезде барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.

Әрекет қабiлеттiлiгi – ол адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi. Қазіргі уақытта толық әрекет қабілеттілік кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн пайда болады. Ал Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ұғымдар жаңадан қалыптасып келе, жоғары сатыда реттелуге жеткен. Адамдық ерекшелігіне бірнеше жағдайлар әсер еткен: еркіндігі мен еркін еместігі, азаматтық жағдайы, римдік отбасыдағы жағдайы, тағы басқалар. Мұндай мәртебелердің болмаған жағдайында адам азаматтық құқықта субъект ретінде қарастырылмады. Толық субъект ретінде еркін адам (тәуелсіз), әрекет қабілеттілікке ие болып 25 жасынан танылды. Мұндай тұлғалар бірнеше элементтерден құрылған құқық қабілетіне ие болды:

  1. Некеге тұру - jus conubii;

  2. Мәмілелер жасау - jus commercii;

  3. Мұра қалдыру немесе мұрагер болу - testamentifactio;

  4. Талапкер болу.

Әйелдер, рим азаматтары бола тұра, толық құқық қабілеттілікке ие бола алмады. Ерлердің жартылай әрекет қабілеттілігі 14 жасынан басталатын, ал қыз балалардың жартылай әрекет қабілеттілігі 12 жастан басталатын. Яғни, осы жастан бастап олар некеге тұра алатын және өздеріне пайда әкелетін мәміле жасай алатын. Ал мүлікті иеліктен шығару тұралы мәмілелерді олар 25 жасқа толғанша тек қана қорғаншысының келісімімен жасай алатын.

Рим құқығы тек ерікті азаматтардың құқыққабілеттілігін таныды. Бірақ кез келген ерікті азаматты құқыққабілетті деп танымайтын. Ерте кезде толық құқыққабілеттілік тек рим азаматтарында танылды.

Рим азаматтығын алудың негізгі тәсілі - баланың дүниеге келуі болды. Рим некесінде дүниеге келген бала әкесінің жағдайын қабылдады. Ал, некеде тұрмаған әйелден дүниеге келген бала шешесінің жағдайын қабылдады. Сонымен қатар рим азаматтығы құлдықтан босату арқылы, бала асырап алу арқылы, жекелеген тұлғаларға, қауымға, провинцияларға ерекше акт арқылы рим азаматтығын беру арқылы алынатын.

Құқыққабілеттілік жария құқық аясында мыналарды қамтыды: тұрақты әскерде қызмет ету құқығы, халық жиналыстарына қатысу және сайлау құқығы; магистрде лауазым алу. Өзінің құқықтық жағдайына байланысты рим азаматтары ерікті туылғандар және рим азаматымен құлдықтан босатылғандар деп бөлінді.

Және де еркін рим азаматтары өз кезегінен, еркіндігіне қарамастан, өздерінің отбасына түгел бағынатын. Отбасындағы барлық мүліктік құқықтар тек қана отағасына берілетін. Оның балалары, әйелі құлдармен қатар еш мүлікті меншігіне ала алмаған. Қалыңдыққа берілген жасау да отағасының мүлкі деп саналатын.

Тұлғаның құқықтық жағдайының шектелуінің ерекше жағдайы - арынан айырылу болды. Арынан айырылу жағдайы қылмыс үшін сотталған жағдайда; некеге қатысты құқықтықнормаларды бұзған жағдайда; ұят істермен айналысқан жағдайда орын алды. Рим азаматтығы еркіндігін жоғалтумен байланысты жойылып отырды.

Еркін рим азаматы деп танылу үшін адам келесі үш статусқа (жағдайға) ие болу керек болатын:

1 – еркіндік жағдайы - status libertatis;

2 – азаматтық жағдайы - status civitatis;

3 – отбасылық жағдайы - status familiae.

Осыған байланысты: еркін рим азаматтары, латиндар, перегриндер, колондар, құлдар, еркіндікке жіберілгендер, отбасы иелері және оның қоластындағылар ажыратылатын.

Тұлғалардың еркіндік мәртебесіне қарай құқықтық категориялары Рим құқығы бойынша 3 топқа бөлінді:

  1. еркіндіктегілер;

  2. құлдар;

  3. еркіндікке жіберілгендер;

Мұндағы құлдар қоғамның ең төменгі сатысын көрсетті. Олардың құқықтары мойындалмады, өз еркімен олар құқықтық қатынастар жасай алмады. Құлдарды субъект ретінде емес, объект (зат) ретінде қарастырды.

Құлдықтың пайда болу көздері төмендегідей болды:

Құл-анадан дүниеге келу;

Құл ата-анадан туу;

Тұтқынға түсу;

Құлдарды сауда-саттыққа салу;

Қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына кесу немесе кен орындарына жұмысқа жіберуге жазалану.

Еркіндікке жіберілгендер, яғни бұрынғы құлдардың, құқықтары толық болған жоқ. Олар мемлекет қызметімен айналыса алмады. Құлдарды арнайы әдіспен еркіндікке жіберу мanumissio деп аталатын.

Егер құл, тек преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, онда ол квириттік құқыққа сол қожайынның ерігін (еркін) қажет етеді. Немесе, құл квириттік және преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, сол еркіндікке жіберген қожайынының азаматтығын ала алатын, яғни латын болатын және квирит құқығына ие бола алатын. (Гаи Институциясы).

Принципат кезінен бастап құлдықтан босатудың басқа да жағдайлары болды. Мысалы, қожайынын өлтірген адамды тапқан құл, 20 жыл ерікті адам секілді жүрген құл құлдықтан босатылатын. Бірақ lex Aelia Sentia заңы құлдарды босатудың келесідей талаптарын орнатты:

- 30 жасқа толмаған құлды босату немесе 20 жасқа толмаған қожайын құлды босататын болса, ерекше комиссияның алдын ала тексеруі қажет болды;

- таңбаланған құлдар босатылғаннан кейін перегриндар қатарына жататын.

Егер де құлды босатудың салдарынан несие берушіге немесе патронға зиян тигізілетін болса, құлдықтан босатудың еш мәні жоқ деп саналатын. Яғни, Элия Сенция заңы еркіндікті жоққа шығарды деп айтуға болатын.

Егер бостандыққа жіберу сот арқылы жүргізілетін болса және бостандыққа жіберудің заңды негізі кеңес алдында дәлелденген болса, жиырмаға толмаған қожайын құлды еркіндікке жібере алатын. Және осыған тағы бір негіз ретінде әкесін, шешесін, өзге тұған туысын немесе тәрбиелеушісін бостандыққа жіберу болған.

Когнициондық процесстің енгізілуімен қатар құлдар әдеттегі сотқа талап беру құқығының болмауына байланысты чиновниктерге өтініш жасай алатын.

Ежелгі Римде рим азаматтарымен бірге арнайы категорияға кіретін азаматтар өмір сүрді, оларды: латиндер мен перегриндер деп атады. Латиндер – ол Рим қаласы орналасқан Лациум деген облыстың (аймақтың) атауынан аталып кеткен ежелгі итальяндықтар. Олардың жария құқықтары рим халық жиналыстарына қатысу және дауыс беру еді. Олардың мүліктік дауларын рим соттары қарады. Латындар jus conibiі және jus commercii құқығына ие болды.

Латындардың құқықтық жағдайы дүниеге келумен, мемлекеттік өкіметтің актісімен латын азаматтығын беру арқылы анықталады. Рим азаматтарының ерікті түрде латын азаматтығына көшуі жер алу мақсатында, латын азаматының құлдықтан босатуы арқылы жүзеге асырылды. Латындардың рим легиондарында қызмет ету құқығы болды.

Латындар рим азаматтығын арнайы актілер арқылы ала алатын. Гайдың институцияларында, егер латын бұрынырақ өлсе, жастағы баласының рим азаматы екенін анасы да қорғай алатын деп көрсеткен. Кейіннен император Троян латындарға, егер ол Римде диірменді үш жыл бойы ұстаса және күн сайын 100 мер нан шығарса, квириттік құқықты беру керек деп қаулы қабылдады.

Перегриндер деп Ерте Римнің аумағындағы шет мемлекеттердің тұлғаларын, шет елдіктерді атайтын. Олар құл, кедей болмаса да, алғашқыда квириттерден, яғни римнің еркін азаматтарынан төмен саналатын. Империя кезінде рим колонияларының тұрғындары да перегриндер санына қосылды. Бастапқы кезде перегриндардың мүлде құқықтары болған жоқ, бірақ сауда айналымының дамуына байланысты преторлық құқықпен қорғалды. Б.э. 212 жылы император Каракалла оларға рим азаматтығын сыйға береді. Осы жылдан бастап рим азаматтары мен перегриндердің құқыққабілеттіліктері бірдей болды.